Педагогическая



жүктеу 83,14 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.02.2018
өлшемі83,14 Kb.
#8439
түріСабақ


Вестник ПГУ № 1, 2011

74

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

75

Педагогикалық технология әдіс-тәсілдерін талдау барысында мына 

факторлар ескерілуі керек:

• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай 

болуы;

• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.



ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. 

Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, 

оның критерийі - функционалдық сауаттылық.  Бұл проблемаларды шешуде 

жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. 

Өркениетті елдердің қатарында мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру әрбір 

оқытушының инновациялық технология тәсілдерін дұрыс талдау жасай 

алып, әдістемеге енгізе білуінде деуге болады. Инновациялық технология 

элементтерімен қазақ тілін меңгерген жастар ел экономикасы мен саяси 

бағдарының  өсуіне  қарқындылық  таныта  қызмет  көрсетеді

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Беспалько В,П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: 

Педагогика, 1989. - 190 б. 

2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы: Мұрагер, 2005 ж.

3. Қазақ және әлем әдебиеті. - №4, 2004

4. Қазақстан мектебі. - №6 2001.

Резюме

Методы и способы инновационных технологий при обучении 

казахского языка.

Resume

Methods and techniques of innovative technologies in teaching the 

Kazakh language.

ƏОЖ 372.881.151.212.2



КӘСІБИ БАҒЫТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ

А.Ш. Жылқыбаева

мемлекеттік медицина университеті, Семей қ. 

Қазіргі кезде кәсіби негізде қазақ тілін оқытуда және оның құрамдас 

бөлігі қазақша термин сөздерді ғылыми негізде оқыту мақсаты мен мағынасын 

түсінуде күрделі өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде болашақ маманның 

қалыптасуына, табысты жұмыс істеуіне және қатысымды құзіреттілігінің  

дамуына кәсіби  қазақ тілінің атқаратын рөлі ерекше. Яғни қазақ тілін 

меңгеруде ауызекі сөйлеуге ғана емес, қатысымды-ақпаратты, қатысымды-

когнитивті, қатысымды-әлеументтік шеберліктерінің кешенді қалыптасуына 

басты назар аударылады. Осыған байланысты бірінші жолға адамның қалай 

сөйлейтіндігі емес, не айтатындығы қойылады.

Білім берудің тәрбиелік және дамытушылық элементтері кей уақыттарда 

оқу пәнін меңгеру мақсатынанда алдыңғы орында тұрады. Бұл жағдайда 

кез келген тілде мақал-мәтел, тыйым, нақыл сөздермен жұмыс істеудің 

білім берушілік мүмкіндігін (егер жұмыс түрлері оларды ұғынықсыз жаттап 

алу және берілген контексте айтып беру) қайта бағалау өте қиынға түседі. 

Мақал-мәтел, тыйым, нақыл сөздерге талдау жасау және бірнеше тілде 

салыстыру сияқты жұмыс түрлері жалпыадамзаттық құндылықтардың 

бірлігін бейнелейді. Сол сияқты логикалық шеберліктері мен сын тұрғысынан 

ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай тудырады.

Мақал-мәтелдер  қазақ тілінің әрбір деңгейінде  тілдік және сөйлесім 

материалы болып табылады. Олар студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеу 

рецептивті шеберліктерін дамыту үшін де, сонымен бірге айтылым, жазылым 

шеберліктерін дамыту үшін қажет. Меңгеріліп жатқан тілдің мақал-мәтелін 

қаншалықты білетіндігіңіз әңгімелесуші сөзінің мазмұнын  түсінуге ғана 

емес, сөзінің мағынасын түсінуге әкеледі. Мақал-мәтелдерді  өз ойыңызды 

білдіргенде  қолдансаңыз  білімділігіңіз бен сөзіңізге айқындылық, тереңдік  

мән беретіні аңғарылады.

Сонымен қатар, мақал-мәтелдерді қазақ тілі сабағында  есте сақтау 

және дұрыс түсінік беру үшін немесе сөйлесімде қолдану үшін ғана емес, 

қатысымдық дағдыларды және шеберлікті: лексика және грамматикалық, 

айтылым мен жазылым, оқылым мен тыңдалымды дамыту және ауызша 

монолог, диалогтық шеберліктерін дамыту үшін қолданады.

Осы міндеттерді төмендегідей тапсырма түрлері арқылы беруге 

болады:


а)Тілдік шеберліктерін дамыту тапсырмасы.

ә)Тыңдалым мен оқылым шеберліктерін дамыту және бақылау 

тапсырмасы.

б) Айтылым және жазылым шеберліктерін дамыту тапсырмасы.

а)Тілдік шеберліктерін дамыту тапсырмасы.

Тілдік шеберліктерін дамыту тапсырмасы – сөйлесім әрекетінде 

грамматика және лексикалық дағдыларын қалыптастыруда мамандықтарына  

қатысты  кәсіби сөздер кездесетін мақал-мәтелдерді қолану. 

Оқытудың бастапқы кезеңінде студенттер қазақ тілінде «Ағын суда 

арамдық жоқ», «Жері байдың – елі бай» деген мақалдарды білулері мүмкін. 




Вестник ПГУ № 1, 2011

76

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

77

Яғни бұл жерде тірек сөз «су» және «жер», ал басқа белсенді қолданыстарында 

жоқ сөздер мақалдағы ұйқасқа байланысты автоматты түрде естерінде 

сақталады. Ал «су», «жер» сөздерінің көмегімен тапсырманы кәсіби 

лексикаларына қарай өрбітіп  қолданысын кеңейтуге болады. Мысалы: жемір 

су, тұрмыстық су, кермек су, тазартылған су, ыза су, бұлақ суы, биосферадағы 

су, ақаба су, шайма су т.б.; қуаңшылық жер, жер сілкінісі, мемлекеттік 

қордағы жер, қорық жері, бұзылған жер, эрозияланған жер, табиғи ұлттық 

саябақ жері т.б.  Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Жоғарыда көрсетілгендей балама мысалдарды грамматикалық дағдыларын 

қалыптастыру және дамыту үшін де құрастыруға  болады. Мақал-мәтелдерде 

қатыстық сын есім, үстеудің мағыналық түрлері, көсемше, есімше, инверсия, 

түрлі сөз таптарының бастауыш пен баяндауыш қызметін атқаратындығы жиі 

қолданылады. Сонымен қатар, морфология мен синтаксистің түрлі бөлімдерін 

оқуға байланысты қызықты мысалдар төмендегідей:

1-тапсырма.

Берілген мақалдар қазақ тілінің қандай грамматикалық тұлғаларын 

меңгергенде қызығушылық тудыра алады.

Үлгі: 1-мақалда : көсемше, 2- мақалда : бастауыш пен баяндауыш 

арасындағы сызықша. Осы үлгіде студент ары қарай көрсетіп жазу керек.

● Қаз келсе жаз келер, қарға келсе қатқақ келер. 

● Су – тілсіз жау. 

● Жемісті ағаштың басы төмен. 



2 -тапсырма

 Берілген мақалдардың ішінде  артық сөздер бар, соны тауып сызып 

тастаңыз, түпнұсқасын беріңіз.

Үлгі: Су мөлдір – тілсіз қаҺарлы жау. Артық сөз: мөлдір, қаҺарлы.

Су  – тілсіз  жау.

1. Су мөлдір – тілсіз қаҺарлы жау.

2. Алма піспеген ағаштан өте алыс көліктен түспейді.

3-тапсырма.

Мақалдың мәтінін қалпына келтіріңіз. 

Үлгі: Мұз да/жетсе/мезгіл/ерір. – Мезгіл жетсе мұз да ерір.

1. Мұз да/жетсе/мезгіл/ерір.

2. Ай жақсы/жарық/жолбасшыдан/жаман.

4 -тапсырма.

Аударылған мақалдың қатесін табыңыз. Қазақ тіліндегі баламасын 

айтыңыз.

1. Без хозяина поле круглая сирота.     

2. Готов сани летом, ближе к зиме телегу.

Тапсырманың тиімділігі :  жоғарыда берілген мақал мен мәтелдерді 

автономды лексикалық бірлік деп қарастыруға болатындықтан, оларды 

контексте тұрақты лексика және грамматикалық дағдыны қалыптастыру 

тәсілі ретінде пайдаланған ұтымды. Осы негізде сөзді контексте қолдану 

ережелері мен ерекшеліктерін талдау, т.б. тиімді жолдары ұсынылды.  

ә) Тыңдалым мен оқылым шеберліктерін дамыту және бақылау 

тапсырмасы.

Тыңдалым мен оқылым шеберліктерін дамыту мен бақылау тапсырмалары 

– сөйлесім әрекетінің рецептивті түрлері, олар ақпаратты мағыналы түрде 

қабылдауға және қайта өңдеуге бағыттайды.

Тыңдалым мен оқылым шеберліктерін дамытуға бағытталған 

мәтіндермен жұмыс  жүргізгенде бірнеше тәсілдерді қолданған жөн. Ең тиімді 

жаттығу жұмысының түрі бірмезгілде бірнеше мақалдарды және түсіндірме-

мәтінді (мақалдың мағынасын және сөйлесімде қолданылу ерекшелігін 

түсіндіреді) қолдану. Тапсырманың күрделілігі таңдап алынған мақалдардың 

мазмұндық және мағыналық жағынан ұқсастығы. Сәйкестіктер көп болса, 

дұрыс таңдау жасау қиынға соғады.



1- тапсырма.

 Мағыналары ұқсас мақалдарды біріктіріңіз. Мақалдардың бірі артық 

болуы мүмкін.

Көл толқыса – жар құлайды,             Өзен жағалағанның өзегі талмас.        

көп толқыса – хан құлайды.                        

Қайраны жоқ көлден без,                   Жердің көркі тал болар      

қайырымы жоқ елден без.                  елдің көркі мал болар.

Ормансыз жер – жалаңаш                  Шөп жаманы қоға,

армансыз ер – жалаңаш.                     құс жаманы қарға.

2 -тапсырма. 

Мағыналары қарама-қарсы мақалдарды тауып біріктіріңіз. Мақалдардың 

бірі артық болуы мүмкін.

Су басса жер азады,                               Панасы жоқ таудан без, 

қайғы басса ер азады.                            Пайдасы жоқ байдан без.

Жаман өзен сай қуалай ағады.              Туған жердей жер болмас, 

                                                                 Туған елдей ел болмас

Жер шегесі тау, дау шегесі – ант



3-тапсырма.

Төменде берілген мақалдарды оқыңыз. Олардың мағынасы және мәні 

түсіндірілген мәтінді тыңдаңыз. Мақал мен оған сәйкес келетін түсіндірме- 

мәтінді біріктіріңіз.




Вестник ПГУ № 1, 2011

78

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

79

1.Жер шежіресі – ел шежіресі.

2. Су жүрген жер –  береке, ел жүрген жер – мереке

1-_; 2-_; 3-_; 4-_; 5- _.

Үлгі : 1- В;

Б. Ежелден суды қастерлеген халқымыз оның тазалығын сақтап су 

алатын жерге кір жумаған, күл төкпеген, дәретке отырмаған. Суды өмірдің 

нәрі, ырыстың, берекенің көзі деп білген.

В.  Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, асыл қазынамыз ол – 

жер. Сондықтан халқымыз жерді елден бөлмей екеуін бір түсінік ретінде 

қабылдап, қастерлеп, аялап өткен. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін 

өлең-жырларға мақал мен мәтеліне қосып дәріптеген.   



4 -тапсырма.

а)Берілген мәтіндерді оқыңыз. 

б)Ұсынылған мақал мен мәтел, нақыл сөздердің  ішінен мәтінге тақырып  

таңдаңыз: Жері байдың – елі бай; Жердің көркі тал болар; Ағын су арам 

болмас, ит жалдап жаласа да, жақсы адам жаман болмас, жасы жетіп қарыса 

да;Сулы жер – нулы жер, бұлақты жер тұрақты жер;Күтімі жаман ағаштың 

бітімі жаман, Көкті жұлма; Жалғыз ағашты кеспе; Буаз аңды атпа; Көктем, 

көктем нұрын төккен; Ормансыз жер – жалаңаш.

Үлгі :             Көктем, көктем нұрын төккен.

Бұл мезгілде қар еріп, су тасиды. Күн жылына бастайды. Ағаштар бүр 

жарып, көк шығады. Мал төлдейді. Жұрт уызға қарқ болады. Құс келіп, ұя 

сала бастайды. Осы мезгілдің үшінші онкүндігінде «Құралай салқыны» 

деп аталатын амал келеді. Киіктер төлін яғни құралайын аяқтандырады, 

өргізеді.

***

– Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды 



арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та 

жалайды...

– Осы айтқандарыңызға дау айтам әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең 

әуелі, жайдақ суға теңедіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана 

пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа 

түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын... 

***

Су климат пен ауа райының өзгеруіне тікелей әсер етеді. Су қорына 



байланысты әрбір аймақтың климаты да өзгеріп тұрады. Балқаш көлі 

деңгейінің төмендеуі оның төңірегінде орналасқан жерлердің климаттық 

жағдайының  өзгеруіне әсер етуде. Қазіргі жағдайда көріп отырғанымыздай, 

суы кеткен жердің нұры кетеді, ол біртіндеп солып құла түзге, шөл далаға 

айналады.

***


Елімізде өсімдіктің  6 мыңнан астам түрі өседі. Оның 760-нан астам түрі 

республикамызда ғана өсетін, басқа жерде кездеспейтін өсімдіктер, 1500 түрі 

пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.

Тапсырмалардың тиімділігі: Бұндай тапсырмаларды орындау барысында 

студенттің өз бетімен іздену дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар айтылған 

ойға, басты мазмұнға көңіл аударады.

б) Айтылым және жазылым шеберліктерін дамыту тапсырмалары.

Айтылым және жазылым шеберліктерін дамыту тапсырмалары – белгілі 

бір ой пікірді, хабарды айту немесе жазу арқылы жеткізу. 

Мақал мен мәтелдерді қолдану ауызша және жазбаша шеберлікті 

дамытуда көптеген мүмкіндіктерді ашады. Тапсырмалар күрделілігі түрлі 

деңгейде болуы мүмкін. Мақалдарды түсіндіруге, түсініктеме беруге 

бағатталған тапсырмалар көпфункционалды және олар тілдік, сөйлесім 

шеберліктері мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Мақал мен мәтелдерді түрлі мәтіндермен қолданғанда жақсы 

байланысады, соның ішінде тарихи, ғылыми, кәсіби т.б.

Мақалдардың ауыспалылығы оларды түрлі жағдаяттарда және түрлі 

қатысымдық міндеттерді шешуде қолдануға мүмкіндік береді. Айтылым мен, 

жазылым шеберлігін дамыту үшін қолдануға болатын тапсырма түрлеріне 

мысал келтірейік.



1-тапсырма.

Берілген мақалдарды оқыңыз, төменде көрсетілген тәсілдердің бірін 

қолданып әрқайсын кеңейтіңіз:

●анықтауыш сөздерді қосыңыз (сын есімдер, үстеулер)

●сөйлемнің бірыңғай мүшелерін кіргізіңіз;

●мәтінге өзіңіздің түсіндірме немесе анықтауларыңызды енгізіңіз

Үлгі: Гүлсіз бұлбұл үнсіз. Сары, қызыл гүлсіз әнші бұлбыл үнсіз.   

От – тілсіз жау. Тамшыдан тама берсе дария болар. Гүлсіз бұлбұл – 

үнсіз. Қоян көлеңкесінен қорқады. Көл бұрқанса жар құлар. Жаман суға ащы 

бұта бітеді.



2 -тапсырма.

Мақалдың мәтінін басқа функционалды мәтіннің түріне ауыстырыңыз: 

газеттің аты, жарнамаға немесе ұранға т.б.

Үлгі: Жарнама: Судың да сұрауы ба! Судың төлемақысын уақытында 

төлеп, үнемдеп ұстауға тырысыңыз!

Ұран: Судың ластануына жол бермейміз! Судың сапасы, халықтың 

денсаулығы!  

Туған жердің ауасы – дерттің шипа дауасы. Жел дауылды шақырады, 

бұлт жауынды шақырады. Көктем, көктем нұрын төккен. Ормансыз жер– 

жалаңаш.  




Вестник ПГУ № 1, 2011

80

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

81

3-тапсырма.

Көрсетілген тақырыптар мен мәселелерге байланысты  мақал 

мен мәтел жазыңыз. Қиналған жағдайда мақал-мәтелдердің жинағын 

пайдалануыңызға болады

Үлгі: Тақырыбы: Ағаш.

          Мәселесі:

● Қарт адамға жастың қамқорлығы: Жас ағашқа сүйеніп қу ағаш 

   күнелтер

● Болжамдап, мөлшерлеп айта салу: Тисе терекке, тимесе бұтаққа

● Ағашты қорғауға қатысты айтылған өсиет, кеңес: Жалғыз ағашты 

кеспе!

● Баланың ата-анасына ұқсауы: Алма ағашынан алысқа түспейді.



Тақырыбы: Су.

Мәселесі:

● Су өмір, тіршілік көзі.

● Судан келетін қатер.

● Суды үнемдеуге айтылған кеңес.

Тақырыбы: Ай

Мәселесі:

● Ауа райының хабаршысы.

● Бүкіл әлемге көрсететін қызметі.

● Жол көрсетуші.



4- тапсырма.

Төмендегі мақалдарды оқыңыз. Олардың қандай жағдайда кеңес немесе 

ескерту ретінде қолданылатындығын анықтаңыз. Ойыңызды түсіндіріңіз.

Жақсы болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза болсаң судай бол, бәрін 

жуып кетірген. Жер тоймай, ел тоймайды. Су басынан бұзылады, балық басынан 

шіриді. Шөбі жоқ деп жерден түңілме, малы жоқ деп ерден түңілме. Туған жердің 

қадірін шетте жүрсең білерсің. Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, қолыңдағы 

шымшығыңнан айрылма. Көлде жүрген қоңыр қаз шөл қадірін білер ме, шөлде 

жүрген дуадақ көл қадірін білер ме. Қарғаның көзін қарға шоқымайды. 

5- тапсырма.

Кем дегенде 4-5 мақал-мәтелді қолданып төмендегі тақырыптар 

бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Тақырыптар: 1.Сенбілікке шығып Ертіс өзенінің жағасын қоқсықтан тазартып 

жүрген студенттер. 2. «Туған жер» тақырыбы бойынша мұғалім мен оқушылар 

арасындағы сұхбат. 3. Орманшы мен демалушылар арасындағы сұхбат.



6 -тапсырма.

Берілген мақалдарды қарап шығып, жағдаяттар ойлап табыңыз.

Тақырыптар: Құстың ұясын бұзба. Жалғыз ағашты кеспе. Су тілсіз жау. 

Жәндікті жәбірлеме. 

Үлгі: Сіз құстың ұясына тас лақтырып құлатуға тырысып жатқан 

балаларды көрдіңіз. Не істейсіз?



7-тапсырма.

Төменде айтылған пікірлермен келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді 

мақал-мәтелдерді қолданып жазыңыз.

Үлгі: Осыншама қардың жауғаны- ай, қандай қажеті бар осы қардың?

- Жоқ олай деме құрбым «Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал – 

елге ырыс».

1. Мен күнделікті суды үнемдеп ұстауға тырысамын. 2. Жаңбырдың 

жауғанын онша ұнатпаймын. 3. Бйыл қыс өте қатты болды, жаз қалай 

болар екен?. 4.Көктем шықты бірақ күн әлі жылымай тұр. 5. Мінезі әкесінен 

аумайды. 6. Бақтағы ағаштар дұрыс күтілмеді. 7. Далада ағып жатқан суға 

неге бетіңді жуасы.

Керекті мақалдар: Алма ағашынан алысқа түспейді; Ағын суда арамдық 

жоқ; Сәуір болмай, тәуір болмас; Қыстағы суық – жаздағы ыстық; Күтімі 

жаман ағаштың бітімі жаман; Судың да сұрауы бар; Жаңбыр жауса жердің 

ырысы. 

Тапсырмалардың тиімділігі: Мақал мазмұны бойынша ой қорытындылау 



дағдысы, сонымен қатар студенттің тілін дамытуға, қазақша сөйлеу 

дағдысын қалыптастыруға себебін тигізеді. Мәтіннің мазмұнына мән беруге 

қалыптасады.   

Қорыта айтар болсақ, мақал-мәтелдерді қазақ тілін кәсіби бағдарлы 

оқытуда сәтті қолдана білу кәсіби лексиканы меңгерумен қатар тіл 

байлықтарына әдемілік, тереңдік және көркемдік беретіні сөзсіз. Сонымен 

қатар төмендегі бірқатар маңызды ұстанымдарды қалыптастыруға негіз 

болары анық: өмірлік даналықты негізгі элемент түрінде қалыптастыру; тез 

қабылдау және ұзақ уақытқа дейін көкейінде ұстау; бірнеше ұрпақтың өмірлік 

тәжірибелерін жинақтау; біреуге кеңес және ескерту (сақтандыру) айта білу; 

халықтың даналығын негізге ала білу.  

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. - А: Экономика, 

2002.


2. Иштаева Ф.Қ., Костарева Л.Г., Набидоллина Ш.С.,  

Молдағалиева Ж.Е. Экология. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2008.

3. Қазақтың мақал-мәтелдері. Құрастырған: Смайлова А.Т. - Алматы: 

Көшпенділер, 2006.

4. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. Экология. Алматы: Рауан. 

2000.


5. Жеті қазына. Сейіт Кенжеахметұлы. I кітап. Ана тілі, 2007.


Вестник ПГУ № 1, 2011

82

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

83

Резюме

В данной статье рассматривается языковая особенность 

профессионально-ориентированного стиля методики.

Resume

This article deals with the problem professional  - business style of 

language.

УДК 378: 000.7



МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ 

ПОЛИХУДОЖЕСТВЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ   

БАКАЛАВРОВ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА 

Л.Р. Золотарева 

Карагандинский государственный университет им. Е.А. Букетова,  

г. Караганда

Революционные преобразования в Республике Казахстан глубоко 

затрагивают вопросы духовного потенциала общества, развития образования, 

науки и культуры, социокультурной сферы. «Системе высшего образования в 

современных условиях необходимо прида ние нового качества, общественного 

статуса и понимание ее как особой сферы, первоочередной задачей которой 

является опережающая подготовка высококва лифицированных специалистов, 

гибкость и адаптация, – подчеркивается в «Концепции развития образования 

Республики Казахстан до 2015 года»  [1].

Особую актуальность приобретает подготовка специалистов в области 

худо жественно-педагогического образования – бакалавров и магистров 

искусства, ко торым предстоит обучать и воспитывать средствами 

искусства подрастающее по коление в условиях современной 12-летней 

общеобразовательной школы, и тем самым обеспечить социокультурные 

преобразования в стране.

Методологической базой разработки концептуальных основ 

полихудожест венного образования   бакалавров изобразительного искусства 

явился культуроло гический подход, сопряженный с синергетическим и 

личностно-ориентирован ным. Культурологический подход понимается 

как система принципов культуро сообразного построения образовательного 

процесса, направленных на развитие модели социально-культурной личности 

– человека культуры как человека твор ческого на базе полноценного 

усвоения содержания образования как «целостного культурного текста», 

пригодного для восприятия и понимания. Синергетический подход,  как 

междисциплинарное научное исследование, ныне понимается как средство 

гуманизации образования. Современное синергетическое мышление основано 

на принципе внутреннего многообразования и нелинейной логики. Оно является 

интеллектуальным сознанием, соответствующим картине мира и стилю 

мышления в культуре постиндустриальной цивилизации. Мир, мышление, 

культура становятся сложными многомерными, самоорганизующимися 

системами. Ведущей идеей синергетической концепции является 

идея о формировании личностных структур сознания (обучающихся 

и преподавателей) как источника и механизма самоорганизующего 

педагогического творчества, способности выращивать в себе новые 

качества (Р.Г. Баранцев, В.Г. Буданов, М.С. Каган и др.). Поскольку система 

полихудожественного образования будущих бакалавров изобразительного 

искусства рассматривается как междисциплинарный проект, его обоснование 

через призму синергетики является обоснованным. 

В системе полихудожественности акцентируется личностно-ориентирован-

ный подход, который является прообразом теорий XXI века, а стало быть,  

теоре тической направляющей данного педагогического исследования. 

Среди концеп ций личностно-ориентированного подхода к образованию в 

истории философии культуры, педагогики и психологии и современной науке 

актуализируются сле дующие: «поиска истины» Сократа – метод эвристики, 

диалога как художест венного общения (В.С. Библер, С.Ю. Курганов); 

самоактуализации (А.Маслоу и др.); «педагогической свободы»  (Р. Штайнер, 

О.С. Газман); концепция куль турологического типа – понимание образования 

как культуросообразного про цесса (Е.В. Бондаревская, Л.В. Школяр и др.).  

Профессиональная подготовка учителя в настоящее время не 

может быть уз коспециальной. Преподавание мировой художественной 

культуры, художествен ной культуры Казахстана, предусматривающих 

интеграцию разных видов искус ства и художественной деятельности, 

выдвигает требование полихудожественной подготовки специалистов 

художественно-эстетического профиля, в частности, будущих бакалавров 

изобразительного искусства. 

Для целостного художественного развития личности будущего бакалавра 

важно обучение не только изобразительному искусству, а разным по своим 

сред ствам выражения искусствам, поскольку в этом смысле имеет значение 

«художе ственная включенность» всех органов чувств человека. Воздействие 

различных видов искусства вызывает гамму разнообразных переживаний, 

которые являются выражением всего нравственно-эстетического опыта. 

Воспитательно-педагогиче ская эффективность взаимосвязи и взаимодействия 

искусств усматривается в воз можностях адресовать свои импульсы к 

всевозможным граням личности обучаю щихся (к чувствам, мыслям, 



жүктеу 83,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау