Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет61/103
Дата29.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#44968
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Темперамент


Темперамент туралы жалпы түсінік. “Темперамент” сөзі – “красис” грек сөзіне 
латынша темпераминтум деген сөздеріне шыққан. Мəні –нəрселердің немесе заттардың 
мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік ең алдымен адамның 
эмоциялық сезіміндегі жəне жүріс – тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген 
сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сонда, темпераментті 
жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тəуелді, жеке адамға тəн дара өзгешелік деп 
білеміз. 
Адамның өзгешелігінің мəнін ашуға алғаш көңіл аударған, еңбек жазған-ертедегі 
гректің дəрігер ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-356 ж.ж.). Ол организм ерекшеліктері 
денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады. 
Темпераменттің физиологиялық негідерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген – 
академик И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу 
процестерінің негізгі үш белгісі: 
1.
қозу мен тежелудің күші 
2.
олардың тепе-теңдігі 
3.
қозғыштығы жиынтығынан құралады. 
Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды. Жүйке жүйесі іс-əрекетінің дамуы мен 
өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі 
өзгерістерінің барлығына əсер етеді. 
Темперамент– 
адамдардың 
психикалық 
əрекетінің 
нақты 
динамикасын 
айқындайтын психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер 
адамның барлық іс - əрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген 
сөзінен, сезім- эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, 
ым-ишарасынан (жест мимика) т.б көрініс береді.
Сангвиник
. Ақжарқын, ақкөңіл, əрекетшіл, күш жігері мол адам. Белсенді 
қозғалыс -қимылдары мəнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті 
жоғары, қандай іске де қаймықпай кіріседі. Бастамашыл, жаңаны тез қабылдайды, ортада 
өзін еркін ұстайды.
Холерик
. Əрекетшіл, белсенді, ұстамсыз, тез ашуланады. Тəуекелшіл, алдына 
қойған мақсатына қалайда жетеді, қиындықтарды жеңе біледі. Көңіл күйі тез өзгереді. 
Тіке, ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез 
бейімделеді.
Меланхоликтың
эмоциялық көтерілуі табанды, күшті,тұрақты болады, сыртқы 
көрінісі əлсіз көрінеді. Əр нəрседен ауыр əсер алады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе 
жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, 
кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл қозғалыстары ақырын, баяу болады. 
Мəнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық
жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс 
əрекетін толық аяқтап шығады. 
Флегматик
эмоциялық қозуы əлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп 
ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, 
жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау 
қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге 
қимылдары мəнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Іс əрекетін байсалды, тиянақты 
орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. 

жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау