2.2 Газдардың электр өткізгіштігі
Электр өрісінің кернеулігінің мағынасы төмен болған кезде газдарды
өткізгіштігі өте аз деуге болады. Еркін электрондар мен иондар болса ғана
газдарда тоқ пайда болуы мүмкін. Газдағы нейтралды молекулалардың
иондануына себеп ететін сыртқы факторлар немесе зарядталған бөлшектердің
молекулалармен соғысуынан болуы мүмкін.
Газдардың иондануына себепкер сыртқы факторлар -рентген;
ультрафиолет, ғарыш сәулелері, радиактивті сәулелену және термиялық
әсерлер.
Сыртқы
конденсаторлардың
арқасында
пайда
болатын
иондануды дербес емес иондану дейміз. Ал, екіншіден, әсіресе тығыз емес
молекулаларының
арақашықтығы
ұлғайған
газдарда,
зарядталған
бөлшектермен газдың молекулаларымен соққылап иондарды туғызса, соның
әсерінен электр өткізгіштік пайда болады. Егер де зарядталған бөлшектердің
кинетикалық қуаты электр өрісінің әсерінен күшейіп, жоғары мағыналарына
жетсе, газдарда соққы иондану туады. Соққы ионданумен шартталынған
электр өткізгіштігі дербес өткізгіштік делінеді.
Әлсіз өрістерде соққы ионизация болмайды, сондықтан өзіндік электр
өткізгіштігі байқалмайды. Сыртқы факторлармен шартталған газдардың
иондануы болғанда, молекулалар оң және теріс иондарға бөлінеді. Осымен
бірге оң иондардың бір бөлігі, теріс бөлшектермен қосылып, нейтралды
молекула
тудырады.
Осы
процесті
(үрдісті) рекомбинация дейді. Рекомбинация газдағы иондардың шексіз
көбейюіне кедергі келтіреді және сыртқы иондардың әсерінен аз уақыт
мерзімде де иондардың белгілі концентрациясының тұрақталуын анықтайды.
Егер де ионданған газ екі жазық паралельді кернеуге қосылған
электродтардың арасында болса, иондар өрістің әсерінен жылжиды да,
тізбекте тоқ жүреді. Иондардың бір бөлімі электродтарда нейтральданады, ал
басқа бөлімі рекомбинацияның әсерінен мүлдем жойылады.
(2.2) суретте тоқтың кернеуге тәуелділігінің сипаттамасы көрсетілген.
Қисық сызықтың ең басы, U
н
кернеуге дейін, Ом заңының орындалуына
сәйкес, яғни оң және теріс иондардың саны жеткілікті және тұрақты деп
есептеуге болады.
Газ аралығында тоқ кернеуге пропорционалды. Берілген кернеу ұлғайған
сайын иондар электродтарға қарап, рекомбинацияға үлгермей өтеді және
кернеу бір мөлшерге жеткенде газ аралығындағы пайда болған иондар
электродтарда разрядтанады. Кернеуді бір мөлшерге шейін көтерсе (U
н
),
тоқтың өсуі байқалмайды, ол аралық горизонталды (U
н
– U
кр
).
Қалыпты жағдайда ауада тоқтың қанығуы электродтардың ара
қашықтығы 10 мм және өрістің кернеулігі 0,6 В/м болғанда байқалады. Тоқ
қанығу тығыздығының реалдық мағынасы өте аз және де 10
-15
А/м
2
. Сондықтан
ауаны соққы ионизация басталғанша, өте жақсы диэлектрик деп санауға
болады.
Кернеуді көбейткен сайын тоқтың тұрақтылығы ионизация сыртқы
факторлардың әсерімен жүргенге дейін ғана болады. Егерде соққы ионизация
басталса, электр өткізгіштігі дербес болып тоқ кернеу өскен сайын ұлғаяды.
(U
кр
жоғары).
2.2 Сурет - Газдағы тоқ пен кернеудің қатынасы
Достарыңызбен бөлісу: |