«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
13 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
балансында жалпы аумағы 8104,7 шаршы метр 120 пәтерлік тұрғын үй бар. Онда Ұлттық
медициналық холдингтің еншілес ұйымдарының қызметкерлері тұрады. Сондай-ақ,
Университеттің 35 қызметкері «Отандастар», «Қаһарман», «Тамыз», «Айкен», «Сәтті»
тұрғын үй кешендерінің 34 пәтерімен қамтамасыз етілген.
2016 жылғы 1 қыркүйектен оқу процесін барлығы 1808 қызметкер жүргізеді, оның
ішінде 1417 штаттағы қызметкер, әкімшілік-басқару персоналы – 251, қосалқы қызметкерлер
құрамы – 290, қызмет көрсету персоналы – 137 адам. Кафедраларда барлығы 1130 білікті
педагогтар қызмет істейді (оның ішінде 739 штаттағы қызметкер), 105 ғылым докторы, оның
89-ы (85%) штаттағы қызметкер (орта жасы – 48); 257 ғылым кандидаттары, оның 223-і
(87%) штаттағы қызметкер (орта жасы – 43); 10 PhD докторлары; 59/52 (62,0%) – профессор
ғылыми атағы бар оқытушы, 92/89 (33,5%) – доцент ғылыми атағы бар оқытушы. Ғылыми
дәрежесі мен атағы бар оқытушылар үлесі – 62,7%.
Университет факультеттерінде 4551 студент, 1489 интерн, 285 резидент, 77
магистрант және 58 докторант, оның ішінде 10 елден (Ресей, Украина, Әзірбайжан,
Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Белоруссия, Қытай, Моңғолия) келген 127
шетел студенті оқиды. ҮКД ҚБФ кафедраларында 3000 тыңдаушы білім алады.
Университетте тиісті мамандықтың пән мұғалімдерін біріктіретін Ғылыми кеңес, оқу-
әдістемелік кеңес, ғылыми-клиникалық кеңес, мамандықтардың білім беру бағдарламалары
жөніндегі комитеттер жұмыс атқарады. Олардың құрамына жұмыс берушілер кіреді.
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңының 23-бабына сәйкес, 2014 жылғы
тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі Университеттің ғылыми қызметін ғылыми
және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациялады (МК сериясы
004092). Университет Басқармасының 2009 жылғы 14 ақпандағы шешімімен (№11 хаттама)
ғылыми-клиникалық кеңес (ҒКК) құрылды. Ғылыми және клиникалық қызмет жөніндегі
проректор Ф.А. Галицкий ҒКК төрағасы болып сайланды. ҒКК үнемі қызмет етіп тұратын
кеңес беруші орган, ол ғылыми-білім беру саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуы, зерттеу
жүргізу, университеттегі ғылыми және ғылыми-педагогика кадрларын даярлауды жетілдіру
сияқты өзекті мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған.
Университетте мамандандырылған 3 мерзімді басылым бар:
1)
«Астана медициналық журналы» 1989 жылдан бастап ғылыми қызметтің
негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитеті ұсынатын Ғылыми басылымдар тізбесіне енді. 2013 жылғы шілде айында «Астана
медициналық журналы» Ғылым туралы заңның жаңа ережелеріне сәйкес қайта
аттестаттаудан өтті, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған
журналдар тізбесіне енді;
2)
«Оториноларингология – бас, мойын хирургиясы» 2006 жылдан бастап ЛОР-
аурулары кафедрасының негізінде әзірленеді.
3)
«Валеология, здоровье, болезнь, выздоровление» 2010 жылдан бастап
профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы негізінде әзірленеді.
Университеттің клиникалық кафедраларының қызметкерлері емдік-профилактикалық
мекемелерден (ЕПМ) тыс және Қазақстанның белгіленген облыстарында көшпелі
консультативтік-әдістемелік жұмыс атқарады.
2014 жылы ЖОО қызметін кешенді бағалау нәтижесінің негізінде Университет ҚР
МЖМБС талаптарына, білім беру қызметін лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік
талаптарына және білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына
сәйкестігі бойынша мемлекеттік аттестатаудан өтті деп танылды, аттестаттау мерзімі – 5 жыл
(ҚР БҒМ және ДСӘДМ, 2014 жылғы сәуір).
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
14 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі оның алдына халықаралық қызметті
дамыту бойынша жаңа міндеттер қойды. Бұл міндеттер еліміздің халықаралық
белсенділігінің дамуымен, оның ішінде денсаулық сақтаумен байланысты.
Университетте халықаралық қатынастың аясын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыстар
жүргізіледі, шетелдің көптеген ғылыми орталықтары және ЖОО-ларымен тікелей байланыс
орнатылды. Шетелдің 42 ЖОО-ларымен және АҚШ, Еуропа, Азия елдерінің ұйымдарымен
білім және ғылым салаларында ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.
«Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беруді модернизациялау 2016-2019
жылдарына арналған» жобасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық білім беруді басқару саласына
халықаралық стандарттарды енгізу бойынша Техникалық тапсырмасына сәйкес, Астана
медицина университеті мен Римнің Ла Сапиенца Университетінің Медициналық Мектебі
арасында стратегиялық серіктестік жүзеге асуда, ол халықаралық ынтымақтастықтың
ықтимал формаларының кең ауқымын қарастырады:
- зерттеу салалары мен оқу бағдарламалары бойынша сапаның халықаралық
стандарттарына қолжеткізу;
«АстМУ» АҚ оқу жоспарларын сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша әлемнің
алдыңғы қатарлы университеттерінің оқу жоспарымен үйлестіру;
білім алушылардың ұтқырлығын, Болон процесінің ережелері мен принциптерін
ескере отырып қызметкерлердің халықаралық білім беру процесіне араласуын және
ұтқырлығын қамтамасыз ету;
білім беру қызметі нарығында «АстМУ»
АҚ-тың
бәсекелестігін
арттырудың
маңызды құралы ретінде бірлескен
диплом бағдарламаларын енгізу және
жүзеге асыру;
университеттің халықаралық ғылыми
қызметінің
дамуы,
ЖОО-ның
халықаралық
ғылыми,
ғылыми-
практикалық
және
инновациялық
бағдарламалар мен жобаларға қатысу
ауқымын және сапасын арттыру;
«АстМУ» АҚ-тың халықаралық беделін
көтеру,
ол
үздік
халықаралық
агенттіктерде
білім
беру
бағдарламаларының
аккредитациясына
және рейтінгісіне қатысу арқылы жүзеге
асырылады.