17
арналарын, әрбір өнім бойынша клиент тарапынан жасалатын байланыстарды
айқындайды.
Негізгі клиенттерді тарту бойынша өкіл
– ірі бизнес сегментінің
ағымдағы клиенттеріне компанияның өнімдері мен қызметтерін сатуды жүзеге
асыру, жаңа клиенттерді тарту; ағымдағы кіріс көрсеткіштерін және белсенді
базаны ұстап қалу/ұлғайту бойынша міндеттерді қалыптастыру мақсатында
сеніп тапсырылған портфель көрсеткіштеріне талдау жүргізу; жаңа
клиенттерді іздеу және тарту; өз портфелі бойынша клиенттерді тарту
стратегиясын қалыптастыру, келіссөздерді жүзеге асыру; клиентпен
серіктестік қатынастарды дамыту жоспарын әзірлеу: клиентке ұсыну үшін
қызметтер мен өнімдер жиынтығын, ұсыныс кезегін, коммуникация
арналарын, әрбір өнім бойынша клиент тарапынан жасалатын байланыстарды
айқындау.
Сату және қызмет көрсету менеджері
– компания көрсететін қызметтер
туралы ақпарат беру; компанияның қызметтері мен өнімдерін сату;
клиенттерге сервистік және сапалы қызмет көрсету; деректер базасында
жұмыс істеу; бекітілген ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жұмыс
бағдарламаларында операциялық әрекеттерді орындайды.
Мерчендайзер / өткізу бойынша кіші аумақтық маман –
сауда нүктелері
бойынша деректер базасын жүргізу; сауда нүктелерінің компанияның
қызметтері мен өнімдерін ілгерілету жөніндегі
бағдарлама шарттарының
орындалуын бақылау; сауда нүктелерінің рәсімделуін бақылау; сеніп
тапсырылған аумақтағы сауда нүктелерін олардың баға саясатын, өнім
ассортименті мен қорын сақтауы үшін бақылау; есептілікті жүргізу.
Абоненттерге сату жөніндегі өкіл
– компания көрсететін қызметтер
туралы ақпарат беру; компанияның қызметтері мен өнімдерін сату;
клиенттерге сервистік қызмет көрсету; іссапарларға шығу; деректер базасында
жұмыс істеу.
Маркетолог
– ақпаратты талдау және болжау (бәсекеге
қабілетті орта,
тенденциялар және ішкі үрдістер бойынша санаттар және өңірлер); есептер
мен шолулар жасау; жаңа өнімдерді әзірлеуге қатысу.
Элементтерді біріктіру және желі мониторингі жөніндегі инженер
–
желі элементтерін біріктіру бойынша жұмыстарды орындауды, тестілік
тексеруді,
талдауды,
проблемаларды
локализациялауды,
процесте
туындайтын қателерді белгілі бір уақыт мерзімінде жоюды және топтар
арасында одан әрі үйлестіруді жүзеге асыру; желі элементтерін баптау,
элементтерді синхрондау және қосу бойынша жұмысты жүзеге асыру.
түйіндерді резервтеуді және мұрағаттауды орындау; радиожелілік
18
элементтерді
оңтайландыру, қайта конфигурациялау, бұғаттау, іске қосу,
сыртқы апаттарды тексеру, элементтерді қосу және ауыстыру бойынша
жұмыстарды орындау.
Операциялық қолдау жөніндегі оператор
– ұялы байланыс қызметтері
үшін ақша қаражатын қабылдауды және
жұмыс бағдарламасындағы
абоненттердің жеке шоттарына қабылданған соманы есептеуді орындау; кмо
(лездік төлем картасы) сату үшін ақша қаражатын қабылдауды орындау;
компания өнімдерін сату үшін ақша қаражатын қабылдауды орындайды,
бухгалтерлік бағдарламада сатуды көрсету; ауысым соңында оған есеп беретін
өнімнің есебін жүргізу; өткізілген өнім бойынша, қолма-қол ақша
қаражатының қозғалысы бойынша, көрсетілген қызметтер бойынша және
төлемдер статистикасы бойынша есептер жасау.
Маман-бақылаушы
– келісімшарт бойынша берешек туындаған жағдайда,
борыштарды жинау процесінде пайдаланылатын қосымша байланыс
деректерін сақтау және антифрод мақсатында
байланысушы адамдарға
қоңырау шалу; АҚ үшін кеңес беру және скоринг жүйелік қосымшасындағы
жұмыс бойынша сұрақтар мен акциялардың шарттары бойынша сұрақтарға
жазбаша жауаптар беру.