"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға
ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11107 тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының
1) тармақшасына сәйкес
10-бабының
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды
алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
бекітілсін.
стандарты
2. Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына
орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206
бұйрығымен бекітілген
«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған
жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған
жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті, аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
беруші)
.
көрсетеді
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін
қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталу сәтінен бастап
күнтізбелік 30 күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат
берілген ең ұзақ уақыты 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15
минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Ғылым саласындағы
, мемлекеттік
сыйлықтарды
ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
және
демалыс
мереке күндерін
қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13:00-дан 14:30-ге дейінгі түскі үзіліспен,
күнделікті сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі.
Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар:
1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары,
патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы
туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс;
2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың
маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен
аспайтын);
3) жұмыстың
;
қысқаша аннотациясы
4) жұмыстың ғылыми өзектілігі мен маңыздылығын бейнелейтiн ұсыным-негiздеме;
5) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;
6) сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан
;
анықтама
7) сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесi көрсетiлген ұжым жұмыстары үшiн ғылыми
қызметiне қысқаша сипаттама;
8) негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5-тен аспайтын);
9) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын
республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама.
Бұл ретте сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы тармақтың
,
және
6)
7)
8)
көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
тармақшаларында
Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар:
1) тиісті ұйымның ілеспе хаты;
2) ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға
үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi;
3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдау хаты (ұсынымы);
4) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;
5) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми
жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек).
Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемде басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті
алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген).
Қабылданған құжаттар топтамасы ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми
стипендияларды алуға конкурстық құжаттарды тіркеу журналында бекітіледі, онда оның реттік
нөмірі және келіп түскен күні көрсетіледі.
3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызмет көрсетушілердің және (немесе)
олардың лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік
қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым жазбаша түрде:
көрсетілген қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына;
көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын, берілген шағымға жауап алу
мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (
мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлға – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде
қарастыруға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға
жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның
атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс
күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін
қызметті алушы Қазақстан Республикасының
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге
заңнамасында
құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;
2) Комитеттің: www.scedu.gov.kz – интернет – ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы
ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7(7172) 74-20-29, +7(7172) 74-24-59. Мемлекеттік
қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.