Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/62
Дата07.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#3421
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62

 
59 
уақыт  кезеңінде)  өзара  нысаналы  қарым-қатынасын  (әрекеті  мен 
қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).   
Материалды  уақыт  бойынша  үлестіру  сабақтағы  зейіннің 
тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:  
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын 
өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек. 
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен 
жинақылығының кезеңі.  
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін 
құбыла  бастап,  қателер  көп  жіберіледі.  Жұмыс  ынтасының 
азайтылуын,  зейіннің  босаңсуын  талап  етеді  (теориялық  дәлелдерден 
мысалдарға көшу және т.б.). 
Сабақтың  31-45  мин.  –  қойылған  мақсатқа  байланысты  зейінді 
жинақтау  (ерікті  зейін).  2.2-суретте  сабақтың  оқу  уақытын  осылай 
үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.  
2.2-сурет. Сабақтағы  уақытының бөлінуі 
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. 
Қазіргі  сабақтың  ерекшеліктерін  анықтау  үшін  дәстүрлі  сабақтың 
оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.  
Сабақтың  құрылымы  —  бұл  оқу  үрдісінде  пайда  болып,  оның 
нысаналы  әрекетін  қамтамасыз  ететін,  сабақ  элементтері 
арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.  
Ақпаратты алу –  40% 
(оқу уақыты) 
 
1.  Оқушылар  алдында  оқу 
мақсатын қою 
2.  Жаңа  білімді  баяндау 
немесе 
оны 
игеруге 
бағытталған  оқушылардың 
өзіндік жұмысы 
Ақпаратты игеру –  40% 
3.  Білімді,  біліктілікті  және 
дағдыны  тәжрибе  жүзінде 
бекіту 
4.  Білімді,  біліктілікті  және 
дағдыны  тәжрибе  жүзінде 
қолдану 
 
Ақпаратты тексеру – 
5 – 10% 
Ақпаратпен келісілмеу 
процессін дәлдеу – 
10 – 15% 
5. Оның меңгерілгенін 
тексеру 


 
60 
Сабақтың  құрылымы  –  сабақтың  негізгі  компоненттерінің 
дидактикалық  жағынан  өзара  дәлелденген  байланысы,  олардың 
нысаналы жүйелілігі мен қарым-қатынасы (М.И. Махмутов).  
Элементтердің  алуан  түрлі  үйлесімділігі,  сондай-ақ  оқу  пәнінің 
және  білім  беру  мекемесінің  ерекшеліктері  сабақтың  көптеген 
формалары  мен  типтерін  тудырады,  сабақтың  басты  белгісі  –  оның 
дидактикалық мақсаты.   
Дәстүрлі сабақ оқу материалын көп мәрте қайталауға мүмкіндік 
береді,  бұл  жадының  дамуына  және  есте  сақтауға,  меңгерту 
сабақтарында  білімді  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Оқу  әрекетінің 
формаларын бірнеше рет ауыстыра отырып, жаңа білімдерді жылдам 
іс  жүзінде  қолдануға  жағдай  жасайды.  Дегенмен,  құрылымның 
аталған  бөлшектерінің  ешқайсысы  білімді  меңгерте  отыра, 
оқушылардың  дамуын  қамтамасыз  етпейді,  өздігінен  атқаратын  оқу 
әрекетінде оны көрсетпейді.  
Аралас  сабақтың  әртүрлі    құрылымы,  соған  байланысты 
бірқатар  артықшылықтары  болуы  мүмкін:  кері  байланысты 
қамтамасыз  етеді,  педагогикалық  үрдісті  басқарады,  бағаларды 
жинайды,  оқу  кезінде  дербес  амалдарды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 
жасайды.  
2.4.3. Қазіргі сабақтың формалары мен құрылымдары  
Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері 
1. Ұйымдастырушылық  кезең.  Оқушылардың  сабаққа  сырттай 
және  іштей  (психологиялық)  дайындығын  білдіреді.  Әдетте 
ұйымдастырушылық 
кезеңге 
сәлемдесу, 
оқушылардың, 
жабдықтардың,  сынып  бөлмесінің  сабаққа  дайындығын  тексеру, 
сабаққа  қатыспағандарды  белгілеу,  сабақ  жоспары  мен  мақсаттарын 
хабарлау кіреді.  
2. Үй  жұмысын  тексеру.  Қойылған  мақсатқа  байланысты 
әртүрлі  әдістермен орындалады.  
3. Жаңа  материалды  оқыту.  Мұғалімнің  хабарлауы  негізінде 
немесе оқушылардың өздігінен орындауы арқылы өтеді.  
4. Жаңа  материалды  бекіту.  Үлгі  бойынша  жаттығуларды 
қолдану  және  ақпаратты  жаңғырту  тәсілдері  арқылы  материалдың 
игерілуін  ұйымдастыру.  Білімді  іздеу  және  шығармашылықта 
пайдалану,  бұрын  алған  білімдері  мен  ептіліктері  бойынша  құралған 
проблемалы тапсырмаларды орындау арқылы тәсілдерді меңгеру.  
5. Мұғалім  және  оқушылар  жүзеге  асырған  –  оқу  әрекетінің 
нәтижелерін бақылау – білімді тексеру; 
6. Үйге  тапсырма.  Сабақтың  осы  бөліміне  тапсырманың 


 
61 
орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін түсіндіру. 
7. Сабақ қорытындысын шығару.  
Сабақ аталған элементтердің барлығынан (аралас сабақ) немесе 
тек кейбіреуінен тұруы мүмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы 
орындауға бағытталған арнаулы сабақ) 
Жаңа материал оқытылатын сабақтың құрылымы:  
1)  ұйымдастырушылық кезең; 
2)  таным  процесі  кезінде 
оқушылардың  жоғары  ойлау 
белсенділігін ескере отырып материалды алғаш рет кірістіру;   
3)  оқушылардың нені есте сақтау керектігіне нұсқау;  
4)  жадыда  ұзақ  уақыт  сақтау  және  есте  сақтау  уәждемесі 
(орысш. – мотивация); 
5)  ойда  сақтау  техникасын  өзектілеу  немесе  хабарлау  (тірек
 
материалдармен жұмыс, мағыналық топтама және т.б.); 
6)  мұғалімнің  бақылауындағы  жеке  қорытындыларды  тікелей 
қайталау арқылы алғаш рет бекіту; 
7)  алғашқы ойда сақтаудың нәтижесін бақылау; 
8)  қайталауға  қойылатын  талаптарға  сәйкес,  соның  ішінде 
сараланған  тапсырмаларды  қысқа  және  ұзақ  уақыттан  кейін  жүйелі 
қайталау;  
9)  жаңа  білімдерді  алу  мақсатында  алынған  білімді  және 
біліктіліктерді іштен қайталау және оларды жиі қолдану;  
10) 
білімдерді жиі қайталауды бақылау және оларды әрдайым 
бағалау үшін тірек материалын қосу; 
11) 
үйге тапсырма беру; 
12) 
сабақтың қорытындысы.  
Біліктілікті  және  дағдыларды  қалыптастыру  сабағының 
құрылымы:  
1)  ұйымдастырушылық кезең;  
2)  тірек болатын қалыптасқан білім және дағдыларды қайталау; 
3)  тексеру жаттығуларын жүргізу;  
4)  жаңа біліктіліктермен танысу, қалыптастыру үлгісін көрсету;  
5)  біліктіліктерді меңгеру жаттығулары; 
6)  біліктіліктерді бекіту жаттығулары;  
7)  үлгі, алгоритм, нұсқау бойынша жаттығу тапсырмалары;  
8)  ұқсас жағдайға ауыстыру жаттығулары;  
9)  шығармашылық сипаттағы жаттығулар;  
10) үй жұмысы тапсырмасы;  
11) сабақ қорытындысы. 
Бекіту сабағының құрылымы:  
1)  ұйымдастырушылық кезең;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау