«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


-кесте. "Дидактикалық зерттеудің нысаны" және "Дидактикалық зерттеудің пәні" ұғымдарының интерпретациясы



жүктеу 0,98 Mb.
бет118/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
ПФжӘ дәріс

11-кесте. "Дидактикалық зерттеудің нысаны" және "Дидактикалық зерттеудің пәні" ұғымдарының интерпретациясы





Негізгі ұғымдар

Сипаттама

1

Ғылым нысаны

Ақиқат шындықтың, нақтырақ айтқанда ғылымдағы субъектінің зерттеушілік әрекетінің танымдық бағытталған үзіндісі, кесіндісі, бөлігі.

2

Ғылыми пәннің нысаны

Ақиқат шындықтың ғылым субъектілерінің танымдық, зерттеушілік әрекетте әрекеттесетін заттар, құбылыстар, үдерістер, яғни "нысан" субъект және объективтік шындықтың өзара әрекеттесуінің өнімі ретінде шығалы.

3

Таным нысаны

Ғылыми пәндердің нысаны болудан неғұрлым кең ұғым, яғни барлық жастағы және жағдайдағы адамдар тұлғаның әлеуметтенуі теориясына сәйкес, барлық кезде танымдық үдерістен бос болмауы.
Таным үдерісіне енетін ақиқат шындыққа тән қасиеттер, байланыстар, қарым-қатынастар.
Теория сипаттайтын нақты, шын құбылыстардың жиынтығы.
Осы кезеңдегі зерттеушінің практикалық және теориялық әрекетінің пәні болып отырған объективті шындықтың бөлігі.

4

Зерттеу нысаны

Ізденістің нақты аймағы болып табылатын, танымға тәуелді емес, бірақ оларға тойтарыс беретін қасиеттер мен қарым-қатынастардың белгілі бір жиынтығы.
Белгілі бір ғылыми қауымдастық пен ғылыми қызметкерлердің жеке ғылыми қызметінде қолданатын, жаңа білім өндірісімен арнайы және мақсатты байланыстағы немесе ескі білімнің реттелген ұғымы (былайша айтқанда ол жаңа білім).

5

Зерделеу нысаны

Бұл ұғым оқушылардың заттар мен құбылыстардың заңдылықтарына және қатаң зерттеушілік сипатта болмайтын бұрын алған ғылыми білімдерін меңгерумен байланысты тікелей оқу үдерісіне жатады.

6

Білім нысаны

Бұл ұғым оқиға, жағдаят, үдеріс, заттар, қарым-қатынас сияқты білімге жататын, дәлірек айтқанда ізделіп отырған білім болып табылатын объективтік оқиғаны көрсетеді.

7

Білім нысаны (ғылым/оқу пәні ретінде)

Бұл зерттеу нысанында субъект ақырында оқылатын ғылыми пәнді іздейді.

8

Педагогика және психологиядағы зерттеу нысаны

Субъектіге тәуелсіз өмір сүретін және зерттеушінің назары ауған кейбір үдеріс, кейбір құбылыс. Мысалы, қарым-қатынасты тәрбиелеуші субъектінің даму үдерісіне, жаңа білім беру жүйесінің қалыптасу үдерісіне, белгілі бір технологияның тиімділігіне.

9

Ғылым пәні

Ғылыми пән субъектісі мен объектісінің өзара әсерінің нәтижесі, өнімі, яғни олрдың диалектикалық бірлігі.

10

Тар мағынадағы ғылыми оқу пәнінің пәні

  1. Нысанда (объектіде) жасырын тұрған пән;

  2. Пән - бұл белгілі бір анықталған аспект, қиық, фрагмент, нысанның «бөлігі»;

  3. Пән-бұл субъектінің белгілі бір көзқараспен зерделейтін, яғни танымның мақсатты бағдарланған түрі;

  4. Пән - бұл шынында да нысанда (объектіде) танылады.

11

Зерттеу пәні

Зерттеу нысаны шеңберіндегі белгілі бір көзқарас барлығы:

  1. Шекаралар және іздеу бағыттары;

  2. Сәйкес құралдармен және әдістермен шешу мүмкіндіктері бар маңызды міндеттер;

  3. Жоспардағы елеулі қойылған байланыстар мәселесі және оларды уақытша бөлу және жүйеге біріктіру мүмкіндіктері туралы ұсыныстар ретінде;

  4. ракурс ретінде, зерттеліп отырған, яғни нысанды зерделеудің арнайы белгіленген кейбір жақтарын, зерделеудің белгілі бір аспектісі ретінде жаңа қырынан байқап көру.



Ізденушіге төмендегілерді есте ұстау қажет:
–нысан шексіз кең түрде емес, объективті шынайылық шеңберінде аталуы тиіс;
–нысанның кұрамына маңызды элемент ретінде пән кіруі тиіс, ол нысанның басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста болуы керек;
–нысан белгілі бір білімдер жүйесі арқылы көрінетін педагогикалық шынайылықты сипаттауы керек. Сондықтан нысанды анықтағанда оны белгілі бір ғылыми ұстаным тұрғысынан бағалау қажет. Нысанды бұлайша түсіну педагогикалық тұжырымдамаларды дұрыс түсінуге, уақыт талабына сай үдемелілік жақтарды көре білуге көмектеседі;
–зерттеу нысанын анықтау – мәнді де мазмұнды ғылыми әрекет, ол зерттеушіні пәннің ғылымдағы орны мен қызметін анықтауға бағыттайды;
–зерттеу пәні – нысанның бір жағы, бөлігі ғана емес, сол арқылы нысан көрінетін, «есік» болуы тиіс;
–зерттеу пәнін анықтай отырып, зерттеуші сол саты арқылы соңғы нәтижеге келуге мүмкіндік алады;
–нысан мен пәннің өзара қатынасын былайша сипаттауға болады: нысана объективті, ал пән субъективті;
–пән – нысанның үлгісі (моделі);
–пәннің анықтамасы егер жұмыс белгіленген пәнге сәйкес анықталса, зерттеуші тарапынан белгіленген анықтамаға сәйкес аяқталған зерттеудің толықтығы туралы шағымды болдырмайды;
–зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің оның мәніне терең бойлауы мен зерттеу үдерісінде алға жылжуының көрсеткіші болып қызмет етеді;
–нысан педагогикалық шынайлықты сипаттайды, белгілі білім жүйесіндегі көрінісі арқылы берілген;
–зерттеу пәні нысанға қарағанда тар ұғым. Ол нысанның бір бөлігі, бір жағы элементі болып табылады.
Нысан туралы білімнің даму сипатына қарай бұдан кейін таным пәніне айналатын оның жаңа қырлары ашылады. Зерттеу нысаны мен пәнін тұжырымдаудағы қиындықтар:
– кейде жекелеген зерттеудің нысаны өзінің ауқымы жағынан бүкіл педагогиканың зерттеу нысанымен сәйкес келіп жатады: ЖОО-ғы педагогикалық үдеріс; оқушыларды педагогикалық ұйымдарда тәрбиелеу саласы; педагогикалық таным әдістері;
– кейде зерттеу нысаны мен пәні арасында алшақтық байқалады. Олар әр түрлі ғылым саласына қарай бөлініп, жұмыстың біртұтастығы мен танымдық сипатына, баяндаудың қисыны мен алынған білімнің жүйелілігіне нұқсан келеді.
Әдіснамашылардың зерттеу нысаны мен пәнін анықтау туралы ғылыми жұмыстарының нәтижелерін түйіндей отырып, ғылыми аппараттың осындай құрамдас бөліктерін тұжырымдауда кандай қиындықтар мен қателіктерге кезігетінін анықтадық, педагогикалық зерттеу пәні мен нысанының әдіснамалық сипаттамасы туралы бағдар-талаптар белгіледік.
Педагогикалық зерттеудің объектiсi - педагогикалық кеңiстiктегi ненi оқып үйренуге болатынын айтады. қазiргi мәселе: ненi зерттеу керек? объект-ол күрделi свойства, связей,отношения байланыс пен қарым-қатнасқа құрылады. зерттеу объектiсi ол басшылыққа алынатын жаңа бiлiм туралы эксперименттiң пәнiнде көрiнiс бередi. эксперимент пәнi ол объектiде қарастырылатын мәселелерге жауап бередi. объектiде қандай қасиет, қарым-қатнас болғандығын анықтайды.
Нысан мен пәнді анықтай, белгілей білу дидактикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізудегі маңызды қадам болып табылады және оның жүзеге асыуының көрсеткіштерінің бірі, зерттеушінің зерттеу мәселесінің мәніне ену тереңдігінің дәрежесін көрсетеді. Зерттеулерде көбіне зерттеудің нысаны мен пәнін анықтауда және олардың айырмашылығын ажыратуда қиындықтар кездеседі. Зерттеу нысанының кейде оның базасы, кейде барынша кең өрісі ретінде көрінуі де мүмкін.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау