Оқу-əдістемелік кешен 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығына арналған мемлекеттік стандарт жəне Қр бжҒМ 28. 09



жүктеу 5,17 Kb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата18.12.2017
өлшемі5,17 Kb.
#4695
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

Предметі:  оқушылардың  қағазбен  жұмыс  орындауға  материал  түрлерімен 
таныстыра, олардың білімін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың қағазбен жұмыс орындау 
сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнын 
қарастыру; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқытудың  мазмұнына  тиімді 
құралдарды  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспар жобасының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың  дидактикалық  материалдарын  (құралдарын)  жасау  жəне 
дайындау; 
-  орындалған сабақ жоспарының жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептегі  еңбекке  баулу  пəнінің 
мемлекеттік  міндетті  білім  беру  стандарты,  1    сыныпқа  арналған  еңбекке 
баулу  пəнінің  оқу  бағдарламасы,  күнтізбелік  жоспар,  оқу  құралдары,  оқу  - 
əдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер: технологиялық карта; сызба 
құралдары;    құралдар,  материал:  қағаз,  картон,  желім  жəне  т.б.;  қажетті 
техникалық аспаптар. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
1  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1(2)  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес  білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген 
уақыт  мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге 
болады.  Тақырыптың  оқу  материалы  арқылы  сабақтың  дидактикалық, 
дамытушылық 
жəне 
тəрбиелік 
мақсаттары 
айқындалынады. 
Осы 
мақсаттарды  жүзеге  асыру  жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін 
теориялық  негіздей  отырып,  сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы, 
əдістері  жəне  құралдары  іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан 
кейін 
сабақтың 
құрылымын 
қарастыруға 
кіріседі. 
Тақырыптың 
мазмұнындағы  оқу  материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін, 
тереңдігін,  аумақтылығы  жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау, 
толықтыру,  жүйелеу  жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушыға  игерілетін 
оқу  материалының    элементтерін  анықтап  жүйелейді.  Оқушының 
белсенділігі  мен  танымдық,  психикалық  жəне  физиологиялық  қасиеттерінің  
дамуына  ықпал  көрсететін,  оның  теориялық  білімін  меңгертуге  арналған   
дидактикалық  тапсырмалар  дайындалады.  Оқушының  теориялық  білімін 
нығайтатын  практикалық  жұмыстың  объекті  үлгісі  жасалынып,  оның 


көрнекіліктегі  тиімді  технологиялық  процессі    белгіленеді.  Бұл  объектіні 
оқушы практикалық сабақта  жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның 
қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен 
қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  білімін  бақылау  формасы  мен  əдістерін 
анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін 
сабақ  жоспарының  құрылымын  толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі. 
Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі,  нақты,  анық  жəне  кең  ашылып 
орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ  құрылымындағы  кезеңдердің  уақытысы 
белгіленеді.  
 
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  түрін,  формаларын,  құралдарын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың 
мақсатына сəйкес таңдауға мүмкіндігі бар; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесстерін 
дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдарының, іс - 
əрекеттердің дидактикалық принциптерге қайшы келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
       в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма № 1. 
 
Тақырып: Қағаздар мен картондардың түрлері(1 сағат). 
 
Целлюлоза – қағаз өнеркəсібінде шығарылатын бірнеше түрлі картон мен 
қағаздардың  ішінен  мектепте  тек  кейбір  түрлері  ғана  қолданады.  Қағаздың 
қасиетін жақсы білу үшін, оның түрлерімен таныс болу керек. 
1.  Жазуға арналған(дəптер,пошта, блокнот). 
2.  Суретке жəне сызуға арналған(ватман, калька,милиметрлік қағаз). 


3.  Баспа қағаздары(газет, жұрнал, түс қағаз). 
4.  Орауға арналған(металлды, май өткізбейтін, парафинді). 
5.  Боялған(маймаңкелі, жиылған, бархат, шегрен). 
6.  Көшірме қағаз. 
7.  Сорғыш қағаз. 
8.  Арнайы  қағаз(зімпара,  фотографиялық,  медициналық,  жарық 
өткізбейтін). 
Картон  –  қалың  жəне  тығыз  қағаз,  1  кв.м.  250  гр.  Салмағы  бар.  Картон 
қағазға  қарағанда  өзінің  беріктігі  мен  қалыңдығына  қарай  түрлі  жағдайда 
өңделеді. 
Олар төмендегі жағдайлармен ерекшелінеді. 
1.  Дайындық тəсілі бойынша: 
-  бір қабатты, 
-  көп қабатты,  
-  парақты, 
2.  сыртқы түрі бойынша: 
-  ағартылған, жылтыр, 
-  бұдырлы,  
-  гофирленген(жиылған), 
3.  Қажеттілігі бойынша: 
-  қораптар үшін, 
-  полиграфиялық, 
-  электроизоляциялық, 
-  техникалық, 
-  аяқ киімдік, 
-  құрылыста пайдалану үшін. 
 
Тапсырма №2. 
 
Тақырып: Жазық бетті бір көлемді бұйым пішінін жасау(1 сағат). 
 
(Қағазды бүгу арқылы тышқан бейнесін жасау). 
 
Тік  бұрышты  қағазды  алып  ұзын  бойымен  өз  ара  бірдей  етіп  төрт 
бөлігін  белгілейміз.  Белгілеген  сызықтарды  бүгіп  іргелес  жатқан  екі  үйдің 
шатыры  сияқты  көлемді  бейне  алынады.  Екі  шет  жағын  көлбеулеп  сыртқа 
қарай  бүгеміз.  Қағаздың  пішіні  трапеция  тəрізді  болады.  Пайда  болған 
дененің бір жағына тышқанның құлағын шығару үшін бүгілген бөлікті ішке 
қарай  қайырып бүгеміз.  Қара  түсті  қағазбен  тышқанның  көзі  мен  құйрығын 
жасаймыз. 
 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Сабақ жоспары дегеніміз не? 
2.  Сабақ жоспарының қызметі қандай? 


жүктеу 5,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау