•
Мәтінге сүйеніп, көрікті жерлердің бірі туралы әңгімеле. Мәтіндегі көркем сөздерді
пайдалан.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннен қажетті ақпаратты теріп жазады;
-
еліміздің көрікті жерлерін көркем сөздерді қолданып сипаттайды.
Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер
жаннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң
қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы...
Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың!
Қарасаң көзің тоймайды!
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы
ең танымал демалыс орындарының бірі. Биік таулар мен қылқан жапырақты орман,
айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және
денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен
минералды суы емдік қасиетке бай.
58
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты
3.2.1.2
Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз
жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты
тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтінді түсініп, қатесіз оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
•
Бастапқы кезде көлдің айналасы қандай еді? Көркем сөздерді қолдана отырып,
сипаттап айт.
•
Аққулар көлге неге қайтып келмеді?
•
Балалардың іс-әрекетіне қандай баға берер едің? Неліктен?
•
Бұл әңгімеден қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы
-
көлді сипаттауда көркем сөздерді орынды қолданады;
-
мәтіннің мазмұнына қатысты ой қорытып айтады;
-
кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді;
-
мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
Ауылдың шетінде айдын көл бар. Көлдің суы мөлдір, айналасы тап-таза. Әдемі
гүлдер, қалың шөп, биік ағаштар өсіп тұратын. Көктемде көлге әдемі аққулар ұшып
келетін. Адамдар сұлу құстарды тамашалайтын. Жазда көлге шомылып, балық
аулайтын.
Бірақ адамдар көлдің тазалығына мүлдем қарамайтын. Шомылып болған соң
жеген тамақ қалдықтарын, қоқыстарды тастап кететін. Осылайша көлдің айналасы
қоқысқа толып, суы ластана бастады. Күз келіп, көлдің суы салқындады. Күздің
артынан қыс келіп, көл беті мұз боп қатты.
Күн жылынып, тағы да көктем келді. Бірақ көктеммен бірге ұшып келетін әдемі
аққулар көрінбеді. Адамдар қанша күткенмен, аққулар қайтып келген жоқ. Әдемі
аққулары жоқ, айналасы қоқысқа толы көл қатты мұңайды.
Бірде Мақсаттың атасы: «Аққу - тазалықты жақсы көретін құс. Аққулар көліміз
қоқысқа толып, ластанып кеткендіктен ұшып келмеді»,- деді. Мұны естіген Мақсат
достарымен бірге көлдің айналасын тазалауға кірісті. Оған ауыл адамдары да көмек
берді. Көлдің айналасы тап-таза болды.
Келесі көктемде аққулар көгілдір көлге қайта ұшып келді. Әдемі құстар жүзіп
жүрген көлдің сәні кіріп, ажарлана түсті.
59
|