Пікір жазғандар: Махаева А. Ш.– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі


Қазақстан - әлемдік қауымдастықта



жүктеу 0,5 Mb.
бет64/70
Дата12.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#44252
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
treatise44845

5.4 Қазақстан - әлемдік қауымдастықта
Бүгінгі таңда «әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан» сөз тіркесі ғылыми әдебиеттерде, баспасөз ақпарат құралдарында жиі қолданылады, саяси мінберлерден жиі естіледі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында да Қазақстан Республикасының өзін әлемдік қауымдастықтың жоғарғы деңгейдегі халықаралық мойындауына қол жеткізгендігі айтылды. Әлемдік қауымдастық – жаһандану барысында қалыптасатын ғаламдық әлемдік жүйе. Ғаламдық деңгейдегі құбылыс ретінде өткен ХХ ғасырдың соңғы ширегінде танылып, халықаралық қауымдастық, ғаламдық қауымдастық терминдерімен қатар ғылыми айналымға енді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықпен белсенді түрде жұмыс істей бастады. 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының 46-сессиясының шешімімен Қазақстан БҰҰ-ның 168-мүшесі болып қабылданды. БҰҰ жанынан елдің Тұрақты өкілдігі ашылды. Тек 1991-1995 жылдардың өзінде ғана БҰҰ-ның отыздан аса Қарарының тең авторы болды. Қазір 70 халықаралық ұйым мен өкілдіктің мүшесі болып табылады, әлемнің 100-ден аса елінде елшіліктері, консулдықтары мен өкілдіктері бар.
Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 жылы 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды.
1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт» болып табылады. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: «Сауда қатынастары жөніндегі келісім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум», «Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге» қол қойылды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты.
Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында «Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданған құжаттардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы болып табылады. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде «Орталық Азия ынтымақтастығы» болып қайта құрылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Қазақ елімен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 жылы 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған «Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда», сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды.
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері - Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.
Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.
«Шанхай келісімі» негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақты кепілдіктерін берді.
Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.
Испан тағы Орталық Азияға, ең алдымен, Қазақстанға назар аударуда. Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 11 ақпан 1992 ж. 1994 ж. наурызда Президент Н. Назарбаевтың Испан Корольдығына мемлекеттік сапары болды. 1997 ж. қазанда Алматыда ресми сапармен испан үкіметінің басшысы Х. Аснар болып, мәдениет, білім және ғылым саласындағы Ынтымақтастыққа қол қойылды. 2000 ж. Қазанда Елбасы Н. Назарбаев Мадридте екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытып, түрлі саладағы байланыстарды бекемдеді. Испания Қазақстанға Орталық Азия аймағын тұрақтандыратын фактор, әсіресе, діни және этникалық толеранттылықтың үлгісі ретінде қарайды.
АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея Қазақстанға тікелей инвестиция беруде. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық «Шеврон» компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.
Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Ашық сыртқы сауда саясатын Қазақ елі дәйекті жүргізуде. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті.
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік.
ЕҚЫҰ, ИЫҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мысалы, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі – Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау. ШЫҰ-ның Ташкент қалысындағы саммитінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей, «Қырғызстанға көмек көрсету және ауған мәселесін шешуде қолдау таныту Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығының басты басымдықтарының бірі болады».
Қырғызстандағы 2010 жылдың сәуір және шілде айларындағы оқиғаларға алғашқылардың бірі болып назар аударған ШЫҰ болған еді, өйткені Қырғыз елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі шиеленістік жағдайлардың бүкіл Орталық Азия аймағы үшін дағдарыстық салдарлары болуы мүмкін болатын.
Осылайша, Еуразия құрылығының орталығындағы күрделі жағдайдың қалыптасуын есепке ала отырып, Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде аймақтық және жаһандық тұрақтылықтың нығаюына бірінші кезектік мән берді. Бұл мәселеде Ұйымның БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, НАТО, ҰҚКҰ және де басқа да халықаралық интеграциялық құрылымдармен өзара тығыз әрекеттестік орнатуы маңызды рол атқарады.
2011 жылдың маусым айында Астана қаласында ШЫҰ мүше-елдері басшыларының 10-шы мерейтойлық бас қосуын өткізуі Қазақстанның әлемдік саясаттың субъектісі ретіндегі ролінің артқанын көрсетеді. 2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету мандатын қабылдап, 57 мұсылман елінің басын қосатын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына зор абыроймен төрағалық етуі жағынан алғанда, еуропалық қауіпсіздіктің негізгі құрылымдарының бірі – ЕҚЫҰ-на төрағалық етудің белсенді кезеңін бастан өткерген қазақстандық дипломатияның ИЫҰ басшылық ету барысында «өркениеттер пікіралмасуы» жаңа тетігін жұмысқа қосуға қажетті тәжірибесі болды.
Қазақстан 2003, 2006, 2009 және 2012 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» төрт съезін өткізген болатын.
Өткен съездер барысында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша өркениетаралық және дінаралық қатынастардың барынша өзекті мәселелері талқыланды. Бұл форумдардың негізгі мақсаты әлемдік діндердің өзара бейбіт дамуын жүзеге асырып, бірлескен шешімдер қабылдауға қажетті тұрақты жұмыс істейтін халықаралық дінаралық институт құру болып табылады.
Астана экономикалық форумында Қазақстан диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсынды. Бұл бастаманың мәні – әділетті де қауіпсіз әлем сипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.
Қазақстан Республикасы жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосуда. Дүние жүзі мемлекеттерінің ең озық, ең бәсекеге қабілетті, ең инновациялық жетістіктерінің көрмесі саналатын «EXPO-ны» 2017 жылы Астанада өткізу туралы шешімге әлемнің 103 елінің жақтап дауыс беруі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы ерен табыстарын ерекше мойындау деп қабылдауымыз керек.
Қорыта келгенде, Қазақстан қазіргі кездегі сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жеткізіп жатқаны белгілі. Осыншама қысқа мерзімде Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады. Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты.
Бақылау сұрақтары:



  1. Қай жылы Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғаш рет ресми сапармен барды және осы сапарда қандай келісімдерге қол қойды?

  2. Орталық Азия экономикалық қауымдастығына қандай мемлекеттер кіреді және оның интеграциялық даму стратегиясы қандай?

  3. Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) рөлі қандай?

  4. Қазақстан қай жылы ЕҚЫҰ-ға мүше болды?




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау