Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет24/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99

50 
 
орталығынан  ең  алыс  орналасқан  болып  есептелінеді.  Бұл  ұжымшардың  негізгі 
шаруашылығының  басым  түрі  –  мал  шаруашылығы.  Ал  «Киров  атындағы»  ұжымшарда 
басты  шарушылық  -  жер  шарушылығы  болды,  негізгі  егістік  суармалы  еді.  «Жданов 
атындағы»  ұжымшар  –  аудандағы  ең  алдыңғы  озат  шаруашылық  және  ол  аудан 
орталығында  орналасқан,  ұлттық  құрамы  ала-құла,  орыс  тұрғындары  басымырақ.  Міне, 
сондықтан  бұл  ұжымшардағы  экспедиция  жұмысы  нәтижесінде  әр  түрлі  мәселелер 
бойынша толық мәлімет жиналды. 
Осы  экспедицияның  этнографиялық  мәліметтері  Кеңес  Одағының  Ғылым 
Академиясы  этнография  институтының  органы  –  «Советская  этнография»  журналының 
беттерінде  кӛп  ұзамай  жарияланған  болатын.  Ұжымшардағы  шаруалар  тұрмысы  мен 
мәдениетін  кешенді  зерттеу  бағдарламасына  сәйкес  жинақталды.  Мәліметтер  негізінен 
ұжымшаршылармен  әңгімелесу  барысында  жиналып,  қағазға  түсірілді.  Бұл  мәліметтің 
дұрыстығын  тексеру  үшін  басқалардан  алынған  мәліметтермен  салыстырылды. 
Ұжымшаршылармен  болған  әңгімелер  жеке  объектілердің  суретімен  (қоғамдық, 
шаруашылық,  жеке  үйлері)  толықтырылды.  Сонымен  қатар  үй  тұрмысына  қажетті 
заттардың  кӛшірмесі,  үйдің  жобалық  сызбасы,  ұлттық  киім  үлгілерінің  суреті  түсірілді. 
Жинақталған  мәліметтер  аталған  аудандардағы  экономикалық  және  шаруашылық 
мәселелерді  ашуға,  материалдық  және  рухани  мәдениет,  жергілікті  тұрғындардың 
қоғамдық  және  отбасы  тұрмысын  зерттеуге  бағытталды.  Аталған  экспедиция  ӛзінің 
алдына  қойған  міндеттерін  орындай  отырып,  қазақтың  ұжымшарды  ауылындағы 
ӛзгерістерді  сипаттап  қана  қоймай,  оған  баға  беріп,  болашақ  ұрпаққа  берері  мол 
мағлұматтар жинаған еді. Жазба мәліметтермен қатар суреттер де салынды атап айтқанда, 
шаруашылық  және  материалдық  мәдениет  бойынша  -  160,  отбасы  тұрмысы  мен  рухани 
мәдениетіне қатысты – 130, барлығы 200-дей сурет салынды [24]. 
Осы  экспедициядан  кейін  де  Н.Сәбитов  сол  облыстардың  еңбекшілерімен  хат 
алмасып,  олардың  ӛмірлерінде  болып  жатқан  ӛзгерістерді  бақылап  отырған.  Солардың 
бірі  ретінде  мына  бір  хаттарға  шолу  жасап  кетсек,  1954  ж.  «Победа»  ұжымшарының 
ақыны  Ӛмірбек  Қабыловқа,  «Красный  Октябрь»  ұжымшарының  шопандары  Нәби 
Сейсембаев  пен  Қойлыбай  Малтасовқа  хат  жазып  қазіргі  кездегі  еңбектегі  жетістіктері 
қандай  екендігін  сұрастырып  отырған.  Ӛ.Қабылов  ӛзінің  «а удандық  мәдени  ағарту 
бӛлімінің  үгітші  ақыны  екенін,  жаңаша  әріп  танымайтындығын,  ӛзінің  арабша,  яғни 
жәдидше  ғана  оқитындығын»  айтып  біраз  қиындықтарға  ұшырайтынын  атап  ӛтеді. 
Н.Сәбитовке  «ӛзі  туралы  кӛп  сұрастырғанына  рахметін»  айта  отырып,  ӛзінің  ӛлең 
жолдарын жолдап, қатесі болса жӛндеп, пікірін жолдауын ӛтініпті  [25]. 
Ал,  жоғарыда  аталған  екі  шопан  ӛздерінің  еңбектегі  жетістіктерінің  барлығын 
Н.Сәбитовтың  білетіндігін  айта  отырып,  қазіргі  кезде  Н.Сейсембаев  мемлекетке  1533  кг  
жүн ӛткізгенін,  келесі жылға  да жаңа міндеткерліктер алғанын, аудан атынан ат мінгенін 
т.б. мәліметтерді қуанышпен жеткізіпті [26]. 
Бұл  экспедицияның  жинаған  материалдары  «Этнографическая  экспедиция  в 
Меркенский  район  Джамбулской  области»  деген  мақала  рет інде  жазылып,  «Советская 
этнография» журналында 1953 ж. жарық кӛрді. 
1950 ж. басында қазақ этнографтары кӛп кӛңіл аударатын бір тақырып – «Культура и 
быт  казахского  колхозного  аула»  деген  мәселе.  Осы  тақырып  бойынша  жұмыстарды 
басқарған  Н.Сәбитов  болды.  Экспедицияларда  жинақталған  мағлұматтар  бойынша 
монографиялық  еңбекті  баспаға  дайындау  кӛзделді.  Онда  ұжымшардағы  қазақтардың 
материалдық және рухани ӛмірі, отбасы тұрмысы мен қоғамдық қатынастары кӛрсетілмек 
болатын.  Монография  Алматы  және  Жамбыл  облыстары  бойынша  жинақталған 
мәліметтерді  қамтиды.  Монографияның  қолжазбасы  сол  жылдың  (1954  ж.)  ортасына 
таман  кӛлемі  8-10  баспа  табақ  болып  шығуға  тиісті  болды.  Оның  авторлары  Н.Сәбитов 
және И.В. Захарова [27]. 
Н.Сәбитовтың  жеке  мұрағаттық  қорында  осы  әлі  толық  жарияланбаған 
монографияның  «Шаруашылық  тұрмыс»  және  «Материалдық  мәдениет»  бӛлімдерін 


51 
 
жазған  И.В.  Захарованың  қолжазба  еңбектеріне  берген  пікірі  сақталған.  Онда 
Н.Сәбитовтың  әрбір  беттерге,  параграфтарға,  бӛлімдерге  жасаған  ескертпелері  мен 
ұсыныстары  кӛрсетілген.  Осыған  қарап  отырып,  Н.Сәбитовтың  аталған  мәселені  жетік 
білгендігін,  этнограф  маман  ретіндегі  дәрежесінің  жоғары  болғандығының  бір  кӛрінісін 
кӛруге  болады.  Аталған  монографиялық  еңбек  жарық  кӛргенде,  Қазақстан 
этнографиясына  қосылған  зор  үлес  болар  еді.  Бірақ,  ғалым  қайтыс  болғаннан  кейін  осы 
еңбектің  Н.Сәбитов  дайындаған  тараулары  Тарих,  археология  және  этнография 
институтының «Еңбектерінде» (1956, 3 т.) «Общественная жизнь и семейный быт казахов-
колхозников» атты үлкен мақала ретінде жарық кӛрген. 
Н.Сәбитовтың  алдына  қойған  мақсаттары  кӛп  еді.  Солардың  бірі  Институттың 
жоспарында  кӛрсетілген  «Социализм  дәуірі  кезіндегі  СССР  халықтарының  тұрмысы  мен 
мәдениеті» деген мәселе бойынша зерттеу жүргізу болатын. Тақырыпты орындаушылар  – 
филология ғылымының кандидаты Н.Сәбитов (жетекші), тарих ғылымының кандидаттары 
И.В.  Захарова,  Ғ.Уәлиханов  тағайындалып,  ол  1954  ж.  қаңтарынан  1955  ж.  қазанына 
дейінгі уақытты қамтиды [28]. 
Тақырыптың негізгі  мақсаты  социализмнің  негізгі  экономикалық  заңдылықтарының 
қызметін  кӛрсету,  яғни  ауыл  еңбекшілерінің  тұрмысындағы  түбірлі  қайта  құру  мен 
мәдени жетістіктердің  қорытындыларын шығару.  Негізгі міндет  - жыл бойында (1954 ж.) 
мағлұматтар жинап, оларды жүйеге келтіріп, бір этнографиялық экспедиция ұйымдастыру 
болатын.  Осы  тақырып  бойынша  Н.Сәбитов  монографиялық  еңбектің  қолжазбасын 
дайындайды.  Ол  «Қазақ  ауылындағы  социалистік  ӛзгерістер  (этнографиялық  очерк)»  – 
деп аталып, кӛлемі 112 б. құрады (6 б.т.).  
1954  ж.  18  қазанында  жазған  мазмұндамасында  Н.Сәбитов  қарастырылатын 
мәселелерге шолу жасаған. Монография мынадай тараулардан тұрады:   
1-ші  тарау:  «Қоғамдық  қатынастардағы  түбірлі  ӛзгерістер»  деп  аталды.  Онда 
қарастырылған мәселелер: кӛне және жаңа ауылдағы қоғамдық қатынастардағы ӛзгерістер, 
қазіргі  ауыл адамдары, олардың тұрмыс тіршілігі, еңбекке деген социалистік кӛзқарастар, 
патриотизм және халықтар достығы; 
2-ші  тарау:  «Отбасылық  тұрмыстағы  түбірлі  ӛзгерістер»  деп  аталады.  Мұндағы 
кӛтерілген  мәселелер:  кӛне  және  жаңа  отбасы,  ондағы  әйелдердің  жағдайы,  қазіргі 
замандағы  неке  және  оның  түрлері,  баланың  дүниеге  келуі  және  оны  тәрбиелеу, 
отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар,  феодалдық-байлық,  діни қалдықтар, мейрамдар 
мен демалыстық ойын-сауықтар және т.б. ; 
3-ші тарау:  «Социалистік мәдениеттің ӛсуі мен дамуы». Ондағы мәселелер: бұрынғы 
замандағы  қазақ  мәдениетінің  жалпы  жағдайы,  мәдениеттегі  түпкілікті  ӛзгерістер, 
ауылдағы  мәдениеттің  одан  әрі  дамуы,  қазіргі  ауылдағы  мектептердің  кең  қанат  жаюы, 
сауаттылықтың  ӛсуі  мен  әдебиеттердің  таралуы,  мәдени-ағарту  мекемелерінің  жұмысы, 
«қызыл  үй»  және  оның  жұмысы,  ауылдағы  кӛркем  ӛнерпаздар,  халық  ауыз  әдебиетінің 
жетістіктері, дене шынықтыру және спорт, радио мен киноның дамуы. 
Бұл монография орыс тілінде жазылған және жалпы оқырман  қауымға арналған деп 
ғалымның ӛз қолымен жазылған аннотациясы сақталыпты [29]. Н.Сәбитовтың осы аталған 
монографиясына  Н.Т.  Сауранбаев  1954  ж.  25  желтоқсанда  қысқаша  пікір  берген.  Онда 
академик бұл тарихи-этнографиялық очерктік монографияның жетістіктеріне тоқтала келе  
былай дейді: «Ценность такого рода очерка определяется двумя главными моментами. Во-
первых, популярностью общего содержания, во-вторых, он построен на основе реальных 
фактов, которые более что-либо характеризуют процесс, происходящий в общественной и 
культурной  жизни  современного  казахского  аула.  Факты  взяти  из  жизни  населения 
определенных районов, сельсоветов, колхозов. Они не оставляют ни малейшего сомнения 
в реальности описуемых процессов» - деп, оны тезірек  баспаға  беру  керек екендігін атап 
кеткен  [30].  Қолжазба  түрінде  дайындалып,  пікірлері  жазылып  баспаға  дайындалған  бұл 
монография кейінірек жарыққа шықты. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау