Мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру



Pdf просмотр
Дата24.01.2018
өлшемі50 Kb.
#7920


МИГРАНТ ОТБАСЫЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК 

ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  

психология кафедрасының оқытушысы Досмурзаева Д.О 

 

 



Кеңес  Одағы  құлдырағаннан  кейін  халықтың  көші-қон  мобилділігі  өсті.  1989 

жылдан  бастап  көші-қон  қозғалысында  «боқындар  және  мәжбүрлі  қоныстанушылар» 

категориясы  бөлініп  байқала  бастады.  Халықтың  көші-қоні  (латын  сөзінен  migratio  - 

өтемін,  қоныстанамын  деген  мағынаны  білдіреді)  –ереже  бойынша  бұл  мекен  жайымен 

байланысты адамдарды ауыстыру болып табылады. Көші-қонның келесідей түрлері бар: 

- типі бойынша: сыртқы (елден тыс), ішкі (елдің ішінде): аймақаралық, ауылдық-қалалық 

(мысалы, оқуға байланысты немесе жұмыссына байланысты тұрғылықты жерінен тыс); 



- себебі бойынша: ерікті, мәжбүрлі (экологиялық апат аймақтарынан, әскери әрекеттерден 

және т.б. ауысуы); 



- түрі бойынша: қайтарымды (толық мекен-жайы ауыстыру), уақытша және мерзімдік [1]. 

Көші-қонның  нәтижесінде  балалар  ауыр  жағдайға  тап  болады.  Көптеген 

мигранттар  қаржылық  сәтсіздікке,  өмір  сүруге  қаражаттың  болмауы,  жәнеде  терең 

психологиялық  стресс  жағдайына  түседі,  бұл  стрестік  жағдай  тек  оларға  ғана  емес,  

сонымен  қатар  ол  жанама  және  тікелей  қоғамның  адамгершіліктік-психологиялық 

атмосферасына  да  әсерін  тигізеді.  Мекен  жайды  ауыстырудың  нәтижесінде  мигрант 

отбасылардың  балалары  көптеген  қиындықтармен  кездеседі.  Мекен  жайды  ауыстырумен 

байланысты  өмірлік  маңызды  мәселелерді    шешуге  талпынған  көптген  ата-аналар,  бала 

кешіп  жатқан  психикалық  жарақаттарға  аса  мән  бермейді.  Қоныстанушылардың 

психологиялық  жағдайының  сипаттық  белгілерінің  бір  категориясы  «жоғалту»  деп 

аталады.  Бұл  жағдайда  балалар  өздерінінң  тұрғын-үйлерінен,  жеке  затттарынан, 

достарынан, тіпті кейде жақын туысқандарынан айырылады. Осы аталғандардың барлығы 

психикалық  күйзелістерге  әкеледі.  Әсіресе  ұлтаралық  шиеленістер  мен  әскери 

аймақтардан ата-аналарсыз қоныстап келген балалар ерекше ауыр жағдайға түседі. Кейбір 

балалар  тұрғын-үйлерден  айырылып,  панасыз  кейде  қаңғыбастар  категориясына  жатады. 

Жақын  адамдардан  айырылудың  нәтижесінде  бұл  балалар  өмір  сүруге  қаражатты  жеке 

өзбеттерімен, кейде заңсыз тәсілдермен (зорлық-зомбылық, тонау, ұрлау және т.б.) табуға 

мәжбүр.  Келесі  айта  кететін  мәселе  баланың  білім  беру  мекемелеріне  баруымен 

байланысты  психологиялық  сәт.  Бұл  балалардың  өзін-өзін  анықтауына  әсерін  тигізеді. 

Мысалы тілді және мәдениетті білмеу және т.б. [2]. 

 

Қазіргі  таңда  мигрант  отбасылардың  балаларын  құқықтық,  экономикалық  және 



әлеуметтік  қорғау  мемлкеттік  басқару  органдары  үшін  аса  өткір  және  маңызды  саяси 

мәселе  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  халықты  әлеуметтік  қорғау  органдыры 

мигранттармен жан-жақты жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік қызметкер көмек сұрауға келген 

адамға  оның  жеке  әлеуметтік,  экономикалық,  құқықтық  және  т.б.  мәселелерін  шешуге 

көмектеседі,  қажетті  әлеуметтік  байланыстарды  қалыптастыруға  және  бекітуде  әрекет 

етеді. 


 

Әлеуметтік  жұмыста  мигранттармен  жұмыстың  екі  негзгі  асепктісі  бар  – 



практикалық әлеуметтік жұмыс (әлеуметтік көмекті қажет ететін нақты адаммен немесе 

топ адамдарымен) және ұйымдастырушылық жұмыс (әлеуметтік қызметкердің жұмысын 

ұйымдастыру және  құрастыру, нақты бағдарламаларды, шаралардың  жоспарларын өңдеу 

және т.б.) [4]. 

 

Мигранттармен  практикалық  әлеуметтік  жұмыс  келесі  негізгі  бағыттарда 



жүргізіледі: 

1. Әлеуметтік бағыт (жұмыс  түрлі ведомстволар контекстінде жүзеге асырылады)  оған: 

кеңес беру, стационарлы және стационарлы емес жағдайдағы әлеуметтік оңалту бойынша 

шаралар;  әлеуметтік  көмекті  ерекше  қажет  ететін  адамдарды  анықтау;  әлеуметтік 



диагностика; жәрдемақы және  зейнетақы алуға көмектесу; өзара  көмектесу және  өзін-өзі 

көмектесу  топтарын  ұйымдастыруға  әрекеттесу;  мигранттардың  ішінен  асоциалды 

отбасыларды  және  девиантты  мінез-құлқы  бар  адамдарды  анықтау  жәнеде  девиантты 

мінез  құлықты  алдын-алу;  мигранттардың  ішінен  мүгедек  және  қарттардың  мәдени-бос 

уақыт жұмыстарын ұйымдастыру; панасыздықты (жатақхана алуға, уақытша тұрғын-үйді 

немесе  жеке  тұрғын-үйді  алуға  көмектесу)  және  балалар  қаңғыбастығын  алдын-алу; 

мигранттарға  мүліктерін  қайтарып  беруге  және  оларға  өтемақыны  алуға  әрекет  ету; 

мигранттарға көмектесу мәселелері бойынша айналысатын түрлі мемлекеттік мекелермен 

және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету. 

2. Ақпараттық бағыт (бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жүргізіледі): 

әлеуметтік  қызмет  көрсету  іс-әрекеттері  туралы  мигранттарды  ақпараттандыру; 

мигранттар туралы ақпарат жинау және оны жүйелеу, мигранттармен тұрақты әлеуметтік 

байланыстарды  орнату  мақсатында  мигранттарды  және  көші-қон  мәселелерін 

қоғамдастыққа  дейін  жеткізу,  көші-қон  мәселелерін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

ағарту. 


3. Құқықтық бағыт (сот және құқық қорғау органдары контекстінде  жүзеге асырылатын 

жұмыс): мигранттардың құқықтарын қорғау;  мигранттарға олардың құқықтық  міндеттері 

туралы ақпарат беру; құқықтық кеңес беру. 

4.  Медициналық-әлеуметтік  бағыт  (денсаулық  сақтау  қызметттері  контекстінде  жүзеге 

асырылатын  жұмыс):  медициналық-әлеуметтік  кеңес  беру;  дәрігерлікке  дейінгі  

медициналық  көмек  көрсету;  медициналық  сақтандыру  полисін  алуға  көмектесу; 

әлеуметтік-психиатриялық  диагностика  және  көмек;  дәрі-дәрмек  және  т.б.  медициналық 

құралдарыды  алуға  көмектесу;  емдеуге  қаржыны  бөлуге;  мамандырылған  медициналық 

мекемелерге бағыттау; мигранттардың тұрғын-үй санитарлық жағдайын бағалау. 



5.  Психологиялық  бағыт  (денсаулық  сақтау  және  білім  беру  органдары  контекстінде 

жүзеге  асырылатын  жұмыс):  психологиялық  кеңес  беру;  әлеуметтік  бейімделудегі 

психологиялық  түзету  және  көмек  көрсету;  посттравмалық  стрестің  жағдайында  және 

өткір  кризистік  жағдайындағы  психологиялық  көмек;  ата-аналарды  аутотренингетрге 

және  психологиялық  өзін-өзі  реттеуге  оқыту;  бала  және  жасөспірімдердің  дамуының 

психологиялық диагностикасы. 



6.  Әлеуметтік-педагогикалық  бағыт  (блім  беру,  денсаулық  сақтау  және  құқық  қорғау 

органдырмен бірлесіп жүзеге асырылатын жұмыс) бала  тәрбиесі және отбасы мәселелері 

бойынша  кеңестерді  жүргізу;  бала  және  жасөспірімдермен  әлеуметтік-педагогикалық 

жұмыс;  қажет  ететін  балалар  мен  жасөспірімдерге  мамандырылған  (коррекциялық) 

әлеуметтік-педагогикалық  көмек;    оқуында  проблемалары  бар  балалар  мен 

жасөспірімдерге  әлеуметтік-педагогикалық  көмек;  мигранттардың  ішінен  жасөспірімдер 

мен  жастарға  кәсіби  білім  алуға    әрекет  ету  және  кәсіби  кеңесберу;  девиантты  мінез-

құлықты  алдын  алу;    балалар  мен  жасөспірімдерге  бос  уақыттарын  ұйымдастыру 

шараларын жүргізу. 

7. Материалдық   және қаржылық бағыт материалдық  қаржылық  көмекті ұсыну  (ссуда, 

тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары және т.б.). 



8. Экономикалық бағыт  экономикалық мәселелер бойынша кеңес беру. 

9. Еңбектік бағыт (жұмыспен қамту қызметтерімен бірлесіп жұзеге асырылатын жұмыс): 

жұмысқа  орналасуға  көмектесу;  еңбек  мәселесі  бойынша  кеңес  беру;  жұмыспен  қамту 

және кәсіби бағдар; кәсіби даярлау және қайта даярлауға көмектесу. 

 

Мигранттармен  әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық аспектісі  келесі негізгі 



міндеттерді шешеді: 

-  көші-қон  мәселелерімен  айналысатын  халықаралық  және  отандық  ұйымдармен, 

мекемелермен, қызметтертермен, ғылыми мекемелермен байланыс орнату; 

-  мигранттар  және  көші-қон  мәселелерін  шешуге  бағытталған  түрлі  ведомствалар  және 

мекемелермен, мемлекеттік және жергілікті құрылымдармен, Қазақстан Республикасының 

қоғамдық ұйымдары және қорларымен және олардың субъектілері арасында әрекет ету; 




- мигранттарды әлеуметтік қорғау жүйесіне үкіметтік емес сектордың ролін күшейту;  

-  нақты  аймақта  қолданылатын  мигранттарға  әлеуметтік  көмек  көрсету  мекемелерінің 

қызмететуінің оптималды әлеуметтік стандарттарын өңдеу; 

- мигранттарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің түрлі формаларын ұйымдастыру (оңалту 

орталықтары,  дағдарыс  орталықтары,  инертант-үйлер,  кеңес  беру  пунктері,  көмек  беру 

пунктері және т.б.); 

-  мигранттармен  жұмыс  істейтін  мамандарды  дайындау  жіне  біліктілігін  жоғарлату 

(әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар және т.б.); 

- көші-қон мәселелері бойынша түрлі жоспардағы зерттеулер жүргізу. 

 

Әлеуметтік  қызметкер  мигрант  отбасылардың  ауыр  жағдайда  тұрғанын,  яғни 



барлық  мәселелерін  ескеру  қажет.  Сондықтан  мигрант  отбасылардың  балаларымен 

әлеуметтік  жұмыс  барысында  отбасының  үлкен  адамдарының  келесідей  негативті 

стереотиптерін алдын-алу қажет: [3] 

-  көптеген  жақын  адамдардың  баланы  оның  мәселелерімен  психологтың,  әлеуметтік 

қызметкердің немесе психотерапевтің әрдайым қамқорлығына алуды; 

-  оңалтудың  әдістері  мен  тәсілдерін  қолданудың  комплексті  қажеттілігін  түсінуден  бас 

тарту; 

- позитивті және жаңа негативті белгілердің бірлігінен баланы эмоционалды қабылдаудан 



бас тарту. 

 

Осы  аталғанның  барлығы  ескере  отырып,  мигрант  баланың  –  ата-аналарымен 



әлеуметтік  жұмыстың  маңыздылығы  туралы  айтқан  жөн.  Ата-анамен  жұмыс  жүргізуде 

келесідей әдістерді қолдануға болады [4]. 

1.  Отбасын  және  отбасында  баланы  тәрбиелеу  процесін  зерттеу.  Оның  мақсаты  –  бала 

туралы  қайта  бағыттағы  ақпараттарды  жинау,  тексеру  және  гипотезаларын  айқындау. 

Алынған ақпараттарды баланың әлеуметтік картасына енгізу. 

2. Баланың психикалық денсаулығындағы ауытқу себептерін талқылау және түсіндіру. 

3. Терапияның барысында болашақ ынтымақтастық туралы келісімді қорытындылау және 

психолого-педагогикалық әрекет ету сипаты туралы мәселені шешу. 

4. Ата-аналар үшін мамандармен бірлесіп ұсыныстарды өңдеу. Оған келесідей ұсыныстар 

болуы мүмкін: 

-  тиімді  әдістерді  қолданудың  көмегімен  балалармен  қарым-қатынасқа  түсу  тәсілдерін 

оқыту (ойынтерапиясы, изотерапия, музыкатерапия, библиотерапия); 

- өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларын игеру; 

- баланың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістерін бекітуде іскерліктерді өңдеу. 

5. Жұмыстың нәтижелерін бірлесіп бағалау және болашақта ұсыныстар беру. 

 

Ата-анамен жұмыс жүргізуде әлеуметтік қызметкер жұмыстың индивидуалды және 



топтық  формаларын  қолданады.  Индивидуалды  формаға  –  индивидуалды  кеңес  беруді 

жүргізу,  баланы  тәрбиелеудің  ерекшеліктерін  және  әр  отбасының  ерекше  мәселелерін 

зерттеу жатады. 

 

Топтық  жұмыстың  формалары  ата-аналарды  олардың  балаларын  тәрбиелеу 



ерекшеліктерімен таныстыру мақстаныда ата-аналық дәрістерді құру қолдануды ұсынады. 

Ата-аналарға  арналған  дәрістер  келесідей  тақырыптарға  арналуы  мүмкін:  «Босқындар 

жағдайындағы  блалардың  тәрбиесіндегі  ата-ананың  рөлі»,  «Қиын  баланы  тәрбиелеу», 

«Балалардың  психикалық  бұзылыстары  және  мінез-құлқындағы  ауытқулар  мәжбүрлі 

миграцияның  нәтижесі  ретінде»,  «Психикалық  бұзылыстар  және  мінез-құлқындағы 

ауытқуларды  алдын-алу».  Топтық  жұмыстың  қосымша  позитивті  нәтижесінің 

формаларына  тиімді  терапевтік  әдістерде  жатады  (ойынтерапиясы,  изотерапия, 

музыкатерапия,  библиотерапия).  Сонымен  қатар  дәстүрлі  әдістердің  жұмыстарын 

қолдануға  болады  –  бала  мен  ата-аналар  үшін  бірлескен  ұжымдық  шығармашылық 

жұмыстар: отбасы күндерін, конкурстарды, викториналарды, шығармашылық көрмелерді, 

жарыстарды ұйымдастыру. 



 

Мигрант отбасыларға және олардың балаларына әлеуметтік көмектің тармақталған 

жүйесіндегі  әлеуметтік  қызметкердің  рөлі  бір  жағынан,  оқу-тәрбие  мекемелері  мен 

әлеуметтік  қызметтердің  және  бір  жағынан,  мұғалім,  тәрбиеші  мен  ата-аналардың 

арасындағы делдалдықпен ұштасып жүреді. 

 

 



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Большой  энциклопедический  словарь.  2-изд,  доп,  и  перераб./  Гл.ред.А.П.Горкин.М., 

1998.С.727. 

2.  Поддубная  Т.Н.  Социальная  работа  с  детьми  семей  беженцев  и  вынужденных 

переселенцев  в  условиях  Республики  Адыгея/  Т.Н.Поддубная.-Майкоп:Изд-во  МГТИ, 

2003.С.3-4. 

3.  ВострокнутовН.В.,  Денисова  И.Н.,  Романова  А.А.  Комплексная  реабилитация  детей  с 

проблемами  развития  и  поведения,  пострадавших  при  межнациональных  (военных) 

конфликтах:  Метод.  рекомендации  для  соц.  педагогов,  воспитателей,  психологов,  соц. 

работников детства. М., 1997. С.53-54. 

4.  Поддубная  Т.Н.,  Поддубный  А.О.  Управление  системой  социальной  защиты  детства. - 

Ростов-надону:Феникс, 2005.С.307-321. 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау