Дәріс 8. Оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді бақылау түрлері мен тексеру әдістері.
1. Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру.
2.Білімді бақылау түрлері мен әдістері.
3.Оқулықпен жұмыс істеу – оқушының өз білімін бакылауын қалыптастырады.
4.Ауызша жауап түрінде тексеру және жауапты жазбаша түрде тексеру.
Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И.Лернер, М.Н.Скаткин). Әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінін білім деңгейін өз бетінше игереді, әрине әрбір оқушының ойлау кабілеттілігі артады. Бұл топка бірнеше әдістер кіретіндігін айту керек:
- бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті);
- репродуктивтік;
- проблемалы мазмұндау;
- жартылай ізденіс (эвристикалық);
- зерттеу.
Егер,танымдылык іс-әрекет, тек қана мұғалімнің көмегімен іске асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сактап, оны қатесіз айтып берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Егер оқушының ойлау қабілет деңгейі өте карқынды болса, ол танымдылык іс-әрекетінде шығармашылық енбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табыска жететіндігін байқауға болады.
Сондыктанда, әдістер осындай топтастыру арқылы өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
- Акпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістін. басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:
· Окушыға білімді "дайын" күйінде ұсынады.
· Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процессін ұйымдастырады.
· Окушы білімді қабылдап және оны есте сактайды.
Білімді кабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялык жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.
- Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:
· Білімді окушыға "дайын" күйінде беру.
· Мүғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.
· Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.
· Басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет кайталаудың нәтижесінде болады.
Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:
-оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;
практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;
- егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процессіне қиындық жағдайлар туатын болса;
- жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.
Бұл әдістің тағы да бір колданылатын кездерінің бірі -проблемалык маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.
Репродуктивті әдістің тағы да бір ерекше пайдалы әсерлерінін бірі оқу материалын жедел игеруді, практикалык, еңбекке деген шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруды камтамасыз етумен бірге, оқу процесіндегі білімділігін, шеберлігін, іскерлігін басқаруды, кейбір кателік жақтарын айкындауына мүмкіндік береді. Сондықтанда, жоғарыдағы айтылған көптеген пайдалы жактарын баска әдістермен байланыстыра отырып, күнделікті оқу процессіне қолдана білген жөн.
Оқушыларға тарау бойынша кезеңдік бақылау жүргізу, олардың білімін бақылаумен бағаланады. Бақылау бойынша мұғалім әр түрлі тәсілдерді пайдаланады. Біріншіден оқушының білімін арттыру жолдарын қарастырайық, ол үшін талқылау сабағы соңғы кезде көптеген әдістердің ішінде сабак беру практикасында біртіндеп еніп келе жатқан әдістердің бірі болып есептеледі. Бұл әдістің нәтижесі проблемаларды шешуде басқа әдістер айтарлықтай нәтиже бермеген кездерде, пайдаланылады.
Талқылау әдісінін көмегімен оқушылардың біліміне көптеген жаңалықтарды енгізуге болады, оқушы өз пікірін дәлелдей отырып, оны тиянақтауға үйренеді. Бұның ең басты қызметінің бірі оқушының кызығушылығын арттыруға үлкен көмегін тигізеді. Сондыктан да, осындай талқылау сабақтарын өткізу үшін оқушылар алдын-ала тиянақты дайындала отырып, бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, талкылауға арналған тақырыптар жайлы жан-жақты ақпараттарды жинақтайды. Әрине бұндай сабақтар, окытушының тікелей басқаруымен іске. асырылады.
Талкылау сабақтары көбінесе жоғары кластарда өткізілгені жөн. Жеке тұлға таластан, талкылаудан шындыкка жүруге үйренеді.
Оқулықпен жұмыс істеу, арнаулы әдебиет, оқулықтармен жұмыс істей білудің де өз әдістемелік сырлары мен құпиялары бар. Осы әдістің ең басты артықшылығы - оқушы өзінің еркімен оқу акпараттарын бірнеше рет оқып, өңдеп отыруға мүмкіндігі бар.
Оқулыкпен өз бетімен жұмыс істеу үшін ең алдымен оның құрылымымен танысу керек, жүгірте оқып отырып, жеке тауарларға, белгілі сұрактардың жауабын іздестіре отырып, материалдарды байкап карап шыкқан дұрыс. Содан кейін кейбір жеке бөліктерінен рефератты түрде жазып алып, есептерін, мысалдарын, жаттығуларын, тестік бақылауларына жауап іздестіре отырып, материалдарды еске сақтауға тырысу керек.
Осы әдістің ең тиімді жақтарының бірі еркін оқып отырып, сол оқығанын түсіну. Материалдардың ішінен ең басты бөлігін бөліп көрсете білу, окығанын кысқаша жазып алу, өз бетінше логикалық, кұрылымдық схемаларды сызып көрсете білу немесе тіректік схема, осы сұрақтар бойынша косымша әдебиеттерді пайдалана білу.
Кітаппен жұмыс істеудің қазіргі кезде пайдаланып жүрген екі түрі бар: ұстаздардың басқаруымен сабақ кезіндегі жұмыс және үйде өз бетімен істелетін жұмыс. Кітаппен, әдебиеттермен жұмыс істеу әдістері окушылардың өзін-өзі білімін бакылауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жерде айта кету керек окушының оку материалын бірнеше окып отырып түсінбесе оны оқулықпен жұмыс істеді деп айтуға болмайды.
Практикалық әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнектілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің-де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабак өткізу ұстаз жағынан өте тиянакты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.
Өткізілген сабактың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.
Практикалық сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы қөруге болады:
1.Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойлануы.
2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау беру.
3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орындайды, ал қалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жіберілген кателіктеріне ескертулер жасайды.
4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әрбір оқушы берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орындаушыға көп бағытталады.
5. Тексеру. Бұл кезенде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, онын дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған корытындысына тиісті бағасын береді. Танымдылық ойындар әдісі – нақты жағдайдың көрінісін жасай отырып, арнайы ситуациялар жасау арқылы оның сол жағдайдан шығу жолдарын табуға арналады. Іскерлік ойындар оқушының танымдылық қызығушылығын арттырады. Осындай әдістерді оқушы ойындар аркылы іске асырады, осы ойын кезінде ол өзінің белсенділік қызметін көрсетуге тырысады. Соңғы кездері мектеп қабырғасында да, жоғары оқу орындарында да осы әдіс жиі қолданып, өзінің ретті орнын, бағасын алып отыр.
Биология пәнін оқыту және оку процессін жетілдірудің ең басты шарты оқушылардың білімін тексеру болып табылады. Сондыктан, жүйелі түрде білімін тексерудің нәтижесінде оқушылардың жауапкершілігін арттыруда тәрбиелеумен, оқу материалын игерудің нақтылығын жоғарылату мен қатар оку процессін басқарудың мүмкіндігін кеңейтеді. Сондықтан да, егер әрбір ұстаз биологияны оқыту барысында шәкірттерінің білімін тексеруде әртүрлі формалары мен әдістерін қолдана отырып, жасау керек. Бұндай әдіс бір жағынан окушылардың білімінің жалпы деңгейін аныктау, екінші жағынан ұстаздарға кандай шеберлікпен оқу процессін жүретіндігін де аныктауға болады.
Енді оқушылардың білімін бағалау әдістерінде формаларына жеке-жеке тоқтап, баға берейік:
- Ауызша жауап түрінде тексеру арқылы оқушының ақпаратты байқаумен қатар, сөйлеу мәдениеттілігінің қалыптасуы, сөйлемді құрастыру сауаттылығы, материалды логикалық бір жүйеде түсіндіріп білуге болады.
- Жауапты жазбаша түрде тексергенде оқушы қатысқан
сұрақка еркін, кең түрде, жан-жақты қамтып, кейде өзінің
шығармашылық шеберлігін де келтіре отырып, жауап беруі мүмкін. Соңғы жылдары биологияны окытуда және жастардың білімін тексеруде дәстүрлі әдістен бөлек тестік жүйе аркылы бақылау жиі қолданып келеді.
Тестік жүйемен тексерудің көптеген артықшылықтары бар. Ол біріншіден уақытты үнемдеу, екіншіден сұрақтардың санының көп болуының аркасында биология пәнінің барлық бөлімдерінің толық қамтуға мүмкіндік береді; үшіншіден берілетін жауаптар нақтылы, кысқа.
Осы әдіспен білімді тексерудің күнделікті, тематикалық және қорытынды бақылау кезінде қолдануға болады. Әрине, шәкірттердің білімін тексеруде бір ғана әдіспен шектеліп қана қоймай, олардың әртүрлерін пайдаланғанда ғана, оларды жалықтырудан сақтайды.
Тестік жүйемен тексерудегі ең басты табыс – оның сипаты мен мазмұнына, әртүрлілігіне және тест құрушының шеберлігіне байланысты. Сондықтан да, тестік сұрақтар алуан түрлі болу керек: дұрыс жауабын таңдап аныктау; ұсынылған элементтерден жауабын кұрастыру; практикалық шеберлігін игеру денгейін анықтауға арналған тесттер; әртүрлі болжамдардың дұрыстығын таңдай білу; берілген схемалардағы байланыстарды дұрыс орналасуын аныктау; берілген таблицаларға, суреттерге дидактикалык карточкаларға бақылау жүргізе отырып, анық жауаптарын табу болып табылады.
Ботникадан оқушылардың білімін тексеру және баға қою
Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды, бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды. Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады
Білімді ауызша тексеру. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды баяндауы осы методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана жұмылдыра алады.
Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын) немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады.
Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы сыныпты дайындауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін жазбаша тексеру. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап алуғ мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып, білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет.
Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып табылады.
Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса; нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап, жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс қорытынды жасай алса, «5» деген баға қойылады.
Егер оқушы жауабын «5» деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен сайболып бірақ,
А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым ағаттықтар жіберілсе, немесе
Б) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе
В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық қорытындылай алмаса, «4» қойылады.
Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және түсінетіндігі байқалса, бірақ:
А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып, материалды үстірт баяндаса, немесе
Б) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесе
В) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесе
Г) жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесе
Д) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс істеу дағдыларында кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе, өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің көмегінсіз қиналатын болса, «3» қойылады.
Егер оқушы:
А) оқытылатын материалдың көпшілігін немесе өте маңызды бөлімін білмейтіндігі байқалса немесе
Б) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе
В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде жауап қайтара алмайтын болса, немесе
Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды пайдалана алмайтындығы байқалса, «2» деген баға қойылады.
Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байалса, «1» қойылады.
Дәріс №9. Биология пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар. Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру.
1. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.
2. Сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты міндет атқаратын оқу процессінің формаларының бірі сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар болып саналады.
Сабактан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, оқу-тәжірибе алаңында орындалады.
Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау аркылы жүргізіледі.
Әрбір оқушы жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап, отырады.
Сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың такырыптарына жақын, тіпті сәйкес келеді. Үй жұмысы сияқты сыныптан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі (бір аптаға, айға немесе бірнеше тәулікке). Мысалы, ботаника пәнінен берілетін тапсырма суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жұмысына екі ай уакыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың қысымын зерттеуге екі күн.
Сыныптан тыс жұмыстар да оқушылармен еркін түрде, өз калаулары бойынша жұргізілетін сабақтың формасынын. бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің баскаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға, үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда сыныптан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен катар окушыларға тәрбиелік те рөлі бар (еңбекке, мәдениетке, табиғатқа деген көзқарасының дамуына және қалыптасуына, ұйымшылдыкқа жеке шығармашылығының жоғарылауына т.б.).
Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жұргізілетін жұмыстар.
Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде "ассистенттік" жұмыс атқарып, оны жабдыктауға, безендіруге қатысу.
Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына койылатын мақсаты - биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму зандылығына деген материалистік көзқарастарын дамыту.
Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өзеркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір сыныпта биология пәнінің салаларынан арнаулы мынандай үйірмелерді ұйымдастыруға болады. 6 сыныптарға жас ботаниктер үйірмесі, 7 сыныпта - жас зоологтер үйірмесі, 8-9 сыныптарда жас физиологтар, 10-11 сыныптарда жас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Үйірмелердің былай бөлінуі біріншіден окушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден олардың білім деңгейіне де байланысты. Әрине, бұл үйірмелер бір-бірімен алшақ, қатынас жоқ деуге болмайды. Керісінше олардың арасында байланыстар өте тығыз бір-бірін толықтырып отырады. Әрбір оқушы өзінің қызығуына қарай қалаған үйірмелеріне қатысуына болады. Мысалы, жоғарғы класс оқушылары ботаника немесе зоология үйірмесіне қатысуына болады.
Жалпы биологиялық сыныптан тыс жұмысқа юнаттар үйірмесіне аз ғана оқушыларды ұйымға тарта отырып, окытушы окушылар мен жалпы жұмыс өткізеді. Мысалы, кинофильмдер көрсету аркылы лекция және демонстрациялық сабақтар өткізу, табиғатта немесе басқа өндіріс орындарына, көрмеге саяхаттар жасау, ғылыми кештер және конференциялар өткізу. Оқушылардың өнер-шеберлік көрмесін ұйымдастыру, әртүрлі тематикалык кештер ұйымдастыру "Алтын күз", "Бақ аптасы", "Кұстар күні", газеттер мен альбомдардың көрмесін ұйымдастыру, т.б.
Жекелеп жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жататындар: тірі табиғат бұрышында істелетін жұмыс, оқу-тәжірибе участогінде істелетін жұмыс, табиғатта істелетін жұмыс және сыныптан тыс әдебиеттерді оқу.
Барлық уақытта әрбір сыныпта биологияға деген ынтасы, қызығушылығы бар жеке тұлғалар болады. Осындай жастардың талабын, дарынын бағалап отырып, оның білімін тереңдете отырып, дамыту үшін жеке тапсырмалар беру аркылы сол тапсырма бойынша орындалуын мұғалім қадағалап, бақылап, бағалап отырады.
Осындай түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар аркылы дарынды жастарға өзінің болашак кәсіптік маманды дұрыс тандауына үлкен көмегін тигізуге болады.
Кітап бойынша үй жұмысы .
Үй жұмысы мұғалімнің оқушыларға үйде өз бетінше орындауға берген практикалық және кітап бойынша ( сонымен қатар басқа кітаппен ) , сабақпен байланысқан тапсырманың бір түрі .
Оқушылар өздерінің оқитын оқулықтарымен жұмыс істеуді білмейді : біреулері сыныпта жазған тапсырманы ғана оқыс , екіншісі текістті жаттап алады , басқа біреуі жай ғана қарап шығады . Баяндама дайындағанда әртүрлі әдебиеттердің беттерін көшіріп алады , ал мұғалім оны білмей оқушыны мақтайды . Үй жұмысы оқушының ойын дамытып оны өз бетінше жұмыс істеуге итермелегенде ғана мақсатына жетеді .
Оқушылар тексттерді қатарынан оқып сыныпта мазмұндауы керек демей , керісінше тапсырма сұрақ түрінде дайындалып , оқушылар оған тиісті материалды кітаптан тауып жауаптарын көрсетуі тиіс .
Ең бастысы оқушының кітапты оқығанда оны түсініп оқуы керек .
Оқушыны тақырыптың , тараудың соңындағы сұрақтары қызықтырады .Мұғалім ол сұрақтарды оқушыларға өзі қояды . Кітаптағы сұрақтардың ішінде , мұғалім қойған сұрақтардың ең маңыздылары ол салыстыруды қажет ететін сұрақтар . Ол жылдан жылға күрделеніледі . 8-10 сыныптарда кең көлемде қажет етіледі .
Үй тапсырмасы ретінде салыстыруды , тиісті – тиісті емес тігін көрсететін тапсырмалар оқушының тақырыпты түсінуін жақсартады . Ол үшін оқушыға кестені толтыру ұсынылады . Мысалы , 5-сынып оқушысына
-
Гүлдің белгілері
|
Гүлдің бөлімдері
|
Желмен тозаңданатын
өсімдіктер
|
Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктер
|
|
|
|
Үй жұмысы сабақты бекіту үшін ғана емес сонымен қатар фронтальды және индивидуальды болады .
Тақырыпты аяқтайтын сабақтарда фронтальды тапсырмалар беріледі . Кейде мұғалім дайын тапсырмалар жазылған дәптерді толтыруға береді . Егер ондай дәптер мұғалімде ғана болса онда тапсырмаларды тақтаға жазуына болады .
Мұғалім сабақта оқушыға кітапты үйде дұрыс пайдаланудың бірнеше тәсілдерін үйретеді . Ол тәсілдер :
Кітаптағы материалды көз жүгірту арқылы қарап шығу ;
Тексттің қиын жерлерін ,терминдерді , ескертулерді ,ссылоктарды талдап оқу ;
Суреттерді , сызбаларды , схемаларды , кестелерді қарап , түсіну ;
Санмен көрсетілген мәліметтерді түсіну ;
Жоғарғы сынып оқушыларына оқулықтан жаңа өз бетінше орындау үшін әртүрлі тапсырмалар берілуі мүмкін .Сөйтіп мұғалім тапсырманы қиындата береді .Алғашқыда мұғалім сабақта орындайтын тапсырманы жалғастыру үшін үйге әртүрлі сұрақтар береді . Одан кейін сабаққа байланысты өздік жұмыстар беріледі , сосын сыныпта басқа материалмен аналогиялық талданған сұрақтар , соңынан сабақтың біраз бөлігі үйдегі өздік жұмысына арналады . Бұл болашақта өздігінен орындауына қажет .
Білімді бекіту үшін суреттің маңызы зор . Оқушылар ауызша ғана жауап бермей схема бойынша гүлдің құрлысын , жануарлардың сыртқы және ішкі құрлысын , ұлпаның түрлерін , сүйектердің әртүрлі түрлерін ажырата білуі тиіс .
Сонымен қатар олар схема құруды : қанайналым , тынысалу ,асқорту , зат алмасу , клетканың құрылысы , фотосинтез , моно және дигибридті будандастыруға .
Достарыңызбен бөлісу: |