Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 8,5 Mb.
Pdf просмотр
бет41/117
Дата05.11.2022
өлшемі8,5 Mb.
#40012
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117
компьютерлік графика (3)

 
 


50 
2.2 Күрделі примитивтер. Жазық примитивтер 
Күрделі примитивтер жазық және кеңістік болады. Жазық примитивтерге 
келесілер жатады: 
Полисызық
Мультисызық 
Сызықшалау (Штриховка) 
Ӛлшемдер 
Растрлық кескіндер 
 
2.2.1 Полисызық (Полилиния - PLINE) 
Полисызық - кесінділер мен доғалар сегменттерінен тұратын үздіксіз сызық, 
ол жүйемен тұтас объект ретінде қабылданады.
Полисызықты сызу үшін қажетті команданы Рисование құлама мәзірінен
Полилиния пунктін таңдап немесе аспаптар тақтасынан пиктограммасын басу 
арқылы шақыруға болады. Кесінділерден тұратын полисызықтың мысалы 2.29-
суретте кӛрсетілген. 
Команданың бірінші сұрауы: 
Specify start point: 
(Начальная точка:) 
Бастапқы нүктені (1) енгізгеннен 
кейін компьютердің келесі сұрауы 
болады: 
Specify 
next 
point 
or 
[Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Wi
dth]: 
(Следующая точка или
[Дуга/Замкнуть/Полуширина/Длина/ Отменить/Ширина]:) 
Енді курсормен сынық сызықтың тӛбелері болып табылатын нүктелерді 
ретімен (2-5) белгілеп ӛту керек.
Нүктелерді белгілеуден бӛлек, келесі опцияларды таңдауға болады: 
• Arc (Дуга) – полисызықтың доғалық сегменттерді сызу режиміне ӛту; 
• Close (Замкнуть) – полисызықты тұйықтайтын кесіндіні сызу (сонымен бірге
PLINE (ПЛИНИЯ) командасы аяқталады); 
• Halfwidth (Полуширина) – сызықтың енін беру, жарты енін енгізу арқылы 
(мысалы, сызықтың ені 10 болу керек болса, оның жарты ені 5 болып енгізіледі); 
• Length (длина) – алдындағы бӛліктің жалғасы болып келетін сегментті салу, 
ұзындықты санмен немесе нүктемен енгізуге болады; 
• Undo (Отменить) – PLINE (ПЛИНИЯ) командасының соңғы операциясын 
қайтару; 
• Width (Ширина) – полисызықтың кезекті сегментінің енін енгізу (сегменттің 
басындағы ені оның аяғындағы енімен бірдей болмауы мүмкін); полисызықтың 
ені оның осінің екі жағына бірдей бӛлініп сызылады. 
Доғаларды сызу режиміне ӛткенде AutoCAD ұсынады: 
Specify endpoint of arc or 
[Angle/CEnter/CLose/Direction/Halfwidth/Line/Radius/Secondpt/Undo/Width/: 
2.29-сурет 


51 
(Конечная точка дуги или 
[Угол/Центр/Замкнутъ/Направление/Полуширина/Линейный/Радиус/Вторая 
/Отменить/Ширина]:) 
Соңғы нүктені кӛрсеткеннен кейін AutoCAD жүйесі доғалық сегментті сыза 
бастайды, және ол доға полисызықтың соңғы сегментіне жанама болады. Осы 
кезде келесі опцияларды таңдауға болады: 
• Angle (Угол) – доғалық сегмент үшін центрлік бұрыштың шамасы; 
• CEnter (Центр) – доғалық сегменттің центрі
• CLose (Замкнуть) – полисызықты доғалық сегментпен тұйықтау; 
• Direction (Направление) – доғалық сегментті сызу үшін жанама бағыты; 
• Halfwidth (Полуширина) – келесі сегменттің жарты ені; 
• Line (Линейный) – түзу сызықты сегменттерді сызу режиміне ӛту; 
• Radius (Радиус) – доғалық сегменттің радиусы; 
• Second pt (Вторая) – доғалық сегментті үш нүкте арқылы салу үшін екінші 
нүктені енгізу; 
• Undo (Отменить) – PLINE (ПЛИНИЯ) командасының соңғы операциясын 
қайтару; 
• Width (Ширина) – келесі сегменттің ені. 
Доғалық сегменттерді салу тәсілдері СARC (ДУГА) командасымен доға салу 
тәсілдеріндей. Кез келген уақытта түзу сызықты сегменттерді сызу режимінен 
доғалық сегменттерді сызу режиміне ӛтуге болады немесе керісінше доғалық 
сегменттерді сызу режимінен түзу сызықты сегменттерді сызу режиміне ӛтуге 
болады. Сонымен қатар кез келген уақытта полисызықтың келесі сегменті үшін 
ені немесе жарты енін беруге болады. 
Сегменттерінің 
ені 
әртүрлі 
болып 
келетін 
полисызықтың мысалы 2.30-суретте кӛрсетілген.
Полисызықтың жәй примитивтермен салыстырғанда 
бірнеше ерекшеліктері бар: 
• полисызық біртұтас объект болып табылады, бұл оны 
редакциялау үшін қолайлы 
• полисызық жуан сызықтарды сызу үшін ӛте ыңғайлы; 
• полисызық сегменттерінің енін ӛзгерту мүмкіндігін 
әртүрлі графикалық элементтерді сызу үшін қолдануға 
болады (мысалы, стрелкаларды салу және т.б.). 
Полисызық күрделі объект болып табылады. Алайда оны кез келген уақытта 
кесінділер мен доғалар тобына түрлендіруге болады. Бұны EXPLODE 
(РАСЧЛЕНИТЬ) командасы орындайды. Бұл команданы Редактирование құлама 
мәзірінен немесе аспаптар панеліндегі
батырмасын басу арқылы шақыруға 
болады. Полисызықты бӛлшектеген кезде оның ені туралы ақпарат жойылады
ӛйткені кесінділер мен доғалардың ені болмайды. 2.31-суретте полисызықтың 
бүтін кезіндегі және бӛлшектелген кездегі (оң жағында) кескіні кӛрсетілген. 

жүктеу 8,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау