Пәні бойынша оқыту бағдарламасы



жүктеу 255,81 Kb.
Дата29.01.2018
өлшемі255,81 Kb.
#8008
түріБағдарламасы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы - экономикалық факультеті
Қаржы кафедрасы

5В050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

_____________Т.Я. Эрназаров

«____»______________20 ж


Құрастырушы: : аға оқытушы Балтабаева А.К._______________

Қаржы кафедрасы
5В050900 «Қаржы» мамандығының сырттай оқу нысанындағы

студенттеріне арналған «Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылған 20_ж. «___»____________№_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________Н.С. Кафтункина 20__ ж. «____» _______


Қаржы-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ______________А. Б. Темірғалиева 20_ ж. «_____»___________


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Кафедрадағы қабылдау сағаттары кеңес беру кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Кафедраның телефоны 67-36-43, ішкі 172, 511 аудиториясы.


2 Пән туралы мәліметтер

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы» пәні элективті пән болып табылады, бірінші курс студенттеріне оқытылады.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы



Оқу нысаны

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

тәж

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

ЖКБ

1

3

18

6

-

-

-

-

117

9




2

-

12










емтихан




Барлығы

3

18

6

12










117

9




ОКБ

1

3

18

6

12










117

9

емтихан




Барлығы

3

18

6

12










117

9





4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Курстың мақсаты студенттерді ғылыми-кәсіптік қызметіне дайындау және ғылыми зерттеулер жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы» кірсының негізгі міндеттері болып:

‑ ғылыми танымның методологиялық негізін қарастыру;

‑ бағыттың таңдау әдістерін және ғылыми зерттеуді зерделеу



  • ғылыми зерттеуді жүргізу мен таңдау әдістерін оқу;

  • ұйымдастыру дайындығын және тәртібін қарастыру, және ғылыми жұмыстарының нәтижесін ұсыну.

Пәнді меңгере отырып, студент білуі қажет:

  • білім және кәсіби траекториясын қалыптастыру;

  • әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау;

  • ғылыми зерттеу тақырыбын дұрыс тұжырымдау;

  • жұмыс жоспарын, жұмысқа тезистер, аннотациялар, қолданылған әдебиеттер тізімін құрастыру;

  • ғылыми жұмысының мәтінін дұрыс рәсімдеу және оның компьютерлік беттеуін орындау;

  • баяндамамен шығу және өз зерттеу тақырыбы бойынша пікір- талас жүргізу.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері және де стандарт талаптарына сәйкес ғылыми баяндамалардың және жұмыстардың рәсімдеу техникасы туралы түсінігі болу керек.

Пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер меңгеруі қажет:


  • оқытудың материалдық кредиттік технологиялық меңгеру ерекшеліктерін;

  • білім саласындағы нормативтік-құқықтық базаны білу;

  • зерттеу жұмыстарының түрлерін;

  • ғылыми-зерттеу жұмысының құрлымын;

  • ғылыми зерттеу жұмыстарының жанрын.

Студентің өздік жұмысының практикалық машықтарды иемденуі қажет.
5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Студенттің:

- таңдаған мамандықтарыңыздың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жөнінде түсінігі болуы керек;

- ішкі тәртіп ережелері; басылымдардың библиографиялық тізімдерінің жазылу ережелері мен қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс жазу;

- оқу құжаттарын дұрыс жазу ережелеі білу керек;

- - жеке мақсаттарды қарастыра алу керек;

- мәлімет-іздестіру аппараттарымен жұмыс жасай алу;

- оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін стандарттар талаптарына сәйкес орындауын жасау керек.

Сабақтарға қатысып және СӨЖ тапсырмаларды орындау барысында студенттер үйренеді және тәжірибелік дағды-машықтарды иемдену қажет:


  • жеке мақсаттарды қарастыра алу керек;

  • мәлімет-іздестіру аппараттарымен жұмыс жасай алу;

  • оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін стандарттар талаптарына сәйкес орындау.


6 Пререквизиттер.

«Мамандыққа кіріспе және ғылыми жұмыстардың орындау техникасы» пәнің оқытуға қажетті пәндер тізімі: Экономикалық теория, Ақша, несие, банк.


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «ҚР қаржы жүйесінің дамытудың өзекті нысаналары». т.б.


8 Тақырыптық жоспар

«Қаржы» мамандығы орта кәсіби білім, жоғарғы кәсіби білім негізіңде, сырттай оқу түрі


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/р

Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

тәжірибе

СӨЖ

1

Жоғарғы білім жүйесі және жоғары мектебінің нормативтік базасы

2

1

10

2

Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

1

1

10

3

Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

1

1

9

4

Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы

1

1

9

5

Студенттердің негізгі ғылыми жұмыстарының түрлері

1

1

9

6

Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты және құралдары

2

1

10

7

Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі: ақпаратты іздеу, әдебиетке шолу

2

1

10

8

Ғылыми ақпараттық жүйелеудің ұстанымдары

1

1

10

9

Реферат дайындаудың және жазудың әдістері

1

1

10

10

Ғылыми баяндаманы, эссені дайындау әдістері

1

1

10

11

Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістері

1

1

10

12

Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны: презентациялар, пікір-талас (дискуссия)

1

1

10

БАРЛЫҒЫ

6

12

117



Пәннің қысқаша сипаттамасы

Оқытылатын пән білімдері мамандықтың барлық пәндері бойынша барлық оқу процесінде қолданылады, өйткені жалпы сипаттағы пән болып табылады.

Бұл пәнде кредиттік жүйе бойынша оқу үрдісінің ұйымдастыру ерекшеліктері зерделеді. Жоғары мектеп нормативтік базасы, оқу жұмыс негізгі түрлері және ғылыми жұмыстарды орындау техникасы зерделеді. Пәнді зерделеу барысында студенттер негізін, объектісін, пәнін және қаржы бакалаврының кәсіби қызметінің түрлерін, сонымен қатар білімділік дәрежесіне қойылатын талаптарды оқиды.
10 Курс компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1 Жоғарғы білім жүйесі және жоғары мектебінің нормативтік базасы

ҚР ның білім жүйесінің тұжырымдамасы. Елдің ғылыми мекемелері. ҚР-ның «Білім туралы» заңы.


Тақырып 2 Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

Кредиттік білім беру техникасын енгізу. Кредиттік жүйе бойынша оқытудың негізгі ережелері. Оқу құжаттарын рәсімдеу талаптары.


Тақырып 3 Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

Қаржы бакалаврдің кәсіби қызметінің саласы, обьектісі, пәні және түрлері. Білім деңгейіне талаптары. Қаржы бакалаврдің міндеттері мен мақсаттары.


Тақырып 4 Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы

Қаржы ісінің дамуы тарихы. Қаржы қызметінің түрлері және оның дамуы. Қазақстан Республикасының қаржы саласының қазіргі жағдайы.


Тақырып 5 Студенттердің негізгі ғылыми жұмыстарының түрлері

Аңдатпаның, рецензияның, рефераттың, эссенің, баяндамалардың мазмұнымен, құрылымымен танысу. Курстық және бақылау жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар. Дипломдық жобаға дайындық жасау.


Тақырып 6 Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты және құралдары
Ғылыми-ұғымдық аппараттың мемлекеттік стандарттары. Зерттеудің өзектілігін, жаңалылығын, тәжірибелік маңыздылығын анықтау. Зерттеудің мақсатын, мәселесін қою.

Ұсынылған зерттеудің объектісінің, пәнінің, гипотезінің, міндеттердің әдістемесін анықтау.


Тақырып 7 Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі: ақпаратты іздеу, әдебиетке шолу

Ғылыми жетекшіні және тақырыпты таңдау. Жұмыстың жоспары және оның түрлері: проспект, тезис. Алдын-ала іріктелген және таңдалған тақырып бойынша әдебиетпен танысу, интернет мүмкіндігін қолдану. Зерттеудің ақпараттық базаны және әдістемесін анықтау.


Тақырып 8 Ғылыми ақпараттық жүйелеудің ұстанымдары

Жинақталған зерттеу материалдарын жүйелеу. Жинақталған материалдарды зерттеу мақсатына, міндетіне сәйкес талдау.


Тақырып 9 Реферат дайындаудың және жазудың әдістері

Рефераттарға талап қою. Тақырыпты таңдау, жоспарды құру. Баяндаманы дайындау.


Тақырып 10 Ғылыми баяндаманы, эссені дайындау әдістері

Баяндамалардың, эсселердің негізгі түрлері. Ауызша түріндегі баяндамаларға талаптар. Алдын-ала жоспарлау. Жазбаша түріндегі баяндамалар және олардың ерекшеліктері. Баяндаманы дайындау және оған тезис құрастыру.


Тақырып 11 Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістері

Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Мақаланы жазу мақсаттары мен мідеттері. Мақаланың негізгі мазмұны.


Тақырып 12 Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны: презентациялар, пікір-талас (дискуссия)

Презентацияларды дайындау және рәсімдеу, пікір-таласты (дискуссияны) жүргізуге дайындық жасау.



4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны
Тақырып 1 Жоғарғы білім жүйесі және жоғары мектебінің нормативтік базасы

ҚР ның білім жүйесінің тұжырымдамасы. Елдің ғылыми мекемелері. ҚР-ның «Білім туралы» заңы. [1,3]


Тақырып 2 Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

Кредиттік білім беру техникасын енгізу. Кредиттік жүйе бойынша оқытудың негізгі ережелері. Оқу құжаттарын рәсімдеу талаптары. [8,9,11]


Тақырып 3 Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

Қаржы бакалаврдің кәсіби қызметінің саласы, обьектісі, пәні және түрлері. Білім деңгейіне талаптары. Қаржы бакалаврдің міндеттері мен мақсаттары. [3,8,9].


Тақырып 4 Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы

Қаржы ісінің дамуы тарихы. Қаржы қызметінің түрлері және оның дамуы. Қазақстан Республикасының қаржы саласының қазіргі жағдайы. [1,3]


Тақырып 5 Студенттердің негізгі ғылыми жұмыстарының түрлері

Аңдатпаның, рецензияның, рефераттың, эссенің, баяндамалардың мазмұнымен, құрылымымен танысу. Курстық және бақылау жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар. Дипломдық жобаға дайындық жасау: жазудың ережесі. [2,6]



Тақырып 6 Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты және құралдары

Ғылыми-ұғымдық аппараттың мемлекеттік стандарттары. Сілтемелердің түрлері және олардың мәтінде қолданылуы. Зерттеу мәтініндегі пайдаланылған әдебиеттер тізімі әдісінің көрсетілуі. Ғылыми жұмыстардың саны. [1,8,10]


Тақырып 7 Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі: ақпаратты іздеу, әдебиетке шолу

Ғылыми жетекшіні және тақырыпты таңдау. Жұмыстың жоспары және оның түрлері: проспект, тезис. Зерттеу әдістерін анықтау Ғылыми–зерттеу жұмысының құжаттарын дайындау. [3,6]


Тақырып 8 Ғылыми ақпараттық жүйелеудің ұстанымдары

Материалдарды жинақтау үшін талаптар. Жинақталған зерттеу материалдарды интернет мүмкіндігімен жүйелеу. [3,6]


Тақырып 9 Реферат дайындаудың және жазудың әдістері

Рефераттарға талап қою. Тақырыпты таңдау, жоспарды құру. Баяндаманы дайындау. [1,8,10]


Тақырып 10 Ғылыми баяндаманы, эссені дайындау әдістері

Баяндамалардың, эсселердің негізгі түрлері. Ауызша түріндегі баяндамаларға талаптар. Алдын-ала жоспарлау. Жазбаша түріндегі баяндамалар және олардың ерекшеліктері. Баяндаманы дайындау және оған тезис құрастыру. [1,8,10]


Тақырып 11 Метод подготовки и написания научной статьи.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Мақаланы жазу мақсаттары мен мідеттері. Мақаланың негізгі мазмұны. Мақаланы жазу. [1,8,10]


Тақырып 12 Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны: презентациялар, пікір-талас (дискуссия)

Презентацияларды көрсету, зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес пікір -таласты жүргізу. [1,8,9,10]


10.3 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны

СӨЖ сипаттамасы

Жоғарғы кәсіби, орта кәсіби білім негізінде, сырттай оқу түрінде оқитын 5В050900 «Қаржы» мамандығы




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерге дайындау




Сабаққа қатысу

23,4

2

Үй жұмыстарын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу,

сұрастыру



23,4




Аудиторлық сабақтарға кірмеген материалды талқылау

Конспект

Конспектті тексеру

35,10

5

Бақылау шараларға дайындау




АБ1, АБ2, тестілеу

35,10

Барлығы

117

Бақылау шараларының тақырыптық жоспармен және күнтізбелік кестесімен сєйкес пәнді игеру барысында Сіздер келесі дәрісханадан тыс жұмысты орындауға тиіссіздер:



  • әрбір тәжірибелік жұмысқа дайындалу, яғни үй тапсырмаларын орындау;

  • міндетті, бірақ дәрісханалық материалға кірмеген пән тақырыптарын және оған конспектілерді даярлау.

Тәжірибелік жұмысқа арналған тапсырмалар мен пән бойынша қосымша материалды талқылау, орындау талаптары және оларды дайындаудың әдістемелік нұсқаулары алдыңғы сабақта беріледі.

СӨЖ орындау мерзімі сабақ кестесімен сәйкес өзгереді.


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
Тақырып 1 Жоғарғы білім жүйесі және жоғары мектебінің нормативтік базасы

ҚР-ның шет елдермен салыстырмалы мінездемесі. Білім деңгейінің иерархиясын құрастыру. ҚР-ның «Білім туралы» заңы.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [1,3]


Тақырып 2 Жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

Студенттің оқу жұмысының негізгі түрлері. Кредиттік техналогияның артылықшылықтары мен кемшіліктері.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [8,9,11]


Тақырып 3 Қаржы бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

Қаржы бакалаврдың саласы, обьектісі, пәні және кәсіби қызметінің түрлері. Білім деңгейіне талаптары. Қаржы бакалаврдің міндеттері мен мақсаттары.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [3,8,9]


Тақырып 4 Кәсіпті реттеу: болашағы, қазіргі жағдайы

Қаржы ісінің дамуы тарихы. Қаржы қызметінің түрлері және оның дамуы. Қазақстан Республикасының қаржы саласының қазіргі жағдайы.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [1,3]


Тақырып 5 Студенттердің негізгі ғылыми жұмыстарының түрлері

Аңдатпаның, рецензияның, рефераттың, эссенің, баяндамалардың мазмұнымен, құрылымымен танысу. Курстық және бақылау жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар. Дипломдық жобаға дайындық жасау.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [2,6]


Тақырып 6 Ғылыми зерттеудің ұғымдық аппараты және құралдары

Ғылыми-ұғымдық аппараттың мемлекеттік стандарттары. Зерттеудің өзектілігін, жаңалылығын, тәжірибелік маңыздылығын анықтау. Зерттеудің мақсатын, мәселесін қою. Ұсынылған зерттеудің объектісінің, пәнінің, гипотезінің, міндеттердің әдістемесін анықтау.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [1,8,10]


Тақырып 7 Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі: ақпаратты іздеу, әдебиетке шолу

Ғылыми жетекшіні және тақырыпты таңдау. Жұмыстың жоспары және оның түрлері: проспект, тезис. Алдын-ала іріктелген және таңдалған тақырып бойынша әдебиетпен танысу, интернет мүмкіндігін қолдану. Зерттеудің ақпараттық базаны және әдістемесін анықтау.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [3,6]


Тақырып 8 Ғылыми ақпараттық жүйелеудің ұстанымдары формации

Жинақталған зерттеу материалдарын жүйелеу. Жинақталған материалдарды зерттеу мақсатына, міндетіне сәйкес талдау.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [3,6]


Тақырып 9 Реферат дайындаудың және жазудың әдістері

Рефераттарға талап қою. Тақырыпты таңдау, жоспарды құру. Баяндаманы дайындау.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [1,8,10]


Тақырып 10 Ғылыми баяндаманы, эссені дайындау әдістері

Баяндамалардың, эсселердің негізгі түрлері. Ауызша түріндегі баяндамаларға талаптар. Алдын-ала жоспарлау. Жазбаша түріндегі баяндамалар және олардың ерекшеліктері. Баяндаманы дайындау және оған тезис құрастыру.

Бақылау түрі ‑ жазбаша, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [1,8,10]


Тақырып 11 Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістері

Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Мақаланы жазу мақсаттары мен мідеттері. Мақаланың негізгі мазмұны.

Бақылау түрі – мақалаға қаржылық журналдан аңдатпаны жазу, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет [1,8,10]


Тақырып 12 Зерттеу жұмысының нәтижесін ұсынудағы қорытынды нысаны: презентациялар, пікір-талас (дискуссия)

Презентацияларды дайындау және рәсімдеу, пікір-таласты (дискуссияны) жүргізуге дайындық жасау.

Бақылау түрі – презентацияны ұсыну және қорғау.

Ұсынылған әдебиет [1,8,9,10]



СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Қаржы» пәні бойынша экономикалық мамандықтарының жоғарғы кәсіби білім негізінде, сырттай оқу нысанындағы студенттерге арналған

бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы тапсыру мерзімі

Бақылау түрі

1 сабақта

барлығы

1 рейтинг

Дәріске қатысу және дайындалу

10

40

1 сабақта

қатысу

Дәріс курсына кірмеген, бірақ оқып білуге міндетті қосымша материалды даярлау

5

60

ОСӨЖ кестесіне сәйкес

қатысу

Барлығы




100







1-ші межелік бақылау

-

100

оку кестесі бойынша

тестілеу

2 рейтинг

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

10

40

1 сабақта

қатысу

Дәріс курсына кірмеген, бірақ оқып білуге міндетті қосымша материалды даярлау




60

ОСӨЖ кестесіне сәйкес

қатысу

Барлығы




100







2-ші межелік бақылау

-

100

оку кестесі бойынша

тестілеу



Кафедра меңгерушісі Кафтункина Н.С.

20__ ж. «____» ___________ № ___ Хаттама

11 Курстың саясаты

Сабақ кестесіне байланысты СӨЖ орындау мерзімі өзгеруі мүмкін.

Егер сіздер сабаққа кешікпей қатысатын болсаңыздар, барлық сабаққа белсенді дайындалсаңыздар, барлық тапсырмаларды мерзімінде, сапалы түрде орындасаңыздар, сонда ғана ең жоғарғы ұпайға ие боласыздыр.

Бақылау шараларының кестесін немесе сабақ ережесін бұзсаңыздар, сондай-ақ сабаққа кешігіп келсеңіздер жаза беріледі, яғни ұпай саныңыз төмендейтін болады.

Оқу үрдісінде сабаққа қатысуларыңыз керек. Сабаққа белсенді, дайын болуларыңыз шарт, топпен бірге берілген жұмысты талдай білулеріңіз керек.

Сіздердің тәжірибелік сабақтарыңыз сауалнама түрінде өтеді, топтық жұмысқа қатысуларыңыз шарт. Егер сіздер сабаққа дайындалмасаңыздар, онда тек қана сіздердің қатысуларыңыз ғана бағаланады.

Сабақты босатқанда және сабаққа дайындалмағанда ұпай 0-ге тең болады.

Егер сіздер сабаққа келмесеңіздер немесе себепті жағдай бойынша бақылау шараларына қатыса алмасаңыздар сіздерге жеке жұмыс жасау мүмкіндігі беріледі және белгіленген уақытта қосымша сабақ өткізіледі.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша тестілік тапсырмаларды қамтиды. Ол 100 ұпаймен бағаланады. Ол келесі формула бойынша анықталады:
Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 +МБ1(2)*0,3
мұндағы Р1(2) – бірінші және екінші рейтинг ұпайлары;

АУ 1(2) – бірінші және екінші семестр бойынша ағымдық үлгерімділік;

АБ 1(2) – бірінші және екінші ағымдық бақылау шаралары.
Сонда рейтинг келесідей анықталады:
ЖР = (Р1 + Р2) / 2

Курстың соңында сіздің дайындығыңыз емтиханды тапсыру кезінде бағаланады. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Емтиханнан алатын ең жоғарғы ұпай саны 100, ал ең төменгі, минималды ұпай саны 50. Егер сіздер емтиханда қанағатсыз баға алсаңыздар (50 ұпайдан төмен), онда рейтинг қорытындысы бойынша мәлімет тізіміне «қанағатсыз» деген баға қойылады.

Пән бойынша қортынды баға келесі формула арқылы анықталады
Қ = ЖР *0,6 + ЕҚ*0,4
мұндағы Е – емтихан қорытындысы, максималды 100 ұпаймен бағаланады;

0,6; 0,4 – Университеттің Оқу кеңесімен бекітілген үлес салмақтары.

Пән бойынша қортынды рейтинг (Р) кестеге сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға аударылып, пән бойынша аттестациялау тізіміне кіргізіледі және сынақ кітапшасына қортынды баға дәстүрлі түрде қойылады.

Емтиханда немесе сынақта ұпай 50-ден төмен болса, «қанағатсыз» немесе «сынақталмаған» болып табылды.



12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. «Кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ Министрінің 2007 ж. 22 қарашадағы № 556 бұйрығы.

  2. «Республикадағы Жоғары оқу орындарындағы кредиттік технология бойынша оқыту оқу үрдісін ұйымдастыру» ҚР БҒМ Министрінің 2008 ж. 14 наурыздағы № И-01 нұсқаулық хаты.

  3. Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесінің / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А.Мырзалиев, С.М.Омирбаев; Жалпы ред. Ж.А. Кулекеев, Г.Н.Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 198 б.

  4. 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Білім туралы Заңы.


Қосымша:

  1. Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008.

  2. КазНУ хабаршысы. Экономикалық журнал. – Алматы, 2010





жүктеу 255,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау