Педагогика факультетінің деканы


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 1,63 Mb.
бет3/9
Дата24.12.2017
өлшемі1,63 Mb.
#5597
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 кредит сағат.

1 дәріс

Тақырыбы: «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» курсының пәні мен міндеттері

Мақсаты: «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» курсының пәні мен міндеттері, тәрбие үрдісінің ерекшеліктері жөнінде мағлұмат беру. Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары және әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Тірек ұғымдар: тәрбие, тәрбиелік жұмыс, тәрбие жұмысының әдістемесі, тәрбие үрдісі. Тәрбие түрлері, әдістері, тәсілдері, құралдары.

Жоспары:


  1. «Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсының пәні мен міндеттері, оның маңызы.

  2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

3. Тәрбие әдістерінің жіктелуі және таңдап алу шарттары
1.«Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсының пәні мен міндеттері, маңызы.

Тәрбие жұмысының әдістемесі – түрлі оқу-тәрбие мекемелерде, балалар бірлестіктері мен ұйымдарда тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың ерекшелектерін зерттейтін, білім немесе тәрбие мекемелерінде тәрбие жүйесін құруға және оның тиімділігін арттыруға, нақты тәрбиелік әдістемелер немесе технологияларды қолдануға бағытталған ұсыныстарды беретін тәрбие теориясының бөлімі.

Тәрбие- адамның рухани дамуы және оны қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлаудың мақсатты бағытталған үрдісі.

Тәрбие әлеуметтік бақыланатын әлеуметтену ретінде - бұл адамдардың қоғамда біртіндеп бейімделуіне, оның әлеуметтенуі жүретін топ немесе ұйымның мақсатының спецификасына сәйкес адамның бөлінуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін саналы және мақсатты түрде адамды өсіру. Тәрбие қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайымен, этникалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен тығыз байланысты нақты тарихи құбылыс. Әрбір адам, әсіресе балалық шағында, жастық шағында әлеуметтенудің обьектісі ретінде танылады. Тәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғам мүшелерін саналы түрде әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруына қажетті жағдай жасау үшін пайда болды.

Технология (грекше techne-шеберлік, іскерлік; lodos- сөз, ілім) - объектінің күйін, қасиетін, формасын өңдеудің, жасаудың, өзгертудің әдістерінің жиынтығы.



Тәрбие технологиясы - нақты тәрбиелік нәтижеге бірізділікпен, белгілі тәсілмен қол жеткізуде қолданылатын іс-шаралар жиынтығы.

Бүгінгі таңдағы тәрбие тұжырымдамалары философиялық ілімдер және психологиялық теориялар негізінде жасалуда. Олар: психоаналитикалық теория. (А.Гезелл, З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Эриксон), когнитивті теория (Ж.Пиаже, Д.Дьюи), іс-әрекет теориясы (Д.Локк, Д.Уотсон, Б.Скиннер), биологиялық (генетикалық) теория (К.Лоренц, Д.Кеннел), әлеуметтік-синергетикалық теория (Л.С.Выготский, П.А.Флоренский), гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс және т.б.). Гуманистік педагогиканың басты құндылығы - өз өмірінің, тарихтың, мәдениеттің субъектісі ретіндегі адам.

Гуманистік тұрғы баланы, оның қабілеттері мен өзін-өзі дамытуға құқығын, педагогикалық үрдістегі қарым- қатынастардың субъект-субъектілі сипатын басты құндылық ретінде таниды. Гуманистік педагогикадағы тәрбиенің мақсаты - өзін-өзі рухани және дене жағынан дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі іске асыруға қабілетті мәдениетті адамды қалыптастыру.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары:

- баланы сол күйінде қабылдау, оған тұрақты жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру;

- әрбір баланың бойында жеке абырой сезімін және оны құрметтеуді көрсету;

- тұлғаның ешкімге ұқсағысы келмеу құқығын ұғыну және оны тану,

- өз еркімен таңдау құқығын беру;

- баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын бағалау;

- әрбір баланы «сезіну» (эмпатия) қабілетіне ие болу, бала тұрғысына ену іскерлігі;

- баланың жеке-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін (жүйке жүйесінің типі, темпераменті, қабылдау, ойлау және есте сақтау ерекшеліктері, қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері, мотивтері, бағытталуы, ұжымдағы мәртебесі, өзін-өзі бағалуы, мен-концепциясының қалыптасу деңгейі, белсенділігі және т.б) есепке алу.

Тәрбие үрдісінің нәтижелілігіне педагогтың шеберлігі, оның тұлғалық ерекшеліктері, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге қатынасы ерекше әсер етеді. Тәрбие технологиясына спецификалық қасиеттер тән. Олар: мақсат қою; тәрбиелеу кезеңін қайта өндіру мүмкіндігі; кері байланыс; бағалау және бақылау; түзету. Педагогикалық технологияларды құру - өте күрделі үрдіс. Жалпы педагогикалық үрдіс бірнеше кезеңдерден тұрады: педагогикалық технологияның басты идеясын таңдау және негіздеу, технологияның мақсаттық тұжырымдамасын жасау және міндеттерді жобалау; тәрбиенің мазмұнын жобалау; тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, формаларын интеграциялау; оқу-тәрбие үрдісінде технологияны іске асыру құралдар жүйесін құрастыру, оқушылардың жетістіктерін, тәрбиелілік деңгейін, тұлғаның қасиеттерін бақылау және бағалау жүйесін жасау.

Тәрбие технологияларының тиімділігі олар жүзеге асырылатын педагогикалық жағдайларға да тәуелді. Олар: педагогтың жеке ерекшеліктері (эрудиция, тұлғаның қайталанбастығы, мәдениеті, қызығушылықтары және т.с.с.), тәрбиеленушілерге көзқарасы (педагогикалық такт, оптимизм), педагогтың кәсібилік деңгейі (тәрбие заңдылықтарын, бала психологиясын білуі, диагностикалау әдістерін меңгеруі) және материалдық жағдайлар (сыныптың күйі, құрал-жабдықтардың жеткілікті саны және т.б.)

Тәрбие технологиясының сипаты балаға деген көзқарасқа тәуелді болып табылады. Сол арқылы технологияның түрі таңдалады: ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлы немесе тұлғалық бағдарлы



2.Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.

Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:


  • Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс.

  • Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс.

  • Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады.

  • Нәтижесі өте елеусіз.

  • Болашаққа бағытталған үрдіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттық өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:



  • Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.

  • Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.

  • Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.

Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).

Адамның дамуы екі өзара байланысты үрдісті - оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастыруды талап етеді. Бұл екі үрдістің әр түрлі міндеттері бар, сондықтан бір бірімен қиылысса да, кейде уақыт бойынша қатар келсе де олар бір бірінен ұйымдастырудың әдістері және формасы жағынан үлкен айырмашылықтары бар.

Тәрбие үрдісі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дәл сол тиімді өзара әрекеті (ынтымақтастығы).

Тұтастық педагогикалық үрдісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық үрдіс бөлімінде берілген білімдер жиынтығы тәрбие үрдісіне де тікелей қатысты. Тәрбие үрдісінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы зор. Бұған тәрбиеленушілердің интеллектуалдық өрісіне (олардың санасына), эмоциялық өрісіне (олардың эмоциялары мен сезімдеріне) және еріктік өрісіне (олардың әрекеттеріне, мінез-құлқына) жүйелі және жоспарлы ықпал еткен кезде қол жетеді. Егер осы компоненттердің біреуі түсіп қалатын болса, тәрбие өз мақсатына жете алмайды, ол біржақты сипатқа ие болады. Сондықтан тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - тұлғаға жан-жақты ықпал жасау, санаға, сезім мен мінез-құлыққа бір мезгілде әсер ету.



3. Тәрбие әдістерінің жіктелуі және таңдап алу шарттары

Әдіс дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған.

Тәрбие тәсілі, амалы (прием) - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру, нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.

Тәрбие құралдары - іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Оқушы тұлғасы қалыптасуының бас-қарылуын қамтамасыз ету - тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалану, яғни тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін практика көрсетіп отыр. Тәрбие құралдары - бұл тәрбиелеу тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау, жұмыстағы қателіктерді көрсету бұлар тәсілдер болады.

Әдістердің жіктелуі (классификация) - бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық көріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің өзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді.

Кез келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес.

Қазіргі кезде классификацияның негізіне бағытталғандық - интегративті сипаттама алынуда. Ол өзіне тәрбиелеу әдісінің мақсаттық, мазмұндық және процессуалдық жақтарын бірлікте енгізеді. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:


  • Тұлғаның санасын (ұғымы, түсінігін, пікірін, нанымын, баға беру) қалыптастыру әдістері (баяндау, түсіндіру, дәріс, иландыру, пікірталас, өнеге, баяндама, әңгіме).

  • Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез) қалыптастыру әдістері /жаттығу, үйрету, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелеушілік жағдаяттар/.

  • Іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру (стимулдау) әдістері (жарыс, мадақтау, жазалау).

Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.

Тәрбиелеу әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайлар: тәрбиенің мақсаттары және міндеттері, мазмұны; тәрбиеленушілердің жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан деңгейі; тәрбиеленушінің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; тәрбиелеудің жағдайы; педагогикалық шеберлігінің деңгейі; тәрбиелеу уақыты; күтілетін нәтиже, қорытындылар.

Көзқарастарды, ұғымдарды, сенімдерді қалыптастыру үшін тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері деп жалпы атпен аталатын әдістер қолданылады.

Этика тақырыбындағы баяндау - бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде айтып беру.

Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды-сөзді әсер әдісі.

Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Түсіндіру адамдардың қатынасын және мінез-құлқын дұрыс бағалауды оқушыда қалыптастыруға көмектесуі керек.

Сендіру (внушение) тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.

Иландыру (увещевание) өтінішті түсіндірумен және сендірумен қатар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Иландырудың тиімділігі мұғалімнің беделіне көп байланысты. Иландыру өз мақсатына жету үшін жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды қолданып, абыройына сұраныс жасаған дұрыс.

Әңгіме (беседа) тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Әңгіме мақсаты - оқушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Әңгіменің нәтижелігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:



  • Әңгіменің проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.

  • Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.

  • Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.

  • Әңгіме құралдары тәрбиеленушілердің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.

  • Әңгіме кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.

  • Әңгімеге дұрыс жетекшілік - тәрбиелеушінің оңды шешімге өз бетімен келуіне арқау.

Пікірталас - бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді.Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарландырылады.

Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Өнеге - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Өнегенің психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды.

Айта кету керек, тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Тәрбиеші өз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, өзін өнеге етудің оңды әсері ұлғая түседі.

Тұлғаның тәрбиелілігін тек қана сөзі емес, сонымен бірге істеген ісі, қылығы сипаттайды. Тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаят, тапсырма.

Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап - кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті (жағымды) және негативті (жағымсыз, мысалы қорқыту).

Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнелеуі, ал талап - нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі - бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.

Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.

Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту, немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, толғанады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Тәрбие дегеніміз не?

  2. Қоғамның дамуындағы тәрбиенің рөлі қандай?

  3. Тәрбиенің ерекшеліктерін атаңыз?

  4. „Оқыту”, „оқу”, „білім беру”, „тәрбие”, „тәрбиелеу” ұғымдарының айырмашылығы қандай?

  5. Тәрбие әдісі және тәсілі туралы түсінік.

  6. Тәрбие әдістері, оларды жіктеу.

  7. Тұлға санасын қалыптастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

  8. Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

  9. Мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.

  10. Тәрбие әдістерін таңдап алуда қандай факторға сүйенуге болады.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1-9 ]

2-апта

№2 кредит сағат

2 дәріс



Тақырыбы: Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырдағы сынып жетекшінің рөлі.

Мақсаты: Мектептегі сынып жетекшінің тұлғасымен және атқаратын қызметімен таныстырып, жалпы түсінік беру. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұнымен таныстыру

Тірек ұғымдар: Сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің міндеттері, функциялары. тәрбие жұмысы, мазмұн, мақсаты, мақсатты пайымдау.
Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің міндеттері және функциялары.

  2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны және мақсаты.

  3. Тәрбие жұмысының үлгісі және негізгі талаптар


1.Сынып жетекшісі - сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, өткізумен айналысатын педагог. Ол сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, тәрбиелік ықпалдарды бағыттаушы болып табылады.

Сынып жетекшісінің қызметтік мәртебесі болып сынып тәрбиешісі, сынып жетекшісі, сынып кураторы танылған. Сынып жетекшілікті сол сыныпта сабақ берумен сабақтастырған дұрыс. Жоғары сыныптарда кураторлық қызмет кең таралған. Сынып жетекші жұмысының мақсатын, мазмұнын, формасын мәртебесі белгілейді. Жұмыстың міндеттері, мазмұны мен формалары балалар мен ата-аналардың сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, сынып, мектеп, социумның жағдайларымен, педагогтың мүмкіншіліктерімен белгіленеді.

Педагогтың ролі баланың жасына, тәжірибесіне тәуелді: жұмысты ұйымдастырушыдан кеңес берушіге дейін өзгеруі мүмкін. Сынып жетекші оқушылардың түрлі іс-әрекетін (танымдық, еңбек, эстетикалық, қарым-қатынас) ұйымдастырады, ұжымды қалыптастырады, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен байланыс жасайды, ата-аналар мен мұғалімдердің қарым-қатынастарын реттейді.

Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, оқушыға жасалатын түрлі тәрбиелік ықпалдарды реттеуші сынып жетекші болып табылады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушыларға ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және сыныптан тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру және т.б.

Мұғалім белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен емін-еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.

3.. Оған: нақтылау, мақсат қою, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
2. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, біллік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқущыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан біз мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасалған ықпалы туралы айтатын болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті – тәрбие жұмысы деп атаймыз.

Сынып жетекшісінің тәрби жұмысы бірыңғай педагогиалық және ұйымдастырушылық қызметтерді шешуді қарастырады. Ол негізінен үш бағытта жүреді:



  1. Оқушыға тікелей ықпал жасау;

  2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру;

  3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау.

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.

Мақсат – бұл ойластырылған педагогикалық қызметтің болашақ нәтижесінің сөзбен жеткізілетін алғы шарты. Сонымен қатар, мақсатты кез келген жүйеге қойылатын түпкі жағдайының нақты суреттемесі ретінде түсіндіреді. Педагогикалық әдебиетте мақсаттың әр түрлі анықтамалары кездеседі: а) мақсат – бұл тәрбиелік процестің элементі, жүйе құратын фактор; б) мақсат (мақсатты пайымдау арқылы) – бұл педагог пен тәрбиелеушінің басқару қызметінің кезеңі; в) мақсат – бұл педагог пен білім мекемесінің көздейтіні және ұмтылысы.

Педагогтар мақсаттың белсенділігіне, дұрыстығына және мерзімділігіне жауапты. Дұрыс қойылмаған мақсат – педагогикалық жұмыстағы көптеген сәтсіздіктер мен қателерге себеп болады. Қызметтің тиімділігі ең алдымен дұрыс қойылған мақсат түрғысынан бағаланады, сондықтан мақсатты дұрыс анықтау өте қажет. Тәрбиелік үрдісте тек мақсат қана емес, сонымен бірге оның анықталуы, өңделуі өте маңызды. Бұл жағдайда әңгімені мақсатты пайымдау туралы жүргізу қажет. Мақсат егер тәрбиелік үрдістің барлық қатысушылары үшін маңызды болса, олармен қабылданған болса, онда ол осы үрдістің қозғаушы күшіне айналады.

Педагогикалық ғылымда мақсатты пайымдау үш компоненттен тұрады: мақсатты негіздеу және жамыту, жетілдіру; оған жету жолдарын анықтау; в) күтілетін нәтижені жобалау.

Мақсатты пайымдау – үзіліссіз процесс. Мақсатты пайымдаудың қалай жүзеге асуына педаготар мен оқушылардың өзара қызметі, олардың арақатынасы тәуелді. Мақсатты пайымдауда мынандай талаптар есепке алынады: диагностикалық; шынайылық; мақсаттардың сәйкестігі; нәтижеге бағытталуы. Мақсаттарды анықтау былайша жүреді:





Ерікті мақсатты пайымдау

Біріккен мақсатты пайымдау

Қатаң мақсатты пайымдау

1

Ортақ мақсаттарды біріккен интелектуалдық әңгімелесу процесінде іздеу

Мақсатты педагогтар мен топ жетекшілерінің анықтауы

Мақсатты педагогтар мен топ жетекшілерінің анықтауы

2

Қол жеткен нәтижелерді есепке алу

Жоспарланған нәтижелерді есепке алу

Жоспарланған нәтижелерді есепке алу

3

Жеке қажеттіліктерге бағыттау

Борыш ырғағына бағытталу және жеке қызығушылықтарды есепке алу

Борыш ырғағына бағытталу

4

Мақсатқа жету барысында бағдарламаны ұжыммен бірлесе отырып жасау

Мақсатқа жету барысында іс-әрекетті ұжыммен бірлесе отырып жасау

Іс-әрекет бағдарламасы педагогтармен беріледі.


жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау