Пән: «Еңбек гигиенасы» Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау Мамандық: 51102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Курс: шымкент-2013



жүктеу 0,55 Mb.
бет1/6
Дата14.11.2018
өлшемі0,55 Mb.
#20012
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

Пән: «Еңбек гигиенасы»


Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 5

ШЫМКЕНТ-2013

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде бекітілді


Хаттама № «____»________2013ж


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент_____________ Долтаева Б.З



1-семестр

1.1



І. Тақырыбы: Пән, мазмұны, міндеттері, әдістері. Еңбек туралы заң. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау. Қазақстан Республикасының 18 18 қыркүйек 2009 ж №193-IV «Денсаулықты қорғау жүйесі және тұрғындардың денсаулығы туралы» кодексі. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің функңиясы және құрлысы. Заңдар еңбек гигиенасы саласында қоғамдык денсаулықты қорғау бакалаврының негізгі іс-әрекеті ретінде.
ІІ. Мақсаты:

- студенттерді еңбек гигиенасының негізгі мақсаттары мен қолданылатын әдістерімен таныстыру;



  • ҚР-ның «Денсаулықты қорғау жүйесі және тұрғындардың денсаулығы туралы» Кодексімен таныстыру;

  • ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өндірістік бөлімінің құрылымы мен қызметімен таныстыру.


ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- еңбек гигиенасының негізгі мақсатын;



  • еңбек гигиенасында қолданылатын әдістерді;

  • денсаулық Кодексінің негізгі ережелерін;

  • еңбек гигиенасы бөлімі маманы жұмысының ұйымдастырылуы мен оның мазмұнын.

істей алуы тиіс:

- дағдыларды жүзеге асыруды;

  • мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етүді;

  • басқарулық шешімдердің іске асырылуын;

  • заңды және нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуді.


ІV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Еңбек гигиенасы – ғылым мен тәжірибелік іс-әрекет аясы.

2. Еңбек гигиенасының негізгі мақсаттары.

3. ҚР-ның еңбек Кодексі.

4. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың қызметі мен мазмұны.

5. Өндірістік бөлім маманының құқығы мен міндеті.

6. Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі әдістер.

7. Денсаулық Кодексінің негізгі ережелері.


V. Білім берудің және оқытудың әдістері: теориялық сұрақтарды талқылау,

заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау.



VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 02009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІІ. Бақылау-сұрақтар:

  1. Еңбек гигиенасы пәні нені зерттейді?

  2. Еңбек гигиенасының негеізгі міндеттері қандай?

  3. Еңбек гигиенасы бөлімі дәрігерінің негізгі қызметі мен құқығы қандай?

  4. Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмысының түрлері мен әдістерін атаңыз.

  5. Гигиена және еңбекті қорғау туралы қандай негізгі заңды құжаттарды білесіз?

  6. Еңбек гигиенасында қандай әдістер қолданылады?

  7. Денсаулық Кодексінің негізгі ережелері қандай?

1.2



І. Тақырыбы: Еңбек гигиенасы саласындағы ағымды және ескертпелі санитарлык қадағалау.
ІІ. Мақсаты:

- ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі кезеңдерімен танстыру;

- ағымды санитарлық қадағалауды жүргізу тәртібімен таныстыру.


ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі кезеңдерін;

  • санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өндірістік бөлімінің нысандарын;

  • өндірістік бөліммен жүргізілетін жоспарлы және жоспардан тыс шараларын;

  • ағымдағы санитарлық қадағалауды жүргізу тәртібін.

істей алуы тиіс:

  • жоспарлы және жоспардан тыс жүргізілетін шаралардың жоспарын құруды;

  • ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізуді;

  • жұмыс істеп тұрған нысандарға санитарлық зерттеу жүргізуді;

  • анықталған кемшіліктерді түзету үшін негізделген ұсыныстарын беруді.


ІV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ескертпелі санитарлық қадағалау аясындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құқығы мен міндеттері.

2. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі кезеңдері.

3. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері.

4. Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу барысында толтырылатын заңды құжаттар.

5. Ағымды санитарлық қадағалаудың негізгі мақсаттары.

6. Жоспарлы және жоспардан тыс жүргізілетін ағымды санитарлық қадағалау.

7. Өндірістік мекемелерді санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістемесі.


V. Білім берудің және оқытудың әдістері: теориялық сұрақтарды талқылау,

заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау.



VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 2009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева К.К. - Алматы, 2010, 36 б.



VІІ. Бақылау- сұрақтары:

  1. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері қандай?

  2. Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізуде басшылыққа қандай нормативтік құжаттарды алады?

  3. Ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі кезеңдері қандай?

  4. Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу тәртібі қандай?

  5. Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізуде өндірістік дәрігер жұмысының негізгі мақсаттары қандай?

  6. Жоспарлы және жоспардан тыс жүргізілетін ағымды санитарлық қадағалау қалай жүргізіледі?

  7. Нысанды санитарлық тексеруді рәсімдеу тәртібі қандай?

1.3



І. Тақырыбы: Еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттары. Құжаттардың түрлері, оларды жүргізу тәртібі. Еңбек жағдайы бойынша, кәсіптік аурулар және олардың материалдық зардабы туралы мемлекеттік статистикалық есепті ұйымдастыру.
ІІ. Мақсаты:

- студенттерді құжаттарды рәсімдеу ережесімен таныстыру.

- құжаттарды, санитарлық- эпидемиологиялық қорытындыны, нысанды санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актілерін толтыру ережелерімен студенттерді таныстыру.
ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттарын;



  • құжаттарды толтыру ережесін;

  • еңбек жағдайына байланысты мемлекеттік статистикалық есепті ұйымдастыру барысын.

істей алуы тиіс:

  • құжаттарды дұрыс толтыруды;

  • еңбек жағдайына байланысты статистикалық есепті жүргізуді;

  • аурушаңдықты төмендетудің экономикалық тиімділігін анықтауды;

  • аурудың алдын алудың пайдалы экономикалық нәтижесін есептеуді.


ІV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Еңбек гигиенасы бөлімінің негізгі құжаттарын атаңыз.

2. Құжаттарды толтырудың негізгі ережелері.

3. Еңбек жағдайына байланысты статистикалық есеп беру.

4. Кәсіби аурушаңдықты талдау.

5. Аурудың алдын алудың пайдалы экономикалық нәтижесін есептеу.

6. Аурушаңдықты төмендетудің жалпы экономикалық тиімділігін есептеу.
V. Білім берудің және оқытудың әдістері: теориялық сұрақтарды талқылау,

заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау.



VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 2009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІІ. Бақылау-сұрақтар:


  1. Еңбек гигиенасы бөлімінің негізгі құжаттары қандай?

  2. Құжаттарды толтыру ережелері қандай?

  3. Еңбек жағдайына байланысты қандай статистикалық есеп беру бар?

  4. Кәсіби аурушаңдықты есепке алу қалай жүргізіледі?

  5. Аурудың алдын алудың пайдалы экономикалық нәтижесі қалай есептелінеді?

  6. Аурушаңдықты төмендетудің экономикалық тиімділігі қалай есептелінеді?

1.4



І. Тақырыбы: Еңбек гигиенасы саласындағы санитарлық-гигиеналық зерттеудің әдістер: зертханалық-аспаптық және санитарлық – статистикалық әдістер, сауалнама әдісі.
ІІ. Мақсаты:

-еңбек гигиенасында қолданылатын әр түрлі әдістермен таныстыру.
ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- санитарлық-гигиеналық зерттеу жүргізудің әдістемесін;

- зертханалық-аспапты зерттеу жүргізудің әдістемесін;

- санитарлық-статистикалық зерттеу жүргізудің әдістемесін;

- сауалнама әдісін жүргізудің әдістемесін.



істей алуы тиіс:

- құралдармен жұмыс істеуді;



  • зерттеу нәтижелерінің гигиеналық нормативке сәйкестігін бағалауды;

  • өндіріс ортасының қолайсыз факторларының еңбек жағдайына әсерін бағалауда тиімді және қол жететін әдістерін қолдануды.


ІV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Санитарлық-гигиеналық зерттеу жүргізудің әдістемесі.

2. Зертханалық-аспапты зерттеу жүргізудің әдістемесі.

3. Санитарлық-статистикалық зерттеу жүргізудің әдістемесі.

4. Сауалнама әдісін жүргізудің әдістемесі.
V. Білім берудің және оқытудың әдістері: теориялық сұрақтарды талқылау,

заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау.



VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 2009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева К.К. - Алматы, 2010, 36 б.


VІІ. Бақылау-сұрақтар:

1. Санитарлық-гигиеналық зерттеудің қандай әдістерін білесіз?

2. Зерттеудің қандай зертханалық-аспапты әдістерін білесіз?

3. Өндіріс ортасын бағалау үшін қолданылатын қандай аспаптарды білесіз?

Олардың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін түсіндіріңіз.

4. Зерттеудің қандай санитарлық-статистикалық әдістерін білесіз?

5. Сауалнама әдісін жүргізу ережесі қандай?

1.5



І. Тақырыбы: Жарықтандыру, ауаның қозғалысы, жылуды өлшеу құралының құрылысы және жұмыс істеу қағидалары. Желдетуді бағалау, жұмыс орындарындағы химиялық заттарды, шаңдарды, ауа сынамаларын алу нүктелерін талдау ережесі.
ІІ. Мақсаты:

- өндірістік бөлмелердің микроклиматын кешенді бағалауды жүргізумен таныстыру;

- жоғарғы аурушаңдықтың себебін анықтау;

- өндірістік өнеркәсіпте кәсіптік қауіптілікті бағалау;

ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- өндірістік бөлмелердің микроклиматын кешенді бағалауды жүргізу тәртібін;

- температураны, ылғалдылықты, ауа қозғалысын, жарықтануды өлшеуге арналған құралдардың құрылымы мен жұмыс істеу тәртібін;



  • өндірістік микроклиматты бағалау үшін жүргізілетін зерттеу тәртібін;

  • ауадан сынама алу әдісін;

  • ауа сынамасын талдау әдісін;

  • желдетуді бағалау әдісін.

істей алуы тиіс:

- өндірістік бөлмелердің микроклиматын кешенді бағалауды жүргізуді;

- температураны, ылғалдылықты, ауа қозғалысын, жарықтануды өлшеуді;



  • жұмыс орнындағы химиялық заттарды, шаңды, ауаны зерттеу үшін сынамалар алатын нүктелерді дұрыс таңдауды;

  • зерттеу нәтижелерінің гигиеналық нормативке сәйкестігін бағалауды.


ІV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Микроклиматтың негізгі көрсеткіштері.

2. Температураны өлшеуге арналған құралдың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі.

3. Ауаның ылғалдылығын өлшеуге арналған құралдың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі.

4. Ауаның қозғалысын өлшеуге арналған құралдың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі.

5. Жарықты өлшеуге арналған құралдың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі.

6. Өндірістік микроклиматты бағалау үшін жүргізілетін зерттеу тәртібі.

7. Зерттеу нәтижелерінің гигиеналық нормативке сәйкестігін бағалау.

8. Ауадан сынамаларды алу және талдау әдістері.

9. Желдетудің тиімділігін санитарлық-гигиеналық бағалау.


Ү. Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық сабақ, кіші топпен жұмыс.
VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 2009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.



VІІ. Бақылау-сұрақтар:

1. Өндірістік микроклиматтың қандай параметрлері бар?

2. Жұмыс аймағында температураны, ылғалдылықты, ауа қозғалысын өлшеу қалай жүргізіледі?

3. Өндірістік микроклиматты бағалау үшін жүргізілетін зерттеу тәртібі қандай?

4. Зерттеу нәтижелерінің гигиеналық нормативке сәйкестігін қалай бағаланады?

5. Өндірістік жарықтануды зерттеу әдісі қалай жүргізіледі?

6. Ауадан сынама алу тәртібі қандай?

7. Желдету жүйесінің тиімділігін бағалаудың тура және жанама әдістерін сіз білесіз?

1.6

І. Тақырыбы: Жұмыскерлердің денсаулық жағдайы өндірістік факторлардың әсер етуінің байланысы және еңбек жағдайын бағалаудың негізгі статистикалық әдістері.
ІІ. Мақсаты: еңбек жағдайын бағалаудың статистикалық әдістері мен жұмысшылардың денсаулық жағдайын бақылау мен бағалау әдістерімен таныстыру.
ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- жұмысшылардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторларын;



  • аурушаңдықты зерттеудің негізгі әдістерін;

  • еңбекке уақытша жарамсыздықты талдаудың негізгі көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістерін.

істей алуы тиіс:

- аурушаңдық көрсеткіштерін есептеуді;



  • экстенсивті және интенсивті көрсеткіштерін есептеуді;

  • кәсіби аурушаңдықты талдауды.



ІV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жұмысшылардың денсаулық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер.

2. Кәсіби аурушаңдық - жұмысшылардың денсаулық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

3. Жалпы аурушаңдық және еңбекке уақытша жарамсыздық бойынш аурушаңдық.

4. Еңбекке уақытша жарамсыздық аурушаңдығы деңгейін бағалау.

5. Еңбекке уақытша жарамсыздық аурушаңдығын талдаудың негізгі көрсеткіштері және оларды есептеу әдістері.

6. Экстенсивті және интенсивті көрсеткіштер.
V. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс, пікір-талас
VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 2009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІІ. Бақылау-сұрақтар:

  1. Өндіріс орындары жұмысшыларының денсаулығына әсер ететін қандай факторларды білесіз?

  2. Аурушаңдықты зерттеудің негізгі әдістері қандай?

  3. Аурушаңдықты тіркеу және талдау қалай жүргізіледі?

4. Еңбек жағдайының және еңбек сипатының еңбекке уақытша жарамсыздық деңгейіне қалай әсеретеді?

5. Кәсіби аурушаңдықты талдау үшін мәліметтерді жинау және өңдеу тәртібі қандай?

6. Экстенсивті және интенсивті көрсеткіштерді есептеу әдістемесі қандай?

Кредит №2

2.1.



І. Тақырыбы: Еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторлар

және оларды бағалау. Өндірістік микроклимат: микроклимат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуі және адам ағзасына микроклиматтың әсерін бағалау.
ІІ. Мақсаты:

- еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторларын, адам ағзасына өндірістік микроклиматтың тигізетін әсері мен өндірістік микроклимат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуін тереңдете оқыту және гигеналық баға беру.



- өндірістік микроклимат көрсеткіштеріне байланысты еңбек шартының жіктелуін

ІІІ.Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

  • өндірістік факторлар туралы түсінігін;

  • өндірістік факторлардың жіктелуін;

  • өндірістік физикалық факторлар және олардың гигиеналық маңызын;

  • өндірістік микроклиматтың көрсеткіштерін;

  • өндірістік жағдайда адам денсаулығына микроклиматтың тигізетін әсерін;

  • микроклиматтық жағдайға байланысты кәсіптік ауруларын;

  • өндірістік микроклиматты гигиеналық қалыптандыруын;

  • өндірістік бөлменің микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптарын;

  • микроклимат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуін;

  • өндірістік микроклиматты бағалау үшін жүргізілетін зерттеудің тәртібін;

  • өндірістік ортаның микроклиматы көрсеткіштерін өлшеу әдістерін.

істей алуы тиіс:

  • өндірістік физикалық факторларды дұрыс жіктеуді;

  • өндірістік микроклимат түрлерін ажыратуды;

  • әр-түрлі микроклиматтық жағдайларда адамның жылулық жағдайын бағалауды;

  • адам ағзасына өндірістік жағдайларда микроклиматтың тигізетін әсеріне гигиеналық баға беруді;

  • өндірістік микроклиматтың жағдайға байланысты туындаған кәсіптік ауруларды анықтауды;

  • қыздыратын және салқындататын микроклимат жағдайларына байланысты туындаған ауруларды ажыратуды;

  • өндірістік микроклиматтың гигиеналық қалыптандыруын бағалауды;

  • микроклиматтық көрсеткіштер бойынша еңбек жағдайын жіктеуді;

  • қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсерінің алдын алу шараларын ұйымдастыруды;

  • ағзаның қызып кетуінің және суық тиюінің алдын алу алдын алу шараларын жүргізуді;

  • өндірістік бөлмелердің микроклиматтық көрсеткіштерін өлшеуді;

  • өндірістің микроклиматтық жағдайын зертханалық тексерудің қорытындысын бағалауды;

  • өндіріс;

  • адам ағзасының жылулық жағдайын бағалауды.


ІV. Тақырыптық негізгі сұрақтары:

1.Өндірістік метеорологиялық жағдайы (микроклиматтың түрлері – комфорттық, қыздыратын және салқындататын).

2.Адам ағзасының жылу алмасуына микроклиматтың тигізетін әсері.

3.Комфорттық микроклиматтық жағдайдағы адамның жылулық жағдайы.

4.Қыздыратын микроклимат жағдайында адамның жылулық жағдайы.

5.Салқындатын микроклимат жағдайында адамның жылулық жағдайы.

6.Өндірістік микроклиматты гигиеналық қалыптандыру.

7.Конфенциялық жылытатын өндірістік бөлмелердің микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптар.

8.Сәулелік жылыту жүйелерімен жабдықталған өндірістік бөлмелердің микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптар.

9.Жабық жылытылмайтын бөлмелердің және ашық территориялардағы жұмыс орындарының микроклиматын қалыптандыру.

10.Микроклимат көрсеткіші бойынша еңбек жағдайының жіктелуі.

11.Қолайсыз микроклиматтың жағдайдың тигізетін әсерінің алдын алу.

12.Адам ағзасының қызып кетуінің алдын алу.

13.Адам ағзасының тоңазуының алдын алу.


V. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу

1. Кіші топпен жұмыс істеу:

І топ:

1.Қыздыратын микроклимат жағдайларында атқарылатын жұмысқа байланысты туындайтын аурулар (мысалы келтіріңіз).

2.Қыздыратын микроклиматтық жұмыс бөлмелері үшін еңбек жағдайының кластары.

ІІ топ:

1.Қарқынды инфрақызыл сәуленің әсер етуіне байланысты туындайтын кәсіптік аурулар.

2.Жұмыс бөлмелері үшін инфрақызыл сәуле көрсеткіштері бойынша қыздыратын микроклиматтық еңбек жағдайының кластары.

ІІІ топ:

1.Салқындататын микроклимат жағдайларында атқарылатын жұмысқа байланысты туындайтын аурулар.

2. Салқындататын микроклиматтық бөлмеде жұмыс атқару кезінде ауа температурасының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының кластары.

VІ топ:

1Жылынбайтын бөлмедегі ауа температурасының көрсеткіші бойынша жылынуға бекітілген үзілісі бар еңбек жағдайының кластары.

2. Өндірісте жұмыс істейтіндердің ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың тигізетін әсерінің алдын алу шараларын жасау.
2. Жағдайлық есептер:

1 есеп:

Ауылшаруашылығымен машиналарын жөндеу шеберханасында психрометр Ассманың құрғақ термометр бойынша ауа температурасы 180С тең, ылғалды термометр бойынша ауа +120С, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,08м/сек, ауаның салқындату қабілеті 7 кал/см2/сек болды. Жұмысшылар жылы киінбеген, жеңіл жұмыс жасауда.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға микроклиматтың тигізетін әсеріне кешенді баға беріңіз.

2. Микроклиматты бағалаудың әдістерін атаңыз.

3. Метеожағдайды өлшеу үшін қандай аспаптар қолданылады?

4. Жұмысшылардың ағзасына метеожағдайдың қолайсыз әсерінің алдын алу.

2 есеп.

Жұмысшы – сылақшылар құрғақ термометр бойынша ауа температурасы 170С, ауа қозғалысы 0,4 м/сек, ауаның абсолютті ылғалдылығы 16мм сынап бағанасы, радиациялық температурасы 260С болатын бөлмеде жұмыс жасауда.

Сұрақтар:

1. Температура көрсеткіші бойынша жұмысшылардың жылулық жағдайына жоғарыда берілген бөлме микроклиматының тигізетін әсерін кешенді әсері қандай?

2.Ауаның салыстырмалы және абсолюттік ылғалдығын анықтау тәсілдері.

3.Бөлмеде ауа қозғалысы жыдамдығының рұқсат етілетін шамалары қандай?

4.Адам ағзасына метеофакторлардың тигізетін әсерін бағалаудың кешенді әдістерімен салыстырғанда результирлеуші температура тәсілінің артықшылығы неде?

3 есеп.

Өндірістік бөлмеде орташа температура 180С-тең, сыртқы және ішкі қабырғалар қасында температура 3-40С, температураның тігінен өзгерісі 2-30С аралығында, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 63%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,6 м/сек болды.

Сұрақтар:

1.Өндірістік бөлмедегі эффективті температураны анықтаңыздар.

2.Жұмысшылардың жылулық жағдайына баға беріңіз.

3.Жоғарыда берілген өндірістік бөлменің температуралық тәртібін Сіз қалай бағалайсыз?

4.Берілген бөлменің микроклиматын бағалауда қолданылатын аспаптар.

4 есеп.

Тоқыма цехында қыс мезгілінде ауаның температурасы 180С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 68%. Сыртқы қабырғалары ылғалды. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,3 м/сек құрайды.

Сұрақтар:

1.Тоқыма цехтың микроклиматына баға беріңіз.

2.Қабырғаның ылғалдануының себептері қандай?

3.Цехтағы жұмысшы әйелдердің жылу алмасу жағдайына баға беріңіз.

5 есеп.

Наубайхана 10 жұмысшының тері жамылғысының температурасы өлшенді. Өлшеу уақыты маусым айы, ауа температурасы 280С, салыстырмалы ылғалдылығы 35%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/сек, маңдай терісінің орташа температурасы 350С, кеудесінікі 39,50С, алақандікі – 35,60С.



Сұрақтар:

  1. Наубайхананың температуралық тәртібін анықтаңыз.

  2. Тері жамылғысының әртүрлі бөліктерінің орташа температураларының көрсеткіштері бойынша жұмысшылардың жылулық жағдайын бағалаңыз.

  3. Микроклиматты кешенді бағалау әдістерін атаңыз. Ол әдістердің қайсысы абсолютті, қайсысы субъективті?

  4. Микроклиматтың жұмысшылар ағзасына тигізетін әсерін кешенді бағалаңыз.


VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 02009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІІ. Бақылау: тест сұрақтары

  1. Микроклимат – бұл :

а) жекелеген территориядағы немесе жабық бөлмедегі метеожағдай жиынтығы+

в) белгілі бір территориядағы көп жылдық тәртіп

с) атмосфералық ауаның физикалық қасиеті мен химиялық құрамы

д) ауаның және қоршаған беткейлердің температурасы

е) атмосфералық ауадағы әртүрлі газдар қоспасының жиынтығы

2. Қыздыратын микроклимат ... сипатталады.

а) жұмыс орындағы микроклимат көрсеткіштері комфорт аймағының жоғарғы шегінің артыумен+

в) ағзаның жылулық тепе-теңдігі жылу реттеу үрдістерінде өзгерістердің болмауымен

с) ағзаның жылу реттеу үрдістерінің күштенуін тудырмайтын микроклимат көрсеткіштерінің жиынтығымен

д) ағзада дискомфорттық жылу сезінуді тудырмауымен

е) тіндерде алмасу, тотықсыздану үрдістерінің артуына және жылуды өндірудің азаюына алып келуімен

3. Конвекция, радиация, булану, кондукция – бұл :

а) жылу беру жолдары+

в) жылудың түзілу жолдары

с) сәулелену түрлері

д) химиялық реакцияның түрлері

е) зат алмасудың түрлері

4. Өндірісте дене температурасын өлшеу үшін ... қолданылады.

а) электротермометр, инфрақызыл термометр, жылу өлшегіш+

в) метеоскоп, инфрақызыл сәулешашқыш, шу өлшегіш

с) жылу өлшегіш, шартәріздес термограф, термограф

д) электронды термогигрометр, термоанемометр

е) электротермометр, актинометр, радиометр

5. Жылулық тепе –теңдікті бағалау .... әдістерімен жүргізіледі.

а) құралдық және есептеу+

в) математикалық және статистикалық

с) физиологиялық және морфологиялық

д) химиялық және физикалық

е) биологиялық және микробиологиялық

6. Суммарлы конвекциялық және радиациялық жылу беруді анықтау үшін ... қолданылады.

а) жылу өлшегіштер+

в) инфрақызыл термометрлер

с) электрлі термометрлер

д) термографтар

е) катотермометрлер

7. Өкпе мен тері жамылғысы беткейлерінен булану арқылы жылу жоғалту қатынасы ауаның ... болады.

а) температурасына+

в) ылғалдылығына

с) қысымына

д) жылдамдығына

е) иондалуына

8. 10ºС температурада өкпе мен тері жамылғысы беткейлерінен булану арқылы жылу жоғалтудың қатынасы ... құрайды.

а) 1:2+

в) 1:3


с) 1:4

д) 1:5


е) 1:6

9. Өндірістік кездерден жылу сәулесінің бөліну қарқындылығын өлшеу үшін ... қолданылады.

а) актинометрлер және радиометрлер

в) электрометрлер мен инфрақызыл термометрлер

с) жылу өлшегіштер мен метеоскоптар

д) шартәрізді термометрлер және аспирациялық психрометрлер

е) электронды термогигирометрлер

10. Ағзаның инфрақызыл сәулелерден қызып кетуінің алдын алу үшін ... қарастырылады.

а) ауалы себезгі (душ)+

в) ауа ағыны

с) ауа қалқасы (навес)

д) ауа бассейні

е) сулы процедура

11. Демалыс кезінде жұмысшылар болатын, салқын әрі таза ауа берілетін қоршаулармен бөлінген цехтың жеке бөлігін ... деп атайды.

а) ауа оазисі+

в) ауа себезгісі

с) ауа ағыны

д) ауа қалқасы

е) ауа бассейні

12. Кранның пультпен басқару кабиналарының метеожағдайын қалыпқа келтіру үшін ... қолданылады.

а) ауаны кондицирлеу+

в) ауа оазисі

с) ауа себезгісі

д) аэрация

е) тікелей желдету

2.2.



І. Тақырыбы: Өндірістік шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс. Адам ағзасына ультрадыбыстың және инфрадыбыстың әсер етуін гигиенаның бағалау және оларды анықтау әдістері. Жекелеген өнеркәсіптер мысалында шығу себептері. Гигиеналық нормалау және алдын алу шаралары.
ІІ. Мақсаты:

- тереңдете оқыту және бағалау:

- өндірістік шудың, дірілдің, инфрадыбыс және ультрадыбыстардың гигиеналық сипаттамасын;

- шудың, инфрадыбыстың және ультрадыбыстың анықтау әдістерін;

- өндірістік жағдайда адамның ағзасына осы физикалық факторлардың әсер етуін;

- шудың, инфрадыбыс және ультрадыбыстың қолайсыз әсерін гигиеналық нормалауды тереңдеп оқыту және гигиеналық баға беруді.


ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- өндірістік жағдайда шудың, инфрадыбыс және ультрадыбыстардың бөлінетін көздерін;

- ультрадыбыс, инфра, шудың – яғни физикалық факторлардың жіктелуін;

- адам ағзасына инфрадыбыс пен ультрадыбыстың тигізетін биологиялық әсерлерінің ерекшеліктерін;

- өндірістің физикалық факторларын гигиеналық нормалаудың қағидалары;

- өндірісте жұмыс істейтіндердің ағзасына инфрадыбыстың және ультрадыбыстың тигізетін қолайсыз әсерін төмендететін шаралардың түрлерін;

- жұмыс істейтіндердің ағзасына инфрадыбыс және ультрадыбыстың тигізетін әсерін бағалаудың әдістерін;

- жұмыс орындарында инфрадыбысты және ультрадыбысты өлшейтін әдістерін;

- инфрадыбыс пен ультрадыбысты өлшейтін аспаптарын;

- алдын алу шараларын.



істей алуы тиіс:

- өндірістік жағдайларда шудың, инфра – және ультрадыбыстардың бөліну көздерін анықтауды;

- өндірістегі шу, инфрадыбысты және ультрадыбысты дұрыс жіктей алуды;

- адам ағзасына инфра – және ультра дыбыстардың тигізетін әсеріне гигиеналық баға беруді;

- инфрадыбыстың және ультрадыбыстың әсерінен туындаған кәсіптік ауруларды анықтауды;

- адам ағзасына инфрадыбыс пен ультрадыбыстың қолайсыз әсрін төмендететін алдын алу шараларын жүргізе алуды;

- инфрадыбыс пен ультрадыбыстың деңгейін өлшейтін аспаптармен жұмыс істеуді;

- жұмыс орындарында инфрадыбыс пен ультрадыбыстың әсер етуін зерттеуді;

- тәжірибе жүзінде заңды нормативті актілерді пайдалануды;

- зертханалық тексерудің қорытындысын бағалауды;

- зертхана қорытындысы нәтижесінде талдау ақпаратын құрастыра алуды.
IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Өндірістік шудың гигиеналық сипаттамасы. Шудың жіктелуі.

  2. Өндірістік шудың көздері және оларды гигиеналық бағалау.

  3. Инфрадыбыс, оның гигиеналық сипаттамасы.

  4. Өндірісте жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың көздері.

  5. Адам ағзасына инфрадыбыстың тигізетін қолайсыз әсерінің медициналық – биологиялық көрсеткіштері.

  6. Өндірістік жағдайда инфрадыбысты нормалау.

  7. Өндірісте ультрадыбыстың шығу көздерін гигиеналық бағалау.

  8. Жұмысшылар ағзасына ультрадыбыстың тигізетін әсері.

  9. Адам ағзасына ультрадыбыстың әсер етуінің негізгі типтері.

  10. Адам ағзасында ультрадыбыстың тудыратын эффектісі.

  11. Ультрадыбысты гигиеналық нормалау.

  12. Инфрадыбысты және ультрадыбыстың тигізетін әсерінің алдын алу шаралары.


V. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс және тестілеу

Тапсырмалар:

1 топ:

  1. Жұмыс орындарында ультрадыбысты өлшеу қалай жүргізіледі?

  2. Ультрадыбысты гигиеналық нормалары қандай?

2 топ:

  1. Инфрадыбыстың гигиеналық нормалары қандай?

  2. Өндірісте инфрадыбысты өлшеу қалай жүргізіледі?

3 топ:

  1. Көліктердегі және технологиялық жабдықтардағышу сипаты инфратөмен жиіліктегі диапозондары бойынша жұмыс орындарының жіктелуі қандай?

  2. Инфрадыбыс әсерінің субъективті және объективті белгілері, оның градациялары қандай?

4 топ:

  1. Ауалық және жанасатын ультрадыбысты гигиеналық нормалауын қалай жүргізу тиіс?


VІ. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 02009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІІ. Бақылау: тест тапсырмалары

Тест сұрақтары:

1. Ультрадыбыс толқындарының таралу тәсіліне қарай ... ультрадыбысты бөледі.

а) жанасанатын және ауалық+

в) бірінші реттік және екінші реттік

с) қолды және стационарлық

д) сулы және конвенциялық

е) жалпы және жергілікті

2. Ультрадыбыс тербелісінің шығу көзінің типі бойынша ... көздерін бөледі.

а) стационарлық+

в) автоматтандырылған

с) жылжымалы

д) ауалық

е) жанасатын

3. Ультрадыбыс тербелісінің спектралды сипаттамасына қарай ультрадыбыс ... болып бөлінеді.

а) жиілігі төмен, орташа жиіліктегі, жоғары жиіліктегі+

в) өте жоғары жиіліктегі, жоғары жиіліктегі, орташа жиіліктегі

с) микротолқынды, ультрақысқа толқынды, ультрамикротолқынды

д) орташа жиіліктегі, жоғары жиіліктегі, ультрамикротолқынды

е) инфрадыбыс, ультрамикродыбысты, микродыбыс

4. 16-дан 63 кГц ультрадыбыс толқындары ... деп аталады.

а) төменгі жиіліктегі+

в) орташа жиіліктегі

с) жоғары жиіліктегі

д) өте жоғары жиіліктегі

е) ультрамикро жиіліктегі

5. Ультрадыбыстық тербелістердің сәулелену тәсіліне қарай ... шығатын ультрадыбыстың көздерін ажыратады.

а) магнитострикциондық және пъезоэлектрлік генатордан

в) импульсивті және ауалық генератордан

с) тұрақты және тұрақсыз күшейткіштен

д) ауыспалы және қолды электрлі құралдардан

е) стационарлық және жылжымалы генератордан

6. Ультрадыбыстық тербелістердің генерирлену тәртібіне қара ... ультрадыбысты бөледі.

а) тұрақты және импульсті+

в) үзілмелі және тұрақты

с) жанасатын және ауалық

д) қолды және стационарлық

е) стационарлық және жылжымалы

7. Ауалық ультрадыбыстың нормаланатын көрсеткіштері ... болып табылады.

а) үштен бір октавалық жолақта дБ-мен берілген дыбыс қысымының деңгейі+

в) үштен екі октавалық жолақта дБ-мен берілген дыбыс толқынының деңгейі

с) үштен бір октавалық жолақта Гц-нен берілген дыбыс қысымының кернеулігі

д) бір октавалық жолақта В/м2 берілген дыбыс тербелісінің деңгейі

е) диапазоны 10кГц – 500 мГц аралығындағы акустикалық тербелістер

8. Ультрадыбыс – бұл:

а) диапазоны 20 кГц – 1000МГц аралығындағы акустикалық тербелістердің аясы+

в) диапазоны 16 – 20000 Гц аралығындағы механикалық тербелістердің аясы

с) диапазоны 20 Гц жиіліктен төмен механикалық тербелістер

д) қарқындылығы мен жиілігі әртүрлі, уақыт бойынша ретсіз өзгеретін дыбыстардың жиынтығы

е) құралдың күрделі механикалық тербелмелі қозғалыстары

9. Инфрадыбыс – бұл :

а) диапазоны 20 Гц жиіліктен төмен механикалық тербелістер+

в) диапазоны 16-20000 Гц аралығындағы механикалық тербелістердің аясы

с) диапазоны 20 кГц – 1000 мГц аралығындағы акустикалық тербелістердің аясы

д) қарқындылығы мен жиілігі әртүрлі, уақыт бойынша ретсіз өзгеретін дыбыстардың жиынтығы

е) құралдың күрделі механикалық тербелмелі қозғалыстары

10. Инфрадыбыстар спектрдің сипатына қарай ... болады.

а) кең жолақты, тоналды+

в) кең жолақты, импульсті

с) тұрақты, импульсивті

д) тұрақты, тұрақсыз

е) ауалық, жанасатын

11. Инфрадыбыс уақыттық сипатына қарай ... деп бөлінеді.

а) тұрақты және тұрақсыз+

в) үзілмелі және тұрақты

с) кең жолақты және тоналды

д) ауысымды және орташа тәуліктік

е) сағаттық және минуттық

12. Инфрадыбысты өлшеу ... қолдану арқылы жүргізіледі.

а) шу өлшегішті

в) виброметрді

с) радиометрді

д) термометрді

е) актинометрді

13. Цехтарда инфрадыбысты өлшейтін нүктелерді бір-бірінен ... қашықтықта таңдайды.

а) 20м артық болмайтын+

в) 20м кем болмайтын

с) 10м артық болмайтын

д) 5м кем болмайтын

е) 15м кем болмайтын

14. Ультрадыбыс тудыратын эффектілер, шартты түрде ... деп бөлінеді.

а) механикалық, физикалық – химиялық, термиялық, кавитациондық+

в) физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық

с) физиологиялық, микробиологиялық, морфологиялық

д) техникалық, технологиялық, энергетикалық, инженерлік

е) тұрақты, тоналды, импульсті, жанасатын

15. Медициналық ультрадыбыс көздерімен жұмыс істейтіндер ... болатын ультрадыбыстың әсеріне ұшырайды.

а) тербеліс жиілігі 20 Гц – 20,0 МГц және қарқындылығы 50-160дБ+

в) тербеліс жиілігі 10Гц – 10,0 МГц және қарқындылығы 40 – 150 дБ

с) тербеліс жиілігі 30 Гц – 30,0 МГц және қарқындылығы 60-170 дБ

д) тербеліс жиілігі 40 Гц – 40,0 МГц және қарқындылығы 70 – 190 дБ

е) тербеліс жиілігі 50 Гц – 50,0 МГц және қарқындылығы 80 – 200 дБ

2.3.

І. Тақырыбы: Шудың есту мүшесіне, жүйке жүйесінің функционалдық жағдайына, жүрек – қан тамырлар және ағзаның басқа жүйелеріне әсері. Шу патологиясы. Гигиеналық нормалау және алдын – алу шаралары.
ІІ. Мақсаты:

- шудың адам ағзасына тигізетін әсерін гигиеналық бағалау;

- шу патологиясының даму себептерін оқып үйрену;

- шу деңгейін гигиеналық нормалау және жұмысшылар арасында естудің төмендеуінің алдын алу шараларын негіздеу;


ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- шу көздері, оның жіктелуін;

- жұмысшылар ағзасына шудың арнайы және арнайы емес әсерін;

- ағзаның жүйке, жүрек – қантамыр және басқа жүйелер жағдайындағы функционалдық өзгерістерін;

- шу патологиясының даму себептерін;

- өндірістік шуды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктерін;

- кәсіптік кереңдіктің алдын – алу шараларын;

- жұмыс орындарында шуды өлшеу әдістерін.



істей алуы тиіс:

- өндірісте шу көздерін жіктеуді;

- өндірістік шудың гигиеналық сипаттамасын беруді;

- жұмысшылар ағзасына шудың тигізетін әсерін бағалауды;

- ағзаға импульсті шудың әсерін бағалауды;

- ОЖЖ, жүрек – қантамыр және басқа да ағза жүйелеріндегі функционалдық өзгерістерді сипаттауды;

- шу патологиясының даму себептерін анықтауды;

- жұмыс орындарында шулы жағдайды талдауды;

- кәсіптік кереңдіктің деңгейін төмендету бойынша шараларды іске асыруды;

- жұмыс орындарында аспаптармен зертханалық тексеру жүргізе алуды;

- алынған зертханалық тексерулерді нормативтермен салыстырмалы талдауды өзбетінше жүргізе алуды;

- шу өлшегіш – интегрирленген - виброметр ИШ – 01В аспабымен жұмыс істей алуды;

- нормативті актілерді тәжірибеде аясында қолдана алуды.
IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Өндірістік шудың гигиеналық маңызы.

  2. Адам ағзасына шудың әсер етуінің ауралдық эффектісі.

  3. Адам ағзасына шудың экстраауралды әсері.

  4. Ағзаның ОЖЖ, жүрек – қантамыр жүйесінің, асқазан ішек жолының, иммундық жүйенің функционалдық жағдайының бұзылыстары.

  5. Кәсіптік кереңдік, оның даму себептері.

  6. Жұмыс орындарында шуды нормалау.

  7. Шудың адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу.

  8. Шу бойынша нормативтік актілер, олардың гигиеналық маңызы.

  9. Өндірістік шуды өлшеудің әдістемесі.


V. Білім берудің және оқытудың әдістері: пресс- конференция.

Пресс – конференция. Тақырыбы: Қазақстан өнеркәсіптерінде дірілдің әсер ету жағдайындағы кәсіби аурушаңдық жағдайы.

Топ 2 топшаға бөлінеді:

1 –топ – ғалымдар немесе денсаулық сақтау саласының мамандары – лор – дәрігер, терапевт, невропотолог, педиатр, санитарлық дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері, сарапшы.

2 – топ – тілшілер.

Пресс – конференция барысында тілшілер ғалымдарға немесе мамандарға сұрақтар қояды, ал өз кезегінде ғалымдар мен мамандар койылған сұрақтарға жауап береді, дәлелдейді, түсінік береді және с.е.

Студенттердің білімі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

Студенттің белсенділігі.

Қойылған сұрақтардың өзектігі.

Қойылған сұрақтардың күрделілігі.

Берілген жауаптың негізділігі және толықтығы.

Тақырып бойынша қосымша материалдардың қолданылуы.

Ұжымда жұмыс жасай алуы.

Пресс – конференция соңында оқытушы студенттердің білімін балл қойып бағалайды. Оқытушы пассивті қараушы рөлін атқарады.


VI. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 02009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІI. Бақылау-сұрақтар:

  1. Есту мүшелерінің функционалдық жағдайына шудың әсер етуі қандай?

  2. Шудың жүрек қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайына қалай әсер етеді?

  3. Шудың асқазан-ішек жолы мен басқа да жүйелерге және мүшелерге қалай әсер етеді?

  4. Шу патологиясы дегеніміз не, оның даму себептері?

  5. Шу патологиясының алдын алуда қандай шаралар қолданылады?

  6. Өндірістегі шу деңгейін нормалаудың гигиеналық маңызы қандай?

  7. ИШ – 01В аспабының жұмыс істеу тәртібі қандай?

2.4.



І. Тақырыбы: Өндірістік дірілдің сипаттамасы. Негізгі кәсіптік зияндылық көздері және жұмыс түрлері. Діріл әсерінен болатын аурушаңдықтың ерекшелігі. Діріл ауруы. Жұмыс орындарындағы діріл әсерін төмендету жолдары және алдын – алу шаралары. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі діріл әсерінің жағдайынан болатын кәсіптік сырқаттылықтың күші.
ІІ. Мақсаты:

- өндірістік дірілді;тереңдете оқыту және гигиеналық бағалау.

- дірілді тудыратын көздерді және жұмыс түрлерін;

- діріл ауруының этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін;

- кәсіптік діріл ауруының алдын – алу шараларын;

- қазақстан өнеркәсіптеріндегі діріл әсерінің жағдайын талдауды.


ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент

білуі тиіс:

- өндірістік дірілдің гигиеналық сипаттамасын;

- өндірістік дірілдің жіктелуін;

- жергілікті және жалпы дірілдің түрлерін;

- негізгі дірілі қауіпті мамандықтардың еңбек жағдайының сипаттамасын;

- жұмысшылар ағзасына жалпы және жергілікті дірілді әсерін;

- нормаланатын көрсеткіштерін деңгейін анықтайтын дірілдің әсер ету критерийін;

- өндірістік дірілді гигиеналық бағалау әдістерін;

- өндірістік дірілдің алдын алу шараларын;

- діріл ауруын этиологиясын, патогенезін, клиникасын және алдын алуын;

- дірілді гигиеналық нормалауын;

- Қазақстан өндірісін кәсіпорындарында жұмысшылар арасында діріл ауруының таралу жағдайын.



істей алуы тиіс:

- өндірістік дірілге гигиеналық баға беруді;

- өндірістік дірілді дұрыс жіктей алуды;

- жұмысшылар денсаулығына жалпы және жергілікті дірілдің әсер етуін бағалауды;

- дірілдің әсер етуінен туындаған аурудың ерекшелігін ажырата алуды.

- нормаланатын көрсеткіштер деңгейін анықтайтын дірілдің әсерінің критерийін бағалауды;

- дірілді өлшейтін аспаптармен жұмыс істей алуды;

- өндірістік діріл бойынша нормативтік құжаттарды қолдана алуды;

- зертханалық тексерудің қорытындысын талдауды:

- жұмысшылар ағзасына дірілдің кері әсерінің төмендету бойынша алдын – алу шараларын құрастыруды;

- Қазақстан өнеркәсіптерінде дірілдің әсер ету жағдайында туындайтын кәсіптік аурулардың күйін талдауды.
IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- өндірістік діріл, оның гигиеналық сипаттамасы.

- өндірістік дірілдің жітелуі.

- жергілікті діріл, оның жіктелуі.

- дірілді бөлетін жұмыстың негізгі көздері мен түрлері.

- негізгі діріл қауіпті мамандықтардағы еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы.

- дірілдің әсер етуінің физиологиялық механизмдері. Діріл ауруы.

- жергілікті діріл әсерінің доза – эффективті тәуелділігі.

- жергілік діріл әсер етуінің алдын – алу.

- жалпы дірілдің жіктелуі.

- жалпы дірілдің биологиялық әсері.

- діріл бұзылыстарының қалыптасу кезеңдері.

- жалпы дірілдің кері әсерінің алдын – алу.

- дірілді гигиеналық нормалау.


V. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс, тестілеу

Тапсырмалар:



І топ:

1. Дірілді бағалау әдістері.

2. Жергілікті дірілді гигиеналық нормалау.
ІІ топ:

1. Дірілді өлшеу әдістемесі.

2. Дірілдің адам ағзасын әсер етуін зерттеу.
ІІІ топ:

1. Өндірістік діріл көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуі.


VI. Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Гигиена. /Кенесариев Ү.И., Тоғызбаева К.К. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010ж. – 652 б.

2. Жалпы гигиена. Торғаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Оқулық. Шымкент. 02009ж. -426 б.

3. Жалпы гигиена. Бектұрғанов Р.С.. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена пәніне тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. Шымкент. 2010ж. -399 б.

4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.

қосымша:

1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку әдістемелік құрал. -Қараганды.КММА баспаханасы. - 2007. - 80 б.

2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылкасын Ж. Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинагы. Оку әдістемелік құрал -Қарағанды.КММА баспаханасы. - 2007. - 44 б.

3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 85 б.

4. Желдетуді ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал/ Е.Н.Сраубаев., С.Р.Жакенова., Н.У.Шинтаева. Караганды. КММА баспа­ханасы.- 2010. - 66 б.

5. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал /Тогыз­баева КК- -Алматы, 2010, 28 б.

6. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал /Тогызбаева КК--Алматы, 2010, 60 б.

7. Казакстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оку әдістемелік құрал/Тогызбаева КК- - Алматы, 2010, 36 б.


VІI. Бақылау: тест тапсырмалары

1. Жалпы дірілді гигиеналық бағалау ... дейінгі диапозон жиілігімен сипатталады.

а) 2-ден 63Гц-ке+

в) 3-тен 63Гц-ке

с) 1-ден 61Гц-ке

д) 4-тен 62Гц-ке

е) 5-тен 60Гц-ке

2. Жалпы діріл жиілік спектріне қарай ... бөлінеді.

а) төмен жиілікті, орташа жиілікті, жоғары жиілікті+

в) ультражиілікті, икрожиілікті, микротолқынды

с) өте жоғары жиілікті, жоғары жиілікті, төмен жиілікті

д) орташа толқынды, қысқа толқынды, ультрақысқа толқынды

е) ұзын толқынды, орташа толқынды, микротолқынды

3. 1-ден 4 Гц-ке дейінгі тербеліс жиілігі ... жатады.

а) қысқа жиіліктегі дірілге+

в) орташа жиіліктегі дірілге

с) жоғары жиіліктегі шуға

д) қысқа жиіліктегі ЭМӨ-ке

е) орташа жиіліктегі ЭМӨ-ке

4. 8-ден 16 Гц-ке дейінгі тербеліс жиілігі ... жатады.

а) орташа жиіліктегі дірілге+

в) төмен жиіліктегі дірілге

с) жоғары жиіліктегі дірілге

д) төмен жиіліктегі ЭМӨ-ке

е) орташа жиіліктегі ЭМӨ-ке

5. 31,5-тен 63 Гц дейінгі тербеліс жиілігі ... деп аталады.

а) жоғары жиілікті+

в) орташа жиілікті

с) төмен жиілікті

д) өте жоғары жиілікті

е) ультра жиілікті

6. Кең жолақты және синусондалды діріл – бұл дірілдің ... қарай бөлінуі болады.

а) спектірінің сипатына+

в) жиілік диапозонына

с) ағзаға әсер етуіне

д) шығу тегіне

е) шығу көзінен ара қашықтығына

7. Адам ағзасына әсер етуіне қарай діріл ... деп бөлінеді.

а) жалпы және жергілікті+

в) аймақтың және ғаламдық

с) жалпы және жекелеген

д) арнайы және арнайы емес

е) кең жолақты және синусондалды

8. Тұрақты және тұрақсыз деп болу дірілдің ... қарай жүргізіледі.

а) уақыттың сипаттамасына

в) спектр сипатына

с) жиілік диапозонына

д) адам ағзасына әсер етуіне

е) шығу тегіне

9. Тұрақты дірілде виброжылдамдық деңгейі 10 минут ішінде ... көп өзгереді.

а) 5 дБ-ден+

в) 16 дБ-ден

с) 26 В/м-ден

д) 6 м/с-тан

е) 16 Гц-тен

10. Тұрақсыз дірілде виброжылдамдықтың деңгейі 10 минут ішінде ... өзгереді.

а) 5 дБ –дан артық+

в) 6 дБ-ден кем

с) 16 дБ-ден артық

д) 16 дБ-ден кем

е) 26 дБ-ден артық

11. Діріл дегеніміз ...

а) энергиясы басқа денелердің қасындағы бөлшектеріне берілетін серпімді денелердің қажетсіз механикалық тербелісі+

в) энергиясы бір дененің басқа бөлшектеріне берілетін қатты денелердің қажетсіз механикалық тербелісі.

с) серпілді ортаның бөлшектерінің механикалық тербелісі

д) қандайда бір күштің әсерінен бөлшектердің толқын тәрізді тербелісі.

е) серпімді денелердің әртүрлі бөлшектерінің механикалық тербелісінің жиынтығы.

12. Діріл ... факторға жатады.

а) физикалық+

в) химиялық

с) биологиялық

д) экологиялық

е) өндірістік

13. Діріл тербеліс көзінің ... адамға берілуімен білінеді.

а) механикалық энергиясының+

в) кері энергиясының

с) механикалық тербелістің

д) тербелмелі жылдамдықтың

е) ауырсыну сезімінің

14. Дірілдің қарқыны ... өлшенеді.

а) дБ+

в) В/м


с) м/с

д) Гц


е) км/сағ

15. Оператор адамға берілуі бойынша ... дірілдің бөледі.

а) жергілікті және жалпы+

в) спектралды және уақыттың

с) жергілікті және аймақтық

д) тұрақты және тұрақсыз

е) жанасатын және конвекциялық

16. Діріл ... белгілері бойынша жіктеледі.

а) берілу тәсілі, уақыттық және спектралды+

в) бағыты, спектралды және жиілік

с) сипаты, механикалық және физикалық

д) виброжылдамдық, тербелмелі және қозғалмалы

е) таралу, ену және жұтылатын

17. Жергілікті дірілдің көздері ... болып табылады.

а) қол машиналары мен механикаландырылмаған құралдар+

в) ауылшаруашылық пен өндірістік тракторлары

с) өздігінен жүретін және тіркемелі машиналар

д) металл және ағаш өңдейтін станоктар

е) қоғамдық көліктер және жеңіл көліктер

18. Пайда болу көзіне қарай жалпы діріл ... категорияға бөлінеді.

а) 3+

в) 2


с) 4

д) 5


е) 6

19. Жалпы дірілдің 1 категориясына ... діріл жатады.

а) көліктік+

в) көліктік - технологиялық

с) технологиялық

д) өндірістік

е) жергілікті

20. Жалпы дірілдің 2 категориясына ... діріл жатады.

а) технологиялық+

в) көліктік

с) көліктік - технологиялық

д) өндірістік

е) жергілікті


Кредит №3

3.1



І.Тақырыбы: Өндірістік аэрозоль: түсінік және олардың жіктелуі. Өндірістердегі шаңдану мен газдану деңгейін бағалау және гигиеналық қалыптастыру, оларды алдын алу әдістері.
ІІ.Мақсаты:

  • өндірістердегі негізгі шаң бөлуші көздерге және шаңның әсер ету туралы білім беру;

  • денсаулыққа әсер ету қаупін және жұмысшылардың ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу іс-шараларды жасауды оқыту, үйрету.


ІІІ. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- аэрозольдердің жіктелуін, өндірістердегі негізгі шаң бөлуші көздерін;

- өндіріс шаңдарын жіктеу қағидаларын;

- өндіріс шаңдарының топтарын;

- шаңның физикалық- химиялық қасиетінің гигиеналық маңызын;

- шаң факторларын гигиеналық бағалаудың негізгі көрсеткіштерін;

- шаңмен күресу үшін санитарлық эпидемиологиялық қадағалаудың міндеттерін;

- еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттарын;

- өндірістердегі зиянды заттарды, механикалық факторларды гигиеналық

қалыптастырудың негіздерін.



істей алуы тиіс:

- шаңның механикалық және дисперстік құрамына байланысты, шаң факторларына гигиеналық баға беруді;

- шаңды өндіріс орындарында сауықтыру шараларын ұйымдастыруды;

- ҚР ДСМ №709 бұйрығына сай шаңды өндіріс орындарында жұмыс істейтіндерге кезеңдік және алғашқы медициналық байқау ұйымдастыруды;

- өндірістердегі жұмыс орындарына гигиеналық баға беруді;

- еңбек гигенасы саласында ескертпелі және ағымдық санитарлық қадағалауды ұйымдастыруды.
ІV.Тақырыптың негізгі сұрақтары :

1. Өндірістік шаң және аэрозольдер туралы түсінік.

2. Әртүрлі өндіріс орындарындағы негізгі шаң пайда болушы көздер.

3. Өндірістік шаңның шығу тегі бойынша (органикалық, неорганикалық, аралас), пайда болу әдісі бойынша (конденсациялық және дезинтеграциялық аэрозольдер), дисперстік құрамы бойынша (көрінетін, микроскоптық, ультрамикроскоптық) жіктелуі.

4. Шаңның ерігіштік қасиеті.

5. Шаңның элетроқуаттылығы.

6. Шаңның радиобелсенділігі.

7. Шаңды гигиеналық қалыптастыру.

8. Өндірістердегі шаңның қолайсыз әсерін шектеуге бағытталған алдын- алу шаралары.
V.Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау