Балл
|
Коммуникативтік құзыреттілік
|
Грамматикалық құзыреттілік
|
9-10
|
Дәйексөзді негізге ала отырып, өз болжамын білдіреді. Болжа мының себебін дәлелді түрде өте жақсы жеткізеді. Жұбының жасаған болжамына келісу не келіспеу пікірін білдіреді, себе бін дәлелді түсіндіреді.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдер мен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.
|
7-8
|
Өз болжамын жеткілікті білді реді. Болжамының себебін дәйексөзбен байланыстырады, дәлелдері жеткілікті. Жұбы ның жасаған болжамына келі су не келіспеу пікірін білді реді, себебін жақсы түсінді реді.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлем дермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.
|
5-6
|
Өз болжамын қанағаттанарлық деңгейде білдіреді, дәйексөздің мазмұнынан аздап ауытқу байқа лады. Болжамының барлығы дәйексөзбен байланыса бермейді, дәлелдері жеткіліксіз, толық тыруды қажет етеді. Жұбының жасаған болжамына келісу не келіспеу пікірін білдіреді, себе бін түсіндіруі қанағаттанарлық.
|
Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамма тикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.
|
3-4
|
Болжамы көп жағдайда жалпы, кебір ойлары жуық, алайда дәйексөзді назарға ала бермейді. Дәлелдер келтіруге тырысады, бірақ негізсіз. Жұбының болжамына сипаттама түрінде пікір білдіреді, себебін түсіндір мейді.
|
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтак систік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.
|
1-2
|
Болжамдары суреттермен сәйкесе бермейді, көбінесе суреттердегі детальдарды атаумен шектеледі.
Жұбының болжамына сипаттама түрінде пікір білдіреді, дәледері жоқ.
|
Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.
|