1) еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны
бойынша);
2) еңбек қызметінен қол үзу немесе жартылай қол үзу арқылы;
3) жеке білім беру бағдарламалары бойынша;
4) шетелде 1 жылға дейін мерзімге еңбек қызметінен қол үзу арқылы
ұйымдастырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Курстарды педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру
бағдарламаларын іске асыратын мынадай білім беру ұйымдары (бұдан әрі –
Ұйым) өткізеді: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы,
"Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамы, "Бөбек"
ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы", меншік
нысанына қарамастан жоғары оқу орындары, білім беру орталықтары,
біліктілікті арттыру институттары мен заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың,
Астана мен Алматы қалаларының әдістемелік кабинеттері және аудандық
(қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері.
Шетелдегі курстарды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік
қоғамы (бұдан әрі - Орталық) ұйымдастырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Курстарға тыңдаушыларды іріктеу білім беру ұйымының педагогикалық
кеңесімен өткізіледі.
7. Курстарда оқуға үміткер педагог кадрларға мынадай талаптар белгіленеді:
1) жоғары білім және білім беру ұйымында кемінде 1 жыл педагогикалық
жұмыс өтілінің болуы немесе техникалық және кәсіптік білім, білім беру
ұйымында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы немесе мамандық бейіні
бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
2) білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының
заңнамаларын білу;
3) ағылшын тілінің базалық білімін игеруі (тілдік құзыреттілік бойынша
курстар үшін).
8. "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы", "Мектептегі
мұғалім көшбасшылығы", "Тиімді оқыту", "Мектептің біртұтас педагогикалық
процесіндегі
жалпыадамзаттық
құндылықтар",
"Сыныптың
біртұтас
педагогикалық процесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар", "Сабақтағы
жалпыадамзаттық құндылықтар", тілдік құзыреттілік, білім беру ұйымдарының
басшылары білім беру бағдарламалары бойынша Курстарда оқуға үміткер
педагогика кадрларына қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға
сәйкес белгіленеді.
9. Курстарда оқуға үміткер педагогикалық қызметкер педагогикалық
кеңестің қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 2 немесе 2-1-қосымшаларына сәйкес нысанда
жазылған өтініш;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары тыңдаушысының
сауалнамасы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жұмыс орнынан лауазымы мен жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
5) сертификаттар көшірмелері (бар болса);
6) шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін мемлекеттік немесе
орыс тіліндегі уәждемелік хат.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Жыл сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:
1) 20 қыркүйекке дейін Курстарда оқуға үміткер педагогикалық
қызметкерлердің құжаттарын қарайды;
2) 1 қазанға дейін:
аудандық (қалалық) білім бөліміне (бұдан әрі – Білім бөлімі) педагогика
кадрларының Курстарға жіберілгені туралы еркін нысандағы өтінімді;
облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына (бұдан әрі –
Білім басқармасы) педагогика кадрларының курстарға жіберілгені туралы еркін
нысандағы өтінімді келісуге ұсынады
11. Білім бөлімі жыл сайын 30 қарашаға дейін ұсынылған өтінімдерді
қарайды және келісілген тыңдаушылардың тізімдерін Білім басқармасына
бекітуге жолдайды.
12. Білім басқармасы жыл сайын 20 желтоқсанға дейін:
1) қысқа мерзімді Курстардың тыңдаушыларының тізімін Ұйымға;
2) ұзақ мерзімді Курстардың тыңдаушыларының тізімін Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік);
3) шетелдегі Курстардың тыңдаушыларының тізімін Министрлікке
жолдайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Курстарға оқуға үміткер педагогика
кадрларының тізімдерін:
1) қысқа мерзімді Курстарға Ұйымдар;
2) ұзақ мерзімді Курстарға Министрлік жасайды.
Министрлік жыл сайын 25 желтоқсанға дейін шетелдегі Курстарда оқуға
үміттенуші педагог кадрлардың тізімін Орталыққа жолдайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Курсқа тапсырыс беруші мен Ұйым арасында біліктілікті арттыру
бойынша қызмет көрсету туралы жасалған шарт негізінде Курстарды өткізу
Кестесі (бұдан әрі – Кесте) жасалады және Министрлікпен келісіледі.
14-1. Шетелдегі Курстарды педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың
білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік білім беру ұйымдары,
халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары (бұдан әрі – Шетелдік ұйым)
өткізеді.
Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14-2. Орталық пен Шетелдік ұйым арасында жасалған біліктілікті арттыру
бойынша қызметтерді көрсету шартының негізінде Орталық Министрлікпен
келісілетін Шетелдегі Курстарды өткізу кестесін әзірлейді.
Ескерту. 2-тарау 14-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым
министрінің м.а. 29.09.2017
№ 498
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Ұйым біліктілікті арттыру курстарын өткізуді Кестеге сәйкес келесі
күнтізбелік жылдың басынан бастайды.
16. Тыңдаушыларды Курстарына қабылдау тыңдаушылар тізімінің негізінде
Ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді
Достарыңызбен бөлісу: |