Кодексті қалай пайдалану керек менің мыналарға қатысым бар: ашық талқылау бірге жұмыс атқару



жүктеу 460,29 Kb.
Pdf просмотр
бет4/15
Дата07.12.2017
өлшемі460,29 Kb.
#3420
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

8

БІРЛІКТЕ


ЖҰМЫС ІСТЕУ

ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢДАР МЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ



БАҒАЛАУ

Біз барлық қызметкерлеріміз бен ұжымымыздан сыйластықта 

және ашық қарым-қатынаста жұмыс істеуін күтеміз. 

Топта жұмыс істеуге қолдау көрсетіледі және де 

жетістіктермен қатар, сәтсіздіктер де ортақ болуы қажет.

Біз басқалардың идеясына құлақ асып, өзгелердің де үлесін 

бағалауымыз қажет. 

Біз кеңпейілдікпен тыңдап, ақпаратпен қажетінше, 

компаниямыздың құпиялық ережелеріне сай келетіндей 

бөлісуіміз қажет. 

Сыйламау, жағымсыз сөз немесе іс-әрекетпен жәбірлеу, 

дискриминациялау немесе жынысқа байланысты кемсіту 

өрескел жағдай болып табылады және ол қабылданбайды. 

Әріптестердің келіспеушілігі де L'ORÉAL этикасына қайшы 

келеді.

Бұндай жағдайда біз бизнесіміздегі адалдық, сенім, ілтипат 



және мәдени әртүрлілікке деген мәдениетімізді ұстанатын 

боламыз.


АДАМ ҚҰҚЫҒЫН

БАҒАЛАУ

Біз 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқығы 

туралы Бүкіләлемдік декларацияға сай және 2011 жылы 16 

маусымда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бизнес 

пен адам құқықтары жайлы бағыттаушы қағидаларына сәйкес 

адам құқығын бағалаймыз және дәріптейміз. Оған қоса, біз 

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы Жаһандық келісіміне 

қол қойдық және осы ұйымның Әйелдердің мүмкіндіктерін 

кеңейту қағидаларына қолдау көрсетеміз.

Біздің компаниямыз көптеген мемлекеттерде бар және 

Халықаралық еңбек ұжымының Негізгі конвенцияларында 

қарастырылған мәселелерге (бала еңбегі және күштеп жұмыс 

істетуге тыйым салу, ассоциация бостандығын қастерлеу), 

әртүрлілікті дәріптеу, әйел құқықтары, адамдардың олардың 

ресурстарын пайдалану және денсаулығын сақтау құқығын 

сыйлау сияқты тұстарда аса қырағымыз.

L'ORÉAL — денсаулық пен қауіпсіздік стандарттарына, еңбек 

жайлы заңға, қоршаған ортаға, парақорлық пен ақша ізін 

жасыруға, дерек құпиялығына, салық салуға, қаржылық және 

қаржылық емес ақпаратқа және адал бәсекелестікке жақтас 

заңдарды және рухты қолдаушы.

L'ORÉAL осы қағидалармен бизнес серіктестерімен 

ортақтасуға және сол бизнес серіктестеріне осы заңдар мен 

ережелерді қастерлетуге тырысады.

Сонымен қатар, қай жерде болмасын, біз әрекеттерімізді 

қоғамдағы мәдени және қоғамдық салттарға нұқсан 

келтірмейтіндей орындауға тырысатынымызды атап 

өткіміз келеді.

Осы Кодекстегі айтылған қағида белгілі бір елдегі жергілікті 

ережеге немесе салтқа қайшы келуі мүмкін. Ондай жағдай 

орын алса, 

жергілікті заң немесе салттар Кодекстегіге 

қарағанда дұрыстау шешім ұсынса, жергілікті заң және 

салттар басым түсуі тиіс. Егер де, керісінше, Кодекс дұрыстау 

шешім ұсынса, оған сай әрекет заңсыз әрекетке әкеп 

соқпаса, ол басым түсуі тиіс.



Жұмыс істеу әдебіміз

9

Мазмұны



1 0 - Б Е Т

Өнім қауіпсіздігі мен сапасы



1 1 - Б Е Т

Жарнама және маркетинг



1 3 - Б Е Т

Қамдаушыны таңдау және 

қамдаушымен адал жұмыс 

атқару


1 4 - Б Е Т

Адал бәсекелестік



1 6 - Б Е Т

Мүдделер қайшылығы



1 8 - Б Е Т

Сыйлықтар және ойын-сауық



1 9 - Б Е Т

Парақорлық пен жылдамдату 

қаржысы

2 0 - Б Е Т

Құпия ақпарат



2 1 - Б Е Т

Компанияны ұсыну



2 2 - Б Е Т

Жеке ақпарат пен деректерді 

қорғау

2 4 - Б Е Т

Компания ресурстарын 

пайдалану

2 5 - Б Е Т

Қаражат пен бизнес 

жазбалары және ақша 

ізін жасырумен күрес



2 6 - Б Е Т

Ішкі ақпаратпен саудаласу



2 7 - Б Е Т

Салық


ІСІМІЗДІ 

БИЗНЕС РЕТІНДЕ БАҒАЛАУ

"Мүлтіксіздікке қол созып, өзімізді және жұмыс 

әдістерімізді тұрақты тексеріп отырамыз".


10

Өнім қауіпсіздігі мен сапасы әрдайым бірінші орында.

Өнімдеріміздің  әсері,  сапасы  және  қауіпсіздігі  тұтынушының  сенімін  тудыратын  адалдық  пен  сыйластықты  көрсетіп, 

брендіміздің  беделін  асқақтатып,  L'ORÉAL  компанияның  өз  саласындағы  көшбасшы  болып  қалуына  септігін  тигізеді. 

Біз тиімділігі және қауіпсіздігі өте қатаң бағалау әдістерімен расталған өнімдерді жарнамалауға бел буғанбыз.

Өнімді әзірлеу, өндіру, маркетинг және сатылымға қатысы бар әрбір L'ORÉAL қызметкері өнімнің нарыққа шығарылымынан 

таратылымына дейін оның толығымен сапалы болуына беріле жұмыс атқаруы тиіс.

 

Біз мына әрекеттерді жасауымыз қажет:

+

  Барлық өнімдеріміздің сәйкестігіне көз жеткізу үшін барлық 



ұлттық және халықаралық заңнамалық және нормативті 

талаптарына сәйкестендіру

+

  Гигиенаның жоғарғы стандарттары мен нақты сапа 



бақылаулары өнімді әзірлеуден өндіруге дейінгі әрбір 

сатысында және үлестіру үдерісінде қолданылғанын тексеру

+

  Егер тұтынушы тарапынан айтылатын шағымды білмесек, 



қажетті тұтынушы бөліміне хабарласуын сұрау және шағым 

ықтималды түрде денсаулыққа не қауіпсіздікке әсер етсе, 

менеджерге немесе Халықаралық косметикалық бақылау 

бөліміне хабарласуды қадағалау



Біз мына әрекеттерді жасамауымыз қажет:

-

  Қауіпсіздік мәселесі еленбейтіндей өнім бойынша еркін 



және ашық оймен бөлісу

-

  Өнім қауіпсіздігі, төзімділігі мен сапаны бақылау мәселелері 



бойынша кез келген міндетті елемеу

-

  Жетік білмеген не өкілеттік жоқ болған жағдайда өнімімізге 



қатысты бұқаралық сұрақтарға жауап беру

Этикалық па?

1.1. Мен өндіріс желісінде жұмыс істеймін. Машиналардың 

бірінен шыққан ақауға байланысты бірнеше өнімде ақау 

кеткенін байқадым. Мұндай жағдайда жұмысты тоқтатуымыз 

керек. Алайда менің бастығым ешқандай шара қолданбайды. 

Өндіріс кестесінің өте тығыз екенін білемін. Мен оның бұл 

ақауға мән бермегенін дұрыс деп есептейін бе?

Біздің тұтынушылар ең жоғарғы сапалы өнімдер алатынына 

көз жеткізу үшін L'ORÉAL өндіріс үдерісінің әрбір сатысына 

сапа бақылау жүйесін енгізді. Өндіріс кестесінің тығыздығына 

қарамастан, қашанда сапа бірінші орында тұру керек. Сіз еш 

нәрсеге жалтақтамай, бастыққа хабарлап, жүйені тоқтатып, 

бастықпен немесе ұжымның басқа мүшелерімен ақауды 

жөндеген соң ғана өндірісті іске қосуға тиіссіз.



1.2. Жуырдағы жөнелтілген өңделмеген материалдарда пайда 

болған ластануды мәлімдейтін хабарламаны қамдаушыдан 

қабылдадық. Осы өңделмеген материалдардан тұратын 

өнімдер тұтынушыға әлдеқашан жеткізілген, алайда 

өнімдерімізде ластанудың нақты дәлелі жоқ. Барлық өнімді 

қайтып алуға міндеттіміз бе?

L'ORÉAL компаниясында өнім қауіпсіздігіне байланысты 

туындаған кез келген мәселеге жауап береміз. Мәселені бірден 

менеджеріңізбен, я болмаса сапаны бақылау менеджерімен 

талқылауыңыз керек.

1.3. Телефон нөмірі дұрыс емес тұтынушымен ғана 

хабарластым. Ол маған өнімдеріміздің біреуін 

пайдаланғаннан кейін аллергиялық реакцияға ұшырағанын 

айтты. Не істеуім керек?

Осы тұтынушыға тиісті тұтынушының сенім телефонын беріңіз 

және онымен дереу арада хабарласуына жігерлендіріңіз. 

Сонымен қатар, осы ақпаратты пост-маркетингтік қадағалау 

бөліміне жіберіңіз. L'ORÉAL компаниясындағы біздің 

өнімдермен ықтимал себепті қарым-қатынастың толық 

зерттеуінен кейін кейде біздің өнімдерде толық сенімділікпен 

пайдалануға болатын тұтынушыларға кепілдік беру мақсатында 

кейбір қажетсіз әсерлерді түзету үшін өнім құрамын реттеуді 

шешуге болады.



1.4. Жануарлар сынағындағы өз орным туралы отбасым 

мен достарымнан жиі сұрайды... Оларға не айтарымды 

білмеймін. Осы жөнінде кіммен сөйлесуім керек?

L'ORÉAL өзінің кез келген өнімдерін не заттарын жануарларға, 

жердің кез келген аймағында енді сынамайды. Сондай-ақ 

L'ORÉAL бұл тапсырманың өкілеттіктерін өзгелерге бермейді. 

Ерекшелік тек реттеу өкілеттіктерінің қауіпсіздігі не реттеу 

мақсаттары үшін талап етілген жағдайда ғана жасалуы мүмкін. 

Осы тақырыпқа қатысты сұрақтарыңыз болса, қоғаммен қатынас 

бойынша директормен хабарласуыңыз мүмкін. Есте сақтаңыз: 

сынақ аймағыңыздан тыс тақырыптарда әңгіме қозғалған 

кезінде абай болыңыз ("Компанияны ұсыну" тарауын қараңыз).



Кіммен хабарласу керек:

 Өнім сапасы және/немесе 

қауіпсіздігі туралы алаңдасаңыз, оны ішіңізде сақтамаңыз. 

Менеджер, сапаны бақылау менеджері, заңды директор, 

ғылым директоры, кадр бөлімінің менеджері немесе 

этика тілшісімен сөйлесіңіз; олар сізге көмектесіп, қолдау 

көрсетуі мүмкін (сондай-ақ "Менің мыналарға қатысым 

бар: Ашық талқылау" тарауын қараңыз).

Бизнес ретінде

ӨНІМНІҢ

ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН САПАСЫ



жүктеу 460,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау