Технологиясы


Кептірусіз қолданыста әр түрлі топ трансформаторларын қосу мүмкіндігін



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет207/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Кептірусіз қолданыста әр түрлі топ трансформаторларын қосу мүмкіндігін 
анықтауға арналған критерийлер үйлесімдерінің нұсқалары
Трансформато
р тобы
Трансформатор қуаты, 
к В - А
Критерийлер үйлесімінің нұсқалары
I
100 дейін
1,4; 2,4; 2,10; 1,5,9; 1,5,11
100...1000
1,4,6; 2,4,6,9; 2,4,6,10; 1,5,6,9; 1,5,6,10; 
1,4,9; 1,4,10
II
1600...6300
1,4,7; 2,4,7,9; 2,4,7,10; 1,5,7,9; 1,5,7,10; 
1,4,9; 1,4,10
III
10 000 и более
3,4,8,9; 3,4,8,11


481 
IV және V топтарға кернеуі 110 кВ және жоғары болатын 
трансформаторлар жатқызылады және мұнда қарастырылмайды. 
Кептірусіз трансформаторларды қосу рұқсаты жоғарыда келтірілген 
критерийлердің әр түрлі үйлесімімен анықталады (13.6 кест.). 
Трансформаторлардың бақылау қыздыруы, бақылау құрғатуы 
және кептіруі
Кез келген қуаттағы трансформаторлар келесі жағдайларда бақылау 
қыздыруынан өтеді: 
егер келіп түскен трансформатордағы майдың ылғалдануының белгілері 
бар болса, немесе майды толықтыра құюсыз құрастыруда сақтау уақыты 
нұсқаулықта көрсетілген уақыттан асса (бірақ 7 айдан аспайды); 
егер трансформатордың белсенді бөлігінің ауада болуының уақыты 
нұсқаулықпен анықталған уақыттан асса (көп дегенде екі есе); 
егер оқшаулама сипаттамалары нормаларға сәйкес келмесе. 
Трансформатордың бақылау қыздыруы әдетте тұрақты тоқ кезіндегі 
орамалардағы шығындар немесе бак болатындағы индукциялық шығындар 
есебінен жүзеге асырылады. 
Тұрақты тоқпен орамаларды қыздыру әдісі тиімдірек болып табылады, 
себебі осы жағдайда бак үстінен индукциялық ораманы орау қажеттілігі 
жоқ және электр энергиясының тұтынылуы кенет азаяды. 
Бак түбінің астында орналастырылатын жабық типті электрлік 
қыздырғыш аспаптардан
қосымша қызуы орын алуы мүмкін. Электрлік 
қыздырғыштар қуатын бак түбінің бетінен 
1
м
2
көлемдегі атмосфералық 
қысым кезінде 1...2 кВт есебінен таңдайды. 
Бақылау қыздыруын маймен толтырылған меншікті бактағы 
атмосфералық қысым кезінде, олар бойынша тұрақты тоқ өткен кезде 
бөлінетін орамалардағы жылу есебінен жүргізіледі. 
Трансформаторды тұрақты тоқ көмегімен майдың жоғарғы 
қабаттарының 
температурасы 
оның 
паспортында 
көрсетілген 
температуралардан ең үлкенінен 10 °С-қа аспағанша қыздырады, ал 
оны бактағы индукциялық шығындар есебінен қыздырған кезде — 20 
°С-қа. Барлық жағдайларда бақылау қыздыруының режимінде майдың 
жоғарғы қабатының температурасы 75 °С аспау керек. 
Бақылау қыздыруының мақсаты оқшаулама сипаттамаларын 
кептірусіз қосу шарттарын қанағаттандыратын деңгейге дейін жақсарту 
болып табылады. 
Егер өлшеу нәтижелері бойынша қыздырудан кейін осы мақсатқа 


482 
қол жеткізілмесе, бақылау құрғатуын жүргізеді. Сонымен қатар егер 
майды толықтыра құюсыз трансформаторды сақтау мерзімі 7 айдан 
астам, бірақ бір жылдан кем болса, осы шараны жүргізеді. 
Бақылау құрғатуы келесімен ерекшеленеді, трансформатор багында 
45 кПа тең разрядталуды жасайды, ал майдың жоғарғы қабаттарын 80 
°С дейін қыздырады. 
Маймен толтырылған бакта вакуум жасау мүмкіндігін қамтамасыз 
ету үшін майды қақпақтан шамамен 150 мм төмен деңгейге дейін 
ағызады. 
Майдың жоғарғы қабаттары 80 °С температурасына дейін 
жеткеннен кейін құрғату режимінің оңтайлы уақыты 80 000 кВ-A 
дейінші қуаттағы трансформаторлар үшін 35 сағат құрайды және 54 
сағат — үлкен қуаттағы трансформаторлар үшін. Әр 12 сағат 
құрғатудан кейін температураны және ылғалдықты тегістеу үшін 
майды трансформаторлар арқылы 4 сағат айдамалайды. 
13.17 сур. Трансформаторды құрғату сұлбасы 
1 – трансформатор багы; 2 – вакуумметр; 3 – шүмек; 4, 5 – сәйкесінше майлы және вакуумды 
сорғылар; сілтемелермен май қозғалысы белгіленген.
Айдамалау үшін өнімділігі кем дегенде 4м
3
/сағ. болатын тегершікті май 
сорғыларын пайдаланады. Оқшаулама сипаттамалары нормаға жеткен 
кезде, құрғату тоқтатылады (бірақ 80 °С температурасына жеткеннен 
кейін кем дегенде 24 сағаттан соң). Трансформаторды құрғату сұлбасы 
13.17 сур. көрсетілген.
Егер 
бақылау 
құрғатуы 
жағымды 
нәтижелер 
бермесе, 
трансформатор кептіріледі. 
Кез келген қуаттағы трансформаторларды кептіру келесі 
жағдайларда жүргізіледі: 
белсенді бөлікте немесе бакта су белгілерінің болуы; ауада 


483 
белсенді бөліктің болуының нормаланған ұзақтығының көп дегенде екі 
есе асырылуы; 
майды толықтыра құюсыз трансформатордың бір жылдам астам 
сақталуы; бақылау құрғатуынан кейін оқшаулама сипаттамаларының 
нормаларға сәйкес келмеуі. 
Келесі кептіру әдістері барынша таралған әдістер болып табылады: 
меншікті бакта индукциялық қыздырумен; меншікті бакта нөлдік 
реттілік тоғымен қыздырумен (100...400 кВ-А қуатындағы 
трансформаторлар үшін); инфрақызыл сәулеленумен бакты 
қыздырумен; стационарлық кептіру шкафында максималды вакуум 
кезінде; вакуумсыз арнайы камерада (шкафта). 
Кептіру үш режимнің бірінде жүргізіледі: 
табиғи желдетумен; мәжбүрлі желдетумен; 
вакуумда ауа сорумен. 
Рұқсат етілетін разрядталу бак құрылымынан және трансформатор 
кернеуінен тәуелді. 
Толқынды бактарда немесе радиаторлар орнатылған бактарда 
кептіру кезінде рұқсат етілетін разрядталу — сын. бағ. 200 мм (27 кПа), 
ал тегіс бактарда кептіру кезінде — сын. бағ. 350 мм (4 кПа). 
Айнымалы магниттік ағынның әсер етуі нәтижесінде құрылатын 
соңғы құйынды тоқтарды қыздыру кезінде туындайтын қаптамадағы 
индукциялық шығындар есебінен трансформатордың белсенді бөлігін 
кептіру барынша кең қолданылады.
Қаптамаға оралатын және айнымалы тоқпен 
қоректендірілетін арнайы магниттеуші орама көмегімен магнитті ағын 
өзгерген кезде, құйынды тоқтар қаптаманы қыздырады, демек, ауа 
аралық қабат арқылы белсенді бөлікте қыздырылады. 
Кептіру алдында трансформатор багындағы майды толықтай ағызу 
керек. 
Біркелкі қызуды қамтамасыз ету үшін ораманы бактың төменгі 
және жоғарғы бөліктері бойынша орналастырады, осы жағдайда оның 
биіктігінің шамамен 1/4 бөлігі бос қалдырылады. Бактың төменгі 
бөлігінде орамалар орамдарының жалпы санының 60...65 % төсейді. 
Қыздыруды орамалар орамдарының санын іріктеумен реттейді. 
Сым қималарын, магниттеуші орамалар орамдарының санын, 
сонымен қатар трансформаторды қыздыру үшін қажетті қуатты есептеу 
сәйкес анықтамаларда келтірілген. 
Бактың төменгі бөлігінің қызуының жоғарғы қабаттан кешігуін 
жою үшін ауа үрлегішпен немесе жабық электрлік пештер көмегімен 


484 
трансформатор багының түбін қосымша қыздырады. Бактың жылулық 
оқшауламасы кептіруді жеделдету және электр энергиясын үнемдеу 
үшін жағымды жағдайлар жасайды. Оны әдетте қалыңдығы 4.5 мм 
болатын асбест тілімдерінен екі қабатты түрде жасайды, кендіржіппен 
немесе киперлі таспамен (бірақ сыммен емес) бекітеді. Қақпақты онда 
ылғалдың 
конденсациясына 
жол 
бермеу 
үшін 
жылытады. 
Температураны бақылау үшін ораманың ортаңғы бөлігінде жылу 
сезгіш элементтерді және бакта термометрлерді орнатады. 
Тығыздамалар сенімділігін разрядталуды баяу арттыру арқылы 
тексереді. Кейін трансформатордың бақылау қыздыруын жүргізеді. 
Шамамен бір сағат ішінде әр түрлі реттеу сатыларында тоқ өлшеу 
нәтижелерін есептік деректермен салыстырады және бакты қыздыру 
жылдамдағын бақылайды. Егер сынама қыздыру нәтижелері 
қанағаттандырарлық болса, трансформаторды кептіруге дайын болып 
санайды. 
Индукциялық шығындар есебінен трансформаторды кептіру 
жылытудан басталады, осы кезде қаптама температурасының баяу 
өсімін қамтамасыз ету керек (орамдар санын реттеумен). Орташа 
қуаттағы трансформаторлар қаптамасын жылыту ұзақтығы 12.15 сағат 
шектерінде өзгеріп отырады. 
Орамалар температурасының 105 °С астам және қаптама 
температурасының 120 °С астам жоғарылауына жол бермей, кептірудің 
температуралық режимін мұқият қадағалау керек. Кептіру вакуум 
астында жүргізіледі. 
Кептірудің аяқталуының бірінші көрсеткіші тұрақты разрядталу 
және орамалар температурасы кезінде орнатылған (

сағат ішінде) 
орамалар кедергісі болып табылады. 
Екінші көрсеткіш — конденсаттың жойылуы немесе мардымсыз 
бөлінуі. 
Кептіру 
аяқталғаннан 
кейін 
және 
трансформатор 
орамаларының температурасы 75.80 °С дейін төмендегеннен кейін
оның багын төменгі шүмек арқылы вакуум астында (ауамен жанасу 
болмаған кезде) кептірілген маймен толтырады. Келесі мәнді қоса 
алғанда, 35 кВ дейінгі кернеуге есептелген трансформаторларды 
вакуумсыз 10 °С төмен болмайтын май температурасы кезінде 
толтырады. Трансформаторды кептіру және май құю процесінде бакты 
және белсенді бөлікті қыздыру температурасын магниттеуші ораманың 
қоректенуін периодты қосумен және сөндірумен реттейді. 
Индукциялық шығындар есебінен трансформаторды кептіру 
сұлбасы 13.18 суретінде келтірілген. 


485 
Инфрақызыл сәулеленумен трансформаторды кептіру жылу 
сақтағыштарда немесе жабық камераларда орындалады. 
Тақтайшаның үлкен қызуын тудыратын және көз жарықты 
байқамайтын қызыл спектр артында орналасатын электрлік-магниттік 
толқындарды инфрақызыл толқындар деп атайды. Оларды кез келген 
қыздырылған дене шығарады, тіпті ол жарқырамаған жағдайда, шығарады. 
Мысалы, пәтердегі қыздырылған пеш немесе жылыту батареясы қоршаған 
денелердің байқалатын қызуын тудыратын инфрақызыл толқындар 
шығарады. Сондықтан инфрақызыл толқындар жиі жылулық деп аталады. 
Көзбен қабылданатын инфрақызыл толқын ұзындығы қызыл түсті 
толқыннан асады. Электрлік доғаны және қыздыру шамының сәулелену 
энергиясының максимумы инфрақызыл сәулелерге тиесілі. 
Инфрақызыл қыздыруды жылытылған ауамен үрлеумен қатар 
жүргізу ұсынылады. Осы жағдайда белсенді бөліктің барлық 
жақтарының біркелкі жылытылуын қадағалау керек. 
Орамалардан ылғал шығарудың ұзақ және ескірген әдісі болып 
табылатын ауа үрлегіштен шығарылатын ыстық ауамен жылу 
сақтағышта кептіру осы уақытқа дейін жалпы тұтыну жабдықтарын 
пайдаланудағы өзінің қарапайымдылығы және мүмкіндігі нәтижесінде 
13.18 сур. Трансформаторды индукциялық шығындар есебінен кептіру 
сұлбасы: 
1 — вакуумды қондырғы; 2 — разрядталуды реттеуге арналған шүмек; 
3
— вакуумметр; 
4 — өлшеуге арналған уақытша кірістер; 5 — трансформатор; 6 — магниттеуші орама; 7 
— ыстық ауамен үрлеуге арналған құбыр; 
8
— қоректендіргіш шоғырсымдар; 9 — 
электрлік пеш; 10 — май ағызуға арналған тұндырғыш; 11 — бактың жерге 
тұйықталуы; 12 — айырғыш (центрифуга) 
Май багынан 


486 
кеңінен қолданылады. Белсенді бөліктен май аққаннан кейін оны жеке 
қалқандардан жасалатын камераға орналастырады. 
Киізден, 
жоңқадан, 
қағаздан, 
үгіндіден 
және 
жанатын 
материалдардан жасалған жылыту құрылғысына жол берілмейді. 
Қыздыру төмен қысым астындағы бу өткізілетін камерада 
орналастырылған иректүтіктермен, немесе кептіру кезінде өзекшеден 
бөлінетін буларды соруға арналған ауа үрлегіштермен жүргізіледі. 
Камера үстінде ысырмасы бар, биіктігі 0,5 м болатын сору құбыры 
орнатылады. Орамада үш немесе төрт термометрді енгізеді, сонымен 
қатар камераның қабырғаларында және қақпағында термометрлерді 
орналастырады. 
Кептіру әдісін таңдау көптеген жағдайлардан: трансформатордың 
ылғалдану дәрежесінен және оның өлшемдерінен; қыздыру көздерінің, 
жабдықтардың, керек-жарақтардың болуынан және т.б. тәуелді. 
Алайда барлық жағдайларда таңдау кептіру уақытымен және электр 
энергиясының шығынымен анықталуы тиіс. 
Трансформаторды кептіру аяқталғаннан кейін оның багын маймен 
толтырады. Келесі мәнді қоса алғанда, кернеуі 35 кВ дейін болатын 
трансформаторларға вакуумсыз +10 °С төмен температурадағы майды 
құяды. Осы жағдайда трансформатордың белсенді бөлігінің 
температурасы май температурасынан жоғары болуы тиіс. Кернеуі 110 
кВ және жоғары болатын трансформаторла құрылымы бойынша сәйкес 
келетін вакуум астында толтырылады: 110... 150 кВ кернеуі кезінде — 
сын. бағ. 350 мм (47 кПа), 220.500 кВ кернеуі кезінде қалдық қысым 
сын. бағ. 10 мм (1,3 кПа) аспайды. 
Трансформаторларды дайындау және май құю келесі тәртіпте 
жүргізіледі: 
1.
Май беру желісіндегі вакуум-сорғы құбырларын сәйкес келте 
құбырларға және бак қақпағындағы ернемектерге жалғайды. 
2.
Бірдей вакуумды жасау үшін маймен толтырылған кірістер 
кеңейткіштерінің жалғастығын трансформатор багымен жалғайды. 
3.
Бакта құю жылдамдығын бақылау үшін май деңгейінің уақытша 
өлшеуішін орнатады. 
4.
Қақпақта вакуумды және қалдық қысымды бақылау дәлдігін 
қамтамасыз ететін, бактағы қалдық қысымды өлшеуге арналған
вакуумметрді немесе ВСБ-1 аспабын орнатады. 
5.
Бак қақпағындағы май өткізгіш вентилін жауып, сонда вакуум-
өткізгіш вентилін ашады және біркелкі, сын. бағ. 
100
мм (13,3 кПа) 
сайын тіркелетін сатылармен бакта разрядталуды жасайды (ертерек 


487 
көрсетілген мәндерге дейін), осыдан кейін бак қақпағында вентильді 
жабады және вакуум-сорғыны тоқтатады. 
1 сағаттан кейін вакуумметрдің немесе қалдық қысымды өлшеуге 
арналған аспаптың көрсеткіштерін тексереді: жылыстау сын. бағ. 20 мм 
(2,7 кПа) аспау керек. 
6
Саңылаусыздықты тексергеннен кейін белсенді бөлікті бакта 
вакуум астында ұстайды (кернеуі 110... 150 кВ болатын 
трансформаторларды 2 сағат, кернеуі 220.500 кВ болатын 
трансформаторларды 20 сағат). 
7.
Вакуум-сорғыны қосады, қақпақтағы май өткізгіш вентилін 
ашады және электрлік беріктікке және tg 5 қатысты тексерілуі тиіс 
трансформаторлық майды бакқа құя бастайды. 
Бакқа майды құюды 3 т/сағ аспайтын жылдамдықпен жүргізеді. 
Құйылатын май температурасы келесідей болу керек: кернеуі 220.500 
кВ болатын трансформаторлар үшін — 45 °С төмен емес, ал кернеуі 
110.150 кВ болатын трансформаторлар үшін — 10 °С төмен емес. 
Майдың температурасы және бакқа түсу жылдамдығы барлық құю 
процесінде бақыланады. 
8.
Қақпақтан 150.200 мм төмен құю деңгейі кезінде майдың 
берілуін тоқтатады, құю жүйесін сөндіреді және оқшауламаны вакуум 
астында сіңдіреді: кернеуі 110.150 кВ болатын трансформаторларды 
6
сағат, ал кернеуі 220.500 кВ болатын трансформаторларды 10 сағат. 
9.
Силикагельді ауа кептіргіш арқылы ауаны бірізді жеткізіп, 
разрядталуды алып тастайды және атмосфералық қысым кезінде 
оқшауламаны 
сіңдіреді: 
кернеуі 
110.150 
кВ 
болатын 
трансформаторларды үшін 3 сағат, ал кернеуі 220.500 кВ болатын 
трансформаторларды үшін 5 сағат. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау