32
ӘОЖ 589.45
ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА, ЕРЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
Сейтжанов Д.С., Тҧрсынбеков Д.Д., Алтаев Н.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Патриотизм ұғымы әр жылдардағы саясат пен идеологияға байланысты түрлі мән-
мағынаға ие болды. Мәселен, Кеңестік кезеңіңде «советтік патриотизм» деген ұғым елеулі
рӛл атқарды. Бұл ұғым туралы кӛптеген ғылыми еңбектер жарияланып, ӛте кӛп
тұжырымдар жасалған. Мысалы, патриотизмнің тәрбиелік мүмкіндіктері туралы кӛптеген
құнды идеяларды революционер-демократтар да (В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбов және т.б.), орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский де, кӛрнекті
мемлекет қайраткерлері (М.И.Калинин, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский) мен педагогтар
да (А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский) ұсынады. Олардың пайымдауынша, патриотизм
тәрбиенің маңызды міндеті ғана емес, оның қуатты педагогикалық құралы болып
табылады, ӛйткені адам жеткіншек жаста ӛзін таниды, ӛзінің қадір-қасиетін орнықтырады,
патриоттық сезімдер мен моральдық ерік-жігер қасиеттері күйзеліс, толғаныс арқылы
тәрбиеленеді.
Егер, Кеңес Одағы құрамында болған халықтардың саяси тарихына назар салсақ, әрі
оған объективті баға беруге ұмтылсақ, «советтік патриотизмнің» саяси-әлеуметтік санат
(категория) ретінде, ұғым ретінде адамдардың санасынан, психологиялық күйінен ӛз
орнын алғанын әсте жоққа шығаруға болмайды. Кеңестік ресми саясаттың мақсаты – жеке
адам бойындағы ұлттық патриотизмді емес, коммунистік догмаларға негізделген
жалпыодақтық, жалпыкеңестік патриотизмді тәрбиелеу болды. Коммунистік идеология
«советтік патриотизмді» ортақ, біртұтас адамдардың жаңа әлеуметтік қауымы – Кеңес
халқын қалыптастыруда негізгі құралы етуге тырысты. Негізгі табиғаты жасампаздық пен
жақсылыққа бағытталған патриотизм ұғымы кеңестік қоғам жағдайында Компартия
идеологиясының құрбанына айналды. Барлық халықтарды, еңбекшілерді біріктіретін
«советтік патриотизм» ұраны негізінде жекелеген ұлттар мен ұлыстардың ұлттық
мұдделері мен мақсаттары аяқ асты етілді. Мысалға, кезінде қазақ ұлтының табиғи
мақсат-мүддесін айшықтайтын шығармаларға «советтік патриотизмге» зиянды,
ұлтшылдық рухтағы шығармалар деген айып тағылды. Бұл ретте Ә.Әлімжановтың,
О.Сүлейменовтің, Б.Нұржекеевтің және т.б. кітаптарына тағылған айыптарды еске алса да
жеткілікті. Мұндай жағдайда «советтік патриотизм» кеңестік кұрылыстың рухани
тірегінің бірі, кӛп ұлтты мемлекеттегі топтастырушы идея болғаны белгілі. Бүкіл кеңестік
саяси жүйенің, саяси сананың дағдарысқа ұшырауы оның құрамдас бӛлшегі болып
табылатын «советтік патриотизм» идеясын да дағдарысқа ұшыратпай қоймады. Сӛйтіп,
советтік патриотизм ӛзінің игілікті, жасампаздық, біріктірушілік қабілеттерінен айрыла
бастады. Ӛйткені кеңес халықтарының келешегі енді ортақ кеңестік тағдырға емес, әр
ұлттың жеке тағдырына, жауапкершілігіне байланысты болатын тарихи-әлеуметгік
жағдай қалыптасты. Дегенмен жаңа тарихи-әлеуметтік жағдайда патриотизм ұғымы
жоғалып кетті деуге болмайды.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егеменді ел ретінде жаңа даму жолына түсуі
қоғамның
жалпыадамзаттық
құндылыққа
бағдарланған
жаңа
идеологиясын
қалыптастыруды қажет етеді. Бұған патриотизмді де жатқызуға болады.
Патриотизм – жаңа түсінік емес, ол – қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи
және таптық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады.
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық ӛмірдің саяси құрылымына және басқа да
компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір
жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: бірі бұл ұғымды ӛз отбасы, істеп
жүрген жұмысы, туып-ӛскен және мекен ететін жерімен астастырса, ал екіншісі үшін бұл
33
мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым. Отан
мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің кӛрініс беруі және Отанға
адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік және мәдени
жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи ӛткеніне және одан қалған мұраларға,
дәстүрлерге құрметпен қарау; ӛз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отаннын гүлденуіне
арнауға ұмтылу.
Патриотизмнің мәні туралы сӛз еткенде, патриотизм идеялары бағзы замандардан-ақ
қалыптасқанын және бұл прогресшіл идеяларды игерудің патриоттық тәрбиеде маңызды
мәні бар екенін атап ӛткен жӛн. Патриотизм идеясының (идеялар мен құндылықтар жүйесі
ретіндегі патриотизм идеологиясының) дамуы, ең алдымен, Аристотель, Платон, Цицерон,
әл-Фараби, Ж.Баласағұн секілді ежелгі ойшылдардың есімімен байланысты. Олар
патриоттық сана-сезімдегі басты мәселе Отанға деген кӛзқарас, ӛйткені Отан ең алдымен
саяси ортаны, кұқықтық қатынастармен байланысты адамдардың бірігуін және мемлекетті
қамтиды, деп есептеді. Ойшылдардың бұл тұжырымдамалық идеялары ӛздерінің
кӛкейкестілігін ешқашан да жоғалтқан емес. Ӛйткені патриотизм «Отан» ұғымымен тығыз
байланысты, ол Отанға деген сұйіспеншілікті, берілгендікті, оның мүдделері жолына
қызмет етуді білдіреді. Патриоттық сана-сезім Отан атрибуттарының санада
бейнеленуінің нәтижесі ретінде қалыптасады. Отан жеке адам, адамдар топтары, тұтас
алғанда халық үшін олардың қажетсінулері мен мүдделері тұрғысынан қоғамдық
тұрмыстың елеулі мәні бар әлементтерін қамтиды.
Патриоттық сана-сезім – Отанға деген қарым-қатынаспен байланысты идеялар мен
кӛзқарастардың күрделі басқарылатын жүйесі, индивидтердің, әлеуметтік топтардың,
ұлттық қоғамдастықтардың Отанды дамыту мен қорғауға бағытталған сезімі мен кӛңіл-
күйі. Отансүйгіштік сана халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-
жігерін тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондықтан елдегі тәлім-тәрбие идеологиясы
мен ақпарат жүйесі халықтың бойында ӛзін республиканың тӛл азаматы ретінде
сезінетіндей кӛңіл-күй қалыптатастыруы тиіс. Отаншылдық, елжандылық туған отбасына,
туып-ескен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Демек,
отансүйгіштіктің қайнар кӛзі адамгершілік қасиеттері болмақ. Отансүйгіштіктің іргетасы
– ұлтжандылық. Ӛз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана
отаншыл болады. Отансүйгіштікті рухани кұбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен, биліктің
басқаруымен енгізу мүмкін емес. Тәрбиеге қатысы бар барлық білім беру жүйесіндегі
мекемелер мақсатты, әрі нәтижелі жұмыс істегенде ғана отансүйгіштік қасиет санаға сіңеді.
Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға мынадай факторлар әсер етеді: ұлттық сезім,
ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет.
Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» деген еңбегінде аталған қасиеттерге жан-жақты
сипаттама беріледі. Солардың ішінде автор әсіресе ұлттық парыз ұғымына аса мән береді.
Оның пайымдауынша, ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан
елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне ӛте сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарау.
Парыз сезімі қиындықтан қаймықпай, қарсы келген дұшпанмен тайсалмай шайқасып, Отан
үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге даяр болу сезімінен туады, нәтижесінде бұл
тікелей ерлік істерге итермелейді, «Ерлік, Б.Момышұлының сӛзімен айтқанда, табиғат
сыйы емес, ең алдымен, ӛзіңнің ар-намысыңды және азаматтық абыройыңды ұятқа қалу,
опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін, азаматтық
парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікте ӛзіңмен сайысқа түсе отырып,
тұтас ұжым ӛмірінің игілігін ғана емес, қауіп-қатерін де бӛлісіп, жауды барынша жою,
жанға – жан, қанға – қан деп аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және
отандастарынды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу».
Ерлікті бұлай түсіну оның патриотизммен байланысты сипатын айқындауға
мүмкіндік береді. Осы түсінікке сәйкес ерлік жеке адамның жоғары патриоттық сана-
сезіміне, патриоттық сенімдеріне, Отанға қызмет етудегі жоғары патриоттық қажеттілігіне
сай келетін мінез-құлық әдісі болып табылады. Адамның ерлігі ӛзінің бұрын иеленген ең
Достарыңызбен бөлісу: |