Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет139/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   361
file20200121044531 (1)

Түйін сөздер:
түркі тілдері, сын есім, жазба ескерткіштер, грамматика, сөз тудырушы форма 
 
Түркі тілдеріндегі сын есім – семантика-грамматикалық мағынасы, морфологиялық белгілері және 
синтаксистік қызметі жағынан да өзіне тән ерекшелігі бар сөз табы. Тіл жүйесіндегі сын есімдер де 
ұзақ дамудың арқасында қалыптасып, өз қатарын көбейтті. Сын есімнің табиғатын, лексика – 
грамматикалық сипаттарын айқындағанда, көне түркі тілдерінің дерек көздеріне сүйену қажет. 
Себебі, ондағы мәліметтерден сөздің даму тарихын, түбір мен туынды сөздердің жасалуын, сөз 
таптарының арақатынасын анықтауға болады.
Сын есімнің қалыптасуы туралы Э.В. Севортян сөз таптарының бөліну процесі өте ертеден 
басталды. Көне жазба ескерткіштерде тек етістік пен есімдер бөлініп қойған жоқ, сонымен бірге сын 
есім, үстеу, зат есім бөлініп қолданыла бастаған дейді [1, 128]. Автор келесі еңбегінде осы пікірді 
нақтылай түсіп, сөз таптарының бір – бірінен ажыратыла бастаған кезеңін арыға апарады. «Наличие 
развитой системы именных словообразовательных средств в древнейших памятниках тюрской 
писменности может свидетельствовать лишь о том, что процесс дифференциации именных частей 
речи начался за долго до Ү-ҮІІІ вв. Времени составления древнейших памятников на 
древнетюркских языках». Ал, М.Томанов: «Түркі тілдеріндегі сын есімдер мен зат есімдердің ара 
жігін ашып, өз алдына саралануы Ү-ҮІІІ ғасырлардан бұрын болып өткен процесс» деп, жоғарыдағы 
пікірге қосылады [2, 46]. Түркі тілдерінде кездесетін сын есімдер көп болмаса да, олардың өз 
дербестігін сақтап сараланғанын жазба деректерден көруге болады. Сонымен бірге, түбір сын 
есімдермен қоса, туынды сын есімдер де сол кездерден бастап қалыптаса бастаған. 
Түркi тiлдерiндегi сын есiмдердiң табиғатын ашып, оған жүйелi анықтамалар берiп, дәлелдi 
тұжырымдар жасау ХIХ ғасырдан бастау алды. Түркi тiлдерiнде сын есiмдердi сөз табы ретiнде 
зерттеу жекелеген тiлдерде жарық көрген грамматикалармен байланыстырады. Олардың қатарына 
И.Гигановтың 1801 жылғы «Грамматика татарсколо языка» атты еңбегi, 1846 жылы шыққан
А.М. Казем-Бектiң «Общая грамматика турецко-татарского языка», 1869 жылы жарық көрген 
«Грамматика алтайского языка», 1875 жылы шыққан М.Терентьевтiң «Грамматика турецкая, 
персидская, киргизская, узбекская», В.М. Жирмунскийдің 1958 жылғы «О природе частей речи и их 
классификации» деген еңбектерi жатады. 
Аталмыш грамматикаларда сын есiмнiң өзiндiк ерекшелiктерi, сын есiмдерге тән тұжырымдар 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
114
ғалымдар тарапынан бiрнеше зерттеу қорытындыларына ие болды. Мысалы, сын есiмнiң анықтайтын 
сөзiнен бұрын қосымшасыз келуi, сөйлемдердегi синтаксистiк қызметi, шырай категориясы бiршама 
қарастырылады. Сонымен бiрге олардың жасалу тәсiлдерi көрсетiлдi. Дегенмен, аталмыш ғалымдар 
еңбектерiнде сын есiмнiң тiлдiк жүйеден алатын орны, басқа сөз таптарымен ара қатынасы, олардың 
нендей ерекшелiктерiмен ажыратылып тұратындығы әлi де болса жiтi зерттеудi қажет еттi. Өйткенi 
бұл оқулықтардың мақсаты мен мiндетi сөз таптарын жеке – жеке зерттеп, ғылыми тұрғыдан 
қарастыру емес, керiсiнше, тiлдегi басы ашылмаған мәселелердi реттеп, бiр жүйеге түсiру сияқты 
көпшiлiкке танымал грамматика жасау болатын. Сондықтан да басқа ғалымдар сын есiм табиғатын 
тануда бiршама жаңсақтықтарға да ұшырап отырды. Ең бастысы – түркi тiлi грамматикасын жазған 
авторлардың көпшiлiгi сын есiмдi өз алдына сөз табы деп тануда үзiлдi - кесiлдi пiкiр айта алмады. 
Жоғарыда аталған грамматикалардың авторлары түркi тiлдерiндегi сын есiмдерге тән ерекшелiктердi 
ескермедi. Қай тiлдiң де табиғатында екiншi бiр тiлмен ортақ жақтары да бар, өзiндiк ерекшелiктерi 
де мiндеттi түрде болады. 
Сын есiм туралы өте орынды пiкiр айтушылардың бiрi – профессор А.К. Боровков. Ол өзiнiң «Ұй-
ғыр тiлiнiң оқулығы» деген еңбегiнде сын есiмнiң тұлға жағынан зат есiммен, үстеумен тұлғалас келе-
тiндiгiн айтқан, мұның өзi кейбiр тiл зерттеушiлерi ұйғыр тiлiнде сын есiмнiң өз алдына сөз табы 
болуына дүдәмал көзқарас тудыратынын айта келiп, сырт тұлғасына қарап сын есiмдердi бекерге шыға-
рудың дұрыс айтылмайтынын, беретiн мағынасы, сөйлемде атқаратын қызметi, сөз тудырушы форма-
лары жағынан сын есiмдердi өз алдына сөз табы ретiнде қараудың қажеттiлiгiн айтады 

3, 47

. Соны-
мен, профессор А.К. Боровков ұйғыр тiлiнде сын есiмнiң өз алдына сөз табы болатынын көрсетедi. 
Зат есімдерге іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде 
қалыптасуы туралы индоевропа тілдерінің материалдары негізінде академик В.М. Жирмунский: 
«Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни есімдердің зат 
есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, индоевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары 
арқылы көрінеді» – дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі солардың бірі – қазақ тіліндегі зат 
есімдер мен сын есімдер туралы да айтуға әбден болар еді 

4, 28

.
Сын есiмдердi осы бағытта сөз еткен тiл мамандарының бiрi – И.А. Батманов «Қырғыз тiлiндегi 
сөз таптары» деген еңбегiнде автор сын есiмдердi басқа сөз таптарынан ажыратарлық белгiлердiң 
жеткiлiксiздiгiне тоқтала келiп, оны зат есiмдерден, сондай – ақ үстеуден ажырату қиын екендiгiн, 
сын есiм тудыратын кейбiр жұрнақтардың болуы, оның сөйлемде белгiлi сөйлем мүшесiнiң қызметiн 
атқаруы грамматикалық жағынан қалыптасқан сын есiмнiң бар екендiгiн сөз еткен 

5, 53


Сын есiмдер туралы бiрқатар материал А.Н. Кононовтың еңбектерiнде де берiледi. Ол өзiнiң «Өзбек 
тiлiнiң грамматикасы» деген еңбегiнде сын есiмнiң өз алдына сөз табы болатындығын айтып, оның 
басты мәселелерiн негiзiнен дұрыс баяндайды. Тұлғасына қарай сын есiмдердi негiзгi және туынды деп 
екiге бөлiп, оның жасалу жолдарына тоқталады. Есiм түбiрлi сын есiмдердi бiр бөлек, етiстiк түбiрлi 
сын есiмдердi бiр бөлек түсiндiрiп, сын есiмдердi мағынасына қарай да жiктейдi. Өзбек тiлiндегi сын 
есiмдердi өз алдына сөз табы деп тануда автор негiзгi үш нәрсенi межелiк белгi етiп ұстайды: бiрiншi 
сөздiң семантикасы, екiншiсi – морфологиялық белгiсi, үшiншiсi – синтаксистiк қызметi 

6, 230


Сын есiм туралы құнды пiкiрлер А.Н. Кононовтың «Қазiргi түрiк әдеби тiлiнiң грамматикасы» 
деген еңбегiнде берiледi. Мұнда автор түрiк тiлiндегi сын есiмдердi өз алдына сөз табы деп қарайды, 
зат есiм мен сын есiмнiң ерекшелiк жақтарын көрсетуге тырысады. Зат есiмдерге тән грамматикалық 
категорияның бiрдi – бiрiнiң (сындық, тәуелдiк) түрiк тiлдерiндегi сын есiмдерге ешбiр қатысы 
жоқтығын, заттың тегiн бiлдiретiн күмiс (күмiс қасық), ағаш (ағаш үй тәрiздi сөз тiркестерi) деген 
сөздiң затты ғана анықтайтынын, ал сын есiм болса, ол затты да, қимылды да анықтайтынын айтады. 
Түркi тiлдерiнiң iшiнде қазақ тiлiне өте жақын тiлдердi зерттеуде белгiлi еңбек сiңiрген тiл 
маманы – А.Н. Баскаков. Ол өзiнiң «Ноғай тiлi және оның диалектiсi» деген еңбегiнде беретiн 
мағынасы, сөйлемде атқаратын қызметi, тағы басқа ерекшелiктерiн есепке ала келе, сөздердi тоғыз 
топ я сөз категорияларына бөледi. Олар: зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiк, үстеу, одағай, 
т.б. Одан кейiн тұлғалық ерекшелiктерiн, тарихи даму кезеңдерiн ескере келiп, олардың барлығы бiр 
дәрежеде сараланып жетпегенiн көрсетедi. Одан кейiн сын есiм өзiнiң беретiн мағынасы жағынан 
заттың сапасын, болмаса олардың бiр-бiрiне қарым-қатынастығын бiлдiретiн, сөйлемде анықтауыш 
болумен қатар ол басқа да мүшелердiң қызметiн атқаратындығын, тұлға жағынан ол әлi зат есiм мен 
үстеу сөздерден түгел жекеленiп болмағанын айтады. Сонымен, Н.А. Баскаков ноғай тiлiнде сын 
есiмдердiң бiр жағынан зат есiмдерге, екiншiден, үстеумен үштасып жататынын ашық көрсете отыра, 
сын есiмнiң өзiндiк ерекшелiк жақтарының бар екендiгiн де бекерге шығармайды. 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау