Қаратау таулары кіреді. Бұлар биік емес аласа тауларға жатады. Бірақ
олардың шығыс бөлігінде жартастардың өте биік жерлері де бар.
Жазық аймақтар:
Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып оның көптеген аумағын жазық
аймақтар алып жатыр. Территорияның басым бөлігі
сусыз шөл және құрғақ
дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді.
Оңтүстік Қазақстанды күнгей жағынан жиектейтін тауларда биіктік
зоналық байқалады. Аз қашықтықта ғана шөлден бастап мәңгі қар мен
мұздықтарға дейінгі зоналар ауысып жатады. Сырдария өзенінің соңғы
жағынан басталатын жазықтық Түркістанды жанай, өтіп оңтүстікке қарай
созылып кетеді. Бұл жазық дала тегістеле біткен тақырлы жазықтық жерлер
болып кетеді. Бетпақдала жазығы соған жалғасып жатқан шөлейтті өңір. Ол
батысында Сарысу өзенінен бастап шығысында балқаш көліне дейін 500
шақырым, солтүстіктен оңтүстікке Шу өзенінің аңғарына дейін 300
шақырымға созылып жатыр. Бетпақ даланың орташа биіктігі 250-300 метрге
жетеді.
Климаттық ерекшеліктері.
Облыс аумағы Қазақстан республикасының
оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған
шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал
солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді.
Климаттың құрамына географиялық ендіктің де әсері мол.
Оңтүстік климаты шұғыл контигентті. Бұл температураның тез
өзгеруіне әкеп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі
болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8
айға созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде
айы температурасы +21+29
0
С. Абсолютті ыстық +47
0
С Шардарада тіркелген.
Қыс
айы қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық айы қаңтар.
Солтүстікке орташа температура -15
0
С және -11,5
0
С оңтүстігінде. Абсолютті
суық Созақта-41
0
С тіркелген.
Жауын-шашын: климаттың айрықша өзгешілігі құрғақшылық болып
табылады. Жылдық жауын-шашын тегіс жерлерінде 1-0-150 мм, таулы
аймақтарда 400-600мм, тау аудандарда 700 мм-ге жетеді. Жауын-шашын жыл
бойы біркелкі емес, негізінен көктем және күз айларында көп жауады. Қар
қалыңдығы жұқа және бір қалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-40
см, және ол 2 айдан 5 айға дейін жатады. Қазақстанның оңтүстігінде,
мысалы, Шымкентте 246мм, жылы айларда 177-212мм түседі. Циклондық
әрекет тауда өте сирек. Жаз айларында шөлді аудандарда 2216мм
дейін
жауын түседі. Кейбір жылдары жауын жаумай да кетеді, тіпті 3-4 айға дейін
қар жамылғысы 10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады.
Сондықтан да бұл облыстарда қар тоқтату қарқынды түрде жүреді. Күн
радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік аудандармен
салыстырғанда 1,5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көп
тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9 м/сек. Желдің қатты тұратын
аймағы Ақсұрам, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/сек.
Шақпақ желі мен
Арыстанды- Қарабас атақты желдер болып есептеледі. Ылғалдығына қарай
облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте құрғақты (0,1-0,3), құрғақты таулы, биіктігі
1000 метр (0,3-0,5)
және таулы, биіктігі 1000 метрден жоғары (0,5 жоғары)
Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық субтропикалық зонамен шекаралас, күн
горизонта
тұрғандықтан
радиациялау
балансы
жақсы,
солтүстік
республикалармен салыстырғанда суық ауа массалары оңтүстікке жылжыған
сайын жылына бастайды. Сондықтан да бұл жерде күшті аяздар сирек
болады.
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында құрғақ болады.
Бұл жағдай ауа температурасының ылғалдығының анықтау барысында
солтүстіктен Оңтүстік Қазақстанға қарай өзгереді.
Қыста басқаша, Оңтүстік
Қазақстан ауаның абсолюттік ылғалдылығы жоғары, солтүстікке қарағанда.
Бұл Оңтүстікте Қазақстанның жылы қысымымен анықталады. Бұл жерде
ылғалдық жаз айларында 1-8 төмендейді. Бұл құрғақшылықпен және
атмосфералық құрғақ болуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: