КОМПАС-ЗD жүйеде өнімдер үлгілеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады:
“астынан үстіне қарай” (дайын компоненттерді пайдаланып), “үстінен астына
қарай” (конструкция құрамында компоненттерді жобалап отырып),
ұйымдастыру эскизге (мысалы, кинематикалық эскизге) тіреліп немесе құрама
тәсілмен. Бұндай идеология жеңіл түрлендіріленетін ассоциациялық үлгілер
алуды қамтамасыз етеді.
Жобалармен жұмыс істеу үшін жүйе құрамында бірнеше мың бөлшектер
мен стандартты бұйымдар бар күшті функционалмен жабдықталған. Ол орташа
деңгейлі АЖЖ үшін стандарт болып қалған үш өлшемдік қатты денелі
үлгілеудің барлық мүмкіншіліктерді ұстап тұрады:
– типтік қалыптастыру элементтермен бульдің операциялары;
– беттер құрастыру;
– элементтер параметлерін ассоциациялық беру;
– қосымша түзулер мен беттерді, эскиздерді, кеңістік қисық сызықтарды
(сынық, сплайндарды, түрлі спиралдерді) құру;
– конструкциялық элементтерді – фаскаларды, дөңғалануларды, тесіктерді,
қатаңдық қабырғаларын, жұқа қабырғалы қабыршақтарды – жасау;
– құю қалыптарын істеуді жеңілдететін өзгеше мүмкіншіліктері: құю
еністері, ажырау сызықтары, бөлшек пішіні бойынша қуыстары (оның ішінде
шөгуді ескере отыратын);
– темір табақ материалдан бөлшектер үлгілеу үшін функционал – темір
табақ дене жасау, темір табақ денеде июлер, тесіктер, жалюзи, буртиктер,
ойықтар істеу, бұрыштарды тұйықтау, сондай-ақ алынған темір табақ дененің
жазбасын құру (оның арасында жазбаның ассоциациялық сызбасын
қалыптастыру);
–
құрастырулардың
(сборки)
қалыптастыру
элементтері
мен
компоненттерінің кез келген массивтерін құру;
– үлгіге кітапханадан стандартты бұйымдар енгізу, пайдаланушының
үлгілер кітапханасын қалыптастыру;
– құрастырудың контекстінде компоненттерді үлгілеу, құрастырудың
құрамындағы бөлшектерді өзара анықтау;
– құрастырудың компонеттеріне жанасуларды салу (бұл кезде жанасуларды
автоматты түрде салу мүмкіншілігі құрастыруды жасау жылдамдығын талай
көбейтеді);
– бөлшектердің өзара енуін анықтау, бөлшектер мен құрастыруларды
иілімді редакциялау мүмкіншілігі, бүкіл үлгіні қайта құруды керек қылып
ететін жобалаудың кез келген мезгілінде кез келген элементтің көрсеткіштерін
қайта анықтау мүмкіншілігі.
Кітапханада түрлі типтік машина жасау элементтерінің (болттардың,
гайкалардың, тойтарма шегелері мен басқа бекіткіш элементтердің,
подшипниктердің, прокат профильдерінің, манжеталардың т.б.) 200 астам
параметрлік кескіндері бар.
Стандартты бекіткіш бұйымдардың кез келген пакетін құрып алып
графикалық құжатқа кіргізу мүмкіншілігі қарастырылған. Пакет кескінін
сызбаға енгізу кезінде бекіткіш элемент сырығының ұзындығы стандартты
қатардан автоматты түрде сұрыпталады. Кітапхана бекіткіш бұйымдардың
дайын кешендерін ұстап тұрады және де пайдаланушы істеген жинақтарды
сақтауға болады. Стандартты элементті сызбаға кіргізгенде кейін спецификация
қалыптастыру кезінде керекті қосымша ақпарат беріледі. Кітапхана машина
жасаудың құрастыру және бөлшектеу сызбаларын дайындау үшін жұмсалатын
конструктор уақытының шығындарын едәуір мөлшерде төмендетеді.
Спецификациялар жобалау жүйесі тараулар мен тараулар астыларын
(подраздел) толтыруды және олардың ішінде жолдардың стандартты тәртібін
ұстап тұрады. Жолдар реттеу ережелері стандартқа тиісті, алайда керек болса
пайдаланушы оны өзгерте алады.
КОМПАС тобының түрлі қолданбалы кітапханаларды пайдалана отырып
кез келген өнер кәсіп әр алуан салаларда типтік есептер шешуге бағытталған
бағдарламалық кешендерді модульдік принципі арқылы құрастыра алады,
мысалы, жетектер, механикалық берілістер, инженерлік коммуникациялар
жобалау.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 12].
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. T-FLEX, CATIA, КОМПАС графикалық жүйелерінің қолдану саласы.
2. КОМПАС жүйесінің техникалық мүмкіншіліктерін талдау.
6-тақырып Өндірісті технологиялық дайындауды және технологиялық
процестерді АЖЖ
Дәрістер жоспары
1. Технологиялық жобалау есептерінің құрамы мен мазмұны.
2. Типтік технологиялық процестер негізінде жобалау тәсілдері.
3. Дербес, сериялы және жаппай өндірісті технологиялық дайындайтын
АЖЖ-нің өзгешеліктері.
4. Жобалау кезінде автоматтандырылған үлгілеудің, көз алдына түсурудің
және талдаудың жүйелері.
Иілімді өндіріс жүйелелері (орысша – ГПС) мен робот техникалық
кешендермен (РТК) қатар технологияны және құймаларды автоматтырылған
түрде жобалайтын жүйелер инженер әрекетін автоматтандыратын құралдар
кешенінде маңызды орын алады, себебі оның күшті құрал-сайманы болып
табылады. Олар өндірісті техникалық және технологиялық дайындау
жүйелеріне жай қосыла алады.
Технологияны АЖЖ дамуының маңызды бағыты информатиканың әр түрлі
құралдарын, ақпарат бейнелеу мүмкіншіліктерін, машиналық графика
құралдарын, таралған дерек базаларға және математикалық талдаудың
стандартты сервисты бағдарламаларға кіруге рұқсатын т.б. кеңінен қолдануы.
Негізгі бағыты – АЖЖ-нің түрлі подсистемалар жұмыс істегенде пайда болған
ақпаратты жүйелік қолдануы.