Қосымша 3.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент университеті
«Математика және информатика» кафедрасы
Өтебаева Ш.К.
5В010900 - «Математика» мамандығының студенттеріне арналған
біртұтас
Практика бағдарламасы
Шымкент, 2016ж.
1
5В010900 – Математика мамандығының студенттеріне арналған біртұтас практика
бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 8 бет.
Ұсынылған практика бағдарламасы 5В010900 – Математика мамандығының
студенттеріне практикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін қажетті оқу-әдістемелік құрал
болып табылады.
Рецензенттер:
Нысанов Е., М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, ф.м.ғ.к.
Тлеубердиев Б., Шымкент университеті, ф.-м..ғ.к., доцент
Практика бағдарламасы Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып
құпталды
2
Алғы сөз
1. Практика бойынша жалпы ережелер
1.1 Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.
Оқу практикасының мақсаты болып теориялық курстан алынған материалды іс-
тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту болып саналады.
Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:
- теориялық материаладарды практика жүзінде жұмыс жасауға дағдыланады;
- жаңа әдістемелеремен танысады;
- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;
- зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын
меңгереді;
- зертханалық жұмыстардағы техника қауіпсіздігін сақтау ережелерінің маңызыды
шара екенін меңгереді;
- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орында
және тиімді пайдалануды меңгереді;
- практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге
үйренеді;
- зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
1.2 Оқу практикасының өткізілуне қойылатын талаптар
Оқу практикалары пән бойынша практика жетекшісінің басшылағымен
жүргізіледі. Практика алдында студенттерге практикалық сабақтың мақсаты мен
міндеттері, сабақтың жүру ерекшеліктері, практикадан алынатын соңғы нәтиже мен оның
маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға қажетті әдістемелік
материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сабақтың соңында
студент практикалық тапсырманы орындағаны туралы мәлімет өткізеді. Практика
жетекшісі тпапсырманы қабылдап алады. Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады.
Педагогикалық практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі болып
саналады. Педагогикалық практика кезінде студенттер барлық математикалық пәндерден
алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады.
Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы іс-тәжірибе болып саналады. Педагогикалық
практика 4 курста өткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 10 апта бойында мұғалім
қызметін атқарады. Мектеп бағдарламасна сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие
және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау, бағалау және қадағалау бойынша машықтанады.
5В010900 – Математика мамандығының студенттері университетте оқу кезінде, оқу
жоспарына сәйкес, оқу және педагогикалық практика түрлерінен өтеді. Сөйтіп, әр
теориялық курстан кейін практикалық курс өткізіледі. Оқу практикалары базалық
пәндерден бастап кәсіби пәндерді де қамтиды. Оқу практикалары әр курс сайын өтілетін
математикалық пәндер бойынша жүргізіледі.
Оқу практикасы 2 және 3 курста өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты
базалық және кәсіби пәндер бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибелер арқылы
нақтылау саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу практикасы
жүргізіледі:
1. Педагогикалық практиканың міндеттері
Бұл міндеттер төмендегіше:
а) Студенттер оқу орнында алған теориялық білімін тереңдетіп, бекітуге арналады да, оны
оқытушылар мен оқу-тәрбие процесінде іске асыруға бағытталады;
ә) Нәтижесінде оқытушылар мен жүргізілетін оқу тәрбие процесін көңіл қойып байқап,
дұрыс талдауға жетіледі;
в) Оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне қарай оқу-тәрбие
процесін жүргізі ісіне бейімделеді және үйренеді;
3
г) Сынып жетекшісінің міндетін атқаруға сондай-ақ, оқушылар ұжымы және жеке
балалармен тәрбие жұмысын жүргізіге бағыт алады, үйренеді;
д) Нәтижесінде студенттердің педагогикалық кәсіптік мамандыққа деген сүйіспеншілігі
артады немесе шындалып бекиді, арнаулы қалыптасады;
е) Оқушылардың тәрбиелеу жіне білім бері жөніндегі міндеттерді шешу мүмкіншілігіне ие
болады;
ж) Өздерінің педагогикалық қабілеттілігін жетілдіру үшін күш-жігерін салады;
з) Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау ісіне көңіл қоюға дағдаланады,
бейімделеді.
2. Педагогикалық практика кезіндегі студенттердің міндеті
1. Студент педагогикалық практиканың бағдарламасында көрсетілген оқу-тәрбие
жұыстарын бұлжытпай орындау үшін ат салысады.
2. Әрбір өткізетін сабаққа және сыныптан тыс жүргізілетін түрлі тәрбиелік шарға ол
ұқыпты да мұқият дайындалу тиіс.
3. Оқушылар үшін студент-жаттығушы адамгершіліктің жағымды жоғары қасиеттерін
(жинақтылық, тәртіптілік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік) қабылданған адам болып
көрінуі хақ.
4. Студент мектептің ішкі тәртіп ережелеріне бағынады, әкімшілік ұйымдары мен
кеңесін мүлтіксіз орындайды.
5. Егер студент педагогикалық практика кезінде өзіне қойылған талаптарды
орындамайтын болса, жаттығу ісіне шеттеледі.
6. Мұндай жағдайда кездескен немесе педагогикалық практиканы
қанағаттанарлықсыз деп танылған студент кейіннен факультет (университет)
кеңесінің рұқсаты бойынша оқудан қол үзбей жаттығуын қайта өткізетін болады.
7. Педагогикалық практика кезінде осы мектепте жұмыс атқарып жүрген
студенттердің беруй топ басқарушысы (старостасы) болып тағайындалады.
8. Топ басқарушысының міндеті: студенттердің мектепке келу есебін жүргізеді,
мектепте өткізілетін кеңес немесе жиналыс туралы хабарлама жасайды,
әдіскерлердің тапсырмаларын орындауға жұмылдырады т.б.
3. Студенттердің педагогикалық практикасы туралы құжаты, есебі және бағасы
Студенттердің педагогикалық практикасы туралы осы жұмыс барлық құжаттардың
негізі болып саналады: Ол белгілі бір практикадан өткеннен кейін Университет
директорына тапсырылады да, есеп бергеннен кейін қайтадан студентке қайтарылады.
Тек, соңғы IV-курста педагогикалық практиканы аяқтағаннан кейін студенттің жеке іс-
қағазына тігіліп, оқу орнына қалады. Атап айтқанда, бұл кітапшада:
А) Мектепте өз бетімен өткізген сабақтары мен тәрбие шаралары туралы кесте
берілген онда әр бір сабақтың немесе тәрбие шарасының өткізілген күні мен сағаты,
орташа ұпайы және бағасы көрсетіледі онда қатысушы оқушылардың қолы бар;
Ә) Әр біржаттығудан соң мектептн мінездеме алынады.
4. Аға әдіскерінің міндеті.
а) педагогикалық практика бойынша алдына ала нұсқаулы, содан кейін
корытындылайтын коференцияларды ұйымдастырады және өткізеді. Мектеп
әкімшілігінде мәселе бойынша өтетін алғашқы және қорытындылау кеңестеріне
қатынасады;
ә) Студент-практиканттарды сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне бекіту ісіне
қатынасады студенттердің жеке жұмыс жоспарын бекітеді, оның орындалуын
бақылайды, студенттердің өткізген сабақтары мен тәрбиелік шараларына талдау ісін
ұйымдастырады;
4
б) Математика туралы студенттердің тапсырған құжаттарын өз тексеруінен өткізеді,
оған қатынасқан кафедра мүшелері мен мектеп мұғалімдерінің басын қосып әрбір
студентке дифференциялдық баға қоюда қамтамасыз етеді;
в) Практика қатынасушы мұғалімдермен нұсқау-әдістемелік жұмыстар жүргізіледі;
г) Студенттердің педагогикалық практика туралы жазбаша есебін дайындайды.
5. Мамандық бойынша оқытушы -әдіскердің міндеті.
А) Студенттердің өз ара мамандық бойынша сабағына сыныптан тыс пән бойынша
жүргізілетін үйірме жұмыстарына еніп, оларға талдау жасап, бағыт береді;
Ә) Мұғаліммен бірлесе отырып, студенттерге пән бойынша жүргізілетін сабақ пен
сыныптан тыс жұмыстардың тақырыбын анықтап , бөліп беруді қамтамасыз етеді;
Б) Студенттердің пән бойынша түрлі типтес сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың
тақырыбын анықтап, бөліп беруді қамтамасыз етеді;
В) Мектеп мұғалімдеріне студенттермен жұмыс жүргізу туралы ғылыми-әдістемелік
жәрдемін көрсетеді;
Г) Аға әдіскер практиканттар қорытындысы туралы мәліметтер тапсырады.
6. Мектеп әкімшілігінің міндеті
А) Студенттердің педагогикалық практика жұмысының ойдағыдай өтуіне қажетті жағдай
жасайды, ол үшін алдын ала мұғалім және оқушылар арасында жұмыстар жүргізіледі;
Ә) Практикаға келген студенттерді жеке өзі қабылдап, мектеппен таныстырады: оқу-
тәрбие жұмысы, мұғалім кадрларының құрамы, мектеп құжаттары, оның оқу-материалдық
базасы, кабинеттері, шеберханалары, қарамағындағы жеке оқу-тәжірибелік жері, оның
өінімі мен бірлестіктер және ата-аналар комитеті;
Б) Аға әдіскерлер мен бірлесе отырып, студенттерді мамандақтарына сәйкес мектеп
мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне бөліп, бекіту туралы бұйрық шығарады; Ол
мектеп мұғалімдеріне студенттердің педагогикалық практикаға қатысқаны үшін қосымша
еңбек ақы төлеуге қажетті құжат болып саналады. Оның данасы мектепте қалады, 1данасы
топ жетекшісіне тапсырылады;
В) Өзінің қалауынша студенттердің өткізілетін сабақтары мен тәрбиелік шараларына еніп,
олардың нәтижесін талқылауға қатынасады;
7. Мамандық бойынша мектеп мұғалімінің міндеті:
а) Өзіне бекітілген студенттерді жұмыс жоспарымен таныстырады, сонымен қатар
олардың қатысуымен пән бойынша ашық сабақ және сыныптан тыс жұмыстар өткізеді;
ә) топ әдіскерімен бірге студентке пән бойынша сабақпен сыныптан тыс жұмысты
жүргізетін жұмыстың тақырыптарын бөліп береді.
б) пән бойынша сабақпен сыныптан тыс жұмысты жүргізу жөніндегі дайындығына кеңес
береді, ол туралы жазған мәтінін және жоспарын қарап танысады, сөәтіп, оларды өткізуге
келісім береді;
в) Студенттердің пән бойынша сабағы мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын талқылау
және бағалау ісіне қатысады;
г) студенттерді тікелей оқытушылары мен түрлі жұмыстар жүргізуге таратады: үйірме
жұмысы, қосымша сабақ, көрнекі құралдар дайындау, олардың күнделігі мен дәптерін
тексеру, түрлі саяхаттар өткізу т.б.
д) мектеп әкімшіліг жанында студенттерін педагогикалық жаттығуы туралы өткізілетін
кеңеске, сондай-ақ орнындағы қорытынды конференцияға қатынасады, ой-пікірмен
бөліседі.
8. Сынып жетекшісінің міндеті.
Студенттердің алдын-ала таныстыру жұмысын жүргізеді:
5
а) сынып оқушылары, олардың құрамы, үлгерімі, сабаққа қатынасуы, тәртібі, оған қойған
алдағы міндеттері туралы өзінің жасаған жоспары, сонымен қатар оқушылар мен ашық
тәрбие шараларын жүргізіп, практикант жұмысына бағыт береді.
Педагогикалық практика біткен кезде студенттің практика туралы өткізетін құжаттар
тізімі.
1. Практиканың жеке жоспары.
2. Күнделік.
3. Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.
4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.
5. Сабақтың әдістемелік талдауы.
6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.
7. Математика сабақтары бойынша өткізілген кештер, диспуттар және викториналар
туралы есеп.
8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.
9. Практика есебі.
10. Мінездеме.
Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.
1. Күнделік
2. Күнтізбелік сабақ жоспары.
3. Күнделікті сабақ жоспары.
4. Тәрбие сағат жоспары.
5. Ашық сабақ жоспары.
6. Мінездеме.
7. Ашық тәрбие сағаты.
8. Күнделік дәптер.
9. Көрнекіліктер.
5.Өндірістік практикасының базасы мен бағдарламасы
5.1 Арнайы пәндерді оқытуды аяқтағаннан кейін өндірістік практика немесе
теориялық жалпы оқыту курсы ұйымдастырылады.
Бітіруші курстарында өндірістік практика теориялық оқыту толық аяқталғанан
кейін ұйымдастырылады.
5.2 Оқушылар кешкі және сыртқы оқыту нысанынан мамандық бойынша жұмыс
істесе, өндірістік практикадан босатылады.
Бұл жағдайда оқушылар жоғары оқу орнына жұмыс орнынан кәсіптік қызметі
көрсетілген бейнеленген анықтама және мінездеме тапсыруы керек.
5.3 Өндірістік практиканың бағдарламасы шығарылатын кафедрамен әзірленеді
және бекітіледі.
5.4 Өндірістік практиканың мақсаты түйінді құзіреттілігін бекіту, оқыту мамандығы
бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе қалыптастыру болып табылады.
5.5 Өндірістік практиканың базасын белгілеу оқытылатын мамандықтың
профиліне байланысты (немесе салалас мекемелерде).
5.6 Өндірістік практиканың ұзақтығы және оның мөлшері мамандықтар бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес белгіленеді.
5.7 Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша білім алушылар сәйкес
кафедраларына есеп тапсырады, жетекшісі тексеріледі, кафедра меңгерушісінің өкімімен
құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған
балдық–рейтингтік әріпті жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.
6
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
«Математика және Информатика» кафедрасы
Педагогикалық практика жөніндегі
Е С Е П
___________________________________________________________
(мектептің атауы)
___________________________________________________________
(мектептің мекен жайы)
Студент _______________________________________________
(аты жөні, тегі)
Тобы _____________________________
Практиканың өту мерзімі _____________ ________________
Практиканың мектеп тарапынан жетекшісі _______________________________
Практиканың кафедра тарапынан жетекшісі_______________________________
Практика есебі "____" __________ 20____ж.
"____________ " бағаға қорғалды.
Шымкент - 20_ ж.
8
Достарыңызбен бөлісу: |