МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
жүйке жүйесі морфологиялық белгілері мен физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты
симпатикалық
жəне
парасипатикалық
болып жіктеледі. Бұл жүйенің
аталмыш түрлері ағзадағы мүшелерді нервтеуге қатысады. ВЖЖ-орталық жəне
шеткі бөлімдерден тұрады. Орталық бөліміне бас
миы мен жұлында орналасқан
ядролар, ал шеткі бөліміне ядролардан тараған нерв талшықтары, нерв түйіндері,
нерв ұштары жатады. ВЖЖ-талшықтары көбінесе миелинді, холинергикалық
олардың
терминалдарының
құрамында
ұсақ,
ашық
түсті
синаптикалық
көпіршіктері (40-60нм) мен ірі күңгірт түсті везикулалары (60-150нм) болады.
Шеткі вегетативтік түйіндер мүшеден
тыс жерде, сонымен қатар асқорыту
мүшелерінің, жатыр, қуық, жүректің интрамуральді өрімдерінің құрамында
кездеседі. Паравертебральді түйін
омыртқа жотасының екі жағында, ал
превертебральді ганглий (түйін) құрсақ аортасының алдында жəне оның
тармақтары құрсақ өрімдерінде орналасады.
Вегетативтік ганглийдің сыртын
дəнекер тінді капсула қоршайды. Дəнекер
тіннің перделері түйіннің паренхимасына өтеді. Түйінің пішіні мен мөлшері əр
түрлі мультиполярлы нерв жасушаларынан тұрады. Дендриттері көптеген
тармақтарға жіктеледі. Постганглийлік талшықтардың
құрамындағы аксондар
(əдетте миелинсіз) өздеріне сəйкес ішкі мүшелерге өтеді. Əрбір нейрон өсінділері
глиальді қабықпен қоршалған. Глиальді қабықтың сыртқы беті жіңішке дəнекер
тінімен астарланған базальді қабықпен тысталған. Преганглийлік талшықтар өзіне
сəйкес ганглийге өтерде дендриттерден немесе аксо-дендриттік, аксо сомалық
синапс нейрондарының перикариондарында аяқталады.
Синапстар варикоз түрінде немесе жуандаған терминалдар түрінде
айқын
көрінеді.
Электронды-микроскоптық көріністе пресинаптикалық полюсі–холиэнергиялық
синапстарға тəн түссіз, майда синаптикалық көпіршіктердің болуымен (40-60нм)
жəне жекеленген ірі күңгірт визикуларымен (80-150нм) сипатталады.
Симпатикалық
ганглий
нейрондарының
цитоплазмасының
құрамында
катехоламиндер болады. Оған дəлел, майда түйіршік пішіндес көпіршіктер жəне
Фальк əдісі бойынша формальдегидпен шайылған препараттардағы əр түрлі
деңгейді флюоресценциялар олардың перикариондары мен өсінділері сонымен
қатар
постганглийлік
талшықтар
түрінде
мүшелерге
келетін
аксондар.
Симпатикалық ганглийлердің құрамында шағын ғана түйіршік түріндегі
флюоресценцияға ұшырап отыратын жасушалары болады. Бұларды майда (МИФ-
жасушалар) флюоресценциясы белсенді жасушалар (ФБЖ) дейді. ФБЖ-
жасушалардың денесі глиальді қабықпен қоршалған. Бұл жасушалардың
өсінділерінде холинергиялық синапстар болады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық
бөлімінің ганглийлері
нервтейтін мүшелер жанында немесе
интрамуральды жүйке
өрімдерінде
орналасады. Интрамуральды өрімдер көбінесе асқорыту мүшелерінде, жүректе,
қуықта кездеседі. Бұлар мүшелер қабырғасындағы кілегей асты негізінде
(Мейснер денешігі), ет қабығында (Ауербах денешігі) түйіндер түрінде
орналасады. Бұл түйіндердің негізін Догельдің үш типтегі жасушалары түзеді.