57
д) аяқталмаған күрделі құрылыс;
Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінгі
қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.
Инвестициялар – кəсіпорынның табысты активтеріне «бағалы қағаздар, акция, облигация), жарғылық
қорына жəне басқа кəсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) инвестициялары, өзге
кəсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі. Мұнда мынадай баптар ашылады:
а) еншілес серіктестіктерге берілген инветициялар;
ə) тəуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;
б) ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнына ерекшеленеді.
2 бөлім. Ағымдағы активтер.
Өңдеу жəне сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы – материалдық қорлар (шикізат қалдығы,негізгі жəне
көмекші материалдар,отын,сатып алынатын жартылай фабрикаттар,қосалқы бөлшектер)
Алдағы кезең шығындары- есепті күннен бастап,бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.
Ақша қаражаттары. Пайдалануына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде
алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары- мерзімі бір жылға дейін;
Дебиторлық бережақ- есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.Мұнда мынадай баптар
ашылады:
-
аванстық төлемдер;
-
алуға арналған шоттар мен вексельдер;
-
еншілес серіктестіктердің дебиторлық бережағы;
-
лауазымды тұлғалардың дебиторлық бережағы ;
-
өзге де дебиторлық бережақ;
Сомасы 1 жыл ішінде алынбаса, дебиторлық бережақ ағымдағы активтерге толық қосылады.
3 бөлім. Меншікті капитал мен резервтер.
Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат
ашылып көрсетіледі.
Жарғылық капитал- кəсіпорынның құрылтай құжаттарына сəйкес оның меншік иелерінің
салымдары есебінен құралған жарғылық қор.
Өзге меншікті капитал:
-
номинал құнынан артық төленген капитал;
-
негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы;
Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кəсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы
көрсетіледі.
Бөлінбеген кіріс. (жабылмаған зиян)
4 бөлім.Шығарылған капитал;
5 бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер; Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың
ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып, көрсетілуге тиісті:
а)қамтамасыз етілген несиелер;
ə)қамтамасыз етілмеген несиелер;
б)еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;
в)төлемі кейінге қалдырылған несиелер;
Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мезгілін өтеудің тəртібін жəне шартта
көзделген басқа талаптарды көрсету керек.
6 бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті
міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің
бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуға тиіс:
- қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;
- салықтар бойынша бережақ;
- төлеуге арналған дивидендтер;
- еншілес серіктестіктерге бережақ;
- акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына бережақ;
- өзге кредиторлоқ бережақ;
Төлеуге есептелген шығындар- болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Алдағы кезеңдердің табыстары- бұл бапта есепті жылы алынған (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.
Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді
міндеттемелердің
ағымдық
бөлігі
ағымдағылардан
алынып
тасталады.
Мұндай
жағдайларда
міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашылып көрсетіледі.
Осылайша бухгалтерлік есепте баланс құрылып, соған сəйкес толтырылып отырады. Бухгалтерлік
баланс кесте түрінде келесідей болады:
58
Бухгалтерлік есеп принциптері пəні бойынша глоссарий
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
1
2
3
Актив
Актив
Asset
Активті рынок
Активный рынок
Active market
Жоспар активтері
Активы плана
Plan assets
Сегмент активтері
Активы сегмента
Segment assets
Амортизация
Амортизация
Depreciation
Жалға беру
Аренда
Iease
Қауымдасқан компания
Ассоциированная компания
Associate
Баланстық құн
Балансовая стоимость
Carruint
Банк
Банк
Bank
Бухгалтерлік пайда
Бухгалтерская прибыль
Accounting
Валюта бағамы
Валютный курс
Exchande rate
Валюталық тəуекел
Валютный риск
Currencu risk
Актив түрі
Вид активов
Clacc of assets
Варрант
Варрант
Warrant
Орны толтырылатын сумма
Возмещаемая сумма
Recoverable amount
Сатудың мүмкін болатын таза
бағасы
Возможная чистая цена продаж
Net realisable value
Уақытша айырмашылық
Временная разница
Temporery difference
Түсім
Выручка
Revenue
Топ
Группа
Group
Гудвилл
Гудвилл
Goodwill
Ақша баламасы
Денежные эквиваленты
Cash eguivalents
Девиденттер
Дивиденды
Dividends
Дисконттелген құн
Дисконтированная стоимость
Present vaiue
Шарт
Договор
Contract
Табыс
Доход
Income
Жылжымайтын мүлікке
инвестиция
Инвестиции в едвижимость
Investment property
Шетел валютасы
Иностранная валюта
Foreign currency
Курстық айырмашылық
Курсовая разница
Exchange difference
Жойылу құны
Ликвидационная стоимость
Residual vaiue
ЛИФО
ЛИФО
LIFO last - in-first-out
Есептеу əдісі
Метод начисления
Accrual basis of accounting
Бейтараптық
Нейтральность
Neutrality
Нетто-есеп айырысу
Нетто-расчет
Settle net
Айналым активі
Оборотный актив
Current asset
Міндеттеме
Обязательство
Obligation
Операциялық аренда
Операционная аренда
Operating lease
Опцион
Опцион
Option
Негізгі құралдар
Основные средства
Property.plant and equipment
Теріс гудвилл
Отрицательный гудвилл
Negative goodwill
Төлем қабілеті
Платежеспособность
Solvency
Мойындау
Признание
Recognition
Сатып алу
Приобретение
Acquisition
Пропорционалдық біріктіру
Пропорциональное сведение
Proportionate consolidation
Проценттік тəуекел
Процентный риск
Interest rate risk
Шығыстар
Расходы
Expenses
Қызмет нəтиежелері
Результаты деятельности
Performancte
Қайта құрылымдау
Реконструкция
Restructuring
Нарық тəуекелі
Рыночный риск
Market risk
Қосалқы заттар құны
Себестоимость запасов
Costs of inventories
Бірлескен қызмет
Совместная деятельность
Joint venture
Өтеу құны
Стоимость погошения
Settlement value
Кіріске қатысты жəрдем ақы
Субсидии относяшиеся к доходу
Grants related to income
Ағымдағы салықтар
Текущие нологи
Current tax
Есеп саясаты
Учетная поитика
Accounting policies