Қарама-қарсылықты қатынастар
негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен, оған
қатысқан адамдар бiр-бiрi-нiң әрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде келiссе,
бiрде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуi жолында қажеттi қатынасын үзбейдi.
Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
2. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бiрiн-бiрi
қабылдай алуы, түсiнуi және бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нәтижесiнде бiр
адамның екiншiсiнiң образы (кейпi) жӛнiнде топшылаған ой-пiкiрi. Екiншi адамның
тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен психологиясын және әрекет-қылығын
байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейiп) әр адамның
қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен, әрқандай ӛмiрлiк жағдайлардағы
кӛңiл-күй толғаныстары мен әрекеттерiнен кӛрiнедi. Бұлардың бәрi "Ат кiсiнесiп, адам
сӛйлесiп" дегендей әңгiмелесу барысында назарға алынып, санада жiктелiп, бекидi де
адамның жеке, нақты бағасын беруге негiз болады. Бӛгде адамның бейнесiн қалыптастыру
арқылы бiз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық
ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк аламыз. Адамды жӛнiмен танып, дұрыс бағасын берiп,
оның әрекет-қылығының мақсаттары мен мотивтерiн айқындап, ол тарапынан болып
қалар жауапты әрекеттердi күнi бұрын болжастыра, бiз бұлардың бәрiн ӛз қажеттiктерiмiз
және мүдделерiмiзбен салыстырамыз, әңгiмелесудiң қолайлы жолдарын болжастырамыз,
осы арқылы екi тарапқа да ортақ ниеттердi табумен тұлғалар арасындағы қызметтiк
қатынастарға кiрiсемiз. Сонымен, қызықтырған адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып, ендi
оған бағытталған ӛз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, бiз
таңдаған әрекет-қылық түрi ол адамның даралық қасиеттерiне сәйкес болғаны жӛн.
Осының нәтижесiнде екi адам ортасында толық ӛзара түсiнiм, жайлы да берiк аралық
қатынастар орнығады.Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның
нақты кӛңiл-күйiне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк аламыз
және ӛзiмiздiң, оның және тӛңiрегiндегiлердiң мүдделерiне орай ол адамға тиiмдi
психологиялық ықпал етудiң жолдарын iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз қатысқан
адамдары-мыздың әртүрлi тұрмыстық жағдайлардағы әрекет-қылығын күнi бұрын
болжастыра алсақ, оның мiнез-құлығын қажеттi бағытта басқаруға және онымен ұнамды
адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз. Бӛгде
адамның тұлғалық дәрежесi жӛнiнде бiз оның дене құрылымы, психологиялық және
қылық-әрекеттiк белгiлерi бойынша топшылаймыз. Бұл белгiлер адамның сырт
кӛрiнiсiнен, киiмiнен, әрекет-қылығынан, сӛзiнен, бет әлпетi мен ым-ишарасынан
байқалады. Адамның сырт кӛрiнiсi мен психологиялық бейнесi арасында тiкелей де толық
байланыс болмағанымен, бұлардың екеуi қандай да ӛзара ықпалды қатынаста. Әрқандай
адам жӛнiндегi бiздiң бiрiншi пайымдауымыз осы сырт келбет пен сӛз, қылық кӛрiнiсiнен
туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мiнезi мен дене құрылысының ӛзара байланысты
екенiн дәлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бiтiске ие болған
адамдар, мiнезi жағынан да ӛзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке
жатады:
Достарыңызбен бөлісу: |