Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалаудың мәні
-
жобаны
енгізуден алынатын пайда есебінен салынған инвестицияның өтелетіндігін көрсететін,
уақытты сипаттайтын «өтелу мерзімі» көрсеткіші бойынша есептелетін инвестициялық
жобаның мақсатқа лайық екендігін білдіреді.
жоба
отелу
П
К
Т
мұндағы К – капитал салымдары;
П
жоба
– жобаны енгізу нәтижесінде алынатын жылдық пайда.
Мысал 1.
Энергетикалық кәсіпорынның жабдығын жаңарту бойынша
инвестициялық жобаға 1000 мың теңге қаржы салымы қажет. Жабдықты жаңартқаннан
кейін жылына қосымша 200 мың теңге мөлшерінде ақша түсіп отырады. Капитал
салымының өтелу мерзімін анықтау керек:
Т
өтелу
= 1000 / 200 = 5 жыл.
Табылған есептік өтелу мерзімі нормативтік өтелу мерзімімен салыстырылады.
Егер ол нормативтік өтелу мерзімінен аз болса, онда инвестор үшін тиімді болып
есептеледі.
Капиталды көп қажет ететін салалар үшін ол шамамен Т
н
= 8–10 жылды құрайды.
Өндірісті жаңарту немесе жаңа техниканы енгізу Т
н
= 5 – 6 жыл аралықтарында жатады.
Шетелдік пратикада бұл көрсеткіш өндірісті жаңарту мен жаңа техниканы енгізу 3
– 5 жыл аралығында болып келеді.
Егер кәсіпорынның негізгі қорын жаңартуға шығындар жұмсалған болса, одан алынатын
пайданы анықтау қиынға түссе, онда өтелу мерзімін төмендегідей анықтауға болады
Ш
К
Т
отелу
мұндағы
Ш – нысанды ұсап тұруға және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы
шығындарының төмендеуі.
Ш = Ш
дейін
– Ш
кейін
мұндағы Ш
дейін
, Ш
кейін
– нысанды жаңартуға дейінгі және жаңартудан кейінгі ұстап
тұру және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындар.
Мысал 2.
110 кВ қосалқы стансаны жаңартуға, 800 мың теңге инвестиция қажет.
Егер жаңартылған болса, онда жылдық электр энергиясының ысырабын төмендету
нәтижесінде 250 мың теңге үнемдеуге болады екен. Сонда салынған инвестицияның
өтелу мерзімі қандай болады?
Т
өтелу
= 800 / 250 = 3.2 жыл.
Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудың құндық критериі ретінде өтелу
мерзіміне кері көрсеткіш - тиімділік коэффициенті қолданылады:
Е = 1/Т
өтелу
Тиімділік коэффициентінің нормативтік мәндері нормативтік өтелу мерзімдері
кезінде төмендегідей
Т
н
= 10 жыл - Е
н
= 0.1,
Т
н
= 8.5 жыл - Е
н
= 0.12,
Т
н
= 6.7 жыл - Е
н
= 0.15.
Достарыңызбен бөлісу: |