Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет60/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   772
tusipkaliev pediatria

II.
 
Тыныстың (дем алудың) ҿте жиілігі. Жаңа туған бала 1 минутта 40-50 рет дем 
алады. 1 жаста 30-35,5 жаста 25,10 жаста 20 рет дем алады. Ал, ҥлкен кісілер 16-18 рет-ақ 
дем алады.
III.
 
Бала дҥниеге келгеннен соң алғашқы 2 жеті бойына тыныс алу ырғағының 
бҧзылуы (аритмия) – ырғақсыз тыныс байқалады. Яғни, дем алу мен дем шығару 
арасындағы ҥзіліс біркелкі болмайды.
IV.
 
Тыныс алу типі (тҥрі). Жаңа туған бала – ішпен (кҿк етпен) дем алады; Емшек 
жасындағы балада – кеуде-іш типті тыныс; 2 жастан бастап аралас – диафрагма - кеуде 
типті тыныс; 3-4 жаста – кҿк етпен дем алудан гҿрі, кеуде арқылы дем алу жиі байқалады; 
7-14 жаста – жыныс ерекшеліктері байқала бастайды; препубертатты жҽне жыныстық 
жетілу кезеңінде ер балалар ішімен, қыз балалар кеудемен дем алады. 
ТЫНЫС МҤШЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Баланы тексеру барысында ауру баладан немесе ата-анасынан баланың ауруы туралы 
деректердің белгілі бір тҽртіппен жиналуын қадағалау керек. 
Ауру жҿнінде дерек жинағында ыстығы кҿтерілді ме, бала қалтырап, тоңды ма, 
анықтап білу керек. Сонымен қатар, бҧрын соңды ҿкпе аурулары байқалды ма, ол қалай 
дамиды, айығуы қалай анықталды. Баланың қызылша, кҿк жҿтелмен ауырғаны, отбасында 
туберкулезбен ауыратын адам бар-жоғы туралы мҽліметтерді сҧрастырып білу керек. 
Диагноз ҥшін де, ауру баланы дҧрыс емдеу ҥшін де, оның жылағаны, дауысын, 
жҿтелін дҧрыс бағалай білудің маңызы зор. Сау бала дҥниеге қатты айқайлап келеді. Ол 
кезде бала алғашқы рет терең дем алып, жиырылып тҧрған ҿкпе жазылып, қалыпты 
жағдайға тҥседі. Егер бала ҽлсіз шиқылдаған (шіңкілдеген) дыбыс шығарса немесе дем 
алса, онда баланың жалпы ҽлсіздігі (шала туылу) немесе ауыр науқас жҿнінде ойлану 
керек. Жаңа туылған нҽрестелер мен сҽбилер қатты дауыстап жыласа, яғни, ол терең 
тыныс алғанда ауырсынбағаны. Демек, плевраның мертігуі, плевропневмония мен 
перитонит сияқты аурулардың жоқтығы туралы мҽлімет аламыз. 
Жас нҽрестелер қатты дауыстап ҧзақ жыласа, баланың қалай қҧнтақталғанын, 
денесіне бататын заттың жҽне шағатын жҽндіктердің жоқтығын, анықтап, тексеріп, сулы 
жаялықтарын кезінде алмастырылуын жҽне т.б. мҧкият қадағалау керек. Баланың іші 
кепкенде, ішек шаншығанда бала жайсызданып, мазасызданып жылай бастайды. 
Орталық қҧлақ қабынып, ауырсынғанда баланың айқайлап жылаған дауысы 
ҿзгешелеу болады, емгенде жҽне жҧтынған кезде, ауруы кҥшейеді де, бала бір-екі рет 
сорғаннан кейін, сормай қатты айқайлап мазасыздана бастайды. Қҧлақ тҥйінін басып 
кҿргенде жҽне қҧлақ қалқанын жоғары жҽне артқа қарай тартқан кезде бала ауырсынып, 
басын тартып алуға тырысып, қатты жылайды. 
Кіші дҽретке отырғанда ер балалар айқайлап жыласа – фимоз, қыз балаларда – 
вульвит, цистит немесе кіші дҽретке тҧздың шеттен тыс жиналуы туралы ойлау қажет. 


92 
Ҥлкен дҽретке отырар алдында немесе отырған кезде қатты жыласа іш қату, артқы 
ішек маңайында жарық немесе сызат болы мҥмкін. 
Бір қалыпты ыңырсу, арасында қапыл қатты айқайлап жіберуі бас сҥйек қуысының 
қысымы кҿтерілгенде байқалады. 
Баланың бір жері ауырған кездегі жылағанынан, оның аш кезіндегі жылауын айыра 
білу керек. Эйтрофик бала аздап қарны аш болса қатты дауыстап қоймастан жылайды, 
бірақ, аса кҿп мазасызданбайды жҽне тамақтандыра бастағанда жылағаннан бірден қоя 
қояды. Гипотрофик, атрофиктер ҧзақ уақыт дҧрыс тамақтандырылмаған балалар 
ашуланыңқырап жылайды, ҥнемі жҧдырығын аузына салып сорады. Жҿтел тыныс 
жҥйесінің зақымдалуының негізгі белгілерінің бірі болып келеді. Осыған орай, тыныс 
жолдарының ауруларын айыра білу ҥшін жҿтел тҥрлерін білудің маңызы ҥлкен. 
Жӛтел
– кҥрделі рефлексті, қысқа дем алу сатысынан басталады да, одан кейін 
басымдылықпен тыныс шығарады. Ауа қысымымен ауа жҥретін жолдардан ҿтіп, жҿтел 
дыбысын шығарады. Жҿтел организмінің физиологиялық актісі болып есептелінеді. Ол 
арқылы тыныс жолдарындағы кілегей, экссудат жҽне бҿгде денелер кейін шығарылады. 
Олар патология болып есептелінеді, сау балада болмауы керек. 
Жас нҽрестелер дҧрыс жҿтеле алмайды, себебі тыныс еттері ҽлсіз жҽне ол бронх пен 
бронхиолдардың бітеліп қалуына себеп болуы мҥмкін. Жаңа туған сҽбилер, туа болған 
аномалияларда, салдық (параличтік) сатыдағы полимиелитте жҽне іш қуысында амнионды 
сҧйық жиылып қалған аурулар жҿтеле алмауы мҥмкін.
Жҿтелдің бірнеше тҥрі болады: 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау