Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет5/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
жазуға үйрету

 
 



 
1.ЖАЗУ ЖӘНЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
 
1.1.Жазудың шығу тарихынан 
 
        Адам білімді, негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. 
Адамзаттың  сонау  көне  дәуірінен  бастап,  біздің  заманымызға  дейінгі  талай 
ғасырлар  бойына  ғылым  мен  техника,  әдебиет  пен  өнер  саласында  жасаған 
күллі  мәдени  байлығын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізген  де  –  жазба  тіл.  Көптеген 
заман  бойында  жасалған  және  біздің  заманымызда  жасалып  отырған  мол 
рухани  мәдениетті  бізден  кейінгі  ұрпақтарға,  дәуірден-дәуірге  жеткізетін  де  -
осы жазба тіл. Дыбыстық  тіл жазу  арқылы  таңбаланады. Жазу – адамның ой-
пікірінің қағаз бетіне түсірілген сөз, әріп  таңбалар жүйесі. Жазу (жазба тіл)  - 
адамдардың  кеңістік  пен  уақытқа тәуелді  болмай, өмір  сүруінің  саласында  
қарым-қатынас жасауына  мүмкіндік беретін құрал. Жазба  тіл  ауызекі тілден  
кейін    пайда    болғаны,  жазудың    шығып  жасалуымен  байланысты    екендігі  
белгілі. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып 
келеді.  Жазудың  мыңдаған  жыл  бойын  дамып  жетілуімен  бірге,  оның 
принциптері де өзгеріп отырды. 
Жазусыз    мәдениет    атаулыны   елестету  мүмкін    емес.  Көрнекті   жазушы  
Леонид  Леонов    жазудың    маңызы  туралы    былай    деді:  «Адамдардың    тегін 
қорлық    жағдайдан  бөліп    алып    шыққан,  өткен    замандарда    ашылған    ұлы  
жаңалықтардың    ішінде    жазу  өте-мөте    үлкен    рөл    атқарады.  Алфавиттің  
туған    күнін  адамның    өзін-өзі  біліп    ұғынуындағы    дәуір    деп    есептеуге  
болады,  осыдан    бастап    кітап    басу    станогінің    пайда    болуына    тура  жол  
ашылды.  Адам    өзінің    қазіргі    биігіне  нақ    кітап    арқылы    баспалдақпен  
көтерілгендей  көтерілді». 
       Жазудың    тарихы    өте    ерте    заманнан    басталды.  Көркем  жазу  әдісі  - 
тікелей жазу тарихымен байланысады. Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа 
жеткізу  үшін  тасқа,  металлға,  ағашқа,  саз  балшыққа  жазған  екен.  Одан  кейін 
папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. 
Олар  қамыс  ағаш,  бояу  жаққыш,  қаздың  қауырсыны,  болаттан  жасалған 
қаламұш, шарик қаламсабы болды. Болаттан жасалған қаламұш XIX ғасырдың 
басында пайда болғанымен, оны пайдалану XIX ғасырдың екінші жартысында 
жүзеге  асырыла  бастады.  Ал  қаздың  қауырсыны  жазуға  әдемілік  береді,  әрі 
арзан, әрі ыңғайлы деген ойлар XIX ғасырдың аяғына дейін жетті. Шрифт қиын 
болғандықтан жазу I Петрдің кезінде жеңілдетілді. Мектептерде жазуды оқыту 
арнайы пән болып кірді. Көркем жазу пәнінің ең маңыздысы жылдам әрі әдемі 
жазу болып табылатын. XX ғасырдың басында жазу шрифтін жеңілдету туралы 
тағы әңгіме көтерілді. 
        Қазірде  біз    жазба    тілді  ауызша    тілдегі    сөздердің  жазбаша    түрдегі  
әріптердің    тіркесі    деп    түсінеміз.  Алайда    жазу    тарихына    көз    жіберсек, 
әріппен  таңбалаудың  кейін  пайда  болғанын  көреміз. Дүние жүзіндегі барша 
халық дерлік жазу-сызудың  негізгі үш сатысынан өткені байқалды. Біріншісі -
пиктографиялық    яки  бейнелеп  жазу,  екіншісі-  идеографиялық    жазу  немесе 
рәміздік (символдық) жазу; үшіншісі- әріптік  немесе  дыбыстық  жазу. 



 
       Ал  К. Аханов  жазу  жүйесіндегі  таңбалардың  не  бүтіндей  хабарды, не  
жеке  сөзді, не  буынды, не  дыбысты  белгілеуіне  қарай  мынадай  түрлерге  
қарай  бөледі: 
1) пиктографиялық   жазу; 
2) идеографиялық  жазу;  
3) буын  жазуы; 
4) әріптік  немесе  дыбыстық  жазу. 
       Пиктографиялық    жазу  –  жазудың    ең    алғашқы    түрі.  Пиктографиялық  
жазу – суретке  негізделген  жазу. Сондықтан  оны  кейде сурет  жазуы  деп  те  
атайды.  Пиктографиялық  жазудың  таңбалары  пиктограммалар деп  аталады. 
Зерттеушілер  жазудың  бұл  түрі  неолит  дәуірінде  пайда  болған  деп  есептейді. 
Мұнда  хабарлануға  тиісті  оқиғаға  қатысты  заттардың  суреті  салынады. 
Айталық,  «осы  жерден  үш  күндік    қашықтықта  аю    жүр»  дегенді    хабарлау  
үшін  аюдың    суреті  және    үш  сызық    белгісі    қойылған.  Суретін  салуға 
болмайтын  абстракт  ұғымдарды  беру  үшін  басқа  заттардың  суреті 
қолданылған.  Мысалы,  бақыттылықты,  олжаны-  тасбақаның,  махаббатты-
сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты  –ұстасқан екі қолдың, соғысты 
садақ оғының суретімен белгіленген. Пиктографиялық  жазу өте  жабайы  жазу  
болды, оның  кең  мазмұнды ойды  жеткізуге  мүмкіндігі  болмады.  
Идеографиялық 
немесе 
логографиялық 
жазу. 
Пиктографиядан 
идеографияға көшу өте баяу болды. Идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, 
морфемаларды  сурет  арқылы    немесе    шартты  таңбалар    арқылы  белгілейді. 
Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы 
болады.  Идеографиялық  жазудың    таңбалары    идеограммалар  деп    аталды. 
Лингвистикалық    әдебиеттерде  пиктограмманы  синкретикалық    жазу  немесе 
суретті-синкретикалық    жазу  деп,  ал  идеографияны  логографиялық  жазу  деп  
атау кездесіп  жүр. Логограммаларды  сөздерді белгілейтін  таңбалар  ретінде 
екі түрге  бөліп  қарауға  болады. Оның  бір  түрі- иероглиф жазу. Ерте кезде 
адамдар  тасқа,  ағашқа,  т.б.  заттарға  жазуды  бастаған.  Заман  дами  келе  түрлі 
жұмсақ  материалдар:  папирус,  қағаз,  перо,  қаламсап  пайда  болды.  Өте  ерте 
кезде  адамдар  тасқа  сурет  салу  арқылы  өз  ойын  білдірді.  Бұл  жазудың 
қалыптасу  тарихының  алғашқы  кезеңі  еді.  Мәселен,  бес  жүз  мың  жыл  бұрын 
өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы 
қалдырғысы  келді. Алайда, бұл жеткіліксіз  еді.  Осы  кезде жазудың бір  түрі  – 
иероглиф пайда болды. 
Иероглиф сөзі «киелі таңба» деген мағынаны білдіреді. 
Идеографиялық  жазудың  үлгілерін  өте  ертедегі  қытай  жазуы  мен  шумер 
жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан 4000 
жыл бұрын жасалған болатын. Египет, шумер, қытай жазулары логографиялық 
жазу  болды.  Логографиялық  жазу  жүйесінің  барлығында  нақтылы  мағынасы 
бар  сөздер  олардың  бейнесімен  берілсе,  қала,  су  дегендер  бейнелі  сызба 
берілген.  Ертедегі  шумер  жазуында  «ағаш,  тау,  сабақ»  деген  сөздер,  қытай 
жазуында  «күн,  тау,  ат»  деген  сөздер  де    бейнелеу  түрінде  берілген.  «Жыл» 
деген сөз пальманың бұтақтарының бейнесімен белгіленген, өйткені египеттер 



 
пальманың бұтағының саны 12 болады деп түсінген. Буын жазуы таңбалардың 
фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Мұның бірінші түріне 
ассировавилон,  элам,  урар,  сына  жазулары  дыбыстық  корей  жазуы  жатады. 
Жазудың  бұл  жүйелерінде  таңбалар  кез  –  келген  буынды,  атап  айтқанда, 
ызыңның  мынандай  түрлерін  белгілейтін  болған:  дара  дауыстының  өзі,               
А  (дауысты)  +  С  (дауыссыз),  С+А,  С+А+С  майя  жазуында  сөз  соңындағы 
дауыссыздар да белгіленген. Буын жазуының екінші түріне кипр, эфиопия және 
жапон  буын  жазулары  жатады.  Жазудың  бұл  жүйесінде  таңбалар  тек  дара 
дауыстыларды  және  дауыссыздардың  тіркесі  мен  белгілі  бір  дауыстың 
қосындысын белгілейді. Қазіргі кезде иероглифпен  Қытай мен Жапония елдері 
жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған.  Қытайлықтар үшін 
иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды 
оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Көне  Қытайда  әр  иероглиф  жеке сөз  
құраған,  кейін    иероглифтер  тұтас    бір    сөзді  ғана    емес,  буынды    білдіретін  
болған.  Қазіргі    қытай    тілінде    жеті    мыңнан    астам    иероглиф    бар. 
Зерттеушілер      логографиялық    жазудың    пайда    болуын  құл    иелену  
құрылысының    пайда    болып,  ежелгі    мемлекеттерді  жазбаша  қарым-қатынас  
жасау    қажеттілігінің    күшеюімен    байланыстырады.  Египет,  шумер,  қытай, 
ацтек  жазулары  логографиялық  жазу  болады. 
       Логографиялық    жазудың    өзіндік    кемшіліктері    болды.  Олар    мыналар: 
логограммалардың    көптігі,  логографиялық    жазудың    өте-мөте    күрделілігі, 
логограммалар арқылы грамматикалық  формаларды білдірудің  қиындығы. 
3.  Буын    жазуы.  Жазудың    даму    барысында  буын    жазуы    пайда    болды. 
Жазудың    буын    жүйесінде  таңба    буынды    белгілейді.  Таңбалардың 
фонетикалық  мағынасы    жағынан  буын    жазуы    үш    түрге    бөлінеді.  Мұның  
бірінші    түріне  ассиро-вавилон,  элам,  урарт,  сына    жазулары,  майа    жазуы 
лигатурылы  дыбыстық  корей  жазуы жатса, екінші  түріне кипр, крит-микен  
және    жапон  буын    жазулары  жатады.  Үшінші    түріне  үнді  жазуының    түрлі  
жүйелері    жатады.  Буын    таңбалары    ең    алғашында    бір  буынды    сөздерді 
белгілейтін идеографиялық  логограммалар   негізінде  пайда  болды. 
4.Дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, 
фонемаларды  әріппен  таңбалайтын  жазу  жүйесі.  Таза    күйінде  консонантты-
дыбыстық    жазу  II    мың    жылдықтың  екінші    жартысында    пайда    болса, 
вокалданған-дыбыстық    жазу    біздің    дәуіріміздің    I    мың    жылдығының  
басында    пайда    болған.  Жазу  жүйелерінің  ішінде  әріп  жазуы  -  ең  қолайлы 
жазу.  Қаріп  –  белгілі  бір  әліпбилік  және  сандық  таңбаларды  түсіндіретін 
литералар жиынтығы. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің  дыбыстық саны 
әлдеқайда  аз.  Осыған  орай  дыбыстарды  таңбалау  үшін,  әдетте  20-дан  40-қа 
дейінгі  таңба  санының  өзі  жеткілікті  болады.  Әріп  жазуындағы  таңбалардың 
мұндай  шағын  мөлшері  меңгеруді,  сауаттылыққа  үйретуді  жеңілдетеді.  Әріп  
жазуы – жаңа  сөздерді  ғана  емес,  сонымен бірге  олардың  дыбыстық жағы 
мен  грамматикалық    формаларын  дәлме-дәл    белгілеу    үшін    өте    қолайлы  
жазу.  Зерттеушілер    ең    алғашқы  таза    дыбыстық    жазу  финикий    жазу    деп  
атайды.  Финикий    жазуында    22  таңба    бар.  Олардың    әрқайсысы    жеке 


10 
 
дыбысты    таңбалаған.  Олар    тек    қана  дауыссыздар    мен    жартылай  
дауыстыларды    белгілеген.  Әріп    жазуы  негізгі    екі    түрлі    бағытта    дамыды. 
Шығыста    финикий    жазуының    негізінде    арамей    жазуынан    Азия  
халықтарының    жазу    жүйелері    таралса,  батыста    грек    жазуынан    Еуропа  
халықтарының      әріп    жазулары    тарайды.  Шығыстағы    арамей  жазуынан  
еврей,  сириялық,  иран    және    араб    алфавиттері    туған.  Бұларда    тек  
дауыссыздар    ғана    қолданылып,    дауыстылардың    орнына    арнайы    белгілер  
қолданылды    және    олар    оңнан    солға    қарай    жазады.  Грек    әліпбиі  
финикиялық  әліпбидің  жетілдірілген  түрі, олай  дейтініміз, гректер  дауысты  
дыбыстар    үшін    де  әріп    ойлап    тапты.  Жазулар  таңбалардың  орналасу 
бағытына  қарай  бір-бірінен  ажыратылады.  Қытай  жазуындағы  идеограммалар 
жоғарыдан  төмен  қарай  орналасады.  Орыс,  грузин,  армян,  өзбек,  қазақ 
жазулары  солдан  оңға  қарай  бағытталса,  араб  жазуы  керісінше,  оңнан  солға 
қарай  бағытталған. Дыбыстық  жазулардың  ең  көне  түрлері-  финикия,  арамей 
және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне 
жатады. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі әліпбиі- дыбыстық жазу түрі, 
яғни  сөздегі  дыбыстарды  таңбалап  жазады.  Негізінен,  ҮІ-Х  ғасырларда  үлкен 
аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:   
1)
 
Енисей ескерткіштері 
2)
 
Талас ескерткіштері 
3)
 
Орхон ескерткіштері. 
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында 
және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. 
Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-
Лена  бойынан,  Сібірден,  Байкал  аймағынан  Монғолия  далаларына,  Орхон 
жеріне,  одан  Қазақстан  мен  Қырғызстан,  Шыңжаң  жеріне  қарай  біртіндеп 
таралғанын  көрсетеді.  Ал  жазылу  үрдісі,  таңбаларының  қолданылуы  ұқсас, 
оқылуы  біркелкі.  Енисей  ескерткіштеріне  Енисей  бойынан  және  Тува,  Хакас, 
Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) 
аймағынан  және  Ресейдің  батысында  орналасқан  Жаңасібір  (Новосибирск) 
облысы  мен  Ертіс  бойынан  табылған  жазулар  жатады.  Оның  қолданылған, 
жазылған  жылдары-  Ү-ҮІІ  ғасырлардың  аралығы.  Бұл  аймақтан  табылып 
отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 
150-дей.  
Талас  ескерткіштері.  Бұл  аймақтағы  жазулар  Оңтүстік  Қазақстан,  Жетісу, 
Сыр  бойы  мен  Қырғызстан  аймақтарына  таралған,  соның  ішінде  көп 
шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі  -бірыңғай 
ҮІІІ  ғасыр.  Ескерткіштердің  жалпы  саны  шамамен  20  шақты.  Орхон 
ескерткіштеріне Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және 
Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған 
мезгілі- ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең 
көлемді,  ұзақ  мәтінді  жазбалар  осы  топқа  жатады.  Бұның  ішінде  тарихи 
құндылығы  жағынан  «Құтлығ  қаған»,  «Білге  қаған»,  «Күлтегін»,  «Тоныкөк», 
«Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше.  


11 
 
Көне  Түркі  жазулары  5-8  ғасырлар  аралығында  Сібір,  Монғолия,  Шыңжаң, 
Қазақстан,  Қырғызстан  және  Оңтүстік  Ресей  жерінде  кеңінен  қолданылғаны 
туралы  қорытынды  шығаруға  болады.  Бұл  көрсетіліп  отырған  тарихи  мезгіл    
(5-8  ғасырлар)  мен  оның  таралған  үлкен  аймағы  Ұлы  Түркі  қағандығы,  одан 
бөлінген  Батыс  және  Шығыс  Түркі,  Түргеш,  Хазар  қағандықтары  мен  Көк 
Түркілер  (Екінші  Түркі  қағандығы)  мемлекеттерінің  аумағы  мен  өмір  сүрген 
дәуіріне сәйкес келеді. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым 
Вильгельм  Томсен  болатын  (1898  жылы).  Кейін  орыс  түркітанушылары  да 
аударып,  көп  зерттеді.  Оған  XX  ғасырда  Түркі  елдерінің  ғалымдары  –  татар, 
өзбек,  түрік,  қазақ,  әзірбайжан  зерттеушілері  қосылды.  Кейде  «руна 
(руникалық) жазулары» деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай 
тұрғанда,  бұл  жазулар  бір  қарағанда  ежелгі  скандинавия  халықтарының 
жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін 
анықтады.  В.Томсен  ең  алғаш  рет  «Түрк»  және  «Теңрі»  сөздерінен  бастап 
оқыған екен.  
Жазбаларда ең алдымен Ү-ҮІІІ ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи 
оқиғалар  көркем  тілмен  баяндалған,  айналып  келетін  оралымдары  мен  ішкі 
ұйқастары,  композициялық  тұтастығы  бар.  Сондықтан  оның  ең  алдымен 
жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар  – тарихи дастандар. 
Жазудың  сипаты  түркі  тілдерінің  дыбыстық  ерекшеліктерін,  соның  ішінде 
үндестік  заңдарын  жақсы  береді.  Жазудың  ерекшелігі  оңнан  солға  қарай 
оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және 
жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.   
Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, «баспа 
әріптері»  түрінде  жетті.  Оның  жазбаша  түрі  қандай  болғаны  туралы  мәлімет 
жоқ, cебебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін, жазба әріптер бұл 
материалдардың  төзімсіздігіне  байланысты  бізге  жетпеді.  Алғаш  көрген  адам  
бұл  жазуларды  бір  қарағанда  қазақ  руларының  таңбаларына  ұқсатады.  Яғни 
жазулар  «жебе  таңбалар»,  «ай  таңбалар»  және  «тұмар  таңбалар»  мен  «көз 
таңбалар»,  «аша  таңбалар»,  «балық  таңбалар»,  сосын  «тарақ  таңбалар»  мен 
«сырға таңбалардан» құралады.  
Қазақ  халқының  жазу  тарихы  көне  түркі  жазуынан  басталған  деуге 
болады.  ҮІІІ-ХІІІ  ғасырларда  Орта  Азиядағы  түркілердің  арамей  сирия 
тармағынан  тараған  несторион,  манихей  жазуларымен  жазған  жазба 
ескерткіштері  болды.  Сондай-ақ  парсы-арамей  тармағына  жататын  соғды 
әліпбиі  Шығыс  Түркістанда  кеңінен  қолданылған  көне  ұйғыр  әліпбиіне,  көне 
ұйғыр  әліпбиі  ХІІІ  ғасырдан  кейін  тұңғас-манжүр  жазуларына  негіз  болған. 
Түркі  халықтарының  әлемге  әйгілі  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштерінің 
әліпбилеріне 

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау