1-1.- бөлім. Банкпен қызмет көрсетудің, операция жүргізудің, іс-əрекеттерді атқарудың
міндетті шарттары
1-1.1. Клиент (кез келген өзге субъект) Банкке өтініш жасаған жағдайда, Банкпен банктік
жəне(немесе) өзге қызметтерді көрсету / операцияларды жүргізу / іс-əрекеттерді орындау
үшін [соның ішінде, клиенттің банктік жəне(немесе) өзге қызметтерді алуға (ұсыну
барысында) / операцияларды жүргізуге / іс-əрекеттерді орындауға өтінімін қарау үшін;
клиент пен Банк арасында кез келген мəміле жасағанда / кез келген операцияны жүргізгенде
/ кез келген іс-əрекеттерді орындағанда (жасау / жүргізу / орындау мүмкіндігін
қарастырғанда); Банктің субъект өкілдерімен жəне сондай мəміле / операция жасауға қатысы
бар үшінші тұлғалармен – соның ішінде, сенімді тұлғалармен, заңды өкілдермен,
кепілгерлермен, кепілдік берушілермен, кепіл берушілермен, (қосымша) қарыз
алушылармен, сақтандырушылармен жəне т.б. мəміле жасағанда / кез келген операцияны
жүргізгенде / кез келген іс-əрекеттерді орындағанда (жасау / жүргізу / орындау мүмкіндігін
қарастырғанда); Банкке кез келген өтініш, тапсырма, бұйрық, тапсырыс, талап жəне т.б.
ұсынғанда] клиенттің [клиент пен Банк арасында жасалған (жасалуы ықтимал) кез келген
мəмілені / операцияны жасауға жəне(немесе) орындауға қатысы бар жəне(немесе) қатысы
бар болуы мүмкін тұлғалардың, кез келген өзге субъектілердің]
Банкке дербес деректерді
жинақтауға жəне өңдеуге келісімін ұсыну міндетті талап болып табылады.
1-1.2. Банк дербес деректерді жинақтауға жəне өңдеуге келісіміне алдын ала (немесе іскерлік
қатынастарды қолдау барысында) сұрау жасайды, бұл ретте клиент (клиент пен Банк
арасында жасалған (жасалуы ықтимал) кез келген мəмілені / операцияны жасауға
жəне(немесе) орындауға қатысы бар жəне(немесе) қатысы бар болуы мүмкін тұлғалар, кез
келген өзге субъектілер) өз келісімін береді.
1-1.3. Дербес деректерді жинақтауға жəне өңдеуге келісіміне Банкпен сұрау жасалады жəне
Қазақстан Республикасының дербес деректері туралы заңының талаптарына сəйкес,
«Казкоммерцбанк» АҚ Дербес деректерді жинау жəне өңдеу тəртібімен белгіленген тəртіпте
жəне мерзімде əр субъектімен ұсынылуы тиіс.
1-1.4. Банкке келісім келесі түрде ұсынылуы мүмкін:
(1) субъектінің өзінің қолы қойылып бекітілген қағаз жүзінде;
(2) субъектінің электрондық сандық қолымен бекітілген электрондық форматта;
(3) Homebank.kz қаржы порталы арқылы (Банкпен шығарылған төлем карточкаларының
иелері үшін) [мұндай жағдайда келісім клиенттің тиісті түймешені басуы арқылы, Банктің
қаржы порталында орналастырылған клиенттің жеке парағындағы келісім форматында
белгіленген көлемі мен мақсатында, сəйкестендіргіш пен парольді пайдаланып ұсынылады.
Банктің қаржы порталына кіру үшін клиент пайдаланатын сəйкестендіргіш пен пароль
клиентті сəйкестендіруін жəне келісімнің түпнұсқалығын – клиенттің Банкке сондай
құжаттың толтырылуының жəне тапсырылуының дұрыстығы мен шындығын растауын
қамтамасыз етеді];
(4) клиенттердің (өзге субъектілердің) Банкпен тиісті операциялар бойынша құжаттарда
(өтініштер, кассалық құжаттар, түбіртектер, сауалдамалар жəне т.б.) стандарттық түрде
қалыптастырылатын жəне қабылданатын мəтіндерді жеке басының қол қоюы арқылы, ол
бойынша клиент (өзге субъект) «Казкоммерцбанк» АҚ Дербес деректерді жинау жəне өңдеу
тəртібімен белгіленген шарттарына сəйкес, Банктің
www.kkb.kz
. сайтында орналастырылған
келісім форматында (жария құжат) белгіленген көлемі мен мақсатында Банкке дербес
деректерді жинақтауға жəне өңдеуге өз келісімін беретінін растайды.
(5) «Казкоммерцбанк» АҚ Дербес деректерді жинау жəне өңдеу тəртібімен белгіленген өзге
тəртіпте.
2-бөлім. Банктік шоттарды ашудың жəне жүргізудің, депозиттерді қабылдаудың жалпы
шарттары
6.
Банк келесі банктік шоттарды ашады жəне жүргізеді:
• банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың
корреспонденциялық шоттарын;
• заңды жəне жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын (соның ішінде операциялары төлем
карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатындары);
• заңды жəне жеке тұлғалардың жинақ шоттарын (салымдарын);
7.
Заңды жəне жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу жəне жүргізу Банкпен бекітілген
шарттардың үлгі нысандары негізінде жүзеге асырылады.
Шот ашу барысында Банк клиенттен ҚР заңнамасымен жəне Банктің ішкі нормативтік
құжаттарымен қарастырылған құжаттар топтамасын талап етеді.