Педагогика технологиялар институты б. К. Казбекова



жүктеу 1,77 Mb.
Pdf просмотр
бет16/67
Дата04.01.2022
өлшемі1,77 Mb.
#36148
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Kazbekova Kompjuter arkhitek. 80

 

 

 

2.2. Жады құрылымы және оны ұйымдастыру 

Жады элеметтері,олардың қолданылуы,мүмкіндіктері және жұмыс жасау 

принципі.Компьтерлік жады құрылымы 

            Жедел жад. Жүйелік жад кӛбінесе жедел жад немесе ерікті қатынасты жад 

(Random  Access  Memory)  деп  аталады.  Бұл  онда  процессор  ӛңдеу  кезінде 

пайдаланылатын  барлық  бағдарламалар  мен  деректер  жазылатын  негізгі  жад. 

Жедел  жадта  деректерді  сақтау  үшін  оны  үздіксіз  деректермен  қоректендіріп 

отыру  керек.  Компьютерді  ажыратқанда-  жедел  жадтағының  бәрі  ӛшеді,  ал 

компьютерді  қосқанда  –  барлық  бағдарламалар  мен  деректерді  процессордың 

ӛңдеуі үшін жедел жадқа қайта жүктейді. 

  

Бастапқы  жүктеу  бағдарламалары  процессорға  тұрақты  жадтайтын 



құрылғы- ІЖҚ(Read Only Memory - ROM) деп аталатын, ішіндегісі компьютерді 

әдеттегідей  ажыратқанда  ӛшпейтін  арнайы  типті  жадтан  жүктеледі.  Бұл  жадта 

операциялық  жүйені  және  басқа  бағдарламаларды  дискіжетектердің  бірінен 

жедел  жадқа  жүктеуге  мүмкіндік  беретін  командалар  жазылған.  Кейінгі  жаңа 

операциялық  жүйелер  бірнеше  бағдарламаларды  қатар  орындауға  мүмкіндік 

береді және әрбір бағдарлама жадтың ӛзіне бӛлініп, арнайы бӛлігіне жүктеледі. 

Жалпы  айтқанда,  жүйе  жадының  кӛлемі  неғұрлым  үлкен  болса,  соғұрлым  кӛп 

бағдарламаны қатар орындауға болады.  

   Қазіргі  компьютерде  жад  модульдері  екі:  (SIMM  Single  Inline  Memory 

Module-  жадтың  кіріктірме  жеке  модулі)  немесе  DIMM  (Dual  Inline  Memory 

Module  –  жадтың  құрамдас  қосарлы  модулі)  типтерінің  біріне  жатады.  Типтік 



20 

 

компьютерде  қанша  жедел  жад  болуы  керек  туралы  тұжырымдар  үздіксіз 



ӛзгеріп  отырады.  80-жылдардың  ортасында  1  Мбайт  жадтың  ӛрісі  ӛте  зор 

болып  саналса,  90-  жылдардың  барысында  8  тіпті  16  Мбайт  кӛлемі  жеткілікті 

болып саналады. Бүгінгі таңда типтік деп кӛлемі 32-64 Мбайт ЖЖҚ саналады, 

бірақ ӛте жақын уақытта бұл кӛлем әуелі жалпылай қолданылатын модельдерде 

де  2-4  есе  ӛседі.  Жедел  жад  компьютерде  модульдер  деп  аталатын  стандарты 

тақталарда  орналасады.  Жедел  жадтың  модульдерін  аналық  тақшадағы  сәйкес 

ажыратпаларға қондырады. 

Жедел  жадтың  модульдерінің  негізгі  сипаттамалары  жад  кӛлемі  (4, 

8,16,32Мбайт)  және  қатынау  уақыты  (әдетте  50-70-  наносекунд  –  секундтың 

миллиардтық үлесі) 

 

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады және қашан болса да, 



қандай да болса міндеттерді шешуге қажнт болуы мүмкін кез-келген ақпаратты 

ұзық  уақыт  сақтау  үшін  қолданылады.  Атап  айтқанда,  сыртқы  жадта 

компьютердің барлық программалық жасауы сақталады.  

        Сыртқы  жад  есте  сақтайтын  құрылғылардың  әр  алуан  түрлерінен  тұрады, 

бірақ неғұрлым кең тараған, негізінде кез-келген компьютерде болатын түрлері- 

қатқыл  (ҚМДЖ  немесе  НДД)  және  иілгіш  (ИМДЖ)  магниттік  дискілерде, 

магниттік таспаларда (стримерлер), оптикалық дисклерде (CD- ROM - Compact 

Disk Read Only Memory-тек оқитын ғана жады бар компакт-диск) және магнитті 

- оптикалық  дискілердегі жинақтауыштар болып табылады.  

       Бұл  жинақтауыштардың  қызметі  –  ақпараттың  үлкен  кӛлемін  сақтау, 

сақтаулы  ақпаратты  сұрау  бойынша  жедел  жадтайтын  құрылғыға  жазу  және 

басып  шығарып  беру.  ҚМДЖ  (НДД)  мен  ИМДЖ  бір-бірінен  конструкциясы, 

сақтайтын  ақпарат  кӛлемі  бойынша,  ақпаратты  іздеу,  жазу  және  есепке  алу 

құрылғылары да әр түрлі болады.  

       Ішкі жадта деретер мен программалар байттар немесе байттар тобы түрінде 

ұяшықтарда орналасады. Оларға ұяшық адресі бойынша шығуға болады.  

      Сыртқы  жад  құрылғысы  мүлдем  басқа.  Мұнда  сақталатын  ақпарат  кӛлемі 

үлкен  болғандықтан,  байттық  әдіс  қолайсыз.  Біріншіден,  кӛлемі  тым  үлкен. 

Екіншіден,  пайдаланушылар  үшн  қиындық тудыратындығынан.  Процессормен 

жұмыс  істейтін  ішкі  жадтан  айырмашылығы  –  адамның  сыртқы  жад 

құрылғысымен  тікелей  (ақпаратты  жазу  және  сақтау  кезінде)  жұмыс  істеуіне 

тура  келеді.  Байттық  әдіс  жағдайында  пайдаланушының  үнемі  құрылғының 

типін,  ондағы  ақпараттың  берілу  схемасын  тексеріп,  байттың  ішіндегісінің 

дерек немесе программа екендігін, егер дерек болса, онда ол оның қандай түрі 

және т.с.с. анықтап отыру қажет болады.  

 

Бұл  проблемаларды  шешу  үшін  сақтау  құрылғыларының  түріне, 



тасушының  типіне,  оның  кӛлеміне,  жазу  және  есепке  алу  жылдамдығына 

қатыссыз ақпараи сақтаудың арнайы пішіні ойлап табылды. Ақпарат тасушыға 

аты  бар  белгілі  үлестер  түрінде  жазылады.  Мұндай  құрылым  файлдық,  ал 

үлестер файлдар деп аталады. 

       Файлдармен  орындалатын  күрделі  айла-шарғыны  операциялық  жүйенің 

функционалды  бӛлігі  болып  табылатын  файлдық  жүйе  жасайды.  Файлдармен 




21 

 

орындалатын  операциялардан  басқа,  файлдық  жүйенің  міндеті-  файлдарды 



сақтауды ұйымдастыру және оларға жылдам шығуды қамтамасыз ету.  

        Файлдарды 

орналастырудың  үш  варианты  мүмкін:  бірдеңгейлік, 

кӛпдеңгейлік, кестелік. 

         Бірдеңгейлік  схема  жағдайында  файлдар  бірінен  кейін  бірі  сызықты 

орналасады.  Файлдарды  іздеу,  аты  бойынша  барлық файлдарды  ретімен  қарап 

шығу арқылы жүргізіледі.  

          Кестелік  сақтау  жағдайында  жолдар  мен  бағандар  нӛмірлері  олардың 

қиылысқан жеріндегі файлдың координаттары болып табылады.  

       Кӛпдеңгейлік жүйеде файлды іздеу ―толық аты‖ деп аталатын файлдардың 

аты бойынша жүргізіледі.  

Қатқыл  магнитті  дискідегі  жинақтауыштар  немесе  винчестер  –  бұл  дискілер 

жиыны  бар  (екі  жақ  бетіне  де  ақпарат  жазылатын,  жылтыратып  тегістелген 

ферромагнитті  қабаты  бар  мүлтіксіз  жазық  бірнеше  пластина),  жетекпен  бірге 

жинақталған  (сәцкес  электронды  басқару  схемасымен  оқу-жазу  миханизмінің 

үйлесуі) жадтайтын құрылғы. 




жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау