Интернет қызметі провайдері (ISP)
Интернетке қосылмас бұрын ISP есептік жазбасын ұйымдастыру қажет. Жергілікті Интернет
қызметі провайдеріне Интернет қызметі мен модемді сатып алуға хабарласыңыз. Интернет
қызметі провайдері модемді орнатуға, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желілік кабельді
өткізуге жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ:
Интернет қызметі провайдері Интернетке кіруге пайдаланушының коды мен құпия
сөзін береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Мына мүмкіндіктер жаңа Интернет есептік жазбасын орнатуға немесе компьютерді бұрыннан
бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп теңшеуге көмектеседі:
●
Internet Services & Offers (Интернет қызметтері мен ұсыныстары) (кейбір орындарда
қолданылады) - Осы қызметтік бағдарлама жаңа Интернет есептік жазбасын жасауға жəне
компьютерді бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп теңшеуге көмектеседі. Бұл
утилитаны пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)>
Интернет-службы(Интернет қызметтері)>> Выход в Интернет (Интернетке кіру)
тармақтарын таңдаңыз.
●
ISP ұсынатын белгішелер (кейбір орындарда қолданылады)—Бұл белгішелер
Windows жүйесінің жұмыс үстелінде бір-бірден немесе Интернет службы (Интернет
қызметтері) атты жұмыс үстеліндегі қалтада топта орналасуы мүмкін. Жаңа Интернет
есептік жазбасын жасау жəне компьютерді бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп
теңшеу үшін белгішені екі рет нұқыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері—Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
◦
Интернет қызметі провайдері тіркеген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет қызметі провайдері шебердегі
тізімнен таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет қызметі провайдерлерінің тізімі
барлық аймақтарда көрсетілмеуі мүмкін).
◦
Тізімде жоқ Интернет қызметі провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған
Интернет қызметі провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP
параметрлері сияқты қажетті ақпарат берген жағдайда.
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шеберіне жəне шеберді пайдалану нұсқауларына
кіру үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдап,
одан кейін Поиск (Іздеу) жолағында Мастер подключения к Интернету (Интернетке
қосылу шебері) деген сөздерді теріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
24
Бап 4 Желіге қосылу
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер төмендегі сымсыз құрылғылардың бірімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін Справочное руководство ноутбука НР (НР ноутбугы үшін анықтамалық
нұсқаулықтан), анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне
берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1.
Компьютерді қосыңыз.
2.
WLAN құрылғысының қосылғанын тексеріңіз.
3.
Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі
белгішесін нұқыңыз.
4.
Қажет желіні таңдаңыз.
5.
Подключение (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6.
Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажет жабдық:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет қызметі провайдерінен
сатып алынған жылдамдығы жоғары Интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағышы (бөлек сатылады) (2)
●
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ:
Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет қызметі
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Бұл желі құрылғыларының саны ұлғая түскенде, Интернетке кіретін қосымша сымсыз жəне
сымды компьютерлерді желіге қосуға болады.
Сымсыз желіге қосылу
25
Сымсыз жол жоспарлағышының параметрлерін реттеу
Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе
Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз.
Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар. Windows
жүйесінің құралдарын желіні орнатуға пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Панель управления
(Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) > Центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы)
> Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылыс немесе желіні орнату)
> Настройка новой сети (Жаңа
желіні орнату) пəрмендерін таңдаңыз. Одан кейін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Жаңа сымсыз компьютеріңізді жол жоспарлағышына онымен қамтамасыз етілген
желілік кабель арқылы бастапқыда қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан
кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN желісін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
WLAN желісін қорғау туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугы шін аны тамалы
н с аулы ты қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу
27