Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


«Медициналық диагностика құралдары»



жүктеу 370,62 Kb.
бет2/2
Дата17.11.2017
өлшемі370,62 Kb.
#1141
түріБағдарламасы
1   2

«Медициналық диагностика құралдары»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20__ж. «___»________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылған 20__ж. « » ________ №__Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Ш. Қ. Биболов 20__ж. « » ________


Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «____»________№__Хаттама
ОӘК төрағасы ___________Ж. Ғ. Мұқанова 20__ж. « » ________
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Досумбеков Қайрат Рахметоллаұлы – Физика және аспап жасау кафедрасының аға оқытушысы

Кафедра бас ғимарат корпусында, А-313 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны: 67-36-26
2 Пән туралы мәліметтер

Пән 15 апта, 6 семестрде оқытылады. Пәннің жалпы еңдек сйымдылығы 2 кредит, 90 сағат, олардың ішінде 30 сағат – аудиториялық, 60 сағат – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

6

2

30

15

15










60

30

1МБ, 2МБ, Емтихан

Бар-лығы

2

30

15

15










60

30





4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты – студенттердің бойында әртүрлі сәулеленулердің тірі ағзамен әсерлесуінің физикалық негіздері, медициналық приборлар мен аппараттардағы сигналдарды жіберу жүйелері, жаңа медициналық приборлар, клиникалық диагностика аппараттары, терапия, медициналық техниканың одан ары жетілдіру тенденциялары бойынша негізгі білімдерді қалыптастыру.

Пәннің міндеттері – медико-биологиялық сигналдардың негізгі типтерімен, медициналық диагностика және терапия приборлары мен аппараттарының дамуының негізгі бағыттарымен таныстыру. Медико-биологиялық сигналдарды түрлендірудің негізгі әдістерін, олардың сипаттамаларын, ақпаратты берудің нақты тәсілдерін, приборлардың, аппараттардың негізінде жатқан физикалық принциптерін, медициналық диагностика, терапия және хирургия приборлары мен аппараттарының техникалық параметрлері мен жұмыс істеу принциптерін, медициналық жабдықтың және медициналық тағайындалған бұйымдардың ақаулықтарын анықтау және жою әдістерін оқу.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- медико-биологиялық сигналдарды түрлендірудің негізгі әдістері, олардың сипаттамалары;

- ақпаратты берудің нақты тәсілдері;

- медициналық диагностика, терапия және хирургия приборлары мен аппараттарының техникалық параметрлері мен жұмыс істеу принциптері;

- медициналық жабдықтың және медициналық тағайындалған бұйымдардың ақаулықтарын анықтау және жою әдістері жөнінде түсініктері болуы;

- сигналдарды түрлендіру теориясының негізгі қағидаларын;

- медициналық өлшегіш және ақпараттық жүйелердегі ақпаратты түрлендіру әдістері мен құралдарын;

- аппараттар жұмысы мен медико-биологиялық жүйелердің физикалық принциптері;

- диагностика, терапия және хирургия приборлары мен аппараттарын құрудың негізгі принциптерін;

- медициналық диагностиканың техникалық құралдарының ақаулықтарын анықтауды және жоюды білуі;

- медико-биологиялық параметрлерді тіркеудің физикалық принциптерін, әдістерін және құралдарын дұрыс таңдауға;

- диагностика және емдеу құралдарының құрылымдық схемаларын құруға;

- қойылған техникалық есепті шешудің тиімді нұсқасын таңдауда жаңа ақпараттық қорды қолдануға;

- техникалық диагностика құралдарының ақаулықтарын анықтау және оларды жою әдістерін таңдауға, медициналық техника бұйымдарын сыртқы әсерлерден қорғау әдістерін қолдануға икемді болуы;

- медициналық диагностиканың құралдарының ақаулықтарын анықтап, оларды жөндеуде;

- диагностика және емдеу құралдарының құрылымдық схемаларын оқуда және құруда;

- медициналық диагностика құралдарымен жұмыс істеуде практикалық машықтарды иемденуі қажет.


6 Пререквизиттер

Пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында иеленген білімдері, іскерліктері және дағдылары қажет: жоғары математика, физика, химия, информатика, электротехника, электроника негіздері, автоматика негіздері, материалтану, физикалық өрістер теориясы, ақпарат алудың физикалық негіздері.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында студенттердің алған білімі, іскерлігі және дағдысы өндірістік практика өту кезінде, дипломдық жұмыс жазуда, мамандық бойынша магистратурада оқылатын пәндерді жетік меңгеруде қажетті.




8 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/р

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс

Практикалық (сем)

зертханалық

Студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

3

3










12

2

Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

4

5










18

3

Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

8

7










30

БАРЛЫҒЫ:

15

15










60


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)

«Медициналық диагностика құралдары» пәні мамандықтың оқу бағдарламасына сәйкес ЖОО компонеті пәндерінің тізіміне кіреді. Қазіргі кезде медицинаны медициналық диагностика құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ұсынылып отырған курста физикалық өрістердің биологиялық объекттермен өзара әсерлесу негіздері, медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру, диагностика мен терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері қарастырылады.


10 Курстың компоненттері

Дәрістік сабақтардың мазмұны

1 тақырып. Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

Физикалық өрістер туралы жалпы мәліметтер. Физикалық өрістердің түрлері. Иондаушы сәулеленудің физикасы. Рентген сәулелері мен гамма-сәулеленудің биологиялық объектімен өзара әсерлесуі. Ультрадыбысты толқынның биологиялық тканьмен өзара әсері. Ультрадыбысты эффектілердің биофизикасы. Ультрадыбыстың жылулық механизмі. Ультрадыбыстың жылулық емес әсерінің механизмі. Лазерлық сәулеленудің биологиялық объектке әсері. Ультрадыбыстық сәулеленудің биологиялық объектке әсері. Интенсивтілігі төмен электрмагниттік өрістің биологиялық әсері. Тұрақты электр өрісінің биологиялық объектпен өзара әсерлесуі. Тұрақты магнит өрісінің биологиялық объектпен өзара әсерлесуі. Тұрақты токтың, төмен жиілікті импульсты токтың, төмен, жоғары және аса жоғары жиілікті кернеудің биологиялық объектке әсері.

Биологиялық тканьдердегі ядролық-магниттік резонанс. ЯМР медициналық техникада диагностика үшін қолданылуы. Позитрондық-эмиссиялық томография физикасы.

2 тақырып. Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

Сигналдар мен деректердің классификациясы, көздері және сипаттамалары. Детерминирленген, кездейсоқ, аналогты кванттық, сандық сигналдар. Медико-биологиялық сигналдардың спецификалық ерекшеліктері. Диапазон және сипаттамалар. Детерминирленген сигналдар. Детерминирленген сигналдарды түрлендіру әдістері.

Сигналдарды дискреттеу. Есеп теориясы. Ақпаратты жазу мен қайта жаңғырту жүйелерін сандық бағалау. Шулар. Шудың сандық сипаттамалары. ЭКГ-сигналды өңдеу. Жазу және енгізу, сүзу. Медицинадағы бейнені реконструкциялау. Жылулық сәулеленудің сигналдары. Рентгендиагностикалық жүйелердегі сигналдар. Ақпаратты қабылдағыштар. Рентгендік трансмиссиялық компьютерлік томографиядағы сигналдар. Рентгендік трансмиссиялық компьютерлік томографиядағы сигналды түрлендіру. Ядролық-магниттік-резонанстық жүйелердегі сигналдарды түрлендіру.

3 тақырып. Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

Функционалдық диагностика аппаратурасы.

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің биопотенциалын тіркеу және талдау үшін приборлар, құрылғылар. Электрокардиография, фонокардиография, реография және векторкардиография үшін приборлар кешені. Биосигналдарды жіберу жүйелері. Жүректің электрлік және магниттік белсенділігін түйіспесіз талдау техникасының даму перспективалары.

Мидың электрлік белсенділігін өлшеу үшін приборлары. Сигналдар параметрлері, сигналдарды өткізу жүйелері, өңдеу әдістері. Диагностикалық мүмкіншіліктер. Бұлшық еттердің электрлік белсенділігін өлшеу приборлары. Ағзаның электрлік емес параметрлерін өлшеу приборлары. Биотелеметрия приборлары. Дыбыстық белсенділікті өлшеу приборлары. Қантолтырылуды, қысымды және пульстың қанағысының жылдамдығын және акустикалық шуларды өлшеу приборлары. Оперативтік дәрігерлік бақылаудың ақпараттық жүйелері. Интенсивті бақылау жүйелерін қолдану. Тыныс алу параметрлерін, артериалдық қысымды, жүрек жұмысының параметрлерін, дене қызуын бақылау. Ағзаның баяу өзгеретін процестерді өлшеу приборлары. Дененің сыртқы бетіндегі ішкі мүшелермен (асқазан, ішек, несептамыр) шығарылатын биопотенциалдарды өлшеу. Температура мен биологиялық құрылымдардың түсін өлшеу приборлары.

ЭКГ, ФКГ, ЭЭГ, ЭМГ тіркеу үшін электронды полиграфтар, сфигмограммалар, реоплетизмограммалар, торакоспирограммалар.

Ультрадыбысты аппаратура. Ульрадыбысты диагностика приборларының ажырату қабілеті. Бір жиілікті және екі жиілікті үзіліссіз импульсты эхография негізіндегі ультрадыбыстық приборлар. Рентген-УД томография приборлары. Офтальмологиялық аппаратура. Спектрзоналық зерттеулер мен фотография жасау приборлары. Электрондық және физикалық оптика приборлары. Телевизиялық, инфрақызыл және лазерлық медициналық техника. Голографиялық приборлар. Тыныс алу аппаратурасы. Өкпенің функционалды диагностикасына арналған прибор. Радиоизотоптық аппаратура. Диагностикалық зерттеулерде радиоактивтік изотоптарды қолдану әдістері.

Рентгендің аппаратура. Рентгеноскопия, рентгенография жүйелері. Жалпыға тағайындалған РДК. Флюорографтар. Маммографтар. Компьютерлік тамографтар. Сандық рентгенодиагностикалық компьютерлік жүйелер.

Эндоскопиялық аппаратура. Оптикалық эндоскоптар. Талшықты жарық өткізгіштер. Талшықты оптикалы иілгіш эндоскоптар.

Оптикалық приборлар және көру аппараты үшін приборлар.



Емдеу мақсатында қолданылатын аппаратура.

Терапия аппаратурасы. Физикалық әсер ету факторы бойынша классификация. Электр-, жарық-, су-, жылумен емдеу, аэрозольтерапия, механотерапия аппаратурасы. Тұрақты ток және төмен жиілікті токтармен терапия аппараттары. Жоғары жиілікті терапия аппараттары. Диадинамикалық токтармен емдеу аппараттары. Магниттерапия аппараттары. Терапевтикалық ультрадыбыстық приборлар мен аппараттар. УВЧ-терапия аппаратурасы. Терапиялық лазерлық қондырғылар. Радиологикалық және рентгенологикалық терапевттік аппаратура. Жарықпен емдеу және жылумен емдеу аппараттары.


Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі



Практикалық сабақтың тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

1

Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

Электронды биомедициналық техниканың биофизикалық негіздері. Физикалық өрістер түрі және олардың негізгі сипаттамалары. Электромагниттік, акустикалық, жылулық және басқа өрістердің, иондаушы сәулеленудің биологиялық объектке әсер ету механизмі. Биоэлектрлік потенциалдар. Биоэлектрлік потенциалдарды өлшеу. Электрлік емес физиологиялық параметрлерді өлшеу. Электр тогының тірі ағзада өтуі.

2

Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

Биотехникалық және медициналық аппаратураның, жүйелердің классификациясы мен құрылымы және биосигналдарды өңдеудің жалпы принциптері. Физиологиялық көрсеткіштерді өлшеу. Биомедициналық аппаратураның компоненттері. Биомедициналық прибордың құрылымдық схемасы. Биомедицинада қолданылатын электродтар. Биоэлектрлік потенциалдарды алу үшін электродтар. Теріні өңдеудің оның импедансы мен поляризациясына әсері. Биомедициналық жабдықты қолдану кезіндегі қауіпсіздік.

3

Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

- Ангиография

- Кардиография: магнитокардиография, фонокардиография, электрокардиография, эхокардиография

- Радионуклидты әдістер

- Ренография

- Рентгенография

- Реография

- Томография: магнит-резонанстық томография, рентгендік компьютерлік томография, позитронндық-эмиссиялық томография

- Ультрадыбыстық зерттеулер

- Эндоскопия

- Энцефалография: реоэнцефалография, магнитэнцефалография, электрэнцефалография, эхоэнцефалография





Студенттің өздік жұмысының мазмұны

СӨЖ түрлерінің тізімі

р/р


СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

6 семестр

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабақтарға қатысу

7

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Тәжірибелік сабақтарына материал

Сабаққа қатысу, ТС дайындалған материалды тексеру

15

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбеген материалдарды оқу

Консрект

Конспетк бойынша сұрақтар қою

18

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллоквиум,тест жазу

20

БАРЛЫҒЫ:

60


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі



Тақырыптардың атауы

Мазмұны

Бақылау түрі,әдебиет

1

1 тақырып. Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

Ионизация, жұтылған доза, дозаның қуаты, фондық сәулелену. Сәулеленумен неғұрлым жарақаттанатын ағзаның облыстары. Позитронды-эмиссиялық томография физикасы.

Ультадыбыстың қанайналымға, бұлшықетке, жүйке тканьдеріне, буындарға тигізетін әсері, ауруды сезу. Радиациялық қысым, акустикалық кавитация, биологиялық құрылымдардың бұзылуы. Жоғары және төмен жиілікті ультрадыбыстың адам ағзасына биологиялық тигізетін әсері. Биологиялық жүйке тканьдеріндегі резонанстық құбылыстар. Ультрадыбыстың термиялық әсері, табалдырық интенсивтілік.

Лазерлік сәулеленудің биотканьмен өзара әсерлескен кездегі эффекттер.

Электромагниттік өрістермен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шаралары. Электромагниттік өрістерді экрандау түрлері. Төмен жиілікті магнит өрісі үшін биологиялық объекттің мөлдірлігі.



Конспект, [3,12,13,14,17,20,21]

2

2 тақырып. Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

Сызықты жүйелерде сигналды жіберу. Сигналды спектрлік түрлендіру. Сигнал спектрі. Үзіліссіз және дискретті Фурье түрлендірулері. Фурьенің қарапайым түрлендіруі. Фильтрлер және олардың сипаттамалары. Фильтрлердің классификациясы және олардың сипаттамалары. Сигналдарды дифференциалдау және интегралдау. Сигналдарды аналогтық және сандық әдістермен дифференциалдау мен интегралдау. ЭКГ-сигналдарды талдау үшін дифференциаторды қолдану. Сигналдарда экстремумдарды анықтау. Сигналдардың экстремалды мәндерін анықтау.

Биомедициналық бейнелер: бейне түрлері және оларды сипаттау тәсілдері. Алдын ала өңдеу әдістері. Фильтрация. Бейненің параметрлерін өлшеу алгоритмдері. Бейнені өңдеудің интерактивті режимі. Жылу бейнелерін қабылдағандағы сигналды түрлендіру. «сигнал-шу» қатынасының интегралдық мәні. Бейнені реконструкциялау кезіндегі түрлендіру.



Конспект, [1,4,7,11,16]

3

3 тақырып. Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

Электроакустикалық медициналық аппаратура. Ультрадыбыстық терапия үшін аппараттар. Ультрадыбыстық диагностика. Сканирлеу режимдері. Сканирлеу әдістері. Ултрадыбыстық эхоскопияның статикалық және динамикалық жүйелері. Доплер эффектісінде құрылған қан айналымның жылдамдығын ультрадыбыстық өлшегіштер. Жүрек-қан тамырлары жүйесін диагностикалау әдістері мен техникалық құралдары. Электрокардиографияның физикалық негіздері. Электрокардиографияның құрылысы және жұмыс істеу принципі.

Кардиомониторы. Кардиологиялық зерттеулер кезіндегі ем-диагностикалық кешендері. Портативті микрокардиоанализаторлар.

Қан қысымын өлшеу әдістері және құралдары. Шығарылатын ауаның көлемі мен шығынын өлшеу құралдары. Өкпені функционалдық диагностика аппараттары. Бас миы мен жүйке жүйесін зерттеуге арналған диагностикалық құралдар. ЭЭГ тіркеу әдістері мен құралдары. Позитронды-эмиссиялық томограф. Орталық, вегетативтік, (конечностной) жүйке жүйелерінің диагностика құралдары.

Диагностика және емдеудің рентген құралдары. Рентгендік томограф. Диагностика мен емдеудің радионуклидты әдістері және құралдары. Радиоизотопты сканерлер. Термография әдістері және құралдары. Ядролық-магнитрезонанстық томограф.

Физиотерапевттік жабдық. Гальванизация және электрофорез. Тұрақты токпен емдеу аппараттары. Импульсты токпен емдеу аппараттары. Жоғары жиілікті электротерапевттік аппаратура. Тұрақты және төмен жиілікті магниттік өріспен әсер ету үшін құрылғылар мен аппаратуралар. Жоғары жиілікті және импульсты магнитотерапия аппараттары.


конспект ,[2,3,4,5,7,8,10,15,18]


11 Курстың саясаты

Талаптар жүйесі:

  • оқу процесіне белсенді қатысу;

  • тапсырмаларды уақытымен және толық орындау;

  • ішкі тәртіп ережелерін бұзбау;

  • сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

  • босатылған сабақтарды оқытушымен белгілеген уақытта өтеу;

  • курстастарымен және оқытушылармен тілектес, іскер стильді ұстану.

Әрбір сабаққа дайындалу ұсынылған материалды толық оқу сияқты міндетті.

Студенттердің білімін тексеру тәртібі

Сіздердің дайындықтарыңыз бақылау жұмыстарымен, тест тапсырмаларымен, ауызша және жазбаша сұраулармен тексеріледі.

Курсты оқу барысында студенттердің білімін рейтингілік бағалау жүйесі қолданылады.

1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы:

1) дәрістік бақылау рейтингісі;

2) тәжірибелік сабақтар рейтингісі;

3) үй тапсырмасын орындау рейтингісі;

4) өздік жұмыс рейтингісі кіреді.

Дәрістік бақылау рейтингісіне дәріске қатысу және дәріс сабақтарының тапсырмаларын орындау кіреді.

Тәжірибелік сабақтар рейтингісі – бұл тәжірибелік сабақтарда зертханалық жұмыстарды орындау, қорғау.

Үй тапсырмасының рейтингісі – бұл үй тапсырмасын орындауды бағалау.

Өздік жұмыс рейтингісі – бұл өздік жұмыстарын орындауға және қорғауға қойылатын баға.

Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалу қажет. Егер студент сабақ үстінде тәртіп ережесін бұзса, ол қатаң түрде жазаланылады, тіпті аудиториядан босатылады. Сабақты босатқан үшін келесідей айып салынады:

Сабақ себепсіз босатылса - 0 балл; әрбір өтелмеген сабақ үшін 0 балл; уақытында тапсырылмаған тапсырмаға төмен балл қойылады.

Егер де сіз қандайда бір себептермен бақылау шарасына қатыспасаңыз, онда сізге оқытушымен кеңесу кезінде бақылауды жазуға мүмкіндік беріледі, керісінше жағдайда 0 балл қойылады.

Рейтингілік балдар бақылау шараларының күнтізбелік графигінде көрсетілген.

2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады


Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.
Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 балдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

3. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің (РР) бағасы семестр бойынша мынаған тең:

РР=(Р1+Р2)/2.

4. Студенттердің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды рейтингісімен (Қ) анықталады. Қорытынды рейтинг салмақтық үлестерін ескерумен рұқсат рейтинг (РР) және қорытынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындысынан құралады



Қ=РР*0,6+ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.
Ескерту: АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау; РР – рұқсат рейтингісі; СӨЖ – студенттің өздік жұмысы; СӨЖМ – студенттің оқытушымен бірге өздік жұмысы; ҚБ – қорытынды бақылау; Қ – қорытынды рейтинг.
Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға аударылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.
Кесте 1

Балл түріндегі қорытынды бағалау (Қ)

Балдардың сандық белгілері (С)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақ-талды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ-талған- жоқ



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Гоноровский И. С. Радиотехнические цепи и сигналы. ­ М. : Радиосвязь, 1986. ­ 512 с.

2) Кореневский Н. А., Попечителев Е. П. Проектирование электронной медицинской аппаратуры для диагностики и лечебных воздействий. Курск : СПб., 1999. ­ 324 с.

3) Ливенсон А. Р. Электромедицинская аппаратура. ­ М. : Мир, 1983. ­ 544 с.

4) Микрокомпьютерные медицинские системы. Проектирование и применение / Пер. с англ. – М. : Мир, 1983. ­ 544 с.

5) Осипов Л. В. Ультразвуковые диагностические приборы : Практическое руководство пользователей. ­ М. : Видар, 1999. ­ 256 с.

6) Хилл К. Применение ультразвука в медицине : Физические основы : Пер. с англ. / Под ред. К. Хилла. ­ М.: 1989. ­ 568 с.

7) Сахаров В. Л. Методы и средства анализа медико-биологической информации : учебно-методическое пособие. Таганрог : ТРТУ, 2001. ­ 79 с.

8) Физика визуализации изображений в медицине. В 2-х т. / Под ред. С. Уэбба. ­ М. : 1991. ­ 431 с.

Қосымша

9) Берлиен Х. П., Мюллер Г. Й. Прикладная лазерная медицина : учебное и справочное пособие / пер. с нем. ­ М. : Интерэксперт, 1997.



10) Кардиомониторы. Аппаратура непрерывного контроля ЭКГ / под ред. А. Л. Барановского, А. П. Немирко. ­ М. : Радио и связь, 1993.

11) Квашнин С. Е. Теория, расчет и проектирование низкочастотных ультразвуковых медицинских инструментов : учебное пособие. ­ М. : МВТУ, 1989. ­ 34 с.

12) Коггл Дж. Биологические эффекты радиации. ­ М. : Энергоатомиздат, 1986.

13) Кудряшов Ю. Б., Бернфельд П. С. Основы радиационной биофизики. ­ М. : МГУ, 1982.

14) Лундин А. Т. Федин Э. И. ЯМР : основы и применение. ­ Новосибирск : Наука, 1980.

15) Манкин Р. Б., Павлов Ю. Д. Электрокардиография и фонокардиография. 2-е изд. ­М. : Медицина, 1981.

16) Применение методов и средств лазерной техники в биологии и медицине. ­ Киев : Навукова думка, 1981.

17) Романов С. Н. Биологическое действие вибрации и звука : Парадоксы и проблемы ХХ века. ­ Л. : Наука, 1991. ­ 158 с.

18) Соловьева Г.Р. Магнитотерапевтическая аппаратура. ­ М. : Медицина, 1991. ­ 174 с.

19) Улащик В. С., Чиркин А. А. Ультразвуковая терапия. ­ Мн. : Беларусь, 1983. 25 с.



20) Ультразвук. Маленькая энциклопедия. Гл. ред. И. П. Голямина. ­ М. : Советская энциклопедия, 1979. ­ 400 с.

21) Фролов К. В., Миркин А. С., Моршанский В. Ф. и др. Использование вибрации в биологии и медицине. ­ М. : Наука, 1989.
жүктеу 370,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау