Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейіндік мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асыру» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс №4,5. Өзіндік жұмыстарды жүргізудің маңызы



жүктеу 4,83 Mb.
бет2/46
Дата08.03.2018
өлшемі4,83 Mb.
#11899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


Дәріс №4,5. Өзіндік жұмыстарды жүргізудің маңызы


Жоспары:

  1. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудаға қойылатын талаптар:

  2. Өздік жұмыстарды ұйымдастырудың формалары

1. Қазіргі білім беру жүйесіндегі баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.Осыған орай, өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді.

Оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік  шеберлікті талап етеді.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:

а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);

ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.)

б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар).Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау, т.б.


  1. Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу,мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу т.б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу, модельдер т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.

Төртінші топқа  – мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлкетану жұмыстарымен шұғылдану т.б.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар қойылады:



  1. Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.

  2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.

  3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

  4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.

  5. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

  6. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.

2. Оқушылардың өздік жұмысы деп аранулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады. Өздік жұмыс мұғалімнің ұсынан тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің талдауымен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.

Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың формалары әртүрлі. Атап айтқанда: оқулықпен, оқу-әдістемелік және анықтамалық құралдармен жұмыс жасау, конспект жасау; есептер шығару, жаттығулар орындау; зертханалық жұмыстар жасау, бақылаулар жүргізу; тақырыптық рефераттар дайындау; қолдан приборлар жасау және т.б. Дидактикалық мақсатына байланысты бұларды төрт топқа бөлуге болады:



1)жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар;

2)іскерліктер мен дағдыларды игеру бойынша жұмыстар;

3)іскерліктер мен дағдыларды қолдану бойынша жұмыстар;

4)білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау.

Бұлардың барлығының түп мақсаты оқушылардың өздігінен үздіксіз білім алуларын қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың оқулықпен өздік жұмыстарын ұйымдастырғанда мұғалім, олардың оқып-үйренудің өзекті мәселерін ажырата білуге, ең негізгі мәселелеріне баса назар аударуға, қалыптастырылған бір ұғымның ұқсас ұғымнан белгілерін ажырата білуге және т.б. үйрету керек. Мысалы, оқушыларға төмендегідей тапсырма беруге болады. Салыстырылатын ұғымдардың белгілерін көрсете отырып кестелерді толтыру.




Құбылыс


Құбылыстың сыртқы белгілері


Оның өту шарттары


Анықтамасы


кебу


а) уақыт өтумен бірге сұйықтың көлемінің азаюы;

ә) дымқыл заттардың кебуі.




а) сұйықтың ашық бетінің бар болуы;

ә) сұйық бетінің булануы;

б) кез келген температурада кебеді.


кебу – сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы, яғни сұйық молекулалары-ның өз сұйығын тастап ұшып шығу құбылысы.

қайнау


а) сұйықтың ішінде бу көпіршіктерінің пайда болуы, өсіп үлкеюі, сұйық бетіне көтеріліп шығып жарылуы;

ә) сұйық бетінің жеделдете буға айналуы.



а) әрбір сұйық үшін кризистік температураға дейін қыздыру;

ә) көпіршіктердегі будың қысымы сұйық ішіндегі қысыммен теңелген кездегі температурада;

б) сұйықты үздіксіз қыздыруда.


қайнау –сұйықтың барлық көлемі бойынша орналасқан бу көпіршектер-інде және сұйық бетінде өтетін булану процесі.

Өздік жұмыстардың дағдыларын жақсы меңгерген оқушы, жаңа материалды жақсы меңгереді, өзіндік ойлау қабілеті жақсарады, өз білімін көтере алады. Оқушылардың өз бетінше білім алу, алған білімдерін дамыту және іс-жүзінде қолдана білу дағдысын қалыптастыру мақсатында өздік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың қандай формалары бар?

  2. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда қойылатын талаптарды атаңыз.


Дәріс №6. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері

Жоспары:


1. Оқу сабақтарын ұйымдастыру

2. Оқу сабақтарында өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың шарттары

1. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығар-машылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақ-сатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады. Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыс-тардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде. Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім пробле-малық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.

Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады. Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады. Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін. Үшіншісі - қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай


 оның жоспары жасалады.

Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады: экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты; маршруты, қамтитын нысанасы;  экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар; экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары. жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері; экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандық-тарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады. Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді. Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байла-ныс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақ-тарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференция-сында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптар-дың оқушыларын қатыстыруға болады. Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.

Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық бай-ланысты нығайтуға ықпалын тигізеді. Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.

Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады. Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат - бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді. Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқы-ланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиет-терді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі. Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауап-тары, бақылау және топтық практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.

Үйдегі оқу жұмысы. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдас-тырудың мынандай шарттары бар: Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындау-дың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет. Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн. Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты. Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн. Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушы-ның ынтасын артырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді. Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауы-мен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.


 Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ. Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұс-қауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:

I - II сыныптарда - 1 сағат;

III - IV сыныптарда - 1,5;

V - VIII сыныптарда - 2 сағат;

IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат.

Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн. Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнде-лікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата-аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиіс. Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол. Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсен-ділігін арттыруға болады. Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, прак-тикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжіри-белік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңыз-ды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады. Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психика-лық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.

2. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі; оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.



Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өздік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиет-терді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модель-дер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады. Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушы-лар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық) типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыс-тарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді. Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттері-нің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн. Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар: оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау; жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу; өз әрекетінің барысын бақылап отыру. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады. Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ: оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы; жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар: жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; - оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер



  1. Экскурсия жұмысының мақсатын көрсетіңіз.

  2. Оқушының үйдегі оқу жұмысы қалай ұйымдастырылады?

  3. Пәндік үйірме жұмысының ерекшелігі қандай?

  4. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары қандай?


Дәріс №7. Физиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі

Жоспары:


1.Өздік жұмыс түрлерін ұйымдастырудың талаптары

2.Физика сабақтарында орындалатын өздік жұмыстардың түрлері

1. Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады.

Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;



  1. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

  2. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

  3. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

  • оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Физика сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, карточкалармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша есептер шығару, сөйлем құрамы толық емес есептерді шығару және т.б. жұмыс тапсырылады.

Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс.

Әр сыныпта өткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігінен орындай білуі – оның бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар сапасының сенімді көрсеткіші.

2. Физикадан мынадай тапсырмалар жазуға болады:


  • оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;

  • оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;

  • алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;

  • оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды, анықтамаға шығаруға болатын тапсырмалар.

  • арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;

  • есептеу тәсілдерін игеруге арналған:

  • ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;

  • белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;

  • байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;

  • дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.

Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды. Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттарын атаңыз.

  2. Өздік жұмыс деген не?

  3. Өздік жұмысқа қойылатын талаптарды атаңыз.

  4. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда қандай талаптарды орындау керек?

  5. Физикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыруда орындалатын тапсырмалардың түрлері қандай?


Дәріс №8,9. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

Жоспары:


1.Өздік жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

2.Ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мысалдары

1. Оқушылар барлық тақырып материалдарын біртіндеп игереді. Бұл оқушы білімін, онда қалыптасатын біліктілік пен дағдыларды логикалық тұрғыда біршама тиянақталған оқу материалдары бойынша тексеріп, есепке алуды қажет етеді.

Қандай да бір жазбаша тексеру жұмысы орындалған соң балалар назарына тапсырмалардың көрнекі етіп жазылған үлгі жауаптары ұсынылады. Оқушы өз жауабы қате болса, оны қызыл түсті сиямен сызып, дәптеріне дұрыс жауапты жазады да, өз жұмысын бағалайды және дәптерін мұғалімге өткізеді. Келесі сабақта ұстаз жұмыстарға талдау жасап, бағаларын бекітеді. Бұл біріншіден, шәкірттерді бақылау жұмысын орындауға ынталандырады, екіншіден, оларда өзіне-өзі сынай қараушылық сияқты өнегелі қасиеттер қалыптастырады.

Оқушыалардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, физикалық диктант алу, өздік жұмысын орындау, бақылау жұмысын орындау, оқулықпен жұмыс жасау, карточкалармен жұмыс жасау тағы сол сияқты.

2. Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және оларды есте сақтау мақсатымен физикалық диктант жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны магнитофоннан (алдын-ала жазылған) таңдалады. Бұл мұғалімінің жұмысты әр оқушының өздігінен орындауын қадағалауға мүмкіндік береді.

Физика және табиғат туралы ғылымдар тарауы бойынша (7-сыныптың оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағы қолданылды) физикалық диктанттағы сұрақтардың тізімі 1-кестеде келтірілген үлгі түрінде компьютер немесе кодоскоп арқылы көрсетіледі.

Кесте 1.


Физика және табиғат туралы ғылымдар тарауы бойынша физикалық диктант сұрақтары

Реті №

Формулалар, анықтамалар

1

Табиғат құбылыстарына мысалдар келтір. Адамның табиғаттағы рөлі қандай?

2

Физика нені зерттейді?

3

Астрономия нені зерттейді?

4

Табиғатты зерттеудің қандай тәсілдері бар?

5

Астрономияда пайдаланылатын ең басты басты құрал не?

6

Физикалық шамаларға мысал келтір

7

Физикалық шамаларды қалай өлшейді?

8

Мына өлшем бірліктерді түрлендір:

Ұзындық Уақыт Аудан Көлем

1м 1с 1м2 3

1км=? м 1сағ=? с 1см2=? м2 1см3=? м3

1 см=? м 1мин=? с 1мм2=? м2 1литр (л)=? м3

1мм=? м 1 миллилитр (мл)=? см3

Кесте 2.


Көрсетілген физикалық диктанттың жауаптары

Реті №

Формулалар, анықтамалар

1

Мұздың еруі, судың қайнауы, жылу, жарық, найзағай, жел – осының бәрі табиғат құбылыстарына мысал бола алады. Табиғаттың өзгеруінде дамның жасампаздық іс-әрекеті ерекше рөл атқарады.

2

Физика табиғат құбылыстарының қарапйым және сонымен бірге неғұрлым жалпы заңдылықтарын, материяның қасиеттері мен құрылысын және оның қозғалыс заңдарын зерттейді.

3

Астрономия аспан денелерінің қозғалысын, олардың табиғатын, шығу тегі мен дамуын зерттейді.

4

Табиғатты зерттеудің тәсілеріне ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер жатады.

5

Асрономияда пайдаланылатын басты құрал – телескоп.

6

Ұзындық, уақыт, аудан, көлем, жылдамдық, масса, күш және т.б. физикалық шамаларға жатады.

7

Физикалық шаманы өлшеу үшін оны осы шаманың өлшеу бірлігі ретінде алынған біртекті шамамен салыстырады.

8

Ұзындық Уақыт Аудан

1м 1с 1м2

1км=1000 м 1сағ=3600 с 1см2=0,0001 м2

1 см=0,01 м 1мин=60с 1мм2=0,000001 м2

1мм=0,001м

Көлем

3

1см3=0,000001 м3

1литр= 0,001м3

1 миллилитр=1см3.


7-сыныптың Қозғалыс. Масса және күш тарауы бойынша физикалық диктант №1.

1.Механикалық қозғалысқа мысал келтір.

2.Механикалық қозғалыс кезіндегі жүрілген жолды есептеуге арналған формуланы жаз. Жол қандай бірліктермен өлшенеді?

3.Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы қалай анықталады?

4.Қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын формуланы жаз. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін көрсет.

5.Автомобиль 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобильдің жылдамдығы неге тең?

6.Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз: 10 км; 126 см; 30 дм; 1220 мм.

7.Жылдамдықтың берілген сан мәндерін м/с-пен өрнекте: а) 72км/сағ; ә) 100 см/с; б) 36 м/сағ.

8.Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтті?

9.Пойыздың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді түсіндір.



Физикалық диктанттың жауабы.

1.Механикалық қозғалысқа мысалдар: а) жермен салыстырғандағы автомобильдің қозғалысы; ә) құстың ұшуы; б) доптың домалауы.



2.Бірқалыпты қозғалыс кезінде жүрілген жолды табу үшін дененің жылдамдығы мен оның қозғалыс уақытын көбейту керек:

.

Жол бірліктері: мм, см, м, км.


жүктеу 4,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау