ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
талабына сай маркстік-лениндік
әдіс наманы игере отырып тереңдеу
жо лын да көрсетеді. Бірақ, бұл про-
цесс ешбір кідіріссіз алға баса бер-
ген жоқ. Оған басты себептердің бі-
рі «тұрпайы социологизмнің» қатты
өріс алуы еді. Бұл теория әсіресе мек-
тептерге арналған оқу құралдарын-
да қатты сезілді. Тексеріліп отыр-
ған дәуір әдебиетін тарихи тұрғыда
зерттеп, даму жолын таныту мен
көркем шығармашылыққа, жеке шы-
ғармаларға ғылыми талдауға ерек-
ше қадам жасаған оқу құралдарға
қарағанда, оқулық-хрестоматияларда
ақын-жазушының өмірінен қысқаша
мәлімет беріп, өнерпаздық тұлғасына
аз сөзбен баға беру тән болатыны бел-
гілі. Бұл бағалаулар «тұрпайы социо-
логизм» тұрғысынан айтылып қа лып
жатты. Осы кемшіліктер 1934 жылы
М. Жолдыбаев, М. Қаратаев, Ә. Қо-
ңыратбаевтар бірігіп құрастырған
«Әдебиет хрестоматиясынан» айқын
көрінді. Онда ұлттық әдебиет та-
рихы дәуірге бөлінбегенмен, ақын-
жазушылар өмір сүрген кезеңіне бай-
ланысты хронологиялық тәртіппен
берілген. Әрқайсысының өмірбаяны
келтіріліп, әдебиет тарихында ала-
тын орны бағаланған. Авторлар «Ер-
тегілер» және «Шаруашылық өлең-
дер» деген алғашқы бөлімдерде бұл
өлең-жырлар еңбекшілердің ой-ар-
манын, ал негізінен таптық мүд-
дені көрсететінін ерекше айта ке-
ліп, төңкеріске дейінгі әдебиеттен
Ыбырай, Абай, М. Ж. Көпеев, С. То-
райғыров шығармаларына кең орын
береді. Олардың өмірбаянын сөз
қыл ғанда ата-тегіне көңіл аударған.
Сол себептен Ы. Алтынсаринді «Қа-
зақ феодалдарының патша үкіме-
тіне берілген, туып келе жатқан ка-
питализмді мойындаған мәдениет-
шіл жігінің ақыны» деп, ал Абайды
«қазақ феодалдар табының ақыны,
құдайшыл ақын» деп таныстырады.
М. Ж. Көпеев пен С. Торайғыровта
молда-билерді, бай-болыстарды сы-
нап-мінеу, әшкерелеу айқын көріне-
тінін атап көрсете отырса да, «Мәш-
һүр пролетариат ақыны болған емес.
Ол негізінде буржуазияшыл-төң-
керісшіл ақын, буржуазиялық ұлт
қозғалысының солшыл ақыны» бо-
лып бағаланады да, С. Торайғыровтың
ағартушы-демократтық бағытынан
көрі алашорданы жақтағанына баса
тоқталып: «Алашорда жеңілгеннен
кейін сары уайымға, торығуға түскен,
тап тартысынан қашықтап, қысыр
қиялға берілген, буржуазияшыл-
ұлтшыл ақындардың бұқарашыл сол
қанатының мәдениетшіл ақыны»
екені ерекше көрсетіледі. Автор-
лар бұл ақындардың шығармаларын
маркстік-лениндік сыншыл көзқа рас-
та ғана оқып-пайдалану керектігін
ескертуді де ұмытпаған. Хрестома-
тияда бұлардан соң Сәкен, Бейімбет,
Ілияс, С. Мұқанов, О. Бековтер дің
шығармашылығына орын беріп, өмі-
рі, жазушылық жолы, қазақ проле-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
202
Достарыңызбен бөлісу: |