Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Салықтық жоспарлау»



жүктеу 1,07 Mb.
Pdf просмотр
бет11/26
Дата19.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#20665
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

26 

 

3 тақырып. Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлау 



1.  Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлаудың мәні мен мақсаты. Ағымдағы және 

перспективтік салықтық жоспарлау мен болжамдау 

2.  Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлауды есептеудің кезеңдері 

1с.  Нарықтық  қатынастарға  кӛшуге  байланысты  салықтардың  функциялары  кеңейді, 

олардың бюджеттік процестегі және жалпы ұлттық экономикадағы ролі мен маңызы айтарлықтай 

ӛсті.  Осыған  байланысты  бӛлек  шаруашылық  субъектілер  деңгейінде  де,  сол  смяқты  макро 

деңгейде де салықтық жоспарлау мәселесі ерекше ӛзекті бола бастады. 

Салықтарды  жоспарлау  –  тиісті  немесе  шоғырландырылған  бюджетке  белгілі  бір  уақыт 

аралығында  салықтардың  экономикалық  негізделген  мӛлшерінің  түсуін  анықтау  бойынша 

мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының және салық тӛлеушінің қызметін бейнелейтін 

салық  процесінің  құрамдас  бӛлігі,  сондай-ақ  нақты  шаруашылық  субъектілерінің  тӛлеуге  тиісті 

салықтарының  кӛлемі.  Сонымен,  салықтарды  жоспарлауды  мемлекет  және  жергілікті  билік 

органдары  тұрғысынан  олардың  уәкілетті  органдары  атынан,  сол  сияқты  нақты  шаруашылық 

субъектісі тұрғысынан, яғни макро және микро деңгейде қарастыруға болады. 

Салықтық жоспарлау мен болжамдау тек салық процесінің ғана емес, жалпыжоспарлаудың 

құрамдас бӛлігі болып табылады. Жалпы жоспарлау макро. Сол сияқты микро деңгейде салықтық 

жоспарлауға  негіз  болып  табылады.  Салықтық  жоспарлаудың  нәтижелілігі  мен  дәлдігі  жалпы 

жоспарлаудың ғылыми негізділігіне байланысты. 

Салықтық жоспарлау бюджет процесімен тығыз байланысты. Бюджет процесі – бұл бюджет 

жүйесін басқару және қаржы-бюджет саясатын жасау мен жүзеге асыру бойынша атқарушы және 

заңды  билік  органдарының  қызметі.  Қаржы-бюджет  саясаты  бюджет  жүйесін  басқару  мен  билік 

органдарының ӛз функцияларын орындау үшін қаржы қатынастарын пайдалану бойынша олардың 

іс-әрекеттері  мен  шараларының  жиынтығы  түрінде  қарастырылуы  мүмкін.  Бүгінгі  қоғамда 

маңызды  қаржылық  қатынастар  қатарына  мемлекет  пен  салық  тӛлеуші  арасындағы  қатынастар 

жатады.  Бұл  қатынастардың  негізгі  бӛлігі  заңды  және  жеке  тұлғалармен  ӛздерінің  салық 

міндеттемесін  орындауы  табылады.  Салықтар  бюджеттің  негізгі  кіріс  кӛзі  болып 

табылатындықтан, салық салу және бюджеттік процес бӛлінбейтін бірлікте қарастырылады. 

Салықтық  және  бюджет  процесінің  бірлігі  жиынтық  қаржылық  жоспарлаудың  құрамдас 

бӛлігі  болып  табылады.  Қаржылық  жоспарлаудың  мазмұны  қаржы  ресурстарын  қалыптастыру, 

бӛлу,  қайта  бӛлу  және  пайдалану  процесін  басқару  болып  табылады.  Қаржылық  жоспарлау 

объектісі  –  мемлекеттің,  отандық  шаруашылық  субъектілердің,  халықтың  қаржы-несие 

мекемелеріне салған ақша қаражаттары. 

Салықтық жоспарлау мен болжамдау процесі бір-бірімен тығыз байланысты. 

Салықтық  болжамдау  салықтық  жоспарлау  алдында  жүзеге  асырылады  және  салықтық 

жоспарлау салықтық болжамдау нәтижелерін түзету негізінде жүзеге асырылады. 

Макродеңгейде салықтық жоспарлау келесі мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет: 

қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге салық саясатын жасау; 



елдің,  жергілікті  билік  органдарының  орта  және  ұзақ  мерзімді  кезеңдерге  әлеуметтік-

экономикалық дамуына болжам жасау; 

алдағы  жылға  және  болашаққа  республикалық,  жергілікті  бюджеттердің  жобаларын 



уақытылы және негізді құрастыру; 

тиісті  бюджеттерді  орындау  кезірде  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  қажетті 



шешімдерді қабылдау; 

ұлттық экономиканың дамуы мен барлық  шаруашылық субъектілердің қызмет етуі үшін 



қалыпты жағдай жасау; 

салық тӛлеуші үшін салық ауыртпалығын анықтау  және т.б. 



Макродеңгейде  салықтық  болжамдау  мен  жоспарлау  кезінде  келесі  ақпараттар 

қолданылады: 

ұлттық  экономиканың    әлеуметтік-экономикалық  дамуының  маңызды  болжамдық 



макроэкономикалық  кғӛрсеткіштері:  ІЖО  ӛсуі  (тӛмендеуі),  таза  ұлттық  ӛнім,  жалпы 

экономика  және  салалар  бойынша  ұлттық  ӛнім,  халықтың  табысы,  тӛлем  балансы, 

республика экономикасының даму кӛрсеткіштері; 

инфляцияның болжамды деңгейі, ІЖО салықтар мен алымдардың үлес салмағы; 



ӛнеркәсіп ӛнімдерінің маңызды түрлерін шығару кӛлемі; 




27 

 



салық  жүйесіндегі    ӛзгерістер  (жаңа  салықтарды  еңгізу  және    юас  тарту,  салық 

салынатын базаны, салық ставкаларын және салық жеңілдіктерін ӛзгерту); 

жұмыс істеуге қабілетті халықтың саны, жұмыс істейтіндер саны, зейнеткерлердің саны 



және т.б. 

Бұл кӛрсеткіштердің әрқайсысы салық түсімдердің жалпы сомасын, сондай-ақ салықтар мен 

алымдардың  бӛлек  топтары  мен  түрлерін  есептеуге  негіз  болады,  атап  айтсақ,  ЖІО  кӛрсеткіші 

негізінде  салық  сүсімдердің  жалпы  мӛлшері  болжанады,  себебі  осы  кӛрсетіш  салық  базасын 

қалыптастырады.  

Таза  ұлттық  ӛнім  мен  ұлттық  табыс  кӛрсеткіштері,  ЖІО  кӛрсеткішін  толықтыра  отырып, 

сәйкесінше жанама және тікелей салықтардың түсуін болжамдауға мүмкіндік береді.  

Халық  табысы  мен  табыс  кӛрсеткіштері  тиісінше  жеке  табыс  салығы  мен  корпоративтік 

табыс салығы, сондай-ақ әлеуметтік салық мӛлшерін анықтайды. 

Тӛлем  балансын  қалыптастыратын  кӛрсеткіштер  кӛмегімен  сыртқы  экономикалық 

факторлардың жалпы салық базасының, сол сияқты экспорт пен импортқа бағдарланған салаларды 

қалыптастыруға ықпал етуі анықталады, сол сияқты ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды алып 

ӛту кезінде жиналатын салық кӛлемі жоспарланады.  

Бүгінде  салықтық  жоспарлауды  жетілдірудің  перспективті  бағыты  болып  салық  әлеуеті 

негізінде  бюджеттің  нақты  салық  базасының  сандық  бағалау  әдістемесін  дайындау  және 

пайдалану табылады. 

Салық  әлеуеті  –  бұл  қолданыстағы  салық  заңдылығы  жағдайында  блгілі  бір  уақыт 

аралығында  (әдетте,  қаржы  жылы)  белгілі  бір  аумақтағы  салық  түсімдерінің  барынша  жоғары 

мүмкін  сомасын  бір  адам  басына  шаққандағы  сомасы.  Басқаша  айтқанда,    бұл  –  аумақтардың 

бюджеттерінің барынша мол салықтық кірістерін қамтамасыз етудегі әлеуетті мүмкіндігі.  

Салықтық жоспарлауды макродеңгейде жүзеге асыру – ҚР Қаржы министрлігіне және басқа 

да  экономикалық  ведомстволарға,  сондай-ақ  жергілікті  орғандардың  қаржы  органдарына 

жүктеледі.  

Макродеңгейде  салық  тӛлемдерін  болжамдау  мен  жоспарлау  кезінде,  бір  жағынан 

мемлекеттің  қажеттілігін  қанағаттандыруға,  екінші  жағынан  –  ұлттық  экономиканың  дамуы  мен 

барлық  шаруашылық  субъектілерін  қалыптастыру  үшін  қалыпты  жағдай  жасауға  мүмкіндік 

беретін ортаны табу болып табылады.  

Салықтық  жоспарлаудың  ұзақтылығына  және  мақсатына  қарай  ағымдағы  (жедел,  қысқа 

мерзімді) немесе тактикалық және перспективтік (орта, ұзақ мерзімді) немесе стратегиялық болып 

бӛлінеді. 

Жедел  салықтық  жоспарлау  айға  немесе  тоқсанға  арнап  жүзеге  асырылады.  Ол 

экономикалық жіктеме қимасында қаржыландыру лимитін анықтау үшін жақын уақытта салықтың 

түсуін нақты бағалауды жүзеге асыруға арналған.  

Қысқа  мерзімді    салықтық  жоспарлау  кезекті  жылға  биліктің    тиісті  деңгейлерінің 

бюджеттерінің жобасын жасау үшін негіз болып табылады. Оған негіз болып алдағы жылға  елдің 

әлеуметтік-экономикалық  болжамының  кӛрсеткіштері  қызмет  атқарады,  сондай-ақ  жалпы,  сол 

сияқты бӛлек салықтар бойынша ағымдағы жылы салықтық түсімдерді талдауды қоса. 

Ағымдағы салықтық жоспарлауды жүзеге асыру процесінде негізінде тактикалық міндеттер 

шешіледі,  ол  арқылы  салықтық  жоспарлау  стратегиясын  жасау  үшін  маңызды  алғышарттар 

жасалады.  

Бұл стратегия орта және ұзақ мерзімді салықтық жоспарлау процесінде анықталадыү 

Ағымдағы  салықтық  жоспарлау  бір  жылға  ғана  арнап    жасалатын  және  бекітілетін  тиісті 

бюджеттердің  жобаларын  жасау  үшін  негіз  қызметін  атқарады.  Бұл  жоспарлау  кезінде 

салықтардың  жалпы  жиынтығының,  сол  сияқты  бӛлек  салық  түрлерінің  де  мӛлшері  анықталады 

және  егжей-тегжейлі  талданады.  Перспективті  жоспарлау  кезінде  салық  түрлері  бойынша  бӛлу 

жоқ,  ол  барлық  салық  жиынтығын  қамтиды.  Сонымен  қатар,  салықтық  жоспарлау  процесінде 

салық органдарының бақылау жұмысын жетілдіру бойынша, сондай-ақ елдегі және аймақтардағы 

жалпы экономикалық жғдайларды  жақсарту бойынша, кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдай 

жасауға шаралар жасалады. Ол салықтың қосымша түрін жоспарлау үшін негіз болып табылады.  

Сонымен,  макроэкономикалық  деңгейде  салықтық  жоспарлау  процесі  тиісті  билік 

органдарының  бюджеттеріне  алдағы  түсімдер  мӛлшерін  анықтау  болып  табылмайды.  Бұл 

экономикадағы    барлық  резервтерді  анықтау  және  жұмылдыру,  жақын  болашаққа  және 




жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау