Қазақ тілінің басқа салалармен синтаксистік өзара байланыстылық мәселесі. Синтаксисті оқыту кезінде оқушылардың лексика, сөз тудыру, морфология салаларынан алған білімі мен іскерліктерін жандандыру, ол үшін сөз өзінің лексикалық сағынасымен,сөз тудырушылық құрылымымен, морфологиялық қасиетімен синтаксистік категорияларды жасауға қатысатындығын саралап көрсетеді. Синтаксистік ұғымдарды лексикалық немесе морфологиялық ұғымдармен тепе-тең деп қараудан, синтаксисті формалды түрде қабылдаудан сақтандыру тұрғысынанда оқытуды ұйымдастыру қажет.
Мысал үшін сөз тіркесінің грамматикалық мағынасын, оның тұрлаусыз мүшелермен байланысын және бұлардың мектепте оқытылу әдістемесін алап қарайық. Сөз тіркесінің көлемінде әр деңгейдегі тілдік категориялардың өзара байланыстылығы айқын байқалады. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы:
Басыңқы компоненттің қай сөз табынан болғанына тәуелді болады: білгенге маржан, білмеске арзан
Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасына тәуелді болады: тауға қарады, тауға шықты
Басыңқы компоненттің морфологиялық тұлғасына тәуелді болады: атқа міну, атты міну
Бағыныңқы компоненттің ексикалық мағынасына тәуелді болады: дүкенге бару, нанға бару
Сөз тудыру тұрғысында басыңқы компоненттің басқа сөз табындағы сөзбен сәйкесиігі: ойынға құмар, ойынға құмарлық
Сөз тіркесінің тұрлаусыз мүшелерге қатынасын қалай түсінуге болады? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, оның грамматикалық негізі болса, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, олардың өзі қатысты мүшелерімен байланысы, мағыналық қарым-қатынасы сөз тіркесіндегі бағыныңқы компонент пен басыңқы компоненттің байланысы мен мағыналық қарым-қатынасына сүйенеді. Басқаша айтқанда, тұрлаусыз мүшелер мен сөз тіркестері белгілі дәрежеде өөзара байланысты болады. Сөз тіркесіндегібайланысу түрі мен мағыналық қатынас сөйлем құрамына енгенде де сақталып, бағыныңқы еомпонент сол мағынасына сәйкес анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш қызметін атқарады да, басыңқы компонент сөйлемде басқа мүшелермен байланысу түріне және орын тәртібіне қарай әртүрлі мүшенің қызметін атқарады.Мысалы, Жастық туралы сөйлесу деген тіркес сөйлем құрамында: бағыныңқы компоненті жастық туралы жанама толықтауыш болады да, сөйлесу деген басыңқы компоненттің ыңғайына қарай баяндауыш болады. Т.б...Бұдан шығатын қорытынды: тұрлаусыз мүшені оқытқанда, оқушыларға сөз тіркесіндегі білімдері мен дағдыларын еске алып, солардың негізінде оқытып дағды беру қажет. Рас, сөз тіркесінде оның компоненттерінің арасындағы қатынас сол сөздердің лексикалық мағыналарына сәйкес нақтылықты білдіреді, сонымен қатар ол жалпы грамматикалық қатынас тұрғысынан да қаралады. Сөз тіркесінің бағыныңқы компоненті сөйлемде негізінен грамматикалық қатынас бойынша тұрлаусыз мүшенің мағыналық қатынасы болып есептеледі. Сөз тіркесінің жекелік мағынасы кейбір тұрлаусыз мүшенің өз ішінде мағынаға бөлінуінде ғана ескеріледі.
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:
1. Көшіріп жазу жаттығулары.
2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
Достарыңызбен бөлісу: |