Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Жазудың  гигиеналық  талаптары



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет10/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
жазуға үйрету

1.4.Жазудың  гигиеналық  талаптары 
 
       Оқыту  үрдісі–  білімді,  біліктілік  пен  дағдыны  меңгеретін,  оқушылардың 
дүниетанымын,  күш-қайратын,  қабілетін  тәрбиелеп  дамытатын  іс-әрекет 
барысы. Оқыту екі жақты үрдіс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп 
жасайтын әрекетінен тұратын күрделі үрдіс, өйткені, оқыту- мұғалімнің білім 
берудегі  негізгі  іс-әрекеті  болса,  оқу-баланың      өзінің        танымдық,   
практикалық      әрекеті.  Сөйтіп,  оқушының  таным        әрекеті    мұғалімнің  
басшылығы  арқасында  ғана  жүзеге  асады. 
       Оқыту -  бұл күрделі үрдіс. Оның бірінші қызметі – оқушыларға білім беру, 
яғни оқушыларды  ғылыми  негізге сай нақты түсініктермен, заңдылықтармен  
қаруландыруды  қамтамасыз  ету  болса,  екіншіден,  солардың  негізінде 
айналадағы  әр  түрлі  құбылыстарға  деген  олардың  көзқарасын  қалыптастыру. 
Оқытудың  екінші  қызметі  –  тәрбиелеу.  Оқыту  барысында  оқушыларды 
теориялық  білімдер  жүйесімен  қаруландырып,  жеке  тұлғалық  қасиеттерін 
қалыптастырып  дамыту.  Үшінші  қызметі–дамыта  оқыту  барысында  
оқушыларға    білім  беру,  тәрбиелеу  негізінде  жеке  тұлғаның  ақыл-ой,    сана  - 
сезімі,  шығармашылық    қабілеті,  т.б.  қасиеттері  дамиды.  Демек,  оқытудың 
мәнісі – жеке  тұлғаға   біртұтас  ықпал жасау. Оқыту үрдісінде жеке тұлғаға 
біртұтас  ықпал ету оқыту  заңдылықтары  мен  қағидаларын  басшылыққа алу 
негізінде  жүзеге  асады.  Принцип  –  басшылыққа  алатын  идея,  негізгі  талап, 
қағида.  Оқыту  процесінде  саналылық  пен  белсенділік,  ғылымилық,   
көрнекілік,   жүйелілік   пен   бірізділік,   беріктілік,  теория мен   тәжірибенің  
байланыстылығы  тәрізді    дидактикалық  принциптер  негізге    алынады.  Жазу  
дағдысын    қалыптастыруда  да  саналылық,  қарапайымнан    күрделіге    қарай,  
көрнекілік,  баланың    жеке    бас    ерекшелігін    ескеру,  жүйелілік,    беріктілік  
қағидалары    басшылыққа    алынады.  Көркем  жазуға  үйренудің  қағидалары 
жалпы дидактикалық қағидаларға сүйенеді. 


25 
 
       Көркем  жазу  дағдыларын  игерту  оқушылардың  ерекшеліктерін  ескеруді 
талап  етеді:  қолдың  қимылы,  нерв  жүйесі,  т.б.  6  жасар  балалар  баяу 
қимылдайтындықтан,  жазу дағдысын бірден игеру қиынға түседі. 
       Қарапайымнан  күрделіге  қарай  жүру  қағидасы  немесе  бірте  –  бірте 
күрделену қағидасы бойынша алдымен элементтері бірнеше әріпте қайталанып 
келетін  әріптер  үйретіледі  де,  кейін  соның  негізінде  күрделі  элементтері  бар 
әріптер үйретіледі. 
       Оқушыларды  көркем  жазуға  үйрете  отырып,  олардың  жеке  дара 
ерекшелігін  ескеру  керек:  оқушылардың  жазу  қабілеттерін  білу,  көзінің  көру 
қабілетін, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет. 
       Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты 
ұстауын,  әріп  бейнесін  тез  немесе  баяу  жазуын  байқап  отыру  керек.  Мұның 
бәрі  мұғалімнің  оқушымен  жеке    жұмыс  жүргізуіне,  ата  –  анасына  кеңес 
беруге,үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі. 
       Жазуға    үйрету    қағидалары    жазу    жүйесімен    анықталады,  біздің  
жазуымыз  дыбыстық–әріптік  жазу болғандықтан, оқытудың  негізгі  қағидасы  
дыбыстық  –  фонематикалық    болады,  ал  оқыту    бірлігі    графикалық  
элементтерді (әріптерді) меңгеру  болып  табылады. 
       Мұғалім  алғашқы  сабақтарында-ақ  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін, 
жазуға  қойылатын  гигиеналық  талаптар  мен  сынып  жиһаздарының  дұрыс 
орналасуы,    тақта  мен  парта  арасындағы  қашықтықтың  сақталуы,  жарықтың 
дұрыс  түсуі,  партаның  оқушы  бойына  сәйкес  болуы  немесе  оның  жазу 
кезіндегі  ыңғайлылығы,  оқушының    партаға  дұрыс  отыра  білуі,  дәптер  мен 
көру  арақашықтығын  сақтауы,  жазу  құралдарын  тиімді  пайдалануын  ескеруі 
шарт. 
        Жазу  дағдысының    қалыптасуының    нәтижелілігі  баланың      жазу 
барысында    негізгі    гигиеналық    ережелерді    сақтауына    да  байланысты. 
Гигиеналық  талап  дегеніміз  –  оқу  мен  жазу  жұмыстарының  атқарылатын 
физиологиялық  шараларының    жиынтығы.  Бұл  шаралардың  орындалуы 
оқушының  психо-физиологиялық  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Жазған    кезде  
партада    дұрыс  отыру,  қаламды  дұрыс    ұстау,  дәптерді    партада    дұрыс  
орналастыру  ережелерін    мұғалім  анда-санда    ғана    емес,  жүйелі,  тұрақты  
түрде еске  салып  отыруы  қажет. 
      1879 жылдың  өзінде  француз  медицина  қоғамы  әлі  күнге  дейін  мәнін  
жоғалтпаған  жазу  гигиенасы  туралы  ережелерді  жариялады. Оларға  мысал 
келтіре  кетейік: 
1. Жазу  кезінде  бүкіреймей, түзу  отыр. 
2. Шынтақтарың үстелге  тірелмесін  немесе  тірелсе  де  бірқалыпты тірелсін. 
3. Дәптерді сол  қолмен  демеп  ұстап отыр. 
4.  Тіке    жаз,  ал  әріптің  көлбеулігі  дәптердің    көлбеулік    бұрышы    есебінен 
болатын  болсын. 
       Жазуға  үйрету    оқушыға    жазу    кезінде    дұрыс    отыру    техникасын  
меңгертуден    басталады.  Жазу  сабағында  ми  ғана  емес,  сондай  –  ақ  көптеген 
бұлшықеттер  де  жұмыла  жұмыс  істейді.  Сондықтан  оған  мынадай  бірқатар 


26 
 
талаптар  қойылады:  партада  дұрыс  отыру  (бұл  бұлшық  еттердің  қалыпты 
жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді),  жарықтың  түсуі,  қағаздың  сапалы  болуы, 
қарама  –  қарсы  түсті  сияны  пайдалану,  жазу  құраларының  баланың  жасына 
сәйкестігі,  жетілдірілген  жазу  техникасы  (әріптердің  көлбеу  немесе  түзу 
кескіні). 
Жазу  жұмысы,  әсіресе  үздіксіз  жазу  жұмысы  барынша  қажытатын  жұмыс 
деп  есептелінеді,  сондықтан  мектептің  жазу  құралдары  (қалам,  қарындаш, 
дәптер,  сия)  балалардың  көру  органдары  мен  олардың  жастарына  сәйкес  өте 
әлсіз  келетін  қолдарының  ұсақ  бұлшық  еттеріне  өте  көп  жүктеме  түсірмеуі 
керек.  Сондықтан,  жуан  немесе  өте  жіңішке  қаламдарды  қолдану  әріптердің 
дұрыс жазылуына кедергі келтіреді. 
       Баланың 
жазу  каллигрифиясының  дұрыс  қалыптасуына  мектеп 
партасының  жас  ерекшелікке  сай  болуы  да  әсер  етеді.  Мектеп  парталары— 
сыныптағы  жабдықтың  негізгі  түрі.  Ертеден  келе  жатқан  Ф.Ф.  Эрисман 
партасы  іспетті  отырғышы  бірге  орнатылған  екі  орынды  парталар  көбінесе 
бастауыш сыныптарда қолданылған. Қазір отырғышы бөлек парта қолданыста. 
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап 
оқып,  жазу  жазғанда  көздерінің  талмай  дұрыс жұмыс істеуіне  қолайлы. 
Үстелдің  ұзындығы  110-130  см,  ені  63-70  см,  үстел  бетінің  сыртқы  шеті 
еденнен  52-79  см  биікте  болады,  дифференциясы  20,5-32  см.      Партаның 
дифференциясы  деп  үстелдің  оқушы  жақ  жиегінің  биіктігі  мен  парта 
отырғышының  арасындағы  аралықты  айтады.  Партаның  дифференциясы 
оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы 
болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау 
керек.  Егер  партаның  дифференциясы  дұрыс сақталмаса,  оқушының  омыртқа 
сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция 
аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады. Әрине,  бұл  талап  орындалуы  
үшін  сынып  бөлмесіндегі  парта  оқушының  жас  ерекшелігіне  сай  болуы  
тиіс. Парта оқушының бойына сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі 
(12 – 15
0
) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес. 
       Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы 
білек,  желке  және  бастың  ауырлығын  көтеріп,  дұрыс  отыруы  қамтамасыз 
ететін  арқа  бұлшық  еттерінің  жұмысымен  ұштасады.  Демек,  басқа  да 
сабақтағыдай,  жазба  сабағы  үстінде  дұрыс  отыруы  талап  етіледі,  ұзақ  уақыт 
жазу  үстінде  бұлшық  еттердің  қажуы  салдарынан  оқушының  отыруы 
бұзылады.  Мұнда  организм  рефлекторлы  жолмен  қосымша  тірек  нүктесін 
іздеп,  кеуде  қуысын  партаның  жиегіне  тірейді,  бұл  тыныс  алу  мен  қан 
айналымын бұзады. Дұрыс  отыру  талабы  ең  алдымен  гигиеналық  мақсатты  
іске    асыруды    көздейді.  Кеудені    тым    еңкейтіп    отыру    кеуде    қуысын  
тарылтып, дем  алуды қиындатады да, қан  айналысын  нашарлатады. Сонымен  
бірге  кеуденің салмақты  бөлігін  алға  қарай  еңкейту  кеуде  еттеріне  салмақ  
түсіріп,  арқа    тұстағы  қан    айналысын  қиындатады,  әрі    көзге  қан    көп  
мөлшерде    баруына    әсер    етеді.  Партада    дұрыс    отыру  талабы:  арқаны   
орындықтың арқалығына  тіреу, бас  пен  кеудені  түзу  ұстау,  аяқты еденге не  


27 
 
партаның    аяқтіреуішіне  қою,  иықты    еркін,  кеудені  үстел    жиегінен  2-3  см 
қашықтықта   ұстау.  
      Қол  мен  дәптердің  парта  үстінде  орналасуына  да  көңіл  аударған  жөн. 
Қолды    кеудеден    бірқалыпты    қашықтықта    парта    үстінде  бірдей  тең  
симметриялы  қалыпта қою  талап  етіледі. Оң қол  оң иықтың ішкі  жағындағы 
етке, шынтаққа  таман  тіреліп, алақан, саусақ, білек  қимылы кезінде  барынша 
бос    болғаны    жөн.  «Жазу    кезінде    қалай    отыру    керек?»  деген    үлгі    сурет  
сынып    бөлмесінің    көрнекі  жерінде  ілулі    тұруы  оқушының  бұл    талапты  
дұрыс орындауына әсер ете  алады. 
 
Сурет 1 
Жазу  барысында қаламның  сапасы мен ұстау  тәсілі  елеулі  рөл  атқарады. 
Қазіргі    кезде  ең    көп    тараған    жазу    құралы    қалам    болып  табылады.  Ең  
дұрысы  жұмсақ  өзекті  мектепке  арналған қаламды  пайдаланған  жөн. Өзегі 
шариктен  тұратын  немесе  сиясы  автоматты  түрде  берілетін  қаламдардың 
ұзындығы  142-150  мм,  диаметрі  8-10  мм,  салмағы  10  грамнан  артық  болмауы 
керек.  Осындай  қаламдарды  қолдану  ыңғайлы  болып  келетіні  гигиенистік 
зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Гигиеналық тұрғыдан алғанда қаттылығы 
орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180 мм, диаметрі 7-8 мм қарындаштар мақсатқа 
сәйкес келеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қырлы 
қарындаштарды қолдануға болмайды. 
        Жазу  барысында  қаламды 50-60° бұрышпен  бас бармақ, сұқ саусақ және  
ортаңғы саусақтар көмегімен  еркін, бос  ұстайды, яғни  сұқ  саусақты қалам 
үстінен  үзіп, жоғары  көтергенде, қалам  бас  бармақ  пен ортаң  қол  саусақ  
арасында түспей  еркін  ұсталып  отыруы  керек. Қаламның  жоғарғы  жағы оң  
иыққа    қарай  бағытталады.  Қалам    ұшы    менсұқ    саусақтың    аралығы  1,5  -2 
смқашықтықта  болса,    қалам    ұшы  мен    көздің    арақашықтығы  25-30  см 
мөлшерде болуы  шарт.  
 
Сурет 2 


28 
 
       Мұғалімнің    алдында  жазуға  үйретудің  бірінші    күнінен    бастап  көлбеу  
жазуды    сақтап  жазу,  көлбеу  жазу  дағдысын  жетілдіру  міндеті    тұр.  Көлбеу 
жазу 65°  қалыптасқан  шама бойынша  іске  асырылады. Жоғарыда  айтылған  
жұмыс  дәптерінде  көлбеу  жазуға  төселуге  бағыттайтын  көлбеу    сызық  
берілген.  

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау