Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/62
Дата07.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#3421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

 

шығу  ақпараты),  сонымен  қатар  өзінде  сақтайтын  (Z  ішкі  жүйелік 
ақпарат) 
кез 
келген 
сигналдардың
әсерлердің 
немесе 
мағлұматтардың жиынтығы қарастырылады [2, 26] (1.1-сурет).  
1.1-сурет 
«Кибернетика»  термині  пайда  болғаннан  кейін  дүниежүзілік 
ғылымда  ағылшын  сөзі  «Computer  Science»  (компьютер  ғылымы) 
қолданысқа  енгені  белгілі.  Бұл  термин  Америка,  Канада  және  тағы 
басқа  латын-америкалық  континеті  елдерінде,  компьютерлер  мен 
телекоммуникациялық  жүйелер  көмегімен  ақпаратты  өңдеу,  сақтау 
және жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін 
кең тараған.   
Кейінірек  XX  ғасырдың  60-шы  жылдарының  соңы  мен  70-ші 
жылдарының 
басында 
француз 
ғалымдары, 
француздың 
«informatione»  (ақпарат)  және  «avtomatique»  (автоматика)  сөздерінің 
туындысы болып табылатын – «informatique» (информатика) терминін 
енгізді.  Жаңа  термин  Кеңестер  Одағы  (кейіннен  Ресей  мен  ТМД 
елдерінде)  мен  Батыс  Еуропада  кеңінен  тарады.  Үлкен  Кеңес 
Энциклопедиясында  информатика  «ғылыми  ақпараттың  жалпы 
қасиеттерін,  құрылымын,  оны  құру,  түрлендіру,  тасымалдау  және 
адамзат  іс-әрекетінің  әртүрлі  саласында  қолдану  заңдылықтарын 
зерттейтін пән» деп қарастырылды
1
.  
Орыс тілінде «информатика» терминінің қолданылуы (шамамен 
1960-шы  жж.  ортасынан  бастап)  ғылыми-техникалық  ақпаратпен, 
кітапханатану және құжаттаматанумен байланысты болды.  
1970-ші  жылдардың  екінші  жартысында  А.П.  Ершовтың
2
 
ықпалымен  орыс  әдебиетінде  «информатика»  терминінің  өзге 
түсіндірмесі  кең  қолданысқа  ене  бастады.  Ол  бұл  терминнің 
мағынасын:  «...  ақпаратты  тасымалдау  және  өңдеу  үрдістерін 
зерттейтін  іргелі  жаратылыстану  (табиғи)  ғылымы  ретінде  енеді. 
Бұлай  анықталуына  информатика  философиялық  және  жалпы 
                                                 
1
 Михайлов А.И., Черный А.И., Гиляревский Р.С. Информатика/Большая советская энциклопедия, 
3-е изд., 10. – М.: Советская энциклопедия, 1972. – С 378-380. 
2
 Андрей  Петрович  Ершов  (1931—1988)  —  Кеңес  Одағының  ғалымы,  теориялық және  жүйелік 
программалаудың  негізін  қалаушылардың  бірі,  Сібір  информатика  мектебін  құрушы,  КСРО  ҒА 
академигі.  Оның  еңбектері  тек  КСРО-да  ғана  емес,  бүкіл  әлемде  есептеуіш  техниканың 
қалыптасуы мен дамуына зор  ықпалын тигізді.  
Орта 
 
 
  X
 
 
 
 

Жүйе 



 
10 
ғылыми  категориялармен  тікелей  байланысты  болады,  оның 
«дәстүрлі»  академиялық  ғылыми  пәндер  арасындағы  орны 
анықталады» деп тұжырымдаған болатын.  
Информатиканың осы анықтамасын түсіндіре келе,  А.П. Ершов 
тағы да: «ғылымдардың салыстырмалы түрде жаратылыстану (табиғи) 
және  қоғамдық  болып  бөлінуін  түсіне  келе,  біз  сонда  да,  түсінудің 
туынды  принциптеріне  және  оның  атрибуттарына,  жасанды, 
биологиялық 
және 
қоғамдық 
жүйелерде 
ақпаратты 
өңдеу 
заңдылықтарының  бірлігі  (жалғыздығы)  туралы  көріністерге  сәйкес, 
информатиканы  жаратылыстану  ғылымдары  пәніне  жатқызамыз. 
Информатиканы  іргелі  ғылымдар  қатарына  жатқызғандықтан,  
ақпарат  түсінігі  оны  өңдеу  үрдістері  жалпы  ғылыми  мағынаға  ие 
болады» – деп атап өтті. Қоршаған ортаның (әлемнің) оқып-танылған 
үзіндісіне  (бөлегіне)  ақпараттық  модель  құрылғанда,  информатика 
жеке ғылым ретінде өз құқығына ие болады[2,6].  
Информатика  пәні  кибернетика  сияқты  өз  қосымшаларының 
ауқымды  аймағының  негізінде,  ал  объектісі  табиғаттағы,  қоғамдағы 
кез  келген  ақпараттық  процестерге  тән  ортақ  заңдылықтарының 
негізінде 
қалыптасады. 
Демек, 
ақпараттық 
үрдістер 
мен 
технологиялардың  көптеген  түрлеріне  тән  ортақ  қасиеттері  және 
заңдылықтары информатиканың зерттеу объектісі болып табылады.  
Информатика  пәні  өз  қосымшаларының  көптүрлілігімен 
анықталады. Адамзаттың сан алуан іс-әрекетінде, жұмыс жасап тұрған 
ақпараттық  технологиялардың  (өндірістік  үрдісті  басқару,  жобалау 
жүйелері,  қаржылық  операциялар  және  т.б.)  ортақ  қасиеттері 
болғанымен, өзара айырмашылықтары да көп. Бұл жерде басты назар, 
ақпараттық 
процестер 
мен 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
негізінде 
әлеуметтік 
басқаруды 
жетілдіруге 
аударылады. 
Әлеуметтік  жүйелердегі
1
 басқаруда  айшықталатын  ақпараттың 
жоғарғы  формасы  –  білім  болып  табылады. Педагогика  мен  жасанды 
интеллект  зерттеулерінде  кең  қолданылатын  бұл  пәнүстілік  ұғым  да 
маңызды  философиялық  категориядан  үміткер.  Философиялық 
тұрғыдан, таным – басқарудың функционалды аспектілерінің бірі деп 
қарастырған абзал. Мұндай көзқарас таным үрдістері генезисін, оның 
негіздері мен болашағын жүйелі түрде түсінуге жол ашады. 
Информатика  ғылымын  адамзат  тек  ЭЕМ-  нің  көмегі  арқылы 
ғана  қабылдайды.  ЭЕМ  ақпаратты  автоматты  түрде  өңдеуді  жүзеге 
асырады.  Сондықтан  ЭЕМ  бағдарламалау  информатиканың  негізгі 
                                                 
1
Әлеуметтік  жүйе  –  біртұтас  құрылым;  оның  негізгі  элементі  –  адамдар,  олардың  өзара 
әрекеттесуі, қарым-қатынастары мен байланыстары
.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау