407
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 485
бұйрығына қосымша ретінде: жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін
логопедиялық кабинетке 20 метрден кем емес бөлме бөлінуі керек.
Кабинет қажетті жиһаз, арнайы құралдармен, көрнекілік, сөйлеу тілін
дамытуға арнайы көрнекі материалдарымен жабдықталуы қажет.
Кабинетте ойын бұрышы болуы керек.
Күнтізбелік жыл соңында логопед емхананың бас дәрігеріне жылдық
жұмыстың есебін береді. Есеп беруді сандық көрсеткіштерден басқа есеп
беру кезеңдерінде барлық атқарылған емдеу педагогикалық, алдын алу және
санитарлы – ағарту жұмысының талдауымен түсініктеме хат болуы қажет.
Логопед міндетті:
-
балаларды тексеруге;
-
сабақтарды жоспарлауға;
-
сабақтарды жүргізуге;
-
ата –аналармен жұмыс жасауға;
-
кеңес беру жұмысын жүргізуге ;
-
алдын алу жұмыстарын жүргізуге;
-
санитарлы – ағарту жұмысты жүргізуге.
Логопед уақытымен логопедиялық әртүрлі мәселелеріне арналған
сұхбаттасулар, дәрістер, емхананың медицина қызметкерлеріне , ата –
аналарға, тәрбиешілеріне арнап кеңестер өткізіп, балабақша тәрбиешілеріне
және балалардың тілін дамыту бойынша санитарлы газеттер, бюллеттендер
шығарып, сұрақ –жауап тақталарын толтырып өткізіп отырады.
Алдын алу шаралары: білім беру мекемелеріне баратын және бармайтын
балалар арасынан логопедиялық көмекті қажет ететіндері іріктеліп,
логопедиялық кабинеттегі тізімге тіркеледі.
Ұйымдастырылмаған балалар ішінен сөйлеу тілі патологиясы бар
балаларды айқындау үшін логопед айына 1 рет алдын ала жалпы тексеру
жүргізеді. Тексеруге 5 – 6 жастағы балалар қатысады. Үш айдан – 4 жасқа
дейінгі балаларды логопед тек невропатолог , педиатр, басқа мамандардың
сұрауы бойынша тексеруі керек. Диспансерлі бақылауға сөйлеу тілінің ауыр
бұзылысы дизартриясы, ринолалиясы, сөйлеу тілінің дамымауы бар, зияты
бұзылмаған, тұтықпасы бар балалар алынады. Диспансерлі бақылауға
алынатын балаларды айқындау жұмысын логопед алдын –ала тексерулерде,
емханадағы алғаш қабылдауда жүргізеді. Диспансерлі есепке алынған
балаларға № 30 форма толтырылады.
Емхана штатында үйде оқытатын мұғалім–логопед қызметі қарастырылса,
БЦСА, дизартриясы және сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар зияты сақталған
және ұйымдастырылмаған балалармен сөйлеу тілін түзету жұмысын
жүргізуге мүмкіндік туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: