Педагог мамандьіғьіна кіріспе



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет19/36
Дата29.01.2018
өлшемі2,8 Kb.
#7992
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

Мәдениетті адам ұғымы педагогикалык тұрғыдан алғанда, 
адамдардың абыройын жоғары үстау, өзін-өзі сыйлау, өз күшіне өзі сену, 
жалтақтамау, сондай-ақ басқалардың пікірін сыйлау секілді бір-бірімен 
байланысты қасиеттерді тәрбиелеуді білдіреді. Гумандық - адамгершілік 
шыңы, өйткені онда адамдарға, барлық тірі организмге махаббат, 
мейрімділік, қайрымдылық, біреудің қайғысын бөлуге, альтруистік көмек 
көрсетуге дайындығы. Мұндай қасиеттерді тәрбиелеудің педагогикалық 
аспектісі білім беру мазмүнын, оның әдістерін, бүкіл тәрбиелік жүйесін 
гумандандыру қажеттілігінде жатыр. Сонымен қатар, мәдениет адамының 
руханилылығы деп жеке түлғаның емір сырын үғынуға, әдемілікке, 
бақытқа, идеалға жаңа нәрсеге үмтылуы, шығармашылыкқа, тілдесімге 
үмтылуы қарастырьшады. Алайда мұндай болу үшін ол жалпыадамзаттык 
қүндылыққа, әлемдік, үлттық, рухани мәдениетке бағытталған, соған 
сәйкес мазмүнды болуы керек. 
Мәдениет өскелең үрпақтың алдында белгілі бір қызметтің бойына 
қатаң түрде шоғырланған өндіріс қүралы мен белгілер жүйесі түрінде 
көрінеді. Мәдениет адамын тәрбиелеуде оның белгілі бір мәдени 
кеңістікте даярлау мақсат түтылады. Білім берудің мәдениеттанымдық 
мазмүнын біз өркениет пен мәдениетті жалғастыру негізінде олардың бір-
біріне ықпалын, адамзат дамуына қосар үлес салмағын зерттей отырып, 
білім беру жүйесінің әмбебеп және ұлттық мәдени құндьшықтарды 
жеткізу функцияларын күшейтуі деп түсінеміз. Нәтижесінде: а) түлғаға 
халықтардың үлттық, этникалық өмір сүру салты мен тыныс-гіршілігінің 
алуан түрлілігіне қарамастан бүкіл адамзаттық бірлікті, түтастықты 
түйсінуге жәрдемдесетін дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, 
ақпараттық бейне жасауға, ә) мәдениаралық қатысым жағдайьшда 
этникалық, үлттық кедергіні жоюға жағдай туады. Мәдениаралық қарым-
қатынас жалпыадамзаттык тілдесім қүралы ретінде анықталады, ол 
ақпарат алмасу, басқа халықтардың мәдени қүндьшықтарын танып-білу 
және т.б. қамтиды, яғни өзара мәдениет алмасу жүреді. Мәдениет алмасу 
идеясы мәдениет тарихы, әдебиеттану (М.М.Бахтин) және эстетикада 
(М.СКаган) орын алды. 
Педагогтың жалпы мәдениеті оның квалификациясы мен кәсіби 
өсуіне бағытталады. мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік: «оқыту, 
білім беру, тәрбиелеу сияқты өте нәзік, ете жауапты, ете мәнді істі жан-
жақты білімі жоқ, эмоідаоналдық тәжірибесі аз, догаалық қана ойлайтын, 
жат қылықтарға әуес адамдарға жүктеуге бола ма?» Жоқ. 
Сонымен, педагогтың жалпы мәдениетінің мазмүны неде? Бұл -
жалпы адами басымдылықтар - пгындьгқ, махаббат, кең пейілділік, 
әдемілік, еркіндік және т.б. Мәдениетті адам деп еңбекте, танымда, 
өнерде, спортга, табиғатпен қарым-қатьшаста рухани және дене 
қажеттіліктері бар, ғылыми, саяси, көркем әдеби жағынан ажн-жақты 
56 


білімі бар, қоғамда, күнделікті өмірде өзін-өзі дұрыс ұстай алатын 
адамдарды айтады. 
Тұлғаның жалпы мәдениетінің түп-тамыры - білімділік пен 
тәрбиеліліктің гормониялық сәйкестігінде. Білімдаггігі деп отырғанымыз -
әлемнің тұтас бейнесін беретін қыры, ал, горбиелілігі - еңбекте, 
күнделікті өмірде қоршаған ортаға гумандық кезқараста болуы. 
Осы мәселе бойынша А.П.Чехов суретші інісі Николайға былай деп 
хат жазған екен: «Торбиелеігуші адам... адами тұлғаны кұрметтейді, 
сондықтан олар мәдениетті, жанапгыр, мінезі жүмсақ, көвтіш ... Болмашы 
жағдайдың өзінде-ақ өтірік айтайды». Жалған айту тыңдаушыға да, 
сөйлеушіге де абырой әпермейтінін түсіндіреді. «... Киіммен үйықтай 
салмайды, кедір-бұдыр жолмен жүрмейді, жақпайтьш ауа жүтпайды ... Ал, 
тәрбиелі болу үпгін ... күндіз-түні үздіксіз жұмыс істеу керек, мөңгі бақи 
оку ксрек, күш-жігер керек... Мүнда әрбір адам қымбатгы ...». 
Педагогиканың жалпы дамуы оның танымдық көрсеткіштерінің 
дешейлеріне байланысты: ойлау, кеңіл белу, қабылдау, еске алу, қиял. 
Көп жағдайларда кәсіби-педагогикалық іс-әрекетгің нәтижелілігі 
эмоционалды ерік күш-жігерінің, сезім байлығының дамуына, яғни, өзін-
өзі тежей алу, көңіл-күйіне қарай икемделуі, ішкі дауысына құлақ асуы. 
Эмоционалды мәдениеттілігі жоғары адамның бойында оқу-тәрбие 
жағдайында қажет болатын жан-тәні мен эмпатиясына байланысты 
арнайы зерттеулер мынаны көрсетеді: қимылдағыштық, қарым-қатьшас 
жасағыштық, өз бетінділік, оптимистілік, дидактикалық және тәрбие 
міндеттерін дұрыс шеше алуға көмегін тигізеді. Керісінше, апатия, 
тұйықтылық, өмірдегі жағымсыз нәрселерге бой ұрғыштық -
педагогикалык іс-әрекетке кәсіби дайын еместігін көрсетеді. 
Жалпы педагогтың тұлғалық дамуында маңызды орын алатыны -
оның моралдық бет-бейнесі, яғни, зұлымдық пен мейірімділік елшемдері 
негізі ретінде қоршаған ортаға адамдардың таңдаушылық қарым-
қатынасы. Мәдениет тарихы - моралдың «Алтын ережесі» адамгершілік 
деп есептейді. Ал, адамгершілікті әркім әрқалай түсіндіруте тьфысқан. 
Мысалы, КА.Гельвеции адамдарға, шьшдыққа деген махаббат десе, 
Л.Бетховен - жан ашырлық, Л.Н.Толстой - басқа адамдарға қол үпгін беру 
деп түсіндіреді. 
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту 
және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Бішм және 
ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы 
жасаған түжырымдамалардың маңызы зор. Олар: Қазақстан Республикасы 
жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр 1992); 
Қазақстан Республикасы жалпы білім берегін мектептердің білім 
мазмүныньщ түжьфымдамасы (17 ақпан 1994); Қазақстан Республикасы 
Президенті жанындағы Мемлекетгік саясат жөніндегі ұлттық кеңес 
57 


бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру 
тұжырымдамасы» (7 шілде 1994); Тәрбие тұжырымдамасы (ақпан 1993); 
Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы (1997); 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1999), Қазақстан 
Республикасының «Білім беруді ұйымдастырудағы тәрбие берудің» 
кешенді бағдарламасы (2000); Қазақстан Республикасының 2015 жылға 
дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасы (15 желтоқсан 2004); 
«Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру" және 
"Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі педагог дайьгадау түжырымдамаларының" (18 тамыз 2005) 
т.б. 
Осылардың бәрін жүзеге асыратын мүғалім, оқытушы, тәрбиеші. 
Мүғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері 
әрдайым оқып-үйренуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір 
гәжірибесін саналы, мақсаткерлікпен меңгеруге талпынады. 
1928 жылы 9 акпанда Сәбит Мұқанов «Еңбекші қазақ» газетінде 
«Тәрбие туралы» мақаласында ауыл мүғаліміне үндеу жазған: «Мүғалім 
деген атақ - қасиетті. Елдің надандығымен алысатьш адам - мүғалім» 
деген. 
300 жыл бүрын өмір сүрген ғылыми педагогиканың негізін салушы 
славяндық ұлы педагог Я.А.Коменский: «Мүғалімдерге ең тамаша міндет 
жүктелген, Күн астьшда одан жоғары тұрған епшәрсе жоқ» деп жазды. 
Орыс педагогы К.Д.Угшшский: <<Мұғалім ісі сырттай қарапайым 
болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірЬ> деп, ұстаз мәртебесін жоғары 
көтерген. 
Спандияр Көбеев «Кейбір педагогикалық мәселелер туралы» 
мақаласында: «Оқушылардьщ бүкіл болашағы окьпушьшардың қольшда. 
Ол өсіп азамат болғанда, жақсы әсер, үлгілі тәрбие берген оқытушысына 
1000-да бір алғыс айтады. Сондықтан 7 жасар балаларды тәрбиелейтін 
оқытушы езіне жүктелген әрі ауыр, әрі жауапты, өрі құрметгі міндетін 
тереңірек түсінуімен бірге ардақтап, ақтай білуі керек» дей келе, 
мүғалімнің қоғамда алатын орнының зор екендігін айтады. 
Мүғалім мамандығы - біздің қоғамымызда ең кең тараған 
мамандықтардың бірі. Мүғалім болашаққа үмтылған адам. Қоғам 
мүғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім баланың білімін, 
икемділігін, өдетін, мұратын және өмірлік мақсатьш қальштастырады. 
Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: «...егер кебіс 
тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды - бар 
болғаны адамдар біршама нашар киінер, ал, егер ұстаз өз міндетін нашар 
орындаса, онда надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді». 
Д.В Луначарскийдің пікірі де осы оймен үндеседі: «... егер алтын ісінің 
шебері алтынды бүлдірсе, онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы 
58 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау