3.Жер сілкіну
Жер сілкінуі деп жер қойнауындағы жыныстардың орнынан жылжуынан туған кенет және жойқын шайқалыстарды атайды. Геофизиканың жер сілкінуді зерттейтін саласын сейсмология (грекше «сейсма» — сілкіну, шайқалу) дейді. Сейсмология нәтижесіпде ғалымдар Жердің ішкі құрылысын анықтады. Сейсмикалық толқындарды қолдан тудыру арқылы геофизиктер жеке аймақтардың астыңғы ішкі құрылымдарын толық анықтап алатын болды.
Жер сілкінуі — табиғаттың өте бір қаһарлы да, қауыпты да көрінісі және жер қойнауында жойқын энергия қорының, оның дүлей күшінің айғағы. Әйгілі ғүлама А. Гумбольдт жер сілкінудің әсерін мынадай жолдармен сипаттаған болатын: «Бұл құбылыстан құрлықтың мызғымас қимылсыз күйіне туғаннан бергі сеніміміз жоғалғанын қайтерсін... Жай түскендей қас қаққанша аяқ астымыз шайқалып, табиғаттың дүлей күші қаһарын көрсеткенде бұрынғы сенімімізден түк те қалмайды».
Әлемде жыл сайын мыңдаған жер сілкінуі өтеді, дегенмен осылардың тек екеу-үшеуі ғана мекендерді қиратып, он мыңдаған адамдарды құрбандыққа шалатын ең күшті жер сілкінуге жатады. Жер сілкінудің талай күйзелістері тарихта қалды: 1755 жылы — Лиссабон (60 мың құрбан), 1908 жылы — Мессина (100—160 мың), 1923 жылы — Токио (150 мың) адам қаза болды, 1976 жылы Қытайдағы Таншан жер сілкінуінен 650 мың адам қаза тауып, 700 мың адам жараланды. 1556 жылы Шэньси өлкесіндегі жер сілкінуден шамамен 830 мың адам құрбан болған дейді. Өткен 4000 жыл арасында жер сілкінудің құрбандарының саны 14 миллионнан аспапты.
Біздің елімізде 1887 жылы және 1911 жылғы Кебін жер сілкінуінен Алматы (ол кезде Верный) түгел қирады, бір де сау үй қалмаған. 1948 жылы Ашғабат қаласында тек қаза тапқан құрбандар саны 110 мыңға жетті. 1988 жылдың 7 желтоқсaн күні Арменияда болғаи жер сілкінуден 25 мыңнан аса адам дүниеден қайтып, 600 мың шамалы адам зақым шекті. Мұның бәрі жер сілкінуді қадағалап, зерттеп, соның арқасында оларды алдын алудың қаншалықты маңызды мәселе екенін көрсетеді.
Апатты жер сілкінулер кезінде жер бедерінде ірі өзгерістер пайда болады. Кейде жағалау теңіз астына құлайды (1960 жылы Чилидегі сілкіну). 1862 жылы Байкал тұсындағы жер сілкінуден Селенга өзенінің сағасында Пропал аталған терендігі 8 м опырық көл пайда болды. Кейде құрлық не теңіз түбі көтеріледі. Мысалы, 1964 жылы Алясканың жер сілкінуінен теңіз түбі 16 метрге көтерілді, Таулы өлкелерде сілкіну әсерінен беткей сырғып, құлап әр түрлі апаттарға ұрындырады. 1887 жылы Верный жер сілкінуінен қазіргі Ақсай өзенінін басындағы Ақжар көлінің суын құлаған тас жиынтығы лықсытып, көл орнында ені 200 м. биіктігі 60 м үйінді қалды. Жер сілкіну кезінде кесек-кесек шөгінді сүйреткін сел жүріп, жолында кездескеннің бәрін кдратып кстсді. 1985 жылы Мекснкада болған жер сілкінуден осылайша тас, лай аралас жойқын тасқыннан көптеген елді мекендер қирап, 3500 адам дүние салып, 6000 адам жараланды.
Мұхит жағалауы сілкінген шақта мұхиттарда жойқын цунами (жапонша шығанақ толқыны) толқындары пайда болады. Лиссабон жер сілкінуінен мұхитта биіктігі 26 м толқын көтеріліп, жағадан 15 километрге шейінгі тұсты толқын «жалап» өткен. Портта тұрған 300 кемені толқын жағаға доптай лақтырып, талқанын шығарган. Чили жер сілкінуінен туған цунами Тынық мұхитты сағатына 1000 км жылдамдықпен кесіп өтіп, 2—3 дүркім Жапон аралдарына соғылды.
Сонымен, жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетінде ол тік немесе көлбеу бағыттағы дүмпу ретінде байқалады. Кейінгісі — жер қойнауындағы бір ошақта кенеттен болған жыныс массасының жылжуыная өршіген серпімдік шайқалыстың дүмпуі. Жыныс жылжуы ошақтан өтетін тектоникалық жарықдарда болады. Мысалы, Калифорниядағы әйгілі Сан-Андреас жарығы бұдан 40 млн жыл бұрын пайда болып, 550 км бойында тұрған Сан-Франциско, Лос-Анджелес қалаларында 1906, 1957, 1971, 1088, 1989 жылдары күшті жер сілкінулері өтті. Жер сілкінуі бір рет қана болмайды. Артынан күндер, апта, айлар өткенде тағы бірнеше дүмпулер байқалады. Мысалы, 1966 жылы 25 сәуірден кейін Ташкентте мамыр, маусым айларында тағы да сілкінулер болды. Армениядағы алғашқы жойқын сілкінуден соң 1989 жыл бойында бірнеше рет күші әжептәуір сілкінулер байқалды. Осындай қайталау дүмпулерді афтершоқтар (ағылшынша «афтер» — соңғы, кейінгі, «шок» — соққы) дейді. Жер сілкіну тек жарық бойындағы қозғалыстан тумайды. Ол жанартаулардың атқылауынан, карстың үңгір, қуыстарының төбесінің опырылуынан, адамның инженерлік әрекеттерінен де туады. Кейінгісін техногендік сілкіну дейді.
Тектоникалық ығысуға қарағанда жер сілкінудің күші де, аумағы да шамалы. Жанартаулардың атқылауы алдындағы магманың кратерге қарай көтерілуінен, содан пайда болған қысыммен байланысты жер сілкінеді. Ендеше, вулканды өлкелердегі жер сілкінуіне қарап, жанартаудың аткылауын күні бүрын болжауға болады. Осы-лайша 1975 жэпе 1984 жылдары Камчаткадағы Плоский Толбачик пен Ключевская жанартауларының атқылау мсзіілі дұрыс болжалынды.
Жер сілкінуді зерттеу әдістері. Сейсмологияда ал дымен колданылатып түсініктер мынадай: гипоцентр (фокусы) деп жер сілкіну бол* ған жер қойііауындагы оныц ошағын атайды да, э п и* центр деп сілкіну толкынынык жер бетіне шықкан тұсын айтады (15.1-сурет). Сілкіну күші бірдей тұстарды қосатыи сызықты изосейста деп, оның сілкіну күші ен жоғары сызықпен шектелгеиіи л л с ft с т о с е й с т i к (латышиа «илейсто» — ең жоғарры) аймақ дел атайды.
Эпицентрдегі сілкіну күші онын ошағының терецді-гіие байлапысты: ошағы терен болған сайын кұші шама-лы; ал негұрлым ошағы тсрек, күші басым болеа, согүр-лым эпицентрдін аумағы кен. Мұндай жср сілкіну көбі-иесе тік багытта гарайды, дегенмен о-нын жазық блғыт-тагы курамы да болады. Мысалы, 1902 жылы Анднжан-да сілкінуден кейіи қулпытас бағаяалар сағат тілініи айналу багытымсн 7°-ке орнынан бұрылыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |