359
еселенген болуы керек.
Әуе желілерімен автомобиль жолдарын қиып өткен кезде келесідей
ережелер сақталуы тиіс. Автожолдың үстіндегі бірінші дәрежелі өтпелі
аралығы анкерлік тіреулерде монтаждалады, ал қалған жағдайларда аралық
тіреулерді қолдануға рұқсат етілген. Өтпелі аралықта қимасы 35 мм
2
кем
болмайтын алюминий сымдарын және 25 мм
2
кем болмайтын болатты
алюминий сымдарын қолдануға рұқсат етілген, ал қиылысу габариті 7 мм
кем болмауы қажет. Өтпелі аралықтың тіреулері жер төсемінің жиегінен
кем дегенде өз биіктігінің шамасында жойылуы тиіс (тар жағдайларда 5 м
кем емес).
Егер ӘЖ трассасы елді мекен бойынша өтетін болса, онда сымдарды
терезелерден, терассалар мен балкондардан 1,5 м жақын емес және
саңылаусыз қабырғадан 1 м жақын емес қашықтықта тартады. Ғимараттар
үстінен сымдардың өтуіне (станция маңындағы қызметтік құрылыстар мен
жол шолушы үйлерін есепке алмағанда) тыйым салынған. Тіреулер құбыр
жолдары мен сымдардан 1 м, жер асты канализация құдықтарынан және су
бөлінетін құдықтарынан 2 м, бензин колонкасынан 10 м шамасында жақын
орналаспауы керек. Байланыс және дабылдың жер асты сымдарынан ӘЖ
тіреуін мүмкіндік болғанша алыстырақ оррналастырған жөн, тар жағдайдың
өзіндще, тіреу және сым арасындағы қашықтық 0,5 кем болмауы керек.
ӘЖ қиылысуын дұрыс орындау аса маңызды болып табылады. 1 кВ
дейінгі кернеуі бар екі желіні қиып өтуді айқасқан тіреулерде өте жиі
орындайды (ауа температурасы желсіз +15 °С болған кезінде маңындағы
сымдар арасындағы қашықтың 1 м кем болмайтын жағдайда аралықта
қиылысуға рұқсат берілген).
Әртүрлі санатты ӘЖ қиып өту кезінде кернеуі 1 Кв жоғары болып
келетін желілердің сымдары 1 кВ төменгі кернеуіне ие желілердің сымдары
астында орналастырылуы шарт. 6...10кВ кернеуі бар желілер үшін
маңындағы қиылысатын сымдар үшін қашықтық кем дегенде 2 м, 35...110
кВ кернеуі бар желілері үшін – кем дегенде 3 м құрауы тиіс. Қиылысу орны
мүмкіндік болғанша жоғарғы желінің тіреуіне жақын орналасуы керек,
бірақ осы тіреу және төменгі желінің сымдары арасындағы қашықтық 6 м
кем болмауы қажет (сымдардың ең үлкен ауытқуының есебімен).
ӘЖ байланыс желісімен қиылысқан кезінде олардың сымдары
арасындағы тігінен қашықтық кем дегенде 1,5 м құрауы керек (байланыс
желісінің сымдары ӘЖ сымдарынан төмен орналасады).
Достарыңызбен бөлісу: