Пәнінен оқу-әдістемелік кешен



жүктеу 1,02 Mb.
бет1/6
Дата01.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
#6913
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18-12.1.11/_03-2013

18.09.2013ж.

№1 басылым.



беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-12.1.11/_03-2013

«Компьютер жүйелерінің сәулеті» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар

18.09.2013ж.

№1 басылым





«КОМПЬЮТЕР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СӘУЛЕТІ»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013
мазмұны


1. Глоссарий


2. Дәрістер

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий


Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

1.1. ЭЕМ сәулеті – бұл ЭЕМ құралатын аппаратты-программалық құралдардың көпдеңгейлі иерархиясы.

1.2. Электронды есептеуіш машина – бұл пайдаланушылар есебін шешу мен дайындауды автоматтандыруға арналған техникалық және программалық құралдар кешені.

1.3. Сенімділік – бұл ЭЕМ-нің қандайда бір жағдайларда берілген уақыт периодында қажетті функцияны орындау.

1.4. Дәлдік – бұл тең мәндерді айыра білу мүмкіндігі.

1.5. Анықтық – ақпарат құрамы дұрыс қабылдануы керек. Анықтық қатесіз нәтиже алу ықтималдылығымен сипатталады.

1.6. Компьютер құрылымы – бұл оның функционалды элементтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығы.

1.7. Арифметико-логикалық құрылғы (АЛҚ) сандық және символдық ақпаратпен барлық арифметикалық және логикалық операциялар орындау үшін арналған

1.8. Жүйелік шина – бұл компьютердің негізгі интерфейстік жүйесі, оның барлық құрылғылары арасында тартылыс пен байланысты қамтамасыз етеді.

1.9. Негізгі жады (НЖ) машинаның басқа блоктарымен ақпаратты сақтау және жедел алмастыру үшін арналған.

1.10. Сыртқы жады ДК сыртқы құрылғысына жатады және кез келген ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін пайдаланылады.

1.11. Қоректендіру көзі – бұл ДК автономды және желілік электр қуатын пайдалану жүйесі кіретін блок.

1.12. Таймер – бұл машина ішіндегі электронды сағат, қажет кезде ағымды уақыт моментін (жыл, ай, сағат, минут, секунд) автоматты түрде жылжытуға мүмкіндік береді.

1.13. Сыртқы құрылғылар (СҚ) – бұл кез келген есептеу кешенінің маңызды құрама бөлігі.

1.14. Видеомонитор (дисплей)ДК-ден көрінетін және көрінбейтін ақпаратты көрсету үшін арналған құрылғы.

1.15. Сөздік шығару құрылғысы – бұл цифрлік кодтарды әріптер мен сөздерге түрлендіруді орындайтын әртүрлі дыбыс синтезаторы.

1.16. Регистр – бұл бір санды қабылдау және есте сақтауға арналған ЭЕМ-нің құрамындағы құрылғы, сонымен қатар олармен қандайда бір операция орындауға арналған.

1.17. Жедел жады – бұл машинаның негізгі жадысы.



2. Дәрістер


Дәріс сабағының құрылымы:

1-модуль

1 дәріс. Кіріспе

Дәріс жоспары:


1. Курс мақсаты мен міндеті.

2. Курс құрылымы мен оның басқа пәндермен байланысы.

3. Есептеу техникасының (ЕТ) даму тарихы. ЭЕМ буындары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


1. Курс мақсаты мен міндеті.

«Компьютер жүйелерінің сәулеті» пәні ақпаратты өңдеудің қазіргі жүйелерінің облысында студенттерге білім беруге және ақпаратты өңдеу жүйелерін жобалау кезінде архитектуралық шешімдер таңдауға негізделген.

«Компьютер жүйелерінің сәулеті» курсында компьютер жүйесі сәулетінің жалпы сұрақтары, құрылу принциптері мен құрылымы және ЭЕМ негізгі құрылғыларының жұмысы, ақпаратты өңдеу мен тасымалдау принциптері және т.б. қарастырылады.

«Компьютер жүйелерінің сәулеті» курсын оқытудың міндеті мыналарды меңгеру болып табылады:



  • қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін;

  • ЭЕМ функционалды тораптары мен құрылғыларын жобалаудың негіздерін;

  • есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін.

«Компьютер жүйелерінің сәулеті» пәні қазіргі ЭЕМ жұмысының сәулетін, құрылымын және принциптерін қарастыруды қамтамасыз етеді.

2. Курс құрылымы мен оның басқа пәндермен байланысы



Дәрістік материал келесі тақырыптардан тұрады:

1 тақырып. Кіріспе.

2 тақырып. ЭЕМ ұйымдастыру негіздері.

1. ЭЕМ сәулеті.

2. ЭЕМ-нің ақпараттық-логикалық негізі.

3 тақырып. ЭЕМ есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ).

1. Жадыны ұйымдастыру.

2. Статикалық жедел ЕСҚ (SRAM).

3. Динамикалық жедел ЕСҚ (DRAM).

4. КЭШ-жады.

5. Тұрақты ЕСҚ (ПЗУ).



4 тақырып. ЭЕМ санағыштары.

1. Микропроцессор сәулеті, құрылымы мен міндеті (МП).

2. Процессордың құрылымы мен оның функционалдануы.

3. ЭЕМ ұйымдастырудың машиналық деңгейі.

4. ЭЕМ-ді ұйымдастырудың микропрограммалық деңгейі.

5. ЭЕМ-ді ұйымдастырудың жүйелік деңгейі.



5 тақырып. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру.

1. ЭЕМ интерфейстерінің жүйесі: белгіленуі мен құрамы.

2. Интерфейстерді құрудың негізгі принциптері. Интерфейс сипаттамалары.

3. Интерфейстерді ұйымдастыру принциптері.

4. ЭЕМ құрылғылары арасында ақпарат алмасу әдістері.

5. Ішкі машиналы жүйелік интерфейс.



6 тақырып. Есептеу жүйелері (ЕЖ).

1. ЕЖ түсінігі мен дамуы.

2. Есептеу жүйелерін құрудың негізгі принциптері.

3. Есептеу жүйелерінің классификациясы.

4. Есептеу жүйелерінің сәулеті.

5. Көппроцессорлы есептеу жүйелері.

6. Есептеу жүйелерін кешендеу.

7. Есептеу жүйелерінің типтік құрылымы.

8. Есептеу жүйелерін функционалдауды ұйымдастыру.

3. Есептеу техникасының (ЕТ) даму тарихы. ЭЕМ буындары.

Есептеу техникасының (ЕТ) дамуы 3 облыстағы табыстарымен сипатталады:


  1. Өндіріс технологиясында ЕТ элементарлы базасы ретінде, сонымен қатар машиналардың өзі.

  2. ЕМ ұйымдастыру принциптерінде.

  3. математикалық және программалық қамтаманы құрастыруда.

Кез келген ЕМ ақпаратпен алгоритмдердің бірнеше кластарын өндіруді қамтамасыз ететін программалық-аппараттық кешендер ретінде қарастырылуы керек.

ЕМ жұмыс істеу процесінде барлық оның компоненттері қандайда бір түрде бір-бірімен қатынасады. Мұндай қатынастың деңгейлері әр түрлі болуы мүмкін:



  1. Төменгі деңгей: электрлі импульстер деңгейінде.

  2. Жоғарғы деңгей: программалық модуль деңгейінде ЕМ тораптарының өзара қатынасы.

  3. Әрбір жеке тораптың функционалды деңгейі: программалық-аппараттыө әдістермен функция және оларды өндіру.

Сәулет болып пайдаланушы көзқарасымен ЕМ құрамы мен сипатының жиынтығы түсініледі.

ЕТ даму тарихы Джона фон Нейман жұмысының жарыққа шығуынан бастап есептеледі. Бірінші цифрлік ЕМ құру мүмкіндігі 1936 жылы ағылшын математигі Тьюрингпен дәлелденді. Ол кез келген алгоритм оның дискретті автомат көмегімен өндірілетінін көрсетті. Ол Тьюринг машинасы деп аталды. Бұны Пост (Пост машинасы) та дәлелдеді. Бірінші цифрлік ЕМ 1935 жылы Белл (АҚШ) фирмасымен құрастырылды. Осындай түрдегі машина К. Цунзе (1941, Германия) басшылығымен арнайы есептер үшін құрастырылды. Әмбебап ЭЕМ-ді құру әрекеті Айтнетпен (АҚШ) қарастырылды. Ол "Марк-1" деген атауға ие болды. Гарвард университетінде жобаланып, дайындалды.

ЕМ (23 разрядты ондық сандармен жұмыс істеді) сипаттамалары:


  1. Перфолентамен команда бойынша программа енгізілген .

  2. 0,3 секунд ішінде 2 санды қосу

  3. 6 секунд ішінде 2 санды көбейту

  4. 11 секунд ішінде 2 санды бөлу.

Релелік негіз сенімсіз болды. ЭЕМ үшін арнайы релелер құрастырылды. Мұнда "Марк-2" ЕМ құрастырылды.

ЕТ нақты есебі реледен триггерлерге көшумен жүргізіледі. Триггер 1918 жылы Ресейде Бонч-бруевичпен құрастырылды.

Электронды компоненттерде құрастырылған бірінші ЭЕМ-дер 1942 жылы ("Эниак") шықты. Сериялы шығару 1945-1946 жж. болды. Маушли мен Энкер басшылығымен Пенсельван университетінде құрастырылды. 1943 жылы Тьюринг басшылығымен "Колос" ЭЕМ-сы құрастырылды. 70-ші жылдары архивті ашқаннан кейін бірінші ЭЕМ 1939 жылы Германиядан шыққан "АВС" деген атауға ие болған ЭЕМ Антоносовпен құрастырылғаны анықталды. болды.

ЭЕМ-нің бірінші буыны.

ЭЕМ шамдары, өнеркәсіптік шығару 50-ші жылдың басында басталды. Біздің елімізде шығару бастамасы "МЭСМ" 50-ші жылдың басы деп есептеуге болады. Лебедев басшылығымен құрастырылған. 1952-1953 жж. осы негізде Мельников пен Бурцев басшылығымен "БЭСМ-1" (Үлкен электронды есептеу машинасы) құрастырылды. Ал оның негізінде "БЭСМ-2" машинасының сериялы шығарылуы жүргізілді. Осы кезде АҚШ-та "Эдвак" машинасын шығарады. "БЭСМ-2" машинасының техникалық сипаттамасы әлдеқайда жоғары болды. Бұл "БЭСМ-2" машинасында екі жаңа принцип: конвейеризация мен стек пайдалануымен байланысты. "БЭСМ-2" үшін аппараттық-логикалық құрылғылардың жылдам жұмыс істеуі секундына 10000 операцияны құрады.

1953 жылы Василевский басшылығымен "Стрела" машинасы құрастырылды. Сонымен қатар академик Брук басшылығымен Мәскеу Энергетикалық институтында "М" деген атау алған ЭЕМ құрастырылды. Минскте ЭЕМ өндіру бойынша завод құрылды, машиналардың сериялы шығаруы "Минск". Пензе қаласында академик Рамеев басшылығымен конструкторлы бюро бөлімшесі құрылды. Мұнда ЭЕМ құрастырып, сериялы шығаруы "Урал" деп аталды.

Бірінші буынның ЭЕМ-ның құрылымы түгелдей фон Нейман машинасына сәйкес келді. Машиналардың техникалық сипаттамасы қазіргі ДК сипаттамаларына қарағанда төмен болды. Программалау машиналық кодтарда жүргізілді. ЖЕСҚ (ОЗУ) көлемі – 2 мың сөзді құрады. Ақпаратты енгізу перфолента мен кинопленка арқылы жүргізілді.

ЭЕМ-нің екінші буыны.

Шамдардан транзисторлы ЭЕМ-ге көшумен байланыстырады. Транзисторлар жоғарғы сенімділікті, тез жылдамдықты және аз электр қуатын тұтынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Математикалық және программалық қамтаманың дамуы осы кезде басталады. Жоғарғы нүкте: алгоритмдік тілдерді (Fortran, ALGOL) құру. Қарапайым компиляторлар мен интерпретаторлар құрылады. Көппрограммалы ЭЕМ-дер пайда болады. Пакеттік режимде жұмыс істеу үшін бірінші мониторлар мен supervisor'лер шығады. Соның нәтижесінде ЭЕМ-нің екінші буынын пайдалану жылдам ұлғая түседі.



ЭЕМ-нің үшінші буыны.



60-шы жылдардың соңында үшінші буынның бірінші машиналары шыға бастайды. ЭЕМ-нің үшінші буынына көшу күшті сәулеттік өзгерістермен байланысты болады. Техникалық базаның өзгеруі интегралды схематехникаға көшумен байланысты. Бірақ интеграция деңгейі аз болды. Үшінші буынның машиналарында арна концепциясы құрылады, микропрограммалық басқару пайда болады, жады иерархияланады, бірінші рет агрегаттау түсінігі енгізіледі.

МК - мультиплетті арна, СК - селекторлы арна (жоғары жылдамдықты құрылғылар). Арна негізгі құрылымдық элемент болып табылады.

Процессор мен жедел жады құрылымында адрестік механизмдерді (жадыда адресациялауды, программаның тасымалдануын қамтамасыз ететін) ұйымдастыратын арнайы құрылғылар пайда болады. Процессорда бірнеше арифметикалық-логикалық құрылғылар (АЛҚ) пайда болады. Бұл құрылғылар жұмыс істемейді, бірақ қандайда бір өңдеу жұмысын жүргізу үшін АЛҚ таңдап алынады. Жадыда процессор хабарласатын негізгі жады және көлемі негізгі жады көлемінен әлдеқайда үлкен, бірақ процессорға ол қолайлы массалық жады ерекшеленеді. ЭЕМ-нің үшінші буынының соңында вируталды жадыны басқару концепциясы пайда болады, сыртқы құрылғылар мен терминалды жабдықтар дами бастайды. Үшінші буынның ЭЕМ-дері модельмен сәйкес келетін сериялармен немесе жанұяларымен шығарыла бастайды.

Математикалық және программалық қамтамасының ары қарай дамуы типтік есептерді шешу үшін пакеттік программаларды құруға әкеледі және бірінші рет программалық кешендер – операциялық жүйелер (IBM құрастырылған) шығарылады.

ЭЕМ-нің төртінші буыны.

70-ші жылдардың соңында бірінші рет ЭЕМ-нің төртінші буыны шыға бастайды. Интеграцияның орташа және үлкен деңгейіндегі интегралды схемаларға көшумен байланысты.

Төртінші буын ЭЕМ-нің құрамы:


  1. Мультипроцессорлық

  2. Параллельді өңдеу

  3. Жоғары деңгейдегі тілдер

  4. ЭЕМ-нің бірінші желілері пайда болады

Төртінші буын ЭЕМ-нің техникалық сипаттамалары:

  1. 0.7 нс./вентильге (вентиль - типтік схема) сигналдың орташа тежелуі

  2. Бірінші рет негізгі жады – жартылайөткізгіштік. Мұндай жадыдан мәліметтерді өңдеу уақыты 100-150 нс. Көлемі 1012 – 1013 символ.

  3. Бірінші рет жедел жүйені аппаратты өндіру пайдаланылады.

  4. Модульдік құрылым программалық әдістер үшін де қолданыла бастады.

Төртінші буын машиналарының негізгі назары сервиске бағытталды (ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жақсарту).

ЭЕМ-нің бесінші буыны.

80-жылдардың соңында бесінші буын ЭЕМ-рі пайда бола бастады. ЭЕМ-нің бесінші буынының микропроцессорға көшумен байланыстырады.

Бесінші және алтыншы буын үшін жеңілдетілген микропроцессорларда құрылған көппроцессорлы құрылым сәйкес келеді. Жоғары деңгейлі тілдерге негізделген ЭЕМ-дер құрылады.


2 дәріс. ЭЕМ-ді ұйымдастыру негіздері

жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау