15
- ағымдық жəне межелік бақылау қорытындысы бойынша сессияға
жіберілмеген студенттер,ең кемінде 9 кредит болу керек;
- өткен оқу кезеңінде академиялық қарыздары бар студенттер;
- оқу жылының қорытындысы бойынша төмен GPA алғандар;
- қайта қабылданғанда, басқа оқу орнынан (мамандықтан) ауысып
келгенде, академиялық демалыстан шыққанда академиялық айырмасы шыққан
студенттерге.
8.3 Жазғы семестрдің ұзақтығы 4-6 аптаға созылады.
8.4 Студенттердің жазғы семестрден өтуі ақылы негізде жүзеге асады. Бір
кредиттің құны университетпен тағайындалады. Жазғы семестрге оқу ақысын
төлеген студенттер тіркеледі.
8.5 Студенттерді жазғы семестрге тіркеу шаралары келесі түрде жүзеге
асырылады:
- студенттер жазғы сессияның аяғына дейін Тіркеуші кеңсесіне келіп,
жазғы семестрге қатысуға ниетті екенін білдіріп, өтініш жазады;
- Тіркеуші кеңсесі студенттерден келіп түскен өтініштерді қарастырып,
студенттерді жазғы семестрге тіркеу жөнінде шешім шығарады;
- Тіркеуші кеңсесі жазғы семестрдің оқу кестесін жасайды;
- студенттер жазғы семестрге шығарылған пəндер бойынша кредиттердің
ақысын төлеп болғаннан кейін, бірінші проректормен сабақ кестесі бекітіліп,
қол қойған күннен бастап заңдық күшіне ие болады.
8.6 Тіркеуші кеңсесі студенттерді группаларға кіргізіп жазғы семестрге
қосымша курстан өту үшін ұсынады, келесі талаптар қояды.
- студенттер келесі курсқа академиялық қарызсыз өтуі тиіс;
- академиялық топ рентабельді, 10-15 адамнан кем болмауы тиіс.
9 Студенттердің тəжірибесі
9.1 Өндірістік, педагогикалық жəне оқу практикалары мамандықтардың
жұмыс оқу жоспарларына жəне тəжірибе бағдарламаларына сəйкес өткізіледі.
Өндірістік жəне педагогикалық практикалар негізгі оқу үрдісінен тыс
жүргізіледі. Оқу тəжірибесі оқу үрдісінен тыс жəне оқу үрдісімен үздіксіз
өткізілуі мүмкін.
9.2 Өндірістік жəне педагогикалық тəжірибелер кəсіпорындарда, білім
беру мекемелерінде, тəжірибе базасы болатын жəне университетпен арнайы
алдын-ала келісім байланыстары бар ұйымдарда жүргізіледі.
9.3 Тəжірибелердің барлық түрлері кредиттермен сипатталады.
Тəжірибеден өту нəтижесі 4 баллдық жүйемен жəне əріптік көрсеткішпен
есептеліп, студенттің орташа баллын (GPA) есептегенде ескеріледі.
9.4 Студент тəжірибеден өту барысында міндетті:
- оқу бағдарламасына сəйкес тапсырмаларды толығымен орындауға,
тəжірибе күнделігін жүргізуге;
- тəжірибе базасындағы қолданыстағы ішкі еңбек тəртібі ережелерін
ұстануға;
- еңбек қорғау ережелерін, қауіпсіздік ережелерін жəне өндірістік
санитария ережелерін біліп алуға жəне қатаң сақтауға;
16
- кафедраның тапсырмасы бойынша жедел шараларына қатысуға;
- тəжірибе жетекшісіне жазбаша есеп жəне тəжірибе күнделігін өткізуі
керек.
9.5 Тəжірибе қорытындысы кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия
мүшелерімен бағаланады. Комиссия қарауына тəжірибе бағдарламалары, есеп,
күнделік, пікірлер жатады.
9.6 Студенттердің есептерін рəсімдеудің ұзақтығы практика аяқталғаннан
кейінгі 1 аптаның ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
9.7 Тəжірибе қорытындылары емтихандық ведомосқа, есеп кітпшасына
жəне студент транскриптіне енеді.
9.8 Оқу тəжірибесін оқу үрдісімен үздіксіз өткізуге барлық студенттер,
академиялық үлгерушіліктеріне қарамастан, жіберіледі. Өндірістік тəжірибе мен
педагогикалық тəжірибеден өтуге келесі курсқа көшірілген жəне оқу
бағдарламасы бойынша тəжірибе пререквизиттерін толық меңгерген студенттер
ғана жіберіледі.
10 Студенттерді ауыстыру, оқудан шығару жəне оқуға қайта қабылдау
тəртібі
Студенттерді ауыстыру
10.1 Университет студенттері басқа жоғары оқу орнына, мамандыққа
жəне оқу формасына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім жəне
ғылым министрлігі (ҚР БжҒМ) бекіткен тəртіппен, университет ішінде, ақылы
бөлімнен мемлекеттік білім грантына ауысуға құқылы. Ауысулар жазғы жəне
қысқы демалыс уақытында, сəйкес мамандық бойынша жұмыс оқу
жоспарындағы оқу айырмашылығын тапсыру арқылы жүргізіледі.
10.2 Студенттің бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына
ауысуы төмендегідей жүзеге асады:
- студент өзі оқып жатқан жоғары оқу орнының ректорының атына
ауысуы жөнінде өтініш жазады, мөр басылған жазбаша құптарлық жауап
алғаннан кейін, өзі тапсыруға ниетті жоғары оқу орнының ректорына ауысуға
өтінішін білдіреді. Өтінішке қосымша: сəйкес факультеттің деканымен
расталған есеп кітапшасының көшірмесін; университет ректорымен расталған
жəне мөр басылған транскрипт көшірмесін (академиялық анықтама); бірыңғай
ұлттық тестті тапсырғаны жөнінде куəлігінің көшірмесін, жəне бар болған
жағдайда, мемлекеттік білім грантын иелену куəлігін; өзі оқыған жоғары оқу
орнының жетекшісіне жазған өтінішінің көшірмесін (жетекшінің қолы мен мөрі
басылған) ұсынады;
- факультет деканы оқитын курсы мен оқу жоспарларындағы
айырмашылықтарды анықтайды;
- факультет деканының визасына қарап, Тіркеуші кеңсесі көрсетілген оқу
айырмашылықтарын тапсыратын уақытты белгілейді;
- факультет деканының, Тіркеуші кеңсесінің, жоғары оқу орнынынң
бірінші проректорының қолына сəйкес жоғары оқу орнының ректоры студентті
ауыстыру туралы бұйрық шығарады.