Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналған пәннің ЖҰмыс бағдарламасы

жүктеу 162 Kb.
Дата04.02.2020
өлшемі162 Kb.
#28126

УМКД 042-16.1.11/01.2013

______________2013 жылғы

№ 2 басылым

14 беттің -шісі

5В 020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ

2013

Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы___________ « ___» _________20__ж. Секей Ж., филол.ғ.к.,

қолы

«Қазақ филологиясы» кафедрасының доцент м.а.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Сейітова Ш. Б.

2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Төрайым _________________ Григорьева Г.Б.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__ж.

ОӘК төрағасы _________________ Рскелдиев Б.А.
4  «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 2 БАСЫЛЫМЫ

Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль)

5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер

1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В 020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығының студенттеріне арналған.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты;

- 5В 020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болады.

Қазақ әдебиетінің орта мектепте жүргізілу тарихы мен теориялық тамырларын студенттер дәрістерді тыңдау үстінде қандай мәселелердің қозғалып жатқанын адаспай дұрыс аңғарып отыруы аса маңызды жай. Сондықтан, бағдарламаның тақырыптарының бір-бірінің заңды жалғасындай болып шығуына жете көңіл бөлінді. Мазмұн сабақтастығы, мәселелердің туындау рет-реттілігі сақталды. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» бакалавриат сатысының 3-курсында жүргізіліп, дәрістік және семинар түрлерін қамтиды.

3.2 Пәнді оқыту мақсаты:

Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп, лицей, гимназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.

3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері;

Әдебиет теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері;

Әдеби Атамұра беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері;

Әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары;

Көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.

3.4 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

  • Студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі;

  • Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі;

  • Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді;

  • Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді;

  • Әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді.

  • Теориялық Атамұраді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

3.5 Курстың пререквизиттері:

- Әдебиеттануға кіріспе;

- Қазақ халық ауыз әдебиеті;

- ХХ ғ.қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940);

- Шетелдегі қазақтардың әдебиеті

3.6 Курстың постреквизиті:

- Әдебиет теориясы;

- Қазақ әдебиетінің сынының тарихы

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

Кесте 1

Курс

Сем-естр

Кредит

Дәріс (сағ)

Семинар (сағ)

Лаб. (сағ)

ОЖСӨЖ

(сағ)

СӨЖ(сағ)

Барлығы

(сағ)

Бақылау түрі

ІІІ

6

2

15

15

-

30

30

90

емтихан

4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)
Кесте 2

Тақырыптар атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән

Тақырып 1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән.

Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі – әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарына игі әсері. Әдебиет пәнінің әдепкі оқытылу көріністері. Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу пәндері. Әдебиет пәнінің ғылым салаларымен байланысы. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану, т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі. Әдебиет пәнінің ХІХ ғасырдағы жаңаша оқытылу жайы. Жаңаша демократтық бағыттағы В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов т.б. әдебиетші-сыншылардың толғаныстары.

1

Тақырып 2. Қазақ жеріндегі орыс-түзем мектептері мақсаты. Оқу-ағарту ісі жөніндегі тың бастамалар.

ХІХ ғ. қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі жөніндегі ой-толғаныстары. Ш.Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері, жол-жобасы турасындағы пікірлері, сілтеген жолы. Оқу, тәлім-тәрбие жөніндегі Абай Құнанбаев айтқан өнеге, үлгілі сөздер. Ы.Алтынсариннің ұстахдық қызметі, әдеби шығармашылығы. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (ХХ ғасыр). Әдебиет пәнінің кеңестік жылдардағы оқытылу жайы. 1933-1939 жылдарда қабылданғаноқу бағдарламалары. Қазақ мектептерінің түзілісі, ондағы әдебиет пәні. 1960-70-80-90 жылдардағы әдебиет пәні оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар.

1

Тақырып 3. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері.

2000-2006 жылдар аралығындағы білім беру жүйесіндегі іргелі бағдарламаларын жасауға тигізген игі ықпалы. Оқу-ағарту орындарының жаңа құрылымы: мектеп-лицейлер, колледждер, гимназиялар, мамандандырылған арнаулы мектептер, жекеменшік мектептер. Әдебиет пәнінің жаңа тұжырымдамасы. Әдебиет пәнінің сыныптар бойынша жаңаша құрылысы. Әдебиет пәндерінің орта мектептерде жүргізілу реті. Бастауыш І-ІҮ сыныптардағы түсіндірмелі оқу, оның әдеби талдауға арналмай тек көркем мәтінді түсініп оқуды көздейтіндігі.Ү-ІХ сыныптардағы әдебиеттік оқу пәндері, оның өзіндік түрі, бітімі.

1

Модуль 2. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні.

Тақырып 4. Әдеби базалық білім аймағы.

Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. Халық әдебиеті және оның іріктелген жанрлары. Ежелгі дәуір әдебиеті, оның мектептік үлгілері. Жыраулар поэзиясы, оның көрнекті өкілдері. Қазақтың ХІХ-ХХ ғасырлардағы классикалық әдебиеті, оның ақын-жазушылары. Қазіргі қазақ әдебиеті. Базалық әдеби оқудың тиімділігі және маңызы, қажеттілігі. Базалық әдеби білім беру бағдарламаларының екі бөліктен құралатындығы.

1

Тақырып 5. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.

Х-ХІ сыныптарда әдеби материалдардың тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай орналастырылатындығы. Оның орта мектептің жоғары сыныптарына арналып жазылған, түзілген қазақ әдебиеті тарихының қысқаша ғылыми курсы екендігі. Жоғары сыныптардағы әдеби-тарихи курстың ортаңғы базистік тарихи хронологиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген әдеби таңдамалы жалғасы саналатындығы.

1

Тақырып 6. Әдебиет пәнін оқыту әдіс-тәсілдері.

Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері.

1) Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі

2) Эвристикалық оқу әдісі.

3) Зерттеп оқу әдісі..

4) Репродуктивтік оқу әдісі.

Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.

2

Модуль 3. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Тақырып 7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев,З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің ой- тұжырымдары. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары. Драмалық шығармалардың оқытылуы. Лирикалық шығармаларды оқыту.

3

Тақырып 8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

Жалпы Білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылдық оқу жоспарының болатындығы. Орта Білім беретін оқу орындарының жұмыс істеу ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің Білім-білік қорына, жоғары оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе- дағдыларына, этикалық- эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. Күнтізбелік жоспар. Сабақтық жоспар. Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шеи ел әдебиеті үлгілері

2

Тақырып 9. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері.

Оқушылардың ауызша және жазбаша әдеби тілі дамыту, жетілдірудің қажеттілігі, маңыздылығы. Жазбаша сөз, хат-хабар қатынастары мәдениеті. Жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама жаздыру, оның сөз көлемі. Әдеби шығарма жаздыру түрлері, тақырыптары.

2

Тақырып 10. Әдебиет пәні кабинеті.

Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, теледидар, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды.

1

Семинар сабақтары

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Оқу модулін даярлау технологиясы.

5.2 Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау.

5.3 Оқушылардың Білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру.

5.4 Тестілер және оны құруға ұсыныстар

5.5 Ауызша бақылау түрлері

5.6 Жалпы Білім беретін мектептің мақсаты, міндеттері мен қызметі

5.7 Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың ғылыми негіздері

5.8 Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері

5.9 Модульдік оқытудың құрылымы

5.10 Оқу модулінің кіріспе бөлімі

5.11 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

5.12 Сөйлесу бөлімін құру қағидалары

5.13 Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі

5.14 Оқу модульдерін әзірлеуге ұсыныстар.

5.15 Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқытудың белсенді формалары

5.16 «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

5.17 «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны

5.18 Пікірталастық жөне рөлдік оқыта үйрету ойындары

5.19 Жеке-топтық жұмыс формасы

5.20 Өзара оқыту сабағы

5.21 Оқыта үйрету ойындары
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Кесте 3

Тақырып

Көрнекі құралдар, ОТҚ, плакаттар, стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

Дәріс сабағы

Тәжірибелік сабақ

Зертханалық сабақ

1

2

3

4

5

6

1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән.

1. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән.

Дыбыстаспалар портреттер, кітап көрмесі, карточкалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.

Өлең жаттау

2. Қазақ жеріндегі орыс-түзем мектептері мақсаты. Оқу-ағарту ісі жөніндегі тың бастамалар.

2. Қазақ жеріндегі орыс-түзем мектептері мақсаты. Оқу-ағарту ісі жөніндегі тың бастамалар.

Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау

3. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері.

3. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері.

Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.

4. Әдеби базалық білім аймағы

4. Әдеби базалық білім аймағы

Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу.

Әдеби теориялық талдау

5. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы

5. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы

Фотоматериал-дар, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, суреттер, карточкалар

Конференция сабағы және әдеби-көркемдік, әдеби- тарихи сараптамалар, рефераттар жазу.

Ғылыми талдау мақала жазу

6. Әдебиет пәнін оқыту әдіс-тәсілдері

6. Әдебиет пәнін оқыту әдіс-тәсілдері

Портреттер, кітап көрмесі, суреттер, бейне, дыбыстаспалар, карточкалар

Понарамалық сабақ және әдеби талдау мақалалар мен әдеби шолулар жазу.

Шығармаларына реферат жазу.

7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.

7. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Дыбыстаспаларпортреттер, кітап көрмесі, карточкалар

Проблемалық сабақ және әдеби- теориялық зерттеу рефераттарын жазу

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.

8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

8. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау

9. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері.

9. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері.

Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Өлең жаттау

10. Әдебиет пәні кабинеті.

10. Әдебиет пәні кабинеті.

Суреттер, бейнетаспаларперфокарталар, альбомдар, портреттер

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау

7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 4

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 391 б.

3

2

150%

Қасқабасов, С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер / С. Қасқабасов.- Алматы: Жібек жолы, 2008.- 501с.

4

2

200%

Сыдықов, Т. Қазақ тарихи романының поэтикасы: Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер/ Т. Сыдықов.- Алматы: Арда, 2009.- 333б

3

2

150%

Нұрғали, Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл/ Р. Нұрғали.- Алматы: Үш қиян, 2009.- 303б.

1

2

50%

Умарова, Г. Қазақ әдебиетің тарихы: оқулық / Г. Умарова, С. Шарабасов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 240 б.

10

2

500%

8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.1 Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] / Б. Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009.- 319 б.

8.1.2 Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010.- 156 б.

8.1.3 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем сөз / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 351 б.

8.1.4 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 391 б.

8.1.5 Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010.- 365 б.

8.1.6 Қасқабасов, С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер / С. Қасқабасов.- Алматы: Жібек жолы, 2008.- 501с.

8.1.7 Нұрғали, Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл/ Р. Нұрғали.- Алматы: Үш қиян, 2009.- 303б.

8.1.8 Сыдықов, Т. Қазақ тарихи романының поэтикасы: Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер/ Т. Сыдықов.- Алматы: Арда, 2009.- 333б.

8.2 Қосымша әдебиеттер

8.2.1 Ақатай, С. Қазақтың фольклорлық ұлағаты: энциклопедиялық анықтама / С. Ақатай; Адамкұлов Н., Жақышева З.- қайта басылған.- Алматы: Рrint-Express, 2011.- 366 б.

8.2.2 Ақатай, С. Тереңнен тартқан тамырлар: әдебі мақалалар / С. Ақатай.- қайта басылған.- Алматы: Рrint-Express, 2011.- 415 б.

8.2.3 Әдеби өмір шежіресі/ [Құраст.: Ә.Нарымбетов, Е.Жаппасұлы, С.Қажи].- Алматы: Ан Арыс, 2009.- 671 б.

8.2.4 Джуанышбеков, Н. Введение в литературоведение: учебник / Н. Джуанышбеков.- Алматы: Заң әдебиеті, 2010.- 308 с.

8.2.5 Жұртбай, Т. "Күйесің, жүрек...сүйесің...": (Абай: "Жан бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.- 463 б.

8.2.6 Қазіргі қазақ әдебиеті: оқулық / Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет, Р.Тұрысбек, ж.б.- Алматы: Дәуір, 2012.- 215 б.

8.2.7 Мақпырұлы, С. Қазақ әдебиеті. І- бөл.: оқулық / С. Мақпырұлы, Т. Сыдықов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 291 б.

8.2.8 Сарбалаұлы, Б. Бес мүшел. 2-ші т.: әдеби эссе, сын мақалалар / Б. Сарбалаұлы.- Алматы: Ан Арыс, 2009.- 319 б.

8.2.9 Умарова, Г. Қазақ әдебиетің тарихы: оқулық / Г. Умарова, С. Шарабасов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 240 б.

жүктеу 162 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау